Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 19:22, курсовая работа
Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Кіріспе
1.Құқықтың түсінігі , сипаты
2.Құқықтың жалпы әлеуметтік мәні
3.Құқық салалары:
Конституциялық құқық
әкімшілік құқық
Қаржы құқығы
Еңбек құқығы
Отбасы құқығы
Қылмыстық құқық
Экологиялық құқық
Азаматтық құқық
Азаматтық ісжүргізу құқығы
Халықаралық құқық
4.Қорытынды
Әкімшілік құқықтың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі даму перспективасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты, негізінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы тікелей қолданыстағы мәнін, мазмұнын анықтайтын және заңдарды қолданумен конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс – әкімшілікделиктілік құқық болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қоғамдағы құқықтық жанжалдардың алдын алуға барынша бағытталуы тиіс. Бұл ретте әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде олардың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен құқық бұзушылық сипатына сәйкестік принципі мүлтіксіз сақталуы тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде сот және соттан тыс инстанциялар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратудың, яғни әкімшілік істерді сотта және соттан тыс қарау тәртібі арақатынасының нақты тұжырымдамасын айқандаған жөн. Бұл ретте соттың әкімшілік жаза қолдану жөніндегі өкілеттігін кеңейту мүмкіндігі, сондай-ақ әкімшілік сот өндірісіндегі жарыспалылық қағидатын дамыту туралы тезис өзекті күйінде қала береді.
Әкімшілік-деликтілік құқық үшін әкімшілік-деликтілік заңнамамен қорғалатын құқықтық қатынастар ауқымын неғұрлым нақты анықтау және тиісінше әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкциялардың аражігін нақты ажырату мәселелері өткір болып табылады.
Тағы бір маңызды бағыт әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамыту болып табылады, оның нәтижесі Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдау болар еді. Бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының реттеудің нысанын нақты анықтау қажет. Бұл тұрғыда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нақты істерді шешу тәртібін заңнамалық регламенттеу мәселелері өзектілігін сақтайды.
Сондай-ақ әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамытумен байланысты мемлекет пен азамат (ұйым) арасында жариялы-құқықтық қатынастардан туындаған құқық туралы дауды шешетін әкімшілік әділет мәселесін қараған жөн. Яғни, іс жүргізу оқшаулау мен жариялы-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібінің заңдылығы мәселелері қаралуға жатады.
Осылайша, әкімшілік сот ісін жүргізу қылмыстық және азаматтық іс жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысаны болуы тиіс.
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады.
Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді. Сонымен қатар, бір
тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:
1. қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2. Қылмыстардың жиынтығы;
3. қылмыстың қайталануы
Экологиялық құқық-қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген. Ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады. Экологиялық құқық бұл осы кезеңмен болашақтың адамдарының мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым-қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық салаларының бірі болып табылады.
Табиғатты қорғау – қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қошаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Құқықтық экология бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып – экология құқығы болып табылады. Экология құқығы бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қошаған табиғи ортаны тиімді пайдаланумен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Экология құқығы құқық саласы ретінде адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық номалардың жүйесін құрайды.
Экология құқықтың әдістері қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа жетуге бағытталған, олар табиғатқа да, қоғамға да қатысты заңдылықтардың құқықтық реттелуінің сақталуына негізделеді.
Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады. Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:
Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Экология құқықтарының әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.
1) Экология
құқықтарының ең негізгі
Отбасы құқығы
Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазакстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.
Неке
— отбасын құрудың негізгі
болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы
мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды
туындататын отбасын кұру мақсатымен,
заңда белгіленген тәртіппен
тараптардың ерікті және толык келісімі
жағдайында жасалған еркек пен әйелдің
арасындағы тең құқықтық одақты — неке
деп түсінуіміз кажет.Адамдар арасында
некеден, туыстықтан, бала асырап алудан,
отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын
қатынастар отбасылық қатынастар деп
аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың
бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді.
Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік,
игілік-өнегелік нормалары негізінде
реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік,
қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі.
Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді
(үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз
ету оның басшысы ретінде толықтай ер
адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп,
құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Туыстық және туысқандардың түрлері
Отбасылық
құқық тек шартты түрде ғана отбасылық
деп атауға болатын өзге де қатынастарды
реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің
арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын
құрып, бөлек тұратын кемелетке толған
ағалары мен қарындастарының арасындағы
қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың
негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан
да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар
деп атау керек. Туыстық дегенде бір
негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).
Азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.
Сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлер де болады.
Туған ағалары мен қарындастары толык туыс және толык емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі.
Толык
емес туыс аға-қарындастарды ерлі-
Отбасының толық және толық емес түрлері болады. Толык отбасында ата-анасы, балалары және әдетте, әкесі жағынан да және шешесі жағынан да аға ұрпақ өкілдері — атасы мен әжесі болады. Толық емес отбасы балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Соның өзінде балалардың ата-аналары ажырасқан болса, балалары соның қарамағында қалған ата-анаға екінші жағы балаларды және еңбекке жарымсыз ерлі-зайыптыны бағып-қағу үшін алимент төлейді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болып, екіншісінің қарамағында кәмелетке толмаған балалары қалса, онда оған мемлекет жәрдемақы ретінде материалдық көмек көрсетеді. Сөйтіп, толык және толық емес отбасы да тең жағдайда заң және мемлекет арқылы қорғалады.
Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот, прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы.
Информация о работе Құқықтың шығу тарихы Қазіргі заман құқығының айырмащылықтары