Көлік құралдарына салынатын салық және оның төлеу мерзімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:22, реферат

Описание работы

1)Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
2)Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
3) Жеке тұлғалардың көлік құралдар салығы

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 40.27 Кб (Скачать)

 

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу  құқығында немесе оралымды басқару  құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлікқұралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық  салу объектілеріне меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мына тәртіппен  есептеледі:

    1. беретін тарап үшін:

салық кезеңінің  басында қолда бар көлік құралдары  бойынша салық сомасы салық кезеңінің  басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында  немесе оралымды басқару құқығын  берген айдың бірінші күніне дейінгі  кезең үшін есептеледі;

салық кезеңінің  ішінде сатып алынған көлік құралдары  бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу  құқығында немесе оралымды басқару  құқығын алған айдың бірінші  күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

  1. алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне  меншік құқығын берген кезде салық  сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

  • көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;
  • көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.

Алу кезінде  ҚР-нда есепте тұрмаған көлік құралын  сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару  құқығы туындаған айдың 1 күнінен  бастап салық кезеңінің соңына дейінгі  кезең үшін есептеледі.

Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында  немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары  бойынша бюджетке салық төлеу  салық салу объектілерінің тіркелген  жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер көлік  құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу  құқығын немесе оралымды басқару  құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық  төлеу көлік құралын мемлекеттік  тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде  жүргізіледі.

Салық төлеуші- заңды тұлғалар көлік салығы бойынша  ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық  кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша  декларацияны есепті жылдан кейінгі  жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық  салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.

 

3)ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ КӨЛІК ҚҰРАЛДАР САЛЫҒЫ

         

 Меншiк  құқығында салық салу объектiлерi  бар жеке тұлғалар және меншiк,  шаруашылық жүргiзу немесе жедел  басқару құқығында салық салу  объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан  әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы  салығын төлеушiлер болып табылады

 Мыналар: 

- салық салу объектiсi болып  табылатын бiр автокөлiк құралы  бойынша Ұлы Отан соғысына  қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн  адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында  тылдағы жан қиярлық еңбегi  мен мінсiз әскери қызметi үшiн  бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен  және медальдарымен наградталған  адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы                            22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға  дейінгі  аралықта кемінде  алты ай жұмыс істеген (қызмет  еткен) және Ұлы Отан соғысы  жылдарында тылдағы жан қиярлық  еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен  және медальдарымен наградталмаған  адамдар;

- салық салу  объектiсi болып табылатын бiр  автокөлiк құралы бойынша –  меншiгiнде мотоколяскалары мен  автомобильдерi бар мүгедектер;

- салық салу  объектiсi болып табылатын бiр  автокөлiк құралы бойынша –  Кеңес Одағының Батырлары мен  Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық  қаhарманы» атағына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

- ауыл шаруашылығы  құралымынан шығу нәтижесiнде  пай ретiнде алынған, пайдалану  мерзiмi жетi жылдан асқан жүк  автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар  көлiк құралдары салығын төлеушiлер  болып табылмайды. 

Салық салу объектісі

  Қазақстан Республикасында  мемлекеттiк тiркеуге жататын  және (немесе) есепте тұрған тiркемелердi  қоспағанда, көлiк құралдары салық  салу объектiлерi болып табылады

Салық ставкалары

   Салықты есептеу айлық  есептік көрсеткіштермен белгіленген  мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

 

Рет №

Салық салу объектiсi

Салық ставкасы

(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

Двигателінің көлемi мынадай жеңiл     

 автомобильдер (текше см.):

 

1100-ге дейiн қоса алғанда                      

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда                          

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда                          

2000-нан жоғары 2500-ді қоса  алғанда                          

2500-ден жоғары 3000-ды қоса  алғанда

3000-нан жоғары 4000-ды қоса  алғанда

4000-нан жоғары

 

1

2

3

5

8

15

117

Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын     

 арнаулы автомобильдер  (тiркемелердi    

 есептемегенде):

1 тоннаға дейiн қоса  алғанда

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны  қоса  алғанда      

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны  қоса алғанда

5 тоннадан жоғары                                    

 

 

 

3

5

7

9

Шынжыр табанды машиналар мен

механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен  жүретiн

машиналар мен пневматикалық  жүрiстегi механизмдер

 

 

3

Автобустар:

отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда                

отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда

отыратын 25 орыннан жоғары

 

9

14

20

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55 кВт-дан аспайтын көлемi шағын кемелер

Двигателінің қуаты 55 кВт-дан  жоғары мотоциклдер

        1

 

        10

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,

яхталар (двигателінің қуаты  мынадай ат күшiне тең): 

160-қа дейiн қоса алғанда

160-тан жоғары 500-ді қоса  алғанда 

500-ден жоғары 1000-ды қоса  алғанда 

1000-нан жоғары 

 

6

18

32

55

Ұшу аппараттары 

 

 

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк  көрсеткiштiң 4,0 процентi


 

 Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары -                  2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.

 

Көлік құралы салығы бойынша есептеу  мысалы: 

жеңіл автокөліктер бойыша

          ВАЗ-21060 маркалы автокөлік  2003жылы шыққан  двигатель көлемі 1600 шар. см

салық есептеу: 1273(АЕК)*3(салық ставкасы)=3819тг.  1600 шар.см.-1500 шар.см.=100 шар.см.* 7 теңге =700 тг.+ 3819 тг.=салық сомасы 4519тг.;

 

NISSAN X-TRAIL маркалы автокөлік  2005 ш.ж. двигатель көлемі 2500 шаршы  см.

салық есептелуі: 1273(АЕК)* 5(ставкасы)=6365тг.

2000 шар.см.-2500 шар.см.=500шар.см.* 7тг.=3500тг.

6365+3500=салық сомасы 9865тг.

          Жүк  көтергіш автокөліктері бойынша: 

ГАЗ 33021 маркалы авокөлік 2001ж.ш. жүк көтергіштігі 1,5 тонна

Салық есетпелуі 1273(АЕК)*5(ставкасы)= салық сомасы 6365тг.

Салықты есептеу тәртiбi

 

Салық төлеуші  салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк  құралы бойынша салық ставкасын  негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.

Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару  құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде  болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

 Салық  кезеңi iшiнде дара кәсiпкерлер,  жекеше нотариустар, адвокаттар  болып табылмайтын жеке тұлғалар  салық салу объектiлерiне меншiк  құқығын берген кезде салық  сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:

 көлiк  құралына меншiк құқығын дара  кәсiпкерлер, жекеше нотариустар,  адвокаттар болып табылмайтын  жеке тұлғаларға берген кезде  салықтың жылдық сомасын тараптардың  бipeуi (келiсiм бойынша) есептеп,  бюджетке енгiзедi;

Сатып алу  кезiнде Қазақстан Республикасында  есепте тұрмаған көлiк құралын сатып  алған кезде салық сомасы көлiк  құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару  құқығы туындаған айдың бірінші  күнiнен бастап салық кезеңiнiң  соңына дейiнгi кезең үшiн есептеледi.

Иелерінен айдап  әкетілген және (немесе) ұрланған деп  саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы  уәкілетті мемлекеттік органда  көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу  салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік  құралын есептен шығарылғанын растайтын  құжат негіз болып табылады.

Салық міндеттемесін  орындау іздеу салынған көлік  құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында  көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.  

          Салық төлеу мерзiмдерi

 

Жеке тұлғалар меншiк құқығында 1 қазанға дейiн  болған көлiк құралдары бойынша  бюджетке салық төлеуді салық  салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңінің 1 қазанынан  кешіктірмей жүргізеді.

Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе оралымды басқару  құқығын салық кезеңiнiң 1 қазанынан  кейiн алған жағдайда, бюджетке салық  төлеу көлiк құралын мемлекеттiк тiркеуге дейiн немесе тiркеу кезiнде жүргiзiледi.

 Көлiк  құралының меншiк иесi атынан  меншiктi сенiмгерлiк басқару құқығымен  көлiк құралын иеленушi тұлғаның  көлiк құралдарына салық төлеуi  көлiк құралы меншiк иесiнiң  осы салық кезеңi үшiн салық  мiндеттемесiн орындауы болып  табылады.  

Салықтөлеуші жеңіл автомобиль көлігіне көлік салығын өз бетімен есептей ала ма 

Салықтөлеушілер  көлік құралдарына өз бетімен салықты есептейді . Көлік құралдарына салықты есептеу үшін сіздерге тек қана двигатель көлемін білу қажет. 

Егер Сіз осындай ақпаратқа  ие болсаңыз, жеңіл автомобиль көлігіне салық мөлшерлемесін және  түзету коэф фициенттерін қолдана отырып көлік салығын есептей аласыз. 

1100 текше см.  Дейін қоса алғанда  1 АЕК

1100-ден 1500-ді қоса алғанда            2

1500-ден 2000-ді қоса алғанда            3

2000-ден 2500-ді қоса алғанда            6

2500-ден 3000-ді қоса алғанда            9

3000-ден  4000-ді қоса алғанда           15

4000-ден жоғары                                  117 

 Жеңіл автомобильді көліктің двигатель көлемі  1500-ден 2000-ді қоса алғанда , 2000-ден 2500-ді қоса алғанда, 2500-ден 3000-ді қоса алғанда,3000-ден  4000-ді қоса алғанда,4000-ден жоғары қоса алғанда салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.Пайдалану мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері қолданылады.

Информация о работе Көлік құралдарына салынатын салық және оның төлеу мерзімі