Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды.

Содержание

Кіріспе 2
1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі 3
1.1 Мемлекеттің басқару нысаны 3
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 7
1.3 Мемлекеттік саяси режим 11
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер 14
2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары 14
2.2 Қазақстан Республикасының нысаны 20
2.3 Қазақстан – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Работа содержит 1 файл

ме.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

   Тар ауқымдағы анықтамасы: мемлекеттік  билікті жүзеге асыру тәсілдері  мен әдістерінің жиынтығы, оның мазмұндық қасиеті.

Кең ауқымдағы анықтамасы: демократиялық, құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның саяси бостандықтарының кепілдік дәрежесі, ресми конституциялық және құқықтық үлгілерінің саяси жағдайларға сәйкес келу дәрежесі, билік органдарының мемлекет және қоғамдық өмірдің құқықтық негіздеріне қатынасының сипаты.  Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болып екі түрге бөлінеді. Демократиялық режим – халықтың басқаруға қатысуына, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығы қағидасын тануға негізделген либералдық режимнің бір түрі. Демократияға қарсы режим авторитарлық және тоталитарлық режимдерге бөлінеді. Авторитарлық режим – халықтың аздаған мөлшерде қатысуымен бір адамның бақылаусыз толық билік жүргізуін білдіретін қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

    1.      Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М., 1993.

    2.      Ахметов М.М. Особенности становления президентской формы правления в Республике Казахстан (проблемы теории и практики). Алматы, 2000.

    3.      Байгельдин О. Новый этап в развитии демократии. // Панорама, 1997, 25 июля.

    4.      Гаджиев К.С. Тоталитаризм как феномен XX века // Вопросы философии. 1992. № 2.

    5.      Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2030». Алматы:Жеті Жарғы, 1999.

    6.      Карапетян Л.М. К вопросу о "моделях" федерализма// Государство и право. 1996. № 12.

    7.      Масанов Н. Как обустроить Казахстан: к вопросу о модели государственно-политического устройства страны. (ХХ1 век, Алматы, 1998)

    8.      Мухамеджанов Э. Унитаризм и его влияние на структуру законодательного органа власти. С.45-47. Фемида, № 2. Алматы,1999

    9.      Правовые проблемы унитаризма в РК /Г.Сапаргалиев, Б.Мухамеджанов, Л.Жанузакова, Р.Сакиева.-Алматы:Жеты Жаргы,2000.-309 с

    10.  Петров В.С. Сущность, содержание и форма государства. Л., 1977.

    11.  Петров В.С. Тип и форма государства. Л., 1967.

    12.  Онлашева Ж.О. Республика Казахстан – светское государство. Известия мин-ва образования и науки РК, нац.академии наук РК. № 499

    13.  Шайхисламов Ж. Форма правления как фактор устойчивого развития государства. Вестник КазГУ. № 4, 2001

    14.  Шайхисламов Ж. Методологические подходы к пониманию формы правления. Вестник КазГУ. № 2Салимбаева Ж.Ч. Казахстан – президентская республика. // Политика. Алматы, 1996. № 8.

    15.  Чиркин В.Е. Нетипичные формы правления в современном государстве // Государство и право. 1994. № 1.

    16.  Чиркин В.Е. Переходное постсоциалистическое государство: содержание и форма // Государство и право. 1997. № 1.  

№5. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны

   Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның көрінісі. Қоғам өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, құқықтық жүйелер жиынтығы ретінде. Қоғамның саяси жүйесі – құқық және өзге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген, белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.

   «Саяси  жүйе» түсінігі саяси процесстердің  қалай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.

   Қоғамның  саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

   1) қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;

   2) осы мақсат, міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды топтастыру;

   3) қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің өзара әрекеттестігі үшін қажетті шарттарды жасау;

   4) мемлекеттік билікті легитимдендіру, яғни шынайы саяси өмірді ресми саяси және құқықтық нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы деңгейіне жеткізу;

   5) қоғамдық-саяси әрекет режимдерін реттеу.

   Саяси жүйелерді әр түрлі негізде топтастыруға болады. Оның пайда болуының әлеуметтік ортасына қарай тоталитарлық және либералды-демократиялық саяси жүйелер танылады, осы сипатына байланысты аралас (конвергенциялық) түрлері де кездеседі. ¤зара әрекеттестік сипатына байланысты ашық және жабық саяси жүйелер анықталған.

   Қоғамның  кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзара әрекеттестікте болатын көптеген элементтерден  құралады. Құрамдас бөліктердің өзара бірлігі жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланысты айтамыз. Саяси жүйенің келесі компоненттері танылған:

   1) қоғамның саяси ұйымы, оған мемлекет, саяси партиялар және қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б. жатады.

   2) саяси сана, саяси билік саяси жүйенің психологиялық және идеологиялық жақтарын сипаттайды.

   3) қоғамның саяси өмірін және саяси билікті іске асыру үрдісін реттейтін әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар.

   4) саяси билікке қатысты жүйе элементтерінің арасында қалыптасатын саяси қатынастар.

   5) саяси практика /тәжірибе/, ол саяси әрекет пен жинақталған саяси тәжірибеден құралады.

   Осы жерде саяси жүйенің субъектілеріне де тоқтала кетуге болады. Оларды екі деңгейде ажыратып қарастырсақ, институционалдық деңгейде субъектілер құрамына парламент, президент, үкімет, кәсіподақтар және т.б. кіреді де, функционалдық деңгейде оның қатарына шіркеу, армия, оппозиция және т.б. жатады.

   Саяси жүйенің құрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси  функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институттар кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, жастар ұйымдары, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды құрайды.

   «Мемлекет»  және «қоғамның саяси жүйесі»  түсініктері бөлшек пен тұтас  категориялар ретінде арақатынаста болады. Мемлекет саяси өмір құбылыстарын «жалпы міндеттілік» өлшемі арқылы өткізіп, өз бойына саяси мүдделердің көпшілігін шоғырландырады. Міне осы тұрғыдан мемлекет саяси жүйеде ерекше роль атқарады, оған тұтастық пен тұрақтылық береді. Ол қоғам ресурстарын пайдалана және оның өмір сүруін ретке келтіре отырып, басқару бойынша әрекеттердің басым бөлігін атқарады.

   Мемлекет  қоғамның саяси жүйесінде орталық, жетекші орын алады. Себебі:

   -                  Мемлекет өзінің аумақтық шекарасы көлемінде азаматтық белгісі  бойынша біріккен бүкіл халықтың бірден-бір ресми өкілі ретінде көрінеді.

   -                  егеменділіктің бірден-бір иегері болып табылады.

   -                  қоғамды басқаруға арналған арнаулы аппаратқа (көпшілік билігі) ие.

   -                  «күштеу» құрылымдары болады (қарулы күштер, милиция-полиция, қауіпсіздік органдары және т.б.)

   -                  көбінесе құқықшығармашылық монополиясына ие болады.

   -                  материалдық құндылықтар жиынтығын иемдене алады (мемлекеттік меншік, бюджет,валюта және т.б.)

   Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды  әлеуметтік институты саяси партиялар  расында үлкен роль атқарады. Саяси  партиялар - өздерінің негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті  жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану мақсатын көздейтін идеологиялық және ұйымдық біріккен адамдардың ерікті қауымдастығы. Партияларды парламенттік - билікті демократиялық жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды мақсат ететін және билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін қоятын партиялар деп ажыратуға болады. Мемлекет ісіне қатысуына байланысты парламенттік партиялармен қатар, басқарушы партияларды – билікті жеңіп алған және жүзеге асырып отырғандарды да атауға болады. Бағдарламалары мен әрекетінің әлеуметтік бағытталғандығына байланысты саяси партиялар социал-демократиялық, либералды-демократиялық, коммунистік, таптық, ұлттық, нәсілдік, фашистік, діни болып жіктеледі. Әрекетінің идеалдық негізіне байланысты доктриналдық (өз идеологиясын қорғауға бағытталған), прагматикалық және харизматикалық болып бөлінеді. Саяси спектрдегі орнына байланысты – солшыл, оңшыл және орталықшыл түрінде танылады.

   Саяси жүйелер бірпартиялық және көппартиялық (плюралистік) болып та жіктеледі. Қазақстан  Республикасы кеңестік дәуірдегі бірпартиялық жүйеден бас тартқалы бері, елімізде қабылданып жатқан нормативті-құқықтық актілерге сүйене отырып, әр түрлі саяси партиялар құрылып әрекет етуде. Оның құқықтық базасын ҚР Конституциясы, ҚР заңы «Саяси партиялар туралы», ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы»  заңдары құрайды.

   Қоғамдық  саяси қозғалыстар – азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобының  мүддесін көздеуге және маңызды саяси  мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның барынша белсенді тобы. Қоғамдық қозғалыстардың саяси партиялардан айырмашылығы:

   -                  қозғалыстар тек бір саяси тұжырымды қолдайды және бір ірі мәселені шешуді мақсат етіп қояды (Семей полигонын жабу);

   -                  қозғалыс билікке таласпайды, оған ықпал ету арқылы өз мәселесін шешуге бағыттайды;

   -                  қоғамдық-саяси қозғалыста формальды ішкі иерархия, нақты анықталған тұрақты мүшелік және тиісті құжаттар (бағдарлама,жарғы) болмайды.

   Қоғамдық - саяси қозғалыстарды да саяси  партиялар тәрізді әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: әрекет ету аймағына байланысты – әлеуметтік-саяси, этносаяси, конфессионалдық, экономикалық, экологиялық, ғылыми және т.б.; қатысушыларының санына байланысты – бұқаралық, элитарлық; әрекет ету аумағына байланысты – жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық; әлеуметтік құрамына байланысты – кәсіби, әйелдер ұйымы, жастар одағы және т.б.; ұйымдасу тәсіліне байланысты – фронт, ассоциация, бірлестік, одақ, ұйым және т.б. деп бөлуге болады.

   Саяси жүйелер тарихында мемлекет пен  дін қатынасы туралы мәселе ерекше орнымен танылған. Тарих теократиялық (діни) және зиялы, жаугер-атеистік және конфессиялық-плюралистік мемлекеттермен, соған сәйкес саяси жүйелермен таныс.

   Жалпы айтқанда, діни ұйымдар көптеген қоғамда  саяси жүйенің маңызды элементтерінің бірі ретінде (либералды-демократиялық саяси жүйелерде бұл жоққа шығарылса да) танылып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған заңына сәйкес еліміз зайырлы мемлекет ретінде танылып, ондағы діни ұйымдар мен мемлекеттің ара қатынасы анықталған.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері