Құқықтың шығу тарихы Қазіргі заман құқығының айырмащылықтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 19:22, курсовая работа

Описание работы

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Содержание

Кіріспе
1.Құқықтың түсінігі , сипаты
2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні
3.Құқық салалары:
Конституциялық құқық
әкімшілік құқық
Қаржы құқығы
Еңбек құқығы
Отбасы құқығы
Қылмыстық құқық
Экологиялық құқық
Азаматтық құқық
Азаматтық ісжүргізу құқығы
Халықаралық құқық
4.Қорытынды

Работа содержит 1 файл

кукык тусиниги.doc

— 182.00 Кб (Скачать)

Екінші  түрі — отбасының құқықтары мен  мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар  мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар  бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.

         Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.

         Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек  жағдайын тағайындау мен қолдану  жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек  ұжымымен қатынасы;

еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша  қатынастар.

          Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

  Мемлекеттің қаржылық қызметі  түрлі әдістердің көмегімен іске  асырылады. Осындай әдістердің  бірі ақшалай қаржы жинау, яғни  жеке және заңды тұлғалардың  табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекетҚаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақлыау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты (тақырыбы); 4) бақылаудың максаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.

  Қаржылық бақылаудың субъектісі  болып қаржылық бақылауды іске  асыруға құзіреті бар арнайы  мемлекеттік не мемлекеттік емес  органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан, тікелей тексеруші  қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексерілуші объектісі болады.

  Мемлекеттік қаржылық бақылаудың  объектісіне осы бақылаудың шеңберіне  ілінген тұлғалар, нақты айтсақ: 1) мемлекеттік органдар; 2) мемлекеттік  заңды тұлғалар; 3) мемлелкеттік емес  заңды тұлғалар; 4)азаматтар жатады.

  Бюджеттік құқық негіздері

  Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлелкеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

  Бюджет үрдісінде туындайтын  қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады.

Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін  құрайды.

  Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі төмендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) түзетілген бюджет; 2)бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5)жергілікті бюджеттер жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлелкеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі аквтитері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады.

Азаматтық құқық

Құқықта — аталмыш елдің азаматтығын  алған, конституцияда көрсетілген құқықтар мен міндеттердін барлық жиынтықына ие адам. Бұл  - өз кадірін сезінетін, саяси және құқықтық мәдениетті меңгерген, «отанының лайықты ұлы» атағына сай және аталмыш мемлекеттің заңдарына бағынатын әнегелі адам. Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдары тұлғасында республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның аумақтық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардын тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күшкүдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

          Азаматтың қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени өміріне қатысу мүмкіндігін анықтайтын, мемлекет азаматының конституциялық-құқықтық мәртебесінің негізі. Сонымен бір дерлікте, негізгі азаматтық құқықтар мен бостандыкқтар, қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың, бәрінен бұрын БҰҰ-ның қалт етпейтін назарында болады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы

Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай – ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай – ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.

  Республикада жүргізіліп жатқан  құқықтық реформа сот қызметін  жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.

  Сот билігі Қазақстан Республикасының  атынан жүзеге асырылады және  өзіне азаматтар мен ұйымдардың  құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76 бабы).

  Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75 бабы).

  Қазақстан Республикасында сот  әділдігін тек сот қана жүзеге  асырады. Соттарда қаралатын істердің  көпшілігі азаматтық істер болып  табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

  Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.

  Азаматтық іс жүргізу құқығын  реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік  сипатта болады. Соттың іс жүргізу  әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.

  Азаматтық іс жүргізу құқығы  жалпы және ерекше бөлімдерден  тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі  принциптерін, азаматтық істердің сотқа

қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың  іс жүргізу құқығы мен міндеттерін  дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

  Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

  Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және  процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын  органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

  Азаматтық сот ісін жүргізудің  міндеттері Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді: 
 
 
 

1)сотта  азаматтық істің қозғалуы;

2)істі  сотта қарауға әзірлеу;

3)істі  бірінші сатыдағы сотта мәні  бойынша қарау;

4)істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5)заңды  күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау  тәртібін қайта қарау;

6)заңды  күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар  бойынша қайта қарау;

7)атқару  ісін жүргізу;

Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа  салаларымен, әсіресе материалдық  салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа  қарастылығын анықтайтын азаматтық  іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын  кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.

Халықаралық құқық 

  Халықаралық құқық – бұл халықаралық  құқықтың субъектілері туындататын  және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі  үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы. 

  Халықаралық құқықтың да өз  реттеу пәні бар. Халықаралық  – құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:

а) мемлекеттер  арасындағы қатынастар;

б) мемлекеттер  мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық  құқықтың нормалары , ең бастысы, халықаралық  қатынастардың негізгі субъектілері – мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.

Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер  арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.

Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:

а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;

Информация о работе Құқықтың шығу тарихы Қазіргі заман құқығының айырмащылықтары