Автор: a********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 20:46, доклад
Демография – халық дамуының жалпы заңдары туралы ғылым, ол халықтың сандық және сапалық сипаттамаларын, оның қозғалысы мен өзара байланысы дамуының үдерістерін, сондай-ақ халықты зерттеу әдістерін зерттейді.
Халық статистикасы – бұл демографиялық құбылыстар мен үдерістердің сандық заңдылықтары туралы ғылым.
Негізгі демографиялық үдерістерге халықтың табиғи өсімі, туымпаздылық, өлім-жітім, некелер мен ажырасулар жатады.
Халық саны – нақты мекендеген жеріне қарамастан мемлекеттің әкімшілік шекаралары ішінде тұратын адамдардың санын сипаттайтын демографиялық жағдайдың аса маңызды базистік көрсеткіші. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенділік деңгейіне және қандай болса да қызметке қабілеттілігіне қарамастан тұрғындардың барлық санаттары мен топтарын қамтиды.
Халық саны туралы ақпарат көздерінің бірі халықты ағымдағы есепке алуы болып табылады.