Шпаргалка по "Статистике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:01, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Статистике".

Работа содержит 1 файл

Cтатистика шпора 40)).docx

— 363.79 Кб (Скачать)

Сапа  мағынасын қабылдайтын белгілер(жыныс,білім,мамандық) атрибутивтік, ал саны вариацияланатын белгілер (жұмыс өтілі, еңбекақы) сандық деп аталады. Атрибутивтік белгілердің бір түріне балама белгілер жатады.

Егер  атрибутивтік белгінің әр түрлі көп  саны (мамандықтар,өнімнің түрлері), онда жиынтықтың бірліктерін топтарға негіздеп бөлу үшін номенклатуралар  мен жіктемелер (классификация) қолданылады. Номенклатура  деп жиынтықтың жекелеген  түрлерінің жүйеге келтірілген толық  тізбесі, жіктеме деп жиынтықтың жекелеген толық тізбесі ғана емес сонымен бірге жиынтық бірліктерінің топтары мен шағын топтары кіретін атрибутивтік белгі бойынша тұрақты іргелі топтастыру аталады. Жіктеу статистикалық стандарт ретінде қарастырылады.

 

Топтастыру  негізделген белгілер топтастыру белгілері  деп аталады. Олар экономикалық және әлеуметтік ұғымдар мен терминдерге  сәйкестігі бойынша таңдап алынады  және бұл орайда төмендегі ережелер басшылыққа алынады:

  1. Белгілерді жүргізілетін статистикалық жұмыстың мақсатына сәйкес таңдау қажет.
  2. Топтастыру белгілері жергілікті жер мен уақыттың нақты жағдайы ескеріліп таңдалады.
  3. Күрделі құбылыстар үшін топтастыру бір емес бірнеше топтастыру белгілері бойынша жамалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11. Статистикалық кестелер: түрлері,  құрастыру ережелері.Статистикада мәліметті жеңіл, түсінікті көрсету үшін кесте және кескіндеме қолданылады. Статистикалық кесте деп – жинақталған және топтастырылған статистикалық мәліметтердің нәти-жесін реттелген түрде көрсетуді айтады.Кесте гори-зонтальды жолдарға және вертикалды бағаналарға бөлінеді. Статистикалық кестенің мазмұны оның эле-менттерін білдіреді. Статистикалық кестенің екі эле-менті болады: бастауышы және баяндауышы. Бастауыш дегеніміз -  зерттелетін объекті (статисти-калық жиынтықтың бірліктері немесе олардың топ-тары), жолдарда орналасады.Баяндауыш дегеніміз – бастауышты сипаттайтын статистикалық көрсеткіш-тер, бағаналарда орналасады.  Бастауыштың құра-мына байланысты кестелер жай, топтық және құрама болып бөлінеді.Бастауышта төмендегі белгі-лер жазылатын кесте жай кесте  деп аталады:  а) жиынтық бірліктерінің реттелген тізімі (тізімдік кесте);б) аумақтың, облыстың, ауданның және т.б. әкімшілік-аумақтық бірліктері (аумақтық кесте);                                                                                                                    в) әр түрлі мезгілдер (жыл, тоқсан) ,хронологиялық кезеңдер(хронологиялық кесте)Топтық кесте деп-

- кестенің  бастауышында зерттелетін жиынтық   бір белгі бойынша топтастырылатын  кестені айтады. Кестенің бастауышында  зерттелетін жиынтық екі немесе  одан да көп белгі бойынша  топтастырылса, оны құрама кесте деп атайды.Статистикалық кестені

құрастырудың  өзіне тән мынадай талаптары  бар: 1)Әрбір кестенің жалпы бас тақырыбы болуы керек. 2)Онда қысқа және нұсқа түрде зерттелетін объект; кестеде берілген көрсеткіштердің қай уақытта және қай жерден алынғаны; өлшем бірліктері (бір өлшемнің ғана аты берілген болса, онда бас тақырыптан кейін үтір арқылы, ал өлшем бірліктері әр түрлі болса кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсетеді) көрсетіледі.3)  Кестенің бағана-лары мен жолдарының аттары болуы керек. Бағананы нөмірлеу: бастауыштың бағанасы (сол жақта) бас әріппен белгіленеді; баяндауыштың бағаналары (жолдары) араб сандарымен (1,2,және т.б.) нөмірленеді.4) Кестеде есептелінген мәліметтер бар болса, онда түсіндірме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.5) Әрбір жолдар мен бағаналар-дың қиылысында бір сан немесе оны алмастыратын белгі тұруы керек. 6) Кестенің жолдарында сандық немесе басқа да мәліметтер көрсетілмеген жағдайда, мынадай шартты белгілер қойылады: - “0,0 “ – көрсеткіштің мәні кестедегі деңгейден төмен дегенді білдіреді;    - “. . .  “ – мәлімет жоқ дегенді білдіреді;  - “Х “ – мағынасы жоқ. 7)Кестеде тек жалпы қабылданған қысқарған  сөздерді  қолдануға болады. Кестенің қорытынды жолдары мен бағаналары болуы керек.  Мағынасы болмаған жағдайда олардың  қорытындысы    есептелмейді. Кестедегі мәліметтерді оқуға және талдауға ыңғайлы  болу үшін, бағаналар мен жолдардың санын 10-нан   асырмау ұсынылады. Егер жұмыс барысында бір ғана кесте қолданылса,   онда ол кесте нөмірленбейді. Ал экономикалық-  статистикалық талдаудың нәтижесі бірнеше кесте  арқылы берілсе, онда бас тақырыптан жоғары оң жақта рет нөмірі (№ белгісі қойылмай, сан түрінде) және «Кесте» сөзі жазылады. Кесте келесі бетке көшірілген жағдайда «Жалғасы бар» сөзінен кейін бағананың нөмірі қайталанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12. Статистикалық  графиктер:  түрлері, құрастыру ережелері

График әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мазмұнын сызықтар, нүктелер, геометриялық фигуралар, карт-схемалар арқылы бейнелейтін көрнекті құрал. Графиктер құрылымды сипаттау үшін; аумақтар және фирмалар бойынша салыстырулар жүргізу үшін; динамиканың және жоспардың  орындалуын бағалау үшін; вариацияны сипаттау үшін; өзара байланыстарды  бағалау үшін құрылады.  Графиктер  құрылу тәсіліне байланысты диаграммаларға және статистикалық карталарға бөлінеді.

            Диаграммалар графиктердің ең  көп тараған түрі және практикада  жиі қолданылады.

  Диаграммалардың  мынадай түрлері болады:

  • жазықтық;
  • көлемдік;
  • сызықтық;
  • фигуралы.

Жазықтық  және көлемдік диаграммалар секторлар, бағаналы немесе лента түрінде беріледі.  Сызықтық диаграммалар уақытқа байланысты құбылыстардың өзгерісін бағалау  үшін, таратпалы қатарлардағы вариацияны, және де құбылыстар арасындағы өзара  байланыстарды сипаттау үшін қолданылады. Сызықтық диаграмманы құру үшін координатаның  сызықтық жүйесі қолданылады. Графиктің  абсцисса өсіне уақыт мерзімі, ал ордината өсіне динамикалық қатардың дәрежесі немесе олардың өзгерістерінің қарқыны орналастырылады.Алынған  нүктелердің арасын сынық сызықтармен  қосады.  Сызықтық диаграммалар полигонға  ұқсас келеді. Полигон деп - дискретті  вариациялық таратпалы қатардың графигін айтады.  Ал интервалды вариациялық таратпалы қатардың графигі гистограмма (бағаналы диаграмма) түрінде беріледі.  Гистограмманы құру үшін қатардың интервалдарын абсцисса өсіне, жиіліктерді ордината өсіне орналастырамыз. Егер вариациялық қатардың интервалдары әр түрлі болса, ордината өсіне үлестіру тығыздығының көрсеткіштерін орналастырады. Егер ордината өсіне қатардың жинақталған мәліметтерін орналастырсақ, онда график кумулята түрінде болады .Кумулятаны құрған кезде бірінші интервалдың төменгі шегіне 0-ге тең жиілік сәйкес келеді, ал жоғарғы шегі осы интервалдың жиілігіне сәйкес келеді. Екінші интервалдың жоғарғы шегі алғашқы екі интервалдың шамаларының қосындысына тең болады және т.с.с..  Кумулятаны қолдану вариациялық қатарларды салыстыру үшін, өндірістің шоғырлануын талдау үшін қолайлы. Графиктің төмендегідей негізгі элементтері болады:

  • графикалық бейне (нүктелер, бағаналар, сектолар және т.б.);
  • графиктің өрісі (графиктің бейнесі орналасатын орын);
  • кеңістік бағыты (абсцисса, ордината өстері және т.б.);
  • масштаб (сандық шаманы графикалық шамаға ауыстырудың шартты өлшемі);
  • экспликация (графиктің аты, геометриялық белгілері).                                                     Графиктің атауының алдында суреттердің сандық рет нөмірлері мен «...  . сурет» сөзі жазылады. Егер экономикалық-статистикалық мәліметтерді өңдеу нәтижесінде салыстырулар жүргізу, бір көрсеткіштің келесі көрсеткішке тәуелділігін анықтау қажеттігі туындайтын болса, онда арнайы жұмыс кестесін құруға болады. Мұнда топтастыру белгісі ретінде алдымен бір көрсеткіш, содан кейін келесісі алынады. Әр топтағы кәсіпорындардың нөмірлері, сонымен бірге осы кәсіпорындардың белгілерінің сандық мәндері көрсетіледі.Жиыны әр топ (интервал) бойынша есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

13. Абсолюттік шамалардың  ұғымы, турлері және олардың  мәні қандай

Жалпы топтық фактылер жиынтығын баяндайтын көрсеткіштерді статистика жалпылама көрсеткіштер дейді.оларды абсолютті, қатысты және орташа шама деп те атайды. Абсолюттік көрсеткіштер бастапқы ста-тистикалық материалды жинақтау нәтижесінде тікелей алынады. Осының негізінде абсолюттік көрсеткіштерді толықтыратын қатысты және орташа шамалар есептеле-ді. Ұғымы: Абсолюттік шамалар экономикада жұмыс істейтіндердің санын, өндірілген қосылған құнның ша-масын, сыртқы сауда айналымының көлемін және т.б сипаттайды. Статистикада талдап қорытылған көрсет-кіштер ретінде олар әр кезде жиынтық шама болып табылады. Жиынтық шаманы келесі бірнеше белгі бойынша жіктеуге болады: Түрлері: 1. Абсолюттік шаманың құрамындағы жиынтықтың сипаттамасының белгісі бойынша – жиынтық санының көрсеткіштері және белгі көлемінің көрсеткіштері. Мұның өзінде сол бір көрсеткіш бір жағдайда жиынтық санының көрсеткіші, ал екінші жағдайда – белгі көлемінің көрсеткіші, мысалы, кәсіпорындағы жұмысшылар санының көрсеткіші болуы мүмкін;2. даму процесі сипаттамасының белгісі бойынша – құбылыстың белгіленген сәттегі жай-күйін – мезеттік көрсеткіштер немесе процестердің белгіленген кезеңдегі нәтижелерін сипаттайтын – аралық көрсеткіштер.

3. Құбылыстың  ауқымын білдіретін өлшем бірлігі  бойынша – натуралды және құндылық  көрсеткіштер;

Натуралды көрсеткіштер жай және құрамдас болуы мүмкін. 

 

14. Қатысты шамалардың  ұғымы және олардың өлшем тәсілдері,  түрлері қандай

Қатысты шама бұл- салыстырылатын екі статистикалық  шаманың арақатынасының сандық шамасын  беретін жинақтап қорытылған көрсеткіш.  Қатысты шаманың бөлгіші  негіз  немесе салыстыру базасы деп аталады.

Қатыстық шамa= салыстырылатын шама  / салыстырудың негізгі базасы

Қатысты шаманың өлшем  бірліктері аттас шамаларды бір  бірімен салыстырғанда, салыстыру  негізі бірге тең болғанда оны  коэффециент деп атайды. 100ге тең болғанда процент, 1000ға тең болғанда промиль, 10000ға тең болғанда продецимиль деп аталады.

Қатысты шаманың түрлері:

1) Динамикалық қ.ш. құбылыстың  уақытқа байланысты өзгеру мөлшерін  білдіреді. Бұл ретте өткен  уақыт кезеңдерінің базистік  деп аталатын мөлшері 100 немесе  бір деп қабылданады. Олар өсу  қарқыны деп, ал бірлікке немесе 100-ге шегеріліп – өсім қарқыны  деп аталады. 

Динамикалық шама= есепті кезеңдегі нақты мәліметтер / базалық кезеңдегі нақты мәліметтер

2) жоспарлық тапсырманың  көрсеткіші көрсеткішті жоспарланған  мәні мен оның өткен уақыттағы  нақты мәнінің қатынасын білдіреді. 

Жоспарлық тапсырманы беру= есепті кезеңдегі жоспар / базалық  кезеңдегі жоспар

3) жоспарды орындаудың  қатысты көрсеткіші  көрсеткіштің  нақты орындалған мәні мен  жоспарланған мәнінің қатынасы  арқылы есептеледі.

Жоспардың орындалуы = есепті кезеңдегі нақты мәліметтер/ есепті кезеңдегіжоспарлы мәліметтер

4) құрылымдық қатысты  шама жалпы жиынтықтың жек  бөліктерінің үлесін білдіреді. 

Құрылымдық  үлес салмағы = тұтастық бөлігі * 100 / тұтас

5)  Координациялық қатысты  шама деп бүтіннің құрамдас  бөлшектерінің өзара өатынасы.

Координациялық  қатысты шама= Жиынтықтың бір бөлігі / жиынтықтың басқа бөлігі

6) интенсивті қатысты  шама аттас емес шамалардың  қатынасы болып келеді.

7)салыстыру қатысты шама  әр түрлі объектілерді немесе  әр түрлі аймақтарға жататын  аттас шамалардың қатысын білдіреді.

Салыстыру қатысты  шама = бір мемлекеттің , облыстың , ауданның нақты мәліметі  / басқа мемлекеттің  ауданның нақты мәліметтері

 

 

 

 

 

 

 

 

15. Дәрежелік орташа шамалар

Статистикада  орташа шама деп біркелкі құбылыс-тардың жиынтығының қайсыбір вариацияланатын  белге бойынша жинақтап қорытылған сипаттамасы аталады. Орташа шама жиынтықтың бірлігіне жатқызылған осы белгінің деңгейін көрсетеді. Орташа шама дәрежелік және құрылымдық болып бөлінеді. Дәрежелік орташа шама туралы айтар болсақ, статистикада қолданылатын орташа шама дәрежелі орташалардың жіктемелеріне жатады, олардың жалпы формуласы келесідей болады:

 

 

Мұндағы: – дәрежелі орташа шама;

x – белгінің вариацияланатын шамалары (варианттар);

n – варианттардың  саны;

m – орташа  дәреженің көрсеткіші;

∑ - жиынтықтау белгісі;

 

Орташа дәреже көрсеткішінің (m) мағынасы әртүрлі  болғанда орташа шаманың түрлері  де келесідей әртүрлі болады:

m = 1 – арифметикалық  орташа шама;

m = 2 – квадраттық  орташа шама;

m = 3 – кубтық орташа шама;

m = -1 – гармоникалық орташа шама;

m = 0 – геометриялық  орташа шама (өзгеруден кейін). 

Информация о работе Шпаргалка по "Статистике"