Автор: a********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 20:46, доклад
Демография – халық дамуының жалпы заңдары туралы ғылым, ол халықтың сандық және сапалық сипаттамаларын, оның қозғалысы мен өзара байланысы дамуының үдерістерін, сондай-ақ халықты зерттеу әдістерін зерттейді.
Халық статистикасы – бұл демографиялық құбылыстар мен үдерістердің сандық заңдылықтары туралы ғылым.
Негізгі демографиялық үдерістерге халықтың табиғи өсімі, туымпаздылық, өлім-жітім, некелер мен ажырасулар жатады.
Халық саны – нақты мекендеген жеріне қарамастан мемлекеттің әкімшілік шекаралары ішінде тұратын адамдардың санын сипаттайтын демографиялық жағдайдың аса маңызды базистік көрсеткіші. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенділік деңгейіне және қандай болса да қызметке қабілеттілігіне қарамастан тұрғындардың барлық санаттары мен топтарын қамтиды.
Халық саны туралы ақпарат көздерінің бірі халықты ағымдағы есепке алуы болып табылады.
Демография және халық статистикасы
Демография – халық дамуының жалпы заңдары туралы ғылым, ол халықтың сандық және сапалық сипаттамаларын, оның қозғалысы мен өзара байланысы дамуының үдерістерін, сондай-ақ халықты зерттеу әдістерін зерттейді.
Халық статистикасы – бұл демографиялық құбылыстар мен үдерістердің сандық заңдылықтары туралы ғылым.
Негізгі
демографиялық үдерістерге
Халық саны – нақты мекендеген жеріне қарамастан мемлекеттің әкімшілік шекаралары ішінде тұратын адамдардың санын сипаттайтын демографиялық жағдайдың аса маңызды базистік көрсеткіші. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенділік деңгейіне және қандай болса да қызметке қабілеттілігіне қарамастан тұрғындардың барлық санаттары мен топтарын қамтиды.
Халық саны туралы ақпарат көздерінің бірі халықты ағымдағы есепке алуы болып табылады.
Халықты ағымдағы есепке алу – бұл халықтың табиғи және көші-қон қозғалысын тоқтаусыз байқау жүйесі. Есепке алу демографиялық үдерістердің жалпылығы, үздіксіздігі және оларды тіркеу міндеттілігі қағидаларында негізделеді. Табиғи және көші-қон қозғалысты ағымдағы есепке алуы санақтар арасындағы кезеңдер ішіндегі демографиялық үдерістер туралы сенімді ақпарат көзі ретінде пайдаланылады.
Табиғи қозғалыстың негізгі салыстырмалы көрсеткіштері туымпаздылық, өлім-жітім, табиғи өсім, некелесу, ажырасу коэффициенттері болып табылады.
Туымпаздылық коэффициенті (n) жыл ішінде туған тірі балалар санының (N) және мың адамға шаққанда нақты бар халықтың жыл ішіндегі орташа санының (S) арақатысы болып табылады.
Өлім-жітім коэффициенті (m) жыл ішінде өлгендер санының (М) және халықтың жыл ішіндегі орташа санының (S) арақатысы болып табылады.
Некелесу коэффициенті жыл ішінде қиылған некелер санының және халықтың жыл ішіндегі орташа санының арақатысы ретінде анықталады.
Ажырасу коэффициенті – бұл жыл ішінде бұзылған некелер санының және халықтың жыл ішіндегі орташа санының арақатысы.
Халықтың табиғи қозғалысын зерттеу кезінде туымпаздылық және өлім-жітім коэффициенттерін жеке халық топтары және жеке аумақтар бойынша салыстыруға тура келіп тұрады. Алайда, халықтың табиғи қозғалысының жалпы коэффициенттері мынадай көрсеткіштерге байланысты:
а) жасқа қарай жеке топтардың туымпаздылық немесе өлім-жітім деңгейі;
б) халықтың жасына қарай құрылымы.
Жасқа
қарай өлім-жітім
Өлім-жітім кестелерінің негізгі көрсеткіші туған кезіндегі күтілетін өмір ұзақтығы (яғни туғандар ұрпағы арасындағы бір адам, осы ұрпақтың бүкіл өмірі бойына әрбір жас шағындағы өлім-жітім деңгейі оның көрсеткіші есептелген жылдардағы сияқты болып қалатын жағдайда жасайтын жылдардың орта есеппен алғандағы саны) болып табылады.
Күтілетін
өмір ұзақтығы барлық жас шақтарындағы
кәзіргі өлім-жітім деңгейінің ең
барабар сипаттамасы болып
X жасына жеткен адамдар үшін күтілетін өмір ұзақтығы – бұл, әрбір келесі жас шағында кәзіргі өлім-жітім деңгейі сақталатын жағдайда, осы жасқа жеткендер жасайтын жылдардың орташа саны.
Жасқа қарай өлім-жітім коэффициенттері күнтізбелік жыл ішінде осы жаста өлгендердің саны мен жыл ішіндегі осы жастағы адамдардың орташа санының арақатысы ретінде есептеледі.
Жиынтық туымпаздылық коэффициенті бір жылдық жасқа қарай топтар бойынша есептелген жасқа қарай туымпаздылық коэффициенттерінің сомасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш халықтың жасына қарай құрамына байланысты емес және осы күнтізбелік кезеңдегі орташа туымпаздылық деңгейін сипаттайды. Жиынтық коэффициент – бұл әйел өз өмірі ішінде тапқан балалардың орташа саны.
Балалар өлім-жітімі – есепті жылы (N1) және алдағы жылы (N0) 1000 тірі болып туғандарға шаққанда бір жасқа дейін өлгендердің саны.
Табиғи қозғалыс – туымпаздылық және өлім-жітім нәтижесіндегі халық санын өлшеуі, тіркеледі. Бұл – АХАТ бөлімдері тіркейтін туу, өлім, некелесу және ажырасу фактілерін есепке алу. Туу туралы ақпаратты ата-аналар, туған-туысқандар, мекемелер өкілдері, өлім туралы – туған-туысқандар, мекемелер өкілдері, некелесу және ажырасу туралы – қатысушылар өздері береді.
Халықтың көші-қоны – тұратын мекені ауысатын не ол, не бұл өңірлердің шекаралары арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) қозғалысы.
Келген және кеткен адамдардың саны әділет органдары тіркеу қызметтерінен (ҚР азаматтарын) және ішкі істер органдарының көші-қон полициясынан (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды) түсетін келу және кету статистикалық есепке алу талондарын өңдеу нәтижесінде анықталады, бұл талондар халықты мекен жайы бойынша тіркеу кезінде мекен жай парақтарымен қатар толтырылады.
Бұл құжаттарда мына деректер көрсетіледі: ата тегі, аты, әкесінің аты, туған айы мен жылы, туған жері, ұлты, қайдан (қайда) келгені, келу (кету) мекен жайы, келу (кету) мақсаты, келу (кету) мерзімі, 16 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер (жынысы, туған жылы мен айы) және т.б.
Көші-қон өсімі келгендер мен кеткендер сандарының айырымы ретінде есептеледі. Халық санының ағымдағы есебінде қабылданатын көші-қон өсімдері мен есеп деректерінің арасында, тұратын жерін ауыстыру жағдайларының бірқатарын есепке толық алмауына байланысты түзетпелері себебінен, айырмашылық бар.
Көші-қон қарқындылығының көрсеткіштері белгілі бір кезең ішіндегі халық жиынтығындағы тұратын жерін ауыстыру жағдайларының жиілігін сипаттайды. Көбінесе бір жыл бойына есептегенде 1000 немесе 10000 тұрғынға шаққанда көші-қон қарқындылығының жалпы көрсеткіштері қолданылады.