Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 22:55, реферат
Күнделікті өмірде және ғылыми әдебиетте «билік» ұғымды әр түрлі мағынада қолданылады. Бұл ұғым саясатқа және экономикаға қатысты тереңірек қарастырғанда толық мағынасын ашу мүмкін емес. Себебі, «билік» ұғымы өте терең, әрі күрделі. Бұл ұғымды зерттеу үшін қоғамдық өмірдің әр түрлі дейгейлерінде атқаратын жұмыстарын қарастыруды қажет етеді. Фундаментальды саясаттанудың ең негізгі мақсаты биліктің пайда болу табиғаты мен механизімдердің жаңа рең алуын және билік қарым-қатынастарын зерттеу.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы...................................................................................................................4
2 Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары...............................................................9
3 Мемлекетте билік бөлінісінің жүйесін реформалау............................................16
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................21
Қазақстан Республикасының 1995 ж. Констатуциясыны 1-бабыны 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, деп атап көрсетілген. Қоғамды демократияландыру ұзақ та күрделі процесс. Демократияны дамыту - бұл демократиялық тәртіпті қоғамдық құрылымда орнықтыру, қоғам мүшелерінің бойына демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін сіңіру, демократияның негізгі заң талаптарымен үйлесімді жүргізілуі, нарықтық экономиканы дамыту, меншік қатынастарын реформалау деген сөз. Дегенмен, «біз демократия мен сөз бостандығы мәдениетіне үйренуге тиіспіз, бұл ұғымдарды орынды-орынсыз пайдалана бермеуге, балаң демократияның келбетіне көлеңке түсірмеуге тиіспіз... Нақты демократияның да бірнеше қарапайым ұстамдары бар. Бұлар: дамыған орта таптың, заңнамалық базаның, нақты азаматтық қоғамның болуы, халықтың саяси мәдениеті, тарихи дәстүрлер және тиісті геосаяси орта. Мұны ескермейінше, кез келген демократиялық ықылымдар демократияға емес, охлократияға, яғни қарапайым тілмен айтсақ, бейбастақтық пен жүгенсіздікке, ақыр соңыңда қақтығыстар мен ыдырауға әкеліп тірейді.
Қазақстандық қоғам
Кез келген қоғамды дамыту адамдардың іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Қоғам демократияны дамыту үшін өз мүшелерінің елдің саяси-әлеуметтік өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейту жолында қызмет етуі керек. Яғни, «адам еркін болмайынша, қоғам еркін болмайды. Қоғам еркін болмайынша ой еркін болмайды. Ойын еркін болмайынша, ісің алға баспайды». Демек, шынайы демократия мен халықтың басым көпшілігінің осы демократиялық еркіндікті пайдалана алуы, қоғамдық құрылымның тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы екен. Сонымен қатар қоғамдық саяси жүйедегі түрлі көзқарастағы барлық топ өкілдері мен жекелеген тұлғадардың бір-бірінің мүдделерімен санасып, ортақ келісімге келуге қол жеткізуі де демократиялық үрдістің айқын көрінісі болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның тұрмыстық хал-ахуалының деңгейі оның қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуына, саяси әлеуметтенуі мен саясаттың субъектісіне айналуына шешуші ықлалын тигізеді. Қоғамның материалдық жақсы тұрмыс халі мен ондағы саяси тәртіп түрінің өзара байланысын зерттеген америкалық саясаттанушы С.М. Липсеттің тұжырымдауынша: «халық неғұрлым гүлденіп, өркендеген жағдайда болса, оның демократияны қолдауына ие болуға соғұрлым мүмкіндіктер көп». Мұнымен бірге қоғамдағы халықтың жоғары деңгейдегі хал-ахуалы демократиялық үрдістерді дамыту үшін саяси әлеуметтенген, билік, басқару, шығармашылық және т.б. салаларға даярлығы мол, жетік мамандарды даярлауға негіз болып табылады.
Осылайша, қоғамдағы жеке тұлғалардың тұрмыстық қажеттіліктері толығымен өтелген жағдайда, олардың саяси ой-танымы, білім дәрежесі мен саяси-мәдени деңгейі жоғары сипатта болады. Сонымен бірге қоғам тарапынан өз мүшелерінің материалдық әл-ауқатын көтеру тұрғысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер олардың саяси әлеуметтенуіне, қоғамдық-саяси жүйеде еркін бағдар ұстануына, демократиялық үрдістерді орнықтыруда белсенді іс-қимыл жасауына өз ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасының Президенттің айтуы бойынша бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Азаматтық қоғам - саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі. Бұл қоғамда азаматтардың халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматтық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси және мәдени тұрғыда жоғары дәрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналды. Құқықтық мемлекет - конституциялық басқару тәртібі қамтамасыз етілген, шын мәнісіндегі билік бөлінісі мен олардың тиімді қарым-қатынасы мен өзара бақылауы жүзеге асырылған, саясат пен билік құрылымында әлеуметтік бақылау орнатылған, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі қалыптасқан мемлскеттік құрылым. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саналуы, заңның халықтын еркін білдіруі және жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етілуі танылады.
Құқықтық демократиялық
Қазақстан қоғамында азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті орнықтырудың басты алғышарттары мен ұстанымдарын негіздеп, оны қамтамасыз етуде қоғамдық-саяси өмірге демократиялық нысанды енгізу бірден бір дұрыс бағыт болып табылады.
Қазақстан қоғамын демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет ретінде танылыуының басты шарты - әрбір жас ұрпақ өкілдер, яғни біз жастар Отанды, қазақстандық және жалпы азаматтық саяси құндылықтарды құрметтеу керекпіз. Біздер шынайы отансүйгіштікті әрі нағыз азамат екенімізді, «мен қазақстандықпын», «мен Қазақстан Республикасынанмын» еген мақтаныш сезімдерімізді қалыптастырып, оны жарқырата білуіміз шарт.
2 Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары
Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айырықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ, Президент билік тармақтарының әрқайсысынын, қызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық кұқылық мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).
Президент кызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарынын бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялык Кеңес корытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен кабылданады.
Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару кызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасынын астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалык, маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасыньң кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағьнда кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттык Қауіпсіздік комитетінін Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.
Мәжіліс — Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас Жалпыұлттык сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сай-ланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.
Үкімет - жалпы құзіретті атқарушы биліктің жоғарғы органы, өйткені өзінің қызметінің барысында мемлекеттің барлық функциясын өз бойына таратады. Ол Қазақстан Республика Конституциясын, констиуциялық және ағымдағы заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды орындауды ұйымдастырады, өзге атқарушы органдарың (министрлер мен ведомстволар) оларды орындауына әрдайым бақылау жасайды.
Үкіметтің мәртебесі қызметінде ҚР Конституциясының, конституциялық және ағымдағы заңдардың жоғарылылық принциптерін халықтық билік, біртұтас, билікті бөлу, жауапкершілік, жариялылық, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау принциптерін қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
Республика Премьер –Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде Премьер – Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы, Республика Президентіне ұсыныстан енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттілік мерзімі біткенше іс – қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдындағы өзінің өкілеттілігін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді. Үкіметтің құрамына кірген адамдарға мынадай шектеулер қойылған:
-өкілді органдардың депутаттары болуға;
-оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда өзге де ақы төленетін жұмыстарды атқаруға;
-кәсіпкерлікпен шұғылдануға,
коммерциялық ұйымның басшы
Үкіметтің қызметі, шын мәнінде, қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтиды.
1.Экономика сферасында,
ол: мемлекеттік әлеуметтік –
экономикалық саясаттың
-мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық және ғылыми – техникалық дамудың индикативтік жоспарларын әзірлеп, жүзеге асырады;
-құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;
-мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.
2.ҚР бюджет, қаржы, ақша саясаты сферасында: республикалық бюджет пен оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, оның атқарылуын қамтамасыз етеді;
-республикалық қаржы
жүйесін нығайту жөніндгі
шараларды әзірлейді және жүзеге
асырады, мемлекеттік валюта,
қаржы және материалдық
-мемлекеттік баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады;
-мемлекеттік реттейтін бағалар қолданылатын өнімдер, тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын белгілейді;
3.ҚР Үкіметі әлеуметтік сферада: мемлектік аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, жүзеге асырады, аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
4.Үкімет ғылым, мәдениет, білім, денсалық сақтау, туризм мен спорт саясаты сферасында: ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технология-ларды енгізудің, мәдениетті, білімді, денсаулық сақтау ісін, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік саясатын белгілейді және жүзеге асырады.
5.Үкімет Республиканың
қауіпсіздігі мен қорғаныс
6.Сыртқы саясат және
халықаралық қатынас
Информация о работе Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі