Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:55, реферат
Күнделікті өмірде және ғылыми әдебиетте «билік» ұғымды әр түрлі мағынада қолданылады. Бұл ұғым саясатқа және экономикаға қатысты тереңірек қарастырғанда толық мағынасын ашу мүмкін емес. Себебі, «билік» ұғымы өте терең, әрі күрделі. Бұл ұғымды зерттеу үшін қоғамдық өмірдің әр түрлі дейгейлерінде атқаратын жұмыстарын қарастыруды қажет етеді. Фундаментальды саясаттанудың ең негізгі мақсаты биліктің пайда болу табиғаты мен механизімдердің жаңа рең алуын және билік қарым-қатынастарын зерттеу.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы...................................................................................................................4
2 Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары...............................................................9
3 Мемлекетте билік бөлінісінің жүйесін реформалау............................................16
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................21
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының
саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы....................
2 Қазақстандағы билікті жүргізу
жолдары.......................
3 Мемлекетте
билік бөлінісінің жүйесін реформалау....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Күнделікті өмірде және ғылыми әдебиетте «билік» ұғымды әр түрлі мағынада қолданылады. Бұл ұғым саясатқа және экономикаға қатысты тереңірек қарастырғанда толық мағынасын ашу мүмкін емес. Себебі, «билік» ұғымы өте терең, әрі күрделі. Бұл ұғымды зерттеу үшін қоғамдық өмірдің әр түрлі дейгейлерінде атқаратын жұмыстарын қарастыруды қажет етеді. Фундаментальды саясаттанудың ең негізгі мақсаты биліктің пайда болу табиғаты мен механизімдердің жаңа рең алуын және билік қарым-қатынастарын зерттеу. Бұл ежелгі Үнді, Қытай және Греция мемлекеттерінің саяси тарихы уақытында қолданылған. Мысалға,ежелгі грек «архе»сөзі «билік», «басшылық» немесе «алғы себептер» мағынасын береді. Билік өзін ақтауды қажет етеді, бұл жағдаят саяси тарихтың көп бөлігін құрайды. Билік концепциясы - теориялық концепциялардың алғысы, ол саяси қарым-қатынастарды түсінуге, олардың механизімдерін және мемлекеттің саяси жүйесін зерттеуге көп көмек көрсетеді. Билік - әлеуметтік болмыстың ең биік және өзіне тартатын күші бар құбылысының бірі. Оның сырлы құпиясын ежелден бергі көптеген ғалымдар алуан-алуан шығармалар арнады.
«Билік» қазіргі адамдар ұғымында, ең алдымен, мемлекеттік билік, ал ол - зорлық ретінде түсініледі. Сірә, сондықтан саясаттанушылардың көбісі мәжбүрлеуді биліктің ажырамас бөлігі деп есептейді. Мұндай көзқарас бізде көп жыл бойы маркстік доктрина күмәнсіз болып есептелуімен тұрақтанды. Онда: «күштеу ескі қоғамның жаңадан екіқабат болғандығы болып табылады» делінген. Мемлекеттік билік туралы айтсақ, онда сендірумен қатар мәжбүрлеу тетігі бұл арада белгілі бір рөл атқарады.
Өкімет - мемлекеттік аппарат қана емес, сонымен бірге әлеуметтік феномен де екені даусыз. Бұл - барлық әлеуметтік құрылымдардың ортақ белгісі. Кез келген саяси компания, әлеуметтік ұйым немесе топ - өкіметтегі жаттығу. Жалпы алғанда, өкімет - жеке тұлғалардың басқаларды бақылау қабілеті. Өз кезегінде, Т.Парсонс мұндай мүмкіндікті жеке адам немесе топтың әлеуметтік мәртебесі беретініне сенімді. Бір карағанда бұл пікірлер қарама қайшы, бірақ бір-бірін жоққа шығармайды. Нақты жағдайда билік қатынастарының осы түрлерінің бірі алдыңғы қатарға шығады.
Аристотельдің көзқарасы бойынша, мемлекет - қоғамдық болмыстың табиғи жағдайы. Сондықтан ол адамнан бұрын пайда болған, өйткені тұтас нәрсе бөлшектен бұрын туады: «Адам мемлекеттен тыс өмір сүре алмайды, егер әлдебір адам тысқары тұрса, ол - не жануар, не құдай". Билік мәні туралы түсінікті құқық саласынан әлеуметтік салаға көшіру Цицеронға құқықтық мемлекет идеясын жүйелеуге мүмкіндік берді. Ол бостандықтың басты шарты заңдардың билік құруында деген түйінге келді: «Тәуелсіз болу үшін біздің бәріміз заңның құлы болуымыз керек».
1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы
Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар-парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.
Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Қазақстанның бірінші Конституциясында көрініс тапты.
Қазақстан Республикасы егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық, құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Қазақстандық қоғам саяси жүйенің түрлі салаларында демократиялық құндылықтарды орнықтырудың бастапқы кезеңінде даму үстінде. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қоғамымызды кезең-кезеңімен, бірақ үздіксіз демократияландыру біздің ұдайы ұстанатын қағидамыз... Ең бастысы ел өмірін демократияландыру эволюциялық жолмен жүзеге асырылуы шарт. Өте-мөте нәзік бұл істі баяғыдай революциялық жолмен қолдан жеделдетіп жіберуге әсте болмайды. Қоғамдық дамудың өзіндік ішкі заңдылықтары бар. Экономикада ертеңгі істі бүгін атқарып тастауға болар, бірақ саясатта ертеңгі істің ертең атқарылғаны жөн. «Саясат қолдан келетінді жүзеге асыра білу өнері» деп сондықтан айтады».
Бұдан кейін мемлекет
алдында бой көтерген жаңа тактикалық
мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді.
Оны Президент Н.Ә.Назарбаев
Президент Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегіндегі «Мемлекет деген біз боламыз» және «Өктемшілдік пе, әлде демократия ма?», сондай-ақ, «Тарих толқынында» атты кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» деген тарауы қоғамның демократиялық жолмен дамуында интеллигенцияның алатын орны мен атқаратын рөлін пайымдауға арнайды. Онда бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы сияқы тототалитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтіп жатқан мемлекетте елдің саяси дамуының алғышарттарын талқылап, жүзеге асыру маңызды мәселе болып табылады. Бұл ретте қазақстандық қоғамның саяси өмірінде ескі үлгілерден бас тарту және жаңа даму түрін іздеу, саяси реформалардың міндетін талқылау және орындау, таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау тәрізді маңызды процестер жүріп жатыр. Сөйтіп, Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мен қарым-қатынастардың өзгеруіне әкелді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінде... халықтың бірқатар жіктері бұрынғы мұраттарын жоғалтып және жаңаларына ие бола алмай, біршама абыржушылықты сезінуде..! Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке адамның өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді»,- деп атап көрсетті. Демек, қоғамдық құрылымда орнатылып жатқан демократиялық үрдісіер әрбір жеке тұлғаның еңсесін жоғары ұстап, ойын еркін айта алуын, ел алдындағы өзінің азаматтық парызы мен жауапкершілігін ұғына білуін қажет етеді. Себебі тәуелсіз Қазақстан мемлекетін нығайту мен оның демократиялық құқықтық жүйесін дамыту ісі саяси әлеуметтенген жеке тұлғалардың біріккен іс-қимылының нәтижесінде ғана жүзеге асатыны анық.
Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламадан туындайды.
Сөйтіп, жаһандық сыни-қатерлердің
жай-жапсарына көз жүгірткен
«Егер ұлтымыз шикізат
ресурстарынан түсетін
Елбасы ауыл шаруашылығын,
әсіресе ауыл шаруашылығы
«Біздің басымдықтарымыз
өзгермейді – көршілеріміз –
Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия
елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен,
Еуроодақпен, Азия елдерімен
Бұдан бөлек, Елбасы
2050 жылға дейін кезең-кезеңмен
бірқатар міндеттерді шешу
«Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті мекенде өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген болмайды. Бұл әлемдік үрдіс», – деді Елбасы. Сонымен қатар еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп үлес қосқанына тоқталды. «Ендеше, Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидаты болуы шарт», – деді Н.Назарбаев. Бұл ретте Елбасы ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланатынын, мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылатынын қадап айтты. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», – деді Елбасы.
Жаңа Конституция баптарын талдау барысында байқалатыны, оның қоғамдық процестерді құқықтық мемлекет құруға бағдаршам іспеттес екендігі. Ол өзіне үлгі етіп отырған өркениетті елдер қатарына бір табан жақындай түскеніміздің жарқын куәсі іспетті. Конституцияның кіріспесінде: «Қазақстан халқы өзінің республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - делінген. Мұның өзі Қазақстан халқының Конституция арқылы болашақта егемен құқығын жүзеге асыратынына ешқандай күмән келтірмейді. Жаңа Конституцияның біздің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің халықаралық беделін жоғарылатудағы тарихи маңызын ерекше атап көрсеткен жөн. Өйткені, онда біздің егеменді мемлекетіміздің әлем қоғамдастығы алдындағы мән-мағынасы, рухы мен бүкіл болмысы, оның өркениетті даму кезеңінің ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары жан-жақты көрініс тапқан.
Информация о работе Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі