Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 16:14, курсовая работа

Описание работы

Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I Cалық берешегін тексерудің экономикалық мәні
1.1. Салық берешегін тексеруінің экономикалық мәні мен түрлері
1.2 Салық берешегін камералдық бақылау ерекшеліктері
1.3 Рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
1.4 Салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері
1.5 Салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

II Салық берешегі бойынша айыппұлдар және оларды есептеу және рәсімдеу
2.1 Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету
тәртібі.
2.2 Айыппұлдарды есептеу тәрібі
2.3 Салық берешегін тексеру нәтижесін рәсімдеу

III Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиетер тізімі

Работа содержит 1 файл

ayyppul_0.doc

— 206.50 Кб (Скачать)

Жиналған ақпаратты талдау мақсатында белгіленген салық төлеушілердің тобы анықталады. Содан кейін, бақылау-касса машиналарын дұрыс қодану сұрағы бойынша рейдтік тексеріс өтеді.

Қазіргі уақытта салық қызметкерлері (контрольных закупов) сатып алу бақылауын жасамайды, олар тек басқа адамдар сатып алу жолын қадағалап отырады. Салық комитеті қызметкерлерінің көз алдында салық төлеуші жай сатып алушыға ақырғы есеп бергеннен кейін ғана, олар өздерінің қызмет куәлігін көрсетеді.

Содан кейін салық төлеушіден келесі құжаттарды сұралынады:

      Шағын бизнес субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігін;

      Фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарының қлдануға есептік карточкасын;

      Ақша қаражатының қозғалу есебінің кітабын;

      Жұмыскерлермен жасалған келісім-шартын.

Осыдан кейін, кассадан ақша алынады, яғни тексеріс уақытында түскен ақша жазылынып алынады. Бірақ, бұл қаражатты салық төлеуші өзі санап, ал салық комитетінің қызметкерлері дұрыс саналуын қарап отырады.

Келесі жол болып БКМ бойынша Z-есебінің чегі печатетіледі. Ол чекте тексеріске дейін түскен ақша сомасы көрсетіледі.

Келесі этап болып тексеріс кезінде, Z-есебін кассадан ақшаны алған кездегі сомасымен салыстыру табылады. Осы кезде есеп пен касса сомасы тең болу керек.

Барлық анықталған келіспеушіліктер мен бұзушылықтар рейдтік тексеріс актісінде көрсетілу керек. БКМ қолданған жауапты тұлғада салық тексерісі кезінде заңдылық бұзушылықтар болса, әр бұзушылықтарға жазбаша түрде түсініктеме алынады.

Егер бұзушылықтар анықталатын болса, онда салық төлеушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыру жері, мерзімі және мезгілі туралы хабарлану керек.

 

1.4 Салық берешегін хрономераждық зерттеу ерекшеліктері

Хронометраждық зерттеу – (хроно – уақыт (время), метр - өлшеу (измерять) салық органдарымен нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Хрономераждық зерттеуді жүргізудің негізі салық органдарымен шығарылған нұсқама болып табылады.

Хрономераждық зерттеу мынадай жағдайларда жүргізіле алады:

1.      кешенді және тақырыптық тексеру барысында;

2.      салық төлеушінің өтініші бойынша;

3.      салық органдарының шешімі бойынша.

Хрономерраждық зерттеуді жүргізер алдында салық төлеушіге салық қызметі органының лауазымды тұлғасы қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті және хрономераждық зерттеуді жүргізу үшін нұсқаманың тұпнұсқасы табыс етіледі. Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны және оны алғаны туралы белгі қояды. Салық тексерулерін жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық төлеушінің өзгерістер мен  толықтырулар енгізуіне жол берілмейді. Сонымен қатар, хрономераждық зерттеу барысында салық төлеуші тауарлардың (көрсетілген қызметтердің) бағасын өсу жағына түзетулер енгізбеу керек.

Талас сұрақтарды тудырмас мақсатында хрономераждық зерттеуді жүргізуде салық төлеушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі СК 14-бабында белгіленген тәртіпте әрекет ететін.

Хронометраждық зерттеуді жүргізу мерзімі 7 күннен кем емес және СК 535 бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек. Хрономераждық зерттеуді жүргізу мерзімі салық қызметі органының бірінші басшысымен немесе оның орынбасарымен белгіленеді. Белгіленген мерзімге демалыс күндері мен мейрам күндері де тіркелуі мүмкін. Егер тексерілетін салық төлеуші белгіленген мерзімдерде қызметін жүзеге асыратын болса, сонымен қатар тексеру жұмыс тәртібінен тыс жүргізілуі мүмкін (вне зависимости от времени суток). Хронометраждық зерттеу 1жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс. Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен (самостоятельно) салық қызметі органдарымен анықталады. Сонымен қатар міндетті түрде тексерілуі тиіс:

1.      салық салу объектісі мен (немесе) салық салуға байланысты объектілер;

2.      салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілерге қатысты қолма-қол ақша, ақша құжаттары, бухгалтерлік кітап, смета, бағалы қағаздар, декларациялар, есеп-қисап және басқа да құжаттар;

3.      табыс алу үшін қолданылатын кез келген салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер. Керек жағдайда салық қызметі органы салық төлеушінің тауарлы-материалдық құндылықтарын тексеруге құқығы бар;

4.      фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық есебі (отчет).

Тексеруші салық төлеушіден зерттеуге керек келесі бухгалтерлік құжаттарды талап етеді:

-         бас кітап немесе айналым баллансы;

-         банкілік және кассалық құжаттар;

-         жалдамшы жұмыскерлердің еңбек келісімдерін;

-         еңбек ақы бюойынша төлем-есеп ведомості

-         жеке кәсікердің табыс есебі кітабын;

-         кассир-операционисттің кітапшасын, ақша қаражаты есебінің кітапшасын, жұқа чектер есебінің кітапшасын.

Хронометраждық зерттеуді жүргізу барысында салық қызметі органының лауазымды тұлғалары зерттеуден алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау картасына күнделікті толық және нақты түсуін бақылау керек. Әр салық салу объектісіне және салық салуға байланысты объектіге сонымен қатар әр табыс көзіне бөлек хрономераждық – бақылау картасы құрылады. Ол келесі мәліметтерден тұрады:

1)     салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі;

2)     зерттеу жүргізілген күні;

3)     салық салу объектінің орналасқан жері;

4)     хронометраждық зерттеудің басталғанжәне аяқталған уақыты;

5)     салық салу объектісі және өндірілген тауар (көрсетілген қызмет) құны;

6)     зерттелген салықсалу мәліметтері;

7)     зерттеудің қорытындысы;

8)     күн басына және күн аяғына кассалық-бақылау машиналарының көрсеткіштері;

9)     басқа да мәліметтер.

Күн сайын тексеру аяқталған күн бойынша  салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілер, сонымен қатар табыс алу көздері бойынша еркін кесте құралтырылады.

Хронометжардық – бақылау картасы мен еркін кестеге салық қызметі органның лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші қол қояды.

Хронометраждық зерттеудің аяғында күнделікті өгей кестенің негізінде әр салық салу объектісі тексерілген кезең бойынша алынған табыстар мен нақты кеткен шығыстардың нәтижесіне шығады. Анықталған орташа мәліметтер негізінде салықтексерісіне дейінге іс жүзіндегі табыстармен табыс алуға байланысты есептелген шығыстар және төленуге тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің салық төлеушімен байланысты олардың толықтылығы анықталады.

Хронометраждық зерттеу аяқталған соң акт құрастырылады.

Онда мыналар көрсетіледі:

1)     нұсқманың нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеуді жүргізілген орны, акт жасалған күні;

2)     хронометраждық зерттеуді жүзеге асырған салық қызметі органының лауазымды тұлғаларының толық аты-жөні, қызметі;

3)     салық төлеушінің толық атауы немесе аты-жөні;

4)     салық төлеушінің орналасқан жері, банктік деректемелері, сондай-ақ оның тіркеу нөмірі;

5)     салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ететін жауапты басшысы мен адамдарының тегі, аты, әкесінің аты;

6)     алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды  жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;

7)     тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін слық төлеуші табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;

8)     хронометраждық зерттеудің нәтижесі.

Хронометраждық зерттеу бойынша акт негізінде салық қызметі органдары артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомсын бюджеттен салық төлеуші арнаулы салық режимінде қызметін патент бойынша жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілеріне қайтарылады. Салық төлеушіден кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексерулері және басқа да шаралар заңға қайшы келмейтіндей хронометраждық зерттеудің қорытындылары пайдаланылады.

Салық төлеушінің хронометраждық зерттеу нәтижесі кешенді және тақырыптық құжаттық салық тексеруін жүргізудің  нәтижесінде салық және бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдердің есептелген сомалары тіркелген кезде саналады.

Хронометраждық зерттеу актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органдарының лаузымды тұлғалары қол қояды. Сонымен қатар ол салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын жағдайларда керек шаралар қолданады.

 

1.5 Салық берешегін құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) құжаттық тексеру;

2) рейдтік тексеру;

3) хорнометраждық тексеру;

Құжаттық тексеріс – салықтық тексеріс түрлерінің маңызды және ең қиынтарының  бірі болып табылады.

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:

1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;

     міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;

     банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;

     трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша;

      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;   

3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

Тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау.

Салықтық тексерістер салықтық қызмет ұйымдарымен тексеріс кестесінің (жоспардың) негізінде жүзеге асырылады. Аталған кестені құру кезінде тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау салықтық заңдамасының негізінде әзірленген таңдау критериялары бойынша жүргізіледі.

Таңдау жолы:

-         салық төлеуші ұсынған салықтық есептілікті талдау және камералды тексерістері;

-         салықтық есептіліктің белгілі-бір жолдары бойынша, салықтың түрлері бойынша деректердің келісуін тексеру, олар салықтық заңдамаға сәйкес салыстырылуы тиіс.

Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі

Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:

1) кешенді- жылына бір реттен жиі емес;

2) тақырыптық - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.

Мынадай жағдайларда қолданылмайды:

1) заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда.

    Бұл орайда тексеру салық төлеушінің өтінішін алғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілуге тиіс;

2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісім – шарттың қолданылу мерзімі өтуіне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде;

3) қарсы тексеруді жүргізу кезінде;

4) қайтарылуға қойылан қосылған құн салығы сомасының дұрыстығына салық төлеушінің өтініші негізінде тақырыптық тексеру жүргізу кезінде;

5) салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексеру кезінде;

6) нақты салық төлеушіге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргілетін кезектен тыс құжаттық тексеру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген негіздер бойынша.

Салық тексеруін жүргізудің мерзімдері

1. Берілетін нұсқамаларда көрсетілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

Информация о работе Салық берешегін тексеру мен өндіріп алуды жетілдіру жолдары