Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:46, курсовая работа

Описание работы

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................3

1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
1.1 Құқықтық нормалардың құрылымы............................................. 4
1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі..........................................12

2 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ
2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары.....................................14
2.2 Құқық нормаларын талқылау және оның түрлері...................20

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................

Работа содержит 1 файл

ТГП.doc

— 212.50 Кб (Скачать)

1. Кәдімгі талқылау кез келген субъекттің өзінің білімі, деңгейі дәрежесінде қандай да болмасын заңға, онын нормала-рына түсінік беруі. Мысалы, референдум барысында жеке адам-дардың өз пікірлерін білдіруі.

2. Кәсіби талкылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық нормалары бойынша азаматтарға, занды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде кәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс жүзіне асырады.

3. Доктриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған мақалалар, монографиялар және коментарийлерде беретін талқылаулар. Бұл талқылаудың зандарды жетілдіруде, олардың тиімділігін арттыруда, құқық нормаларының кемшіліктерін жоюда үлкен рөл атқарады. Көрнекті заңгер ғалым Е.Б.Әбдірасұлов доктриналық талқылау туралы мынандай қорытынды жасайды:

«Біріншіден, доктриналдық талқылаудың субъектілеріне негізгі қызмет саласы ғылыми зерттеу болған ірі ғалымдар жатады.

Екіншіден, доктриналдық талқылаудын жеке субъекті ретінде ғылыми доктрина жасап, құқықты талқылау қызметінің нәтижесін шығаруды қамтамасыз ететін ғалымдардың тобын, бірге жұмыстарды орындайтын бірсыпыра ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттарды бөліп айтуға болады.

Үшіншіден, доктриналдык талқылаудың жеке субъектілеріне ғылыми кызметтері өздерінің заң ұйымдары мен мекемелер, өр түрлі мемлекеттік органдармен байланысты заңгер-ғалымдар-ды жатқызуға болады.

Төртіншіден, кұқық нормаларын доктриналдық талқылау субъектілері болып практика қызметкерлері табылады, егер олардың заңды талқылау қызметтері таза комментаторлық шы-ғармашылықпен шектелмей, кәсіби интерпретация деңгейінен жоғары болса».

III. Тәсілдері бойынша құқық нормаларын талқылау тарихи-саяси, логикалық, арнайы-зандық, жүйелілік, грамматикалық болып бөлінеді.

1. Тарихи-саяси талқылау нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануының тарихи жағдайларын түсіну арқылы олар-дың негізгі мақсаттарын айқындап, танып білу және зерттеу.

2.              Логикалық талқылау логиканың зандарын пайдалана оты-
рып, заң мәтінінде қолданылған ұғымдар мен категориялардың,
құбылыстардың, бір бірімен байланыстарына, арақатынастарына
талдау жасау арқылы түсінік беру.

3. Арнайы-заңдық (терминологиялық) заңнама шығарушы органның заң техникасын қолдану барысында пайдаланылған арнайы терминдерді түсіндіру, мазмұнын ашып көрсету. Мысалы, «әлсірету мақсатында жасалған», «ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер», «қылмыстық қоғамдастық», «ірі мөлшерде», «құнды заттар», «мүдделеріне елеулі зиян келтіру», «лизинг», «ипотска», «акцепт», «элемент», «регресс» жәнет.б.

4. Жүйелілік - кұқық нормаларының институт, құқық салаларымен байланыстарын, алатын орындарын ұғыну арқылы талқылау. Соның нәтижесінде талқыланған құқық норма басқа нормалармен салыстырылып, салалармен шектес екені айқындалады.

5. Граматикалық талқылауда құқық нормаларының мәтініне, сөз құрылыстарына талдау жасау арқылы оның мазмұнын үғыну.

IV. Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау сөзбе-сөз, кеңейтілген және шектелген болып бөлінеді.

1. Сөзбе-сөз талқылауда қүкық норманың мәтіні оның мазмұнын дәлме-дәл көрсстеді. Осыган байланысты онын мазмұнын түсінуде ешқандай қиындықтар болмайды.

Кеңейтілген талқылауда құқық норманың толық мазмүны онын создік мағынасынан кеңірек болып ұғынуды талап етеді. Мысалы, [4]Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының бірінші тармагы: «Судья сот торелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», деген норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек ғана Конституция мен зандарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге бағынады. Бұл норма кеңейтілген талқылауды талап етеді. Сонымен қатар кұқық нормаларының мәтінінде «және басқалар», «өзгеше көзделмесе», «басқа құжаттар», «басқа да мүлік» және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінде пайдаланғаңда кеңейтілген талқылау пайдаланылады.

Шектелген талқылауда кұқық нормасының толық мазмұны оның сөздік мәтінінен кеңірек болып қабылданады. Мысалы, Казақстан Республикасынын Конституциясының 36-бабы:

«Қазақстан Республикасын корғау - оның әрбір азаматының қажетті борышы және парызы» деген норманы бекіткен. Бірақ, бұл борышты барлык азаматтар орындай алмайды. Атап айтқанда әрекет қабілеттілігі жок азаматтарға отанды корғау борыш және парыз бола алмайды. Немесе Конституцияның 27-ба-бының 3-тармағы «Кәмелетке толған еңбекке кабілетгі балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамкорлык жасауға міндетті» деп атап көрсетеді. Бұл жерде шектелген талкылаудың корытын-дысы мен балаларына қамқорлык жасамаған және тастап кеткен ата-анаға көмек көрсету міндетті емес екенін аңғарамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Қорыта келгенде құқық нормасы дегеніміз  Құқықтық норма дегеніміз мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды — айқын және орындалуы, сақталуы, қажет болган жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез құлықтың үлгісі.Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен занды тұлғалардың нақтылы мағынадағы құқықтық жағдайларын, мінез-құқықтарын бекітеді. Құқықтық қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:«Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді» деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты құқытық нормаларының мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:Құқықтық нормаларда қайсыбір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық талаптарын бекітті (жерді тартып алу, завод, фабрикаларды тәркілеу, байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел алушылықты жою).Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада бекітіледі. Жеке және заңды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп танылады.Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды. Шашыраңқы, түсініксіз, қайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған құқықтық нормаларды қолдануда көптеген қиындықтар туындайды. Құқықтық нормалар математикалық формулалар сияқты нақтылы-,айқын және қысқа болулары шарт. Көп сөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.

Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін пайдалану аркылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.Әр кезде тиімді құқықтык нормалар коғамдық қатынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын қабылдау болып табылады. Құқық нормаларынын мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

 

      1. Өзбекүлы С, Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. -Алматы: Жеті жарғы, 2006. - 264 б.

       2 .Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. - Қарағанды: Болашақ -Баспа, 2002. - 320 б.

       3.Андабеков Ш. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды 2002

      4.Әділбекова Қ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған сызбалар. Қарағанды 2006

       5.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша  терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды 2001

       6.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша   мемлекет бөліміне арнлған дәрістер жинағы.Қарағанды 2003

       7.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқық бөліміне арналған дәрістер жинағы.қарағанды 2005

8.Байжанова Г.Т.,Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы  пәні бойынша  әдістемелік құрал. Қарағанды 2001

9Баймаханов М. Т. Ағымдағы Заңдардың дамуына және жұмыс істеуіне Конституцияның ықпал етуінің кейбір формалары. Жалпы құқық және мемлекет. 2001.№1. 15-бет

9 . Баққұлов С. /Құқық негіздері/ Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004. -248 б.

     10.Бюргенталь Т. Халықаралық адам құқықтары: Қысқаша шолу. -/Ағымдағы аударым. - Алматы: Ғылым, 1999. 320 б.

      11.Жоламан Қ. Д. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық: «Тұр - пресс» - Алматы, 2005 - 296 б.

12 .Қазақ  мемлекеттік  заң  академиясының  5   жылдық  мерейтойына арналған ғылыми - теориялық конференциясының материалдары (Алматы қаласы, 17-наурыз 1999ж) - Алматы БПО Қаз МЗА, 2000.-480 б.

      13. Мемлекет және құқық негіздері: Оқулық. /Құрастырған Е. Баянов. -Алматы: Жеті жарғы, 2001. - 624 б.

      14.Мемлекет туралы ойлар /Құрастырған: Н. Қазыбек. - Алматы: Жазушы, 1998.-200 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4

 



[1] 

[2] 

[3] 

[4] 


Информация о работе Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері