Көлік құралдарына салынатын салық және оның төлеу мерзімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:22, реферат

Описание работы

1)Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
2)Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
3) Жеке тұлғалардың көлік құралдар салығы

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 40.27 Кб (Скачать)

Салықтөлеуші жеке меншігінде 2007 жылы шығарылған маркасы Инфинити FX35  двигатель көлемі 3500 текше см. автокөлігі бар. 2011 жылға көлік құралы салығын есептеу: Бұл жағдайда  Инфинити FX35  автокөлігінің двигатель көлемі 3500 текше см. болған жағдайда двигатель көлемі 500 текше см.-ге артық  (3500-3000) болады. Соған қарай, көрсетілген көлік құралдарына 2011 жылы салық сомасы 26 180 теңге. (15*1512)+(500*7) = 26180 теңге, 15- салық мөлшерлемесі ( АЕК-нде), 500 – двигатель көлемінен (3500-3000 текше см.) двигатель көлемі асып кеткенде,  7 – асып түскен әрбір бірлік үшін салық мөлшерлемесі теңгемен, 26180 – 2011 жылға салық сомасы. 

 

 

 

Жеке тұлғалардың көлік құралы салығын есептеу және төлеу тәртібіне қандай  өзгертулер 2011жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне енгізілді  

 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне көлік құралдар салығы бойынша келесі өзгертулер енгізілді:

1. Салық кодексінің 367 бабының  1-1 тармағына салық салу санатына көлік құралдарын кіргізу былай түсіндіріледі:      

-  жеңіл көліктерге : 

    В категориялы автомобильдер;     

 жүкке арналған платформасы және жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (автомобиль-пикаптар);        

 рұқсат етілген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орнының саны бойынша В санатына қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретін автомобильдер, оның ішінде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;

-         егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, жүк автомобильдеріне С санатындағы автомобильдер жатады

-         егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, арнайы автомобильдерге белгілі бір технологиялық процестерді немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдықтары бар автомобильдер жатады;

-         егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгіленбесе, автобустарға D санатындағы автомобильдер жатады.

2. Двигатель көлемі 2000-нан  2500 текше см. қоса алғаннан жоғары жеңіл автокөліктері бойынша мөлшерлеме 5 АЕК – ден 6 АЕК дейін, 2500-нан 3000 текше см. қоса алғаннан жоғары  8 АЕК-ден 9 АЕК-ке дейін көбейтілген.

Одан басқа, двигатель көлемі 4000 текше см.-ден  жоғары 117 АЕК мөлшерлемесі бойынша салық салынатын автокөліктердің асып түскен әрбір бірлігі үшін көлемнің төменгі шегінен салық сомасы 7 теңгеге көбейтіледі. 2010 жылы двигатель көлемі 4000 текше см.-ден  жоғары автомобильдер үшін салық сомасы көлемі 4000 текше см.-ден  асып кеткеніне қарамастан 117 АЕК мөлшерін құрайды.

Мысал:  Двигатель көлемі 4200 текше.см жеңіл автомобиль. 2010 жылы салық сомасы 117 АЕК = 117*1413 = 165 321 теңге. 2011 жылы осы автомобиль бойынша салық сомасы:

117 * 1512 + 200*7 = 178 304 теңге, 1512 – 2011 жылға АЕК. Көлемі 4000 текше.см асып кеткеніне әрбір бірлік үшін  қосымша 7 теңге төленеді.

2011 жылғы 1 қаңтардан  бастап көлік құралы салығын  салуға  3 АЕК мөлшерлемесі бойынша салық салу объектілері болып тракторлар, а/ш  тыңайтқыш енгізуге арналған, өздігінен жүретін, жол-құрылыс машиналары, және  механизмдер, жүріп өту шамасы бар арнайы машиналар және жалпылай қолданылатын автомобильдер жолдары бойынша жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары жатады.


Информация о работе Көлік құралдарына салынатын салық және оның төлеу мерзімі