Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды.

Содержание

Кіріспе 2
1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі 3
1.1 Мемлекеттің басқару нысаны 3
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 7
1.3 Мемлекеттік саяси режим 11
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер 14
2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары 14
2.2 Қазақстан Республикасының нысаны 20
2.3 Қазақстан – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Работа содержит 1 файл

ме.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

   Теориялық құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік - құқықтық  мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.

   Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.

   Қолданбалы  құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот  медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.

   Заңдық  ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық  теориясының алатын орны ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың ұқсастығы олардың  мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты, айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.

   Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық теориясы тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет етуінің барынша  жалпы заңдылықтарын зерттеп  қорытындылайды, барлық салалық заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.

   Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар  зерттеу әдістері де болады. Методология  дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:

   -жалпы  ғылымдық зерттеу әдістері

   - жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

   Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы  зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.

   Жеке  ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз  – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.

   - Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен  ғылыми ақпарат жинау кезінде  қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық  теориясында бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады.

   Мемлекет  пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі – логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.

   Жеке  ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік, функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.

   Формалды  – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың қасиеттерін  ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге мүмкіндік  береді.

   Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып  зерттеу.

   Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың  әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне  қарай жіктеп зерттеу жүргізу.

   Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды  деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.

   ‡лгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.

   Әлеуметтік  тәсіл – жүйелік, функционалдық, стстистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды  нәтижелерін біріктіріп зерттеуді  жалғастыру.

   Салыстырмалы – құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.

   Мемлекет  және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық теориясы екі  үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының  жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқықбұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.  

   Мемлекет  және құқық теориясының қазіргі  заңгердің заңдық дүниетанымы мен  құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ролі.

   Отандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.

    2.      Гревцов Ю.И. Очерки теории и социологии права. 1996.

    3.      Историческое и логическое в познании государства и права. Л., 1988.

    4.      Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. М., 1965.

    5.      Карбонъе Ж. Юридическая социология. М., 1986.

    6.      Козлов В.А. Проблемы предмета и общей методологии права. Л., 1989.

    7.      Сырых В.М. Метод правовой науки: основные элементы, структура. М., 1980.  

№2. Мемлекеттің пайда  болуы

   Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ  меншікке негізделген және онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген. 

   Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған.

   Оның  негізгі белгілері: а) әлеуметтік билік  тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;

   ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы  қауымдық демократия, өзін-өзі басқару  бастамасында құрылады;

   б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды  мәселелерін шешу кезінде билік  органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар танылады. 

   Әлеуметтік  нормалар дегеніміз адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде  айқындалған, сана-сезім еркімен  қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:

   а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;

   ә) жазбаша түрде бекітілмесе  де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;

   б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан  аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;

в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.

   Мемлекет  ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды  қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.

   Мемлекетті  алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі  белгілері:

   1.  Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық  сипатында.

   2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.

   3. Тұрғындардан салықтарды жинау        

4. Мемлекетте  арнаулы мәжбүр ету аппараты  болады.

   5. Жалпыға  міндетті нормативтік актілердің болуы.        

6.Мемлекеттің  келесі негізгі ерекшелігі –  егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік  биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және  шет мемлекеттерден тәуелсіз  өз мақсаттарын шешуге құқығы  және еріктілігі.

   Мемлекеттің әлеуметтік маңызындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару құралы және таптық қайшылықтарды шешу құралы ретінде.

   Мемлекет  өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде.

   Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік  теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.

   Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және өзгелер.

Мемлекет  анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік және таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. ¦лт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттілік дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда мемлекеттіліктің дамуының әртүрлілігі.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

    1.      Алексеев А.С. К учению о юридической природе государства и государственной власти. М., 1995.

    2.      Бачило И.Л. Факторы, влияющие на государственность // Государство и право. 1993. № 7.

    3.      Берман Г. Западная традиция права: эпоха формирования. М., 1994.

    4.      Бутенко А. П. Государство: его вчерашние и сегодняшние трактовки // Государство и право.1993. № 7

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері