Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:46, курсовая работа
Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын, дара ұғымдарының көп сандағы жи-ынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы әмір сүреді, коғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады.
КІРІСПЕ.......................................................................................3
1 ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
1.1 Құқықтық нормалардың құрылымы............................................. 4
1.2 Құқықтық нормалардың жіктелуі..........................................12
2 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ІС-ЖҮЗІНДЕ АСЫРУ
2.1 Құқық қолданудың негізгі сатылары.....................................14
2.2 Құқық нормаларын талқылау және оның түрлері...................20
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................
Дәрежелі кесімділік сипаты бойыиша болжамдар абсолюттік-кесімді және салыстырмалы кесімді болып бөлінеді.
Абсолюттік-кесімді гипотеза өзінің мәтінінде құқықтық норманы қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын көрсетеді. Мысалы, «Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының» 11-бабы абсолюттік-кесімді гипотезаға жатады:
Некеге тұруға;
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжссінің және немересінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастарының);
3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді».
Немесе, Қазақстан Республикасының Азаматтык іс жүргізу кодексінің 249-бабы абсолюттік кесімді нормалар санатына жатады: «сот егер :
1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін занда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;
2) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
3) арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
4) осы немесе басқа соттын іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын козғалған іс бар болса;
5) тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірсе;
6)өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап
қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
7) өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
8) өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
9) талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
10)көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына кслтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерізім аяқталғанға дейін берілсе, арызды қараусыз қалдырады». Осы көрсетілген шарттардың бірі анықталатын болса
сот арызды қараусыз қалдырады, яғни диспозиция өзінің
құқықтық күшіне енеді.
Салыстырмалы-кесімді гипотеза құқық нормаларын іс жүзіне асыратын субъектілерге арнайы шеңбер көлемінде шарттардың бірнеше мүмкіндіктерін беруді бекітеді. Мысалы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 90-бабы салыстырмалы-келісімді гипотезаға мысал бола алады, «Егер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде... тұрғын үй сақталатын уакытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелері тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалғау шарты бойынша тұрғындарды кіргізуге не тұрғын үйдің сақтау мерзімінде уақытша тұрғындарды тұрғызуға құқылы». Құқықтық норма жалға алушыға салыстырмалы кесімді гипотеза арқылы екі мүмкіндік шартын бекітіп отыр.
Баяндау тәсілі бойынша гипотезалар абстрактілі және казустік болып екі түрге бөлінеді. Абстрактілік гипотезада дара, жеке жағдайлар көрсетілмейді, жалпы мағынамен ғана беріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 73-нормасында: «Қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық кауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылуы пайда болған адамды сот жазадан босады, ал жазасын өтеп жүрген адамды одан әрі өтеуден босатады». Нормада «психикасы бұзылуы» деген ұғым абстрактілік болжамдар сипатын дәлме-дәл беріп түр. Себебі, қандай аурулар екені нақтылы, жекеленіп көрсетілмеген: шезофрения ма, эпилепсия ма, депрессиялық психоз ба. Абстрактік гипотеза негізінде құқықтық нормалардың көлемін қысқарту мақсатын көздейді.[ Андабеков Ш]
Казустық гипотеза деп құқық нормаларында нақтылы, жеке жағдайлардың барлық сипаттамаларын айқындап белгілеуді айтады. Казустық гипотезаға, мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 115-бабын жатқызуға болады. Бұл нормада жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жеке жағдайлармен нақтылы берілген: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы. Бірақ, казустық нормаларды қалыптастыру барысында кейбір қатынастар немесе кейбір объектілер оның құрамына, тізіміне кірмей қалу қаупі бар. Бұл жағдайларда (казус) құқық қолдану барысында айтарлықтай қиындықтардың тууы мүмкін.
Диспозиция деп құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелерін айтады.
Диспозиция құқықтық әдебиетте негізінде екі түрге бөлінеді: баяндау тәсілі бойынша және құрылымы бойынша. Баяндау тәсілі бойынша диспозициялар жай, суреттемелік, сілтеме, бланкеттік болып бөлінеді.
Жай диспозицияда бір жағдай болғанда құқықтық норманың жай диспозициясы бір ғана, нақтылы зардаптардың болуын бекітеді. Мысалы Қазақстан Республикасының, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 27-бабы уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда басқа тұрғын үй-жай берілместен шығарылатынын жай диспозиция мағынасымен бекіткен.
Суреттемелік диспозиция - субъектілердің мінез-құлықтарының негізгі нышандарын ерекшелеу сипатымен айқынды бастапқылықпен баяндайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы (нормасы) ұрлықты «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген суреттемесін диспозициямен сипаттау арқылы ұрлықтың мәнін көрсеткен. Азаматтардың мүліктері жасырын түрде ұрланса, ол ұрлық болып саналады. Немесе, 179-бап қарақшылықты «бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деген суреттемелік диспозициямен берген.
Сілтемелік диспозиция - норматиитік кесімнің баска баптарына, немесе нақтылы норманың баяндалған тармақтарына сілтеу жасайды. Негізінде құқық теориясында мұндай тәсіл көпсөзділікті шектеу және қайталауды тежеу мақсатында пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 227-бабында сілтемелік диспозиция мына мағынада берілген: «Тексеру, куәландыру, эксгумация жүргізу туралы тергеуші осы Кодекстің 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасайды». Қылмыстық кодекстің көптеген нормалары сілтемелік диспозициядан қалыптасқан. «Нақ сол әрекеттер» деген сөзбен баптың алдыңғы тармақтарына сілтеме жасалынған.
Бланкттік диспозиция - құқық нормасы өзінің диспозициясында субъектілердің мінез-құлықтарын жалпылама бекітіп, басқа нормативтік-құқықтық кесімдерге сілтеме жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағы «Республиканың заң және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі» деп басқа заңға бланкеттік диспозиция арқылы сілтеме беріп тұр.
Құрылымы бойынша диспозия жай, күрделі және балама (альтернативтік) болып қаралады.
Жай диспозицияда мінез-құлық нақтылы мағынада, оның арнайы ерекшеліктері мен мазмұндық мағыналары айқындалып көрсетілмейді. Мысалы, «Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» заңының 24-бабының 2-тармағында «Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп табылуы мүмкін»
Күрделі диспозицияда - субъектілердің мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, мазмұндық мағыналарын толық және жан-жақты дәрежеде ашып көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 129-бабында: «Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көріну жалған мәліметтер тарату» деген мағынамен жала жабудың барлық нышандары мен сипатын күрделі диспозициямен айқындап түр.
Альтернативтік диспозицияда — құқық субъектісі құқықтық қатынастарға түскен жағдайда мінез-құлықты өз тарапынан таңдап алуға мүмкіндігі болады. Мысалы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 15-нормасы «жер учаскелерінің мемлекеттік қажеттері үшін алынуына (сатып алуына) байланысты тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді». Бұл норма құқық субъектісіне таңдап алу құқын беріп тұр.
Сонымен қатар теорияда диспозиция өзінің формалық әлпеті бойынша тыйым салатын, міндеттейтін және құқық беретін түрлерге бөлінеді.
Тыйым салатын диспозиция құқық субъектісіне арнайы бір әрекетті немесе әрекетсіздікті жасауға қатаң тыйым салады, оны құқық бұзушылық санатына жатқызады. Мысалы, «Неке және отбасы туралы» заңының 11-бабының диспозициясы некеге тұруға мынандай жағдайларда тыйым салады: «1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруынын немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді». Немесе Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабының З-тармағында:» Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады» — деген тыйым салатын норманың диспозициясы бекітілген.
Міндеттейтін диспозиция — құқық субъектілеріне арнайы міндеттерді жүктейді және қажетті мінез-құлықты істеуді жа-риялайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-нормасының диспозициясы: «І.Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сактауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар намысын құрметтеуге міндетті».
Құқық беретін диспозицияда субъектілерге құқық нормалары шеңберінде арнайы бір әрекеттерді іс жүзіне асыруға, әрекет жасауға құқық береді.Мысалы,Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 18-бабында: «Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге де хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар» деген құқық беретін диегюзицияны бекіткен.
Санкция — мемлекет тарапынан құқық нормасын субъектілерге қолданылатын жаза, заңды жауапкершіліктің түрлері. Мемлекет және құқық теориясында санкциялар құқық салалары бойынша, нақтылы дәрежесі бойынша және көлемі бойынша болып бөлінеді. Құқық салалары бойынша конституциялық,әкімшілік,
Нақтылы дәрежесі бойынша санкция абсолюттік кесімді, салыстырмалы кесімді және альтернативтік болып бөлінеді. Абсолюттік кесімді санкция Кеңес үкіметі орнаған кезеңнің алғашқы жылдарында кеңінен пайдаланылды, жаза қолдану нақтылы сипаттан ада болды, тіпті «заңның барлық қатаңдығын пайдаланып жазаға тарту» деген абсолюттік кесімді ұғымдар бассыздыққа, репрессияға тікелей жол ашты. Қазіргі кезеңде абсолюттік кесімді санкциялар Қазақстаннның құқықтық жүйесінде жиі кездеспейді. Себебі, жазаның істеген әрекетіне қарай даралануына кедергі келтіреді.
Салыстырмалы кесімді санкцияда жазаның төменгі және жо-ғарғы шеңбері нақтылы көрсетіледі. Мысалы, 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, немесе 3 жылға дейін. Салыстырмалы-кесімді санкция Қазақстан Республикасының барлық кодекстерінде жиі кездеседі және бұл жаза судьяға жазаны даралауға, әркімнің істеген әрекетіне оның қауіптілігіне қарап жаза тағайындауға мүмкіндік береді.
Альтернативтік санкция судьяларға құқық нормада көрсетілген бірнеше жазадан субъектінің жасаған құқықтық бұзушылығының ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты тандауға мүмкіндік береді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 105-бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін субъект «елу айлық есептік көрсеткіштен жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады»
Көлемі бойынша санкция жай және күрделі болып бөлінеді. Жай санкцияда әрекет үшін бір ғана жаза көзделеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 159-бабының 5-тармағында есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәмле жарамсыз болатыны нақтылы көрсетілген.
Күрделі санкцияда құқыққа қарсы жасалған әрекет үшін бірнеше жаза қолдану нақтылы нормада көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 179-бабының (Қарақшылық) «Г» тармағы белгіленген. Егер ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қарақшылық — мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он бес жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Бұл күрделі санкцияға жатады.
Информация о работе Құқық нормасы түсінігі, қағидалары және түрлері