Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:01, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Статистике".
11) жиілік (f)– әрбір бірліктің қайталану саны.
12) жиіліктің үлес салмағы
13) куммулятивтік жиілік жинақталған.
А)жиіліктер
Б)жинақталған жиіліктердің үлес салмағы.
14) бөліну қатары-бұл ретке келтірілген қатар.
15) орташа шама- біртектес құбылыстардың жиынтық құбылысының бір бөлігі бойынша жинақтап көрсететін сандық шама.
16) медиана (Ме)-статистикалық бөліну өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгі.
17) мода (Мо)- бөліну қатардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы
6. Статистикалық бақылаутуралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
Статистикалық бақылау-кез-келген статистикалық бақылаудың бірінші кезеңі және де бұл қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы алғашқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау әдісі болып табылады.
Кез-келген статистикалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болу керек.
Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып 2-ге бөлінеді. Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл – жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген ұғым. Тіркеу кезіндегі жіберілетін қате. Бұл – әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне орай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілген қате болып екіге бөлінеді. Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы мүмкін. Бұл не азайтылып, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоктығынан, шаршаудан, жұмысқа салдыр-салақ қарауда болады. Жүйелі түрде жіберілетін қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиынтыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда болып екіге бөлінеді. Абайсызда жіберлетін қате қастандықпен әдейі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мүмкін.
Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл алдын ала ойластырылған, көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер. Адейі жіберілген қате есеп беру формаларында жиі кездеседі. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан тіркеушілердің, санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушіліктен туындайды. Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу үшін барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі. Және ол қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру болып екіге бөлінеді. Қисынды түрде тексеру дегеніміз – статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.
Есептеу арқылы тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзетулер енгізіледі. Статистика органдары жоғарыда көрсетілген тексерулерден бөлек бірізді және жосарлы түрде әрбір кәсіпорынның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексереді. Оның өзі тақырыпты, жинақты және жаппай болып үшке бөлінеді. Тақырыпты тексеруге жеке кәсіпорындардың белгілі бір формасы немесе оның жеке көрсеткіші ғана алынады. Жинақты тексеру кезінде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорындардың белгілі бір есеп беру формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.
7.Стат-лық бақылауды
Статистикалық есеп беру – кәсіпорынның жұмысы жөніндегі ресми құжат. Ол арнайы нысанға енгізіледі және статистикалық органдарға табыс етіледі.
Стат-лық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру – өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез келген сатистикалы бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынады.Стат-лық бақылау бағарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақты, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінінің жиынтығын айтады.
Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде Бельгия ғалымы А.Кетленің ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз керек:Бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтауы тиіс; Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтардың кіргізілгені жөн; Бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілген сияқты күдік туғызбауы керек. Жоғарыда келтірілген нұсқауды орындағанда ғана стат-лық бақылау бағдарламасы дұрыс болып шығады.
8.Статистикалық бақылаудың
Статистикалық бақылаудың түрлері:
1. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған объектінің бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жаппай бақылау болып 2-ге бөлінеді.Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады Жаппай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің бегілі бір бөліктері ғана қамтылады. Статистикалық зерттеудің алдына қойған мақсатына қарай жалпы жиынтықтың ең негізгі бөлігін құрайтын, ал үлесі жағынан аса ірі бірліктері болып саналатын құрамы зерттелетін болса, онда оны жиынтықтың негізгі бөлігін анықтау деп атайды.
2. Статистикалық бақылауды уақыт мерзіміне қарай тіркеу үзіліссіз н\е ағымдағы ж\е үзілісті н\е кезеңді болып 2 түрге бөлінеді.Үзіліссіз немесе ағымдағы бақылау деп болған фактінің пайда болғанына қарай тұрақты, жүйелі түрде, белгілі бір уақыт мерзімінде тіркеуге алуды айтады..Үзілісті бақылау деп зерттеуге алынған құбылысты, процесті ұдайы, бірақ, белгілі бір уақыт аралығында тіркеуге алуды айтады. Үзілістік бақылау уақыт мерзіміне қарай кезеңдік, мерзімдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер, зерттеу жұмыстары бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін болса, онда оны кезеңдік немесе мерзімдік, ал егер зерттеу жұмыстары бір рет жүргізілетін болса, онда оны бір жолғы бақылау деп атайды. Бақылау жүргіз кезінде бақылаудың ең негізгісі болып шекті уақыт кезеңін анықтау саналады. Статистикалық бақылаудың шекті уақыты кезеңі дегеніміз – зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн мен уақыт мерзімі.3.Статистикалық бақылауда мәліметтерді жинау әдістері. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып жауап арқылы болып 3–ке бөлінеді.Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылауға жататын объектінің әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса онда оны тікелей қатысу арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу т.б. жатады.
Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды.
Статистикалық сұрақ-жауап тәсілі деп керекті мәліметтерді сұралушы адамдардың айткандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу арқылы жинауды айтады. Сұрақ-жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және оның экспедициялық, тілшілік, сауал сұрақтық және өзін өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.
Экспедициялық тәсіл мен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, соңынан оны статистика мекемелеріне өткізеді.
Өзін өзі тіркеу тәсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарын таратып береді, оны қалай толтыру керек екендігін түсіндіреді. Содан кейін толтырылған бланкілерді жинап алады да , сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді сосын статистика органдарына тапсырады.
Тілшілік тәсілмен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынғанадамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады.
Сауал-сұрақтық тәсілімен керекті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырылып қайтарылғандарының саны біршама аз және сапсы жағынн төмен болады. Бұл тәсілдің ерекшелігі, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен-жайы көрсетілмейді.
9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
Статистикалық топтау әдісі деп қоғамдық құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешіліктеріне, түрлеріне үлгілеріне сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Топтастырудың негізгі сұрағы топтардың санын анықтау. Топтардың санын анықтау барысында Стердж формуласын қолданамыз:
n = 1+ 3,332*lgN
n = топтың саны
lgN = генералды жиынтықтың бірлігі.
Егер жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп, ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса онда оны күрделі топтау деп атайды. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.
Топтау түрлері:
А) Жасалған мақсаттың мазмұнына қарай:
1. Типологиялық топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жинақталған әр түрлә бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауын айтады.
2. Құрылымдық топтау деп біртектес, бітрипті жиынтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді айтамыз.
3. Аналитикалық топтау дегеніміз себептік блгілері қоғамдық құбылысытң өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсететін топтау. Сонымен қатар, жай және қиылыстырылған, бастапқы және екінші қайтара болуы мүмкін.
Б) Топтау негізі сандық белгілеріне қарай:
1. Жай (Егер
жиынтық бірліктері бір ғана
белгі бойынша топталған болса)
2. Күрделі (ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса);
2.1. комбинациялық
2.2. көп өлшемді топтау
В) Пайдаланған мәліметтерге қарай:
1. алғашқы
топтау (жиналған бастапқы мәліметтер)
2. қайта топтау
(алғашқы топтастырылған
2.1. деңгей аралығын қосу арқылы
2.2. топтық көрсеткіштерді бір-
10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
Топтастыру
жинақтаудың ғылыми негізін құрайды.
Бастапқы материал жинақ процесінде
қайсы бір вариацияланатын
Жиынтықтың
әрбір бірлігі бірқатар вариацияланатын
белгілермен сипатталады.