Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:55, реферат
Күнделікті өмірде және ғылыми әдебиетте «билік» ұғымды әр түрлі мағынада қолданылады. Бұл ұғым саясатқа және экономикаға қатысты тереңірек қарастырғанда толық мағынасын ашу мүмкін емес. Себебі, «билік» ұғымы өте терең, әрі күрделі. Бұл ұғымды зерттеу үшін қоғамдық өмірдің әр түрлі дейгейлерінде атқаратын жұмыстарын қарастыруды қажет етеді. Фундаментальды саясаттанудың ең негізгі мақсаты биліктің пайда болу табиғаты мен механизімдердің жаңа рең алуын және билік қарым-қатынастарын зерттеу.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы...................................................................................................................4
2 Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары...............................................................9
3 Мемлекетте билік бөлінісінің жүйесін реформалау............................................16
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................21
Халықаралық қаржы ұйымдармен ынтымақтастықты және өзара іс – қимылды жүзеге асырады.
Үкімет өзге де Өкілеттілікті жүзеге асырады (ҚР Конституциясының v-бөлімінде көрсетілген).
Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде дайындап, іске асыру, конституция мен зандар талабын іс жүзіне асыру міндеті жүктелген органдар жатады.
Үкімет және салалық, орталық, сондай-ақ маңызды жергілікті атқарушы органдар мемлекет басшысына тікелей есеп береді жөне бақылауында болады, кейде оларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады, толығымен дерлік соған бағынады. Сондықтан саяси-заң, ғылымында мемлекет басшысы дәстүрлі түрде атқарушы органдар қатары-на жатады, елдегі атқарушы «вертикальдың» шыны болып есептеледі. Алайда соңғы кездері Казақстанда және ТМД-ның біркатар елдерінде президент билік бірлігін бейнелейді, билік тармағының үстінен қарайды, олардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді деген идея тарауда. Осы көзқарастардың алғашқысы («дәстүрлісі»), президент атқарушы билікті басқарып қана коймайтындығын, сондай-ақ мемлекет басшысы ретінде атқарушы биліктің шегінен шығатын бірқатар функцияларды (ол елдің карулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады, Қазақстанның басқа елдердегі және халыкаралық ұйымдардағы елшілері мен дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады, кешірім жасау құқығы бар және т.б.) жүзеге асырады. Екінші көзқарас президентті билікті бөлу шегінен шығарып жібереді.
Қазақстан Республикасында атқарушы билікті ҚР Үкіметі жүзеге асырады. Ол Қазақстанда атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Үкімет - жалпы құзіретті атқарушы биліктің жоғарғы органы, өйткені өзінің қызметінің барысында мемлекеттің барлық функциясын өз бойына таратады. Ол Қазақстан Республика Конституциясын, констиуциялық және ағымдағы заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды орындауды ұйымдастырады, өзге атқарушы органдарың (министрлер мен ведомстволар) оларды орындауына әрдайым бақылау жасайды.
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. ҚР Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы – мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық парламент-жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да болар республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүддесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой – пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салатыны.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше областың, республика-лық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депуттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика-ның Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан республика-сының кемінде бес жыл азаматтығында болған жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың Республика астанасы аумағында кемінде үш жылдан тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады. Демек, Сенаттың кейбір депутаттары Елбас-шысы тағайындаса, қалғандары халықтың сайлауы арқылы топтастырылады. Сөйтіп, республиканың әрбір өңірінен келген, солардың мүдесін көздейтін, әр ұлттардың өкілді азаматтары жоғарғы палатаның құрамын қамтиды.
Парламент рөлінің ұдайы ес беретініне лайықты тұрғыда маңыз беріліп, әртүрлі шетелдік форумдарға қатысуына әрдайым шақырылып отыратын депутаттарымыздың бұдан да үлкен абырой мен беделге бөлене беретініне сенімдімін. Мысалы, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Куаныш Сұлтанов ЕҚЫҰ-ның осы ұйымды реформалаумен айналысып жүрген жеті көрнекті саяси қайраткерінің Кеңесіне кіреді. Соңғы жылдары Қазақстан парламентшілері барлық аса ір халыкаралық конференцияларға қатысты. Депутаттық корпус, мысалы, Брюссельде өткен "Этносаралық, мәдениет аралық және дінаралық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ету тетіктер туралы" парламентаралық коллоквиум сияқты іс-шаралардың талай рет бастамашысы болды. Казақстан Сенаты мен - Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) бірлесіп ұйымдастырған Көші-қон жөніндегі бірінші Еуразиялық парламенттік форум табысты өтті.
Қазақстан парламентаризмінің дүние-жүзілік қоғамдастыққа ықпалдасуын Қазақстанның дамудың демократиялық нарықтық жолын тандауының бірден-бір заңды нәтижесі деуге болады, мұны қазір дүние жүзінің барлық мемлекеттері біздің елімізге тиісті мәртебе бере отырып, мойындауда.
Қазақстан парламенті шетел парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен екі жақты байланыстарды орнатуға және нығайтуға үлкен маңыз беруде. Қазақстан парламентшілерінің Парламентаралық Одақ, ЕКПА, ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы, НАТО парламенттік ассамблеясы шеңберлеріндегі өз әріптестерімен жұмысы едәуір жанданды. Көп тарапты парламенттік ұйымдардан басқа, екі тарапты құрылымдарды құру біздің тәжірибемізге енгізілді, олар мүдделі екі мемлекеттің арасында туындаған мәселелерді шешу жолындағы өз қызметін табысты жүргізуде. Олардың ішінде, әрине, Қазақстан Мәжілісімен және Ресей Мемлекеттік думасымен арадағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтарды атап айтуға болады. Сенаттық және Федерация Кеңесінің арасында өте тығыз байланыстар орнады. ТМД елдерінің, сондай-ақ Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Еуропалық Одактың бірқатар елдерінің, Жапонияның, Кореяның парламентшілерімен достық және ынтымақтастық топтары бар. Мәселен, Бельгия тарапының бастамасы бойынша Қазақстан-Бельгия парламентаралық ынтымақтастық тобы құрылды, оны осы елдер Сенаттарының төрағалары басқарады. Бұрын біздің еліміздің де, Бельгияның да тежірибесінде мұндай болмаған екен. Парламентшілер делегацияларының өзара ресми сапарлары дәстүрге айналды. Соңғы жылдардың өзінде ғана Ресеймен, Бельгиямен, Қытаймен, Түркиямен, Польшамен және басқа елдермен парламенттік делегациялардың алмасуы болып өтті.
Әсіресе Қазақстан парламентшілерінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі әріптестерімен тығыз және сындарлы қарым-қатынастары калыптасты. Атап айтқанда, Қазақстанның - Ресейдегі және Ресейдің Қазақстандағы жылдары ұлттық заңнамаларды жақындастыруға және үйлестіруге; екі мемлекеттің екі жақты ынтымақтастық шеңберінде де, бірыңғай экономикалық алмасуы болып өтті.
ТМД аумағындағы мемлекеттердің ынтымақтастығын нығайтушы аса маңызды орган Парламентаралық Ассамблея болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблрясын құру бастамашыларыныі бірі болғанын айта кеткен абзал. 1992 жылғы ақпанда Мәскеуде жаңа Достастық мемлекеттері Жоғарғы Кеңестері (парламенттері) Төрағаларының бірінші Консультативтік кеңесі өтті, онда Алматыда өтетін келесі кездесуде Ассамблея құру туралы мәселені қарау жөнінде шешім кабылданды. 1992 жылғы 27 наурызда бұл мәселе Алматыдағы кеңесте шешілді, мұнда Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан парламенттік делегациялары бас қосты. Парламентаралық Ассамблея құрамына кейіннен Әзірбайжан, Грузия, Молдова мен Украина кірді. Осылайша, 11 мемлекеттің парламенттерінің өкілдері бір үстел басында жиналды. Жоғарғы Қеңестер Төрағаларының Консультативтік кеңесін құру туралы шешімдер кезінде және табысты шешім болғандығын уақыттың өзі көрсетті. Парламентаралық Ассамблея ТМД органдарының жүйесіндегі жетекші орынды нық иеленді.
Мұның бәрі Қазақстанның
қоғамдық-саяси өмірінде парламентаризм
институттарының өскелең
3 Мемлекетте
билік бөлінісінің жүйесін
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік біртұтас, ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары болып бөлінуі, олардың тежемелік және тепе – теңдік жүйесін пайдалана отырып, өзара ықпалдасып іс-әрекет жасау қағидатына сәйкес Конституция мен заңдар негізінде жүзеге асырылады» Бұл бапта тұжырымдалған қағидат кеңес билігін ұйымдастыру қағидасына түбірінен қарама – қайшы келеді және және 1993 жылғы Қазақстан Республикаснының Конституциясында бекітілген мемлекеттік билікті ұйымдастыру қағидатына да елеулі түрде ерекшеленеді.
Қазіргі Қазақстан Республикасы Конституциясында биліктің тармақтарға бөлінуі және олардың өзара ақылдасып әрекет етуі бір қағидаттың билікті бөлу қағидатының екі жағы болып табылатын көрініс тапқан. Мемлекеттік билікті бөлу қағидатын жүзеге асырудың Қазақстандық ерекшеліктері сәтті қабысып, Президент, Парламент, Үкімет және сот тармақтары құқықтарының ара – қатынасын қамтамасыз ету жөніндегі елбасы Н:Ә:Назарбаевтың ғылыми негізделген идеялары басты өзек етіп алынған.
Мемлекеттік биліктің тиісті тармақтарға бөлінуі билік тармағы органдарының дербес құрылуынан, олардың айқын ажыратылған құқықтарынан және биліктің бір тармағы өкілдерінің биліктің екінші тармағының органдарына кірмеуінен көрінеді.
Сонымен қатар, билік тармақтары органдарының дербес жасақталуы туралы айтқанда бір жай ескерілген жоқ. Президенттің сайлауы мен жоғары деңгейдегі билік жасақтауды заң шығарушы орган парламент жүзеге асырмайды. Президентті халық сайлады, ал Үкіметті Президент тағайындайды.
Конституциямызда сөз болатын басты мәселелердің бірі - жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегі Президенттің орны, ролі және мәні туралы мәселе болып табылады. Қазақстан дербес мемлекет болғаннан кейін Президент сайлағандығымыздан да, бұл мәселе жаңадан туындап отыр деуге болмас. Президент сайлауымен бірге еліміздің президенттік басқару жүйесіне көпкендігі анық.
Дүние жүзінің
алдыңғы қатарлы елдерінде
Әлбетте, президент заң шығрушы органның қызметіне белсенді түрде ықпал ете алады. Ол қабылданған заңдарға қол қояды немесе қайта қарауға жібереді. Екіншіден, ол заң шығарушы органды тарату құқығы арқылы да оның қызметіне ықпал жасайды. Президент биліктің атқарушы тармағымен аса тығыз байланысты бола отырып, одан бөлек тұрады.
Үшіншіден, елбасы билігінің сот тармағына да қатысы да бар.
Басқарудың мұндай жүйесінің ерекшелігі Конституцияның құрылымынан да көрінеді. Конституцияның алғашқы екі бөлімінен кейін, Парламенттің алдында, Президент туралы бөлім берілген. Былай қарағанда Парламент конституциялық және қатардағы заңдар қабылдайды, онда барша халықтың ең таңдалы өкілдері жиналады. Соған қарамастан Президент туралы мәселе алдыңғы ретке шығарылған. Өйткені, басқарудың президенттік жүйесі осыны талап етеді.
Билік тармақтары органдарының дербес жасақталуы туралы айтқанда мына бір жайларды ескерген жөн. Президенттік сайлау жоғары деңгейдегі атқарушы билікті жасақтауды заң шығарушы орган парламент жүзеге асырмайды. Президентті халық сайлайды, ал Үкіметті Президент тағайындайды.
Ескі конституция (1993 жылғы) бойынша премьер –министрді, премьер министрдің орынбасарларын, Сыртқы істер, Қорғаныс, Қаржы, Ішкі істер министрлерін, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын Президент Жоғарғы Кеңестің келісімімен тағайындаса, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша Парламенттің мұндай келісімі премьер – министрді тағайындауға ғана талап етіледі. Осының өзінен ақ атқарушы билікті құруда заң шығарушы билікке тәуелді дәрежесі азайып, тәуелсіз деңгейі күшейген. Алайда, қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибені де ескере отырып, мемлекет басшысы мен парламенттік іс - әрекетіндегі кейбір мысалы, Үкіметтегі шешуші тұлға премьер- министрді тағайындаудағы келісушілікті сақтау қажеті деп табылады. Президенттік республика түріндегі мемлекеттік құрылыс – барынша икемді нысан. Ол президенттің парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін нақты үйлестіруді көздейді, іс жүзінде биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот салаларына бөлетін қағиданы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл орайда бүкіл халық сайлаған Президент Конституцияны сақтаудың кепілі бола отырып, сондай – ақ биліктің барлық салаларының және халық алдындағы олардың жауапкершілігін ұйымдастырушы әрі төрешісі бола алады .
Билік бөлінісі абсолютті болуға тиіс емес және бұл өзара жатсыншылыққа, сепаратизмға және қарама – қайшылыққа оқтырмауы тиіс. Өйткені, сөз іс жүзінде биліктің бөлу туралы болып отырған жоқ, себебі ол бөліне алмайды.
Билік бөлінісі
билік тармақтарының
Бірінші – Президенттің біріктіруші ролін жүзеге асыру үшін қажетті механизм. Президенттің бұл ролі Конституцияның 40- бабында нақтыланған, Президенттің мемлекет басшысы бола отырып, өз төрелігімен мемлекеттік биліктің бүкіл тармақтарының келісіп қызмет етуін және өкілет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіні айтылған.
Екіншісі – топқа Президенттің бүкіл атқарушы тармақтың және парламенттің бірлескен қызметінің Конституциялық тұрғыда бекітілген салалары мен түрлері жатады. Мәселен, заң шығару процесі Президенттің, үкімет заң жобаларын мәжіліске Президенттің тапсыруы бойынша енгізеді, Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойып, оларды халыққа жария етеді, Президент қарсылық білдірген заңды Парламент қайта талқылайды, парламент Конституцияға өзгерістерді Президенттің ұсыны бойынша енгізеді. Президент пен Парламенттің бірлескен қызметі Президенттің немесе парламенттің бірқатар жоғары лауазымды адамдарды сайлауы немесе тағайындауы кезінде келісім беруі түрінде жүзеге асырады.
Информация о работе Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі