Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқанына он бес жылдың төңірегіне жақындады. Осы аталған он бес жыл ішінде ата-бабамыздың аңсаған арманына, яғни егемендікке кол жеткізгеніміз былай тұрсын, өзіндік құқықтық жүйесі, экономикасы, саяси жүйесі бар өзге елдермен қабырғамыз да тереземіз де тең мемлекет болғанымыз Қазақстанды елім, жерім дейтін әр пенде үшін ауыз толтырып, көңіл толғандырып айтатын жәйт. Енді ел бейнесі айқын анықталып өрлеу сатысына жеткен тұста, кеңесшіл идеологияның шеңберінен айырылып барлық нәрсені жан-жақты зерттеуге болатын күн туды.

Содержание

Кіріспе 2
1 Мемлекет нысанының ұғымы мен түсінігі 3
1.1 Мемлекеттің басқару нысаны 3
1.2 Мемлекеттің құрылым нысаны 7
1.3 Мемлекеттік саяси режим 11
2 Қазақстанның мемлекеттік нысанын бейнелейтін белгілер 14
2.1 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің атрибуттары 14
2.2 Қазақстан Республикасының нысаны 20
2.3 Қазақстан – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Работа содержит 1 файл

ме.doc

— 149.50 Кб (Скачать)

    5.      Власть. Очерки современной политической философии Запада. М., 1989.

    6.      Косарев А. И. Происхождение и сущность государства. М., 1969.

    7.      Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской валсти - к президентской республике. – Алматы: Жеты жаргы, 1995.

    8.      Филиппов Г. Г. Социальная организация и политическая власть. М.,1985.

    9.      Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы. Алматы,1982.  

№3. Мемлекет мәні мен  функциялары, тектері.

   Мемлекет  мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.

   Мемлекет  теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен  қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

   Мемлекет  мәнін анықтайтын теориялар:

       -                 элита теориясы;

       -                 технократиялық теория;

       -                 плюралистік демократия теориясы.

   Мемлекет  функциясы – қоғам дамуының белгілі  бір кезеңіндегі мемлекеттің  әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін  көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы.Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:

   - мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

   - саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.

   - мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

   - идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.

   Мемлекет  функциясын жүзеге асыру нысандары  құқықтық және ұйымдастырушылық болып  екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады. ¦йымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.

   Мемлекет  типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.

   ¤ркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі  өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін.Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен құқықтың да типін анықтайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.

   Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына  қатысты мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне  қарамастан, оның да кем соғатын  тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  4. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

    5.      Қазақстан Республикасы Президенті ¤кімі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілікті қалыптастыру тұғырнамасы» 23 мамыр 1996 // Саясат, 1996. №9.

Қосымша әдебиеттер:

    1.      Атаманчук Г.В. Новое государство: поиски, иллюзии, возможности. М., 1996.

  1. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.

    3.      Владимиров В.А. Основные функции посткоммунистического государства в области внутренней политики. Тверь, 1992.

    4.      Баймаханов М. К разработке современной концепции функций государства. № 4. Прав.реф. в Казахстане, 2001

  1. Байкенжеев А.С. Обеспечение суверенитета как одна из важнейших функций государства. Вестник КазГУ, 2000, № 3. С.22-26
  2. Бейсенова А.У. О природе власти в демократическом обществе. Право и государство. 2000. № 1-2. с.4.
  3. Джусупова Г.С. Права человека и социальные функции государства. Вестник КазГУ, № 1, 2001
  4. Емин Р.В. К вопросу о классификации функций современных государств. Вестник КазГУ. № 3, 2000

    9.      Захаров А. Еще раз о теории формаций // 0бщественные науки и современность. 1992. № 2.

  1. Котов А. Суверенитет Казахстана: основания независимости  и верховенства. /Пр.реформа в Казахстане, 2001. № 3, с.3-6

    11.  Клепцова Т.Н. Функции и аппарат Российского государства в рыночной экономике. М., 1992.

    12.  Краснов М.А. Ответственность власти. // Государство в открытом обществе. М., 1997.

    13.  Осипов В.И. Власть - проблемы государственного управления: региональный аспект. Саратов, 1997.

    14.  Пахоленко Н.Б. От тоталитаризма к демократии: о функциях государства в переходный период // Политические проблемы теории государства. 1993.

    15.  Тойнби А.Д. Постижение истории. М., 1991.

    16.  Чиркин В.Е. Три ипостаси государства // Государство и право. 1993. № 8.  

   №4. Мемлекет нысаны

   Мемлекет  нысаны түсінігі мемлекеттану сипаттарының ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік билік пен оның құрылымдарының ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Мемлекет нысаны мемлекет мазмұнымен тығыз байланыста сипатталады. Егер мемлекет мазмұны мемлекеттік билікті кімнің жүзеге асырып жатқанына жауап берсе, ал мемлекет нысаны мемлекетте билік қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, олардың құрылу тәртібі және өкілеттік мерзімдері жайында, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілдері туралы сұрақтарды қарастырады. Мемлекет нысаны – басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режимнен құралатын мемлекеттің ерекшелігі.

   Мемлекет  нысаны мемлекеттік биліктің құрылымы мәндік жағынан әртүрлі сипаттармен анықталады:

   – мемлекеттік билік пен басқару  органдарының құрылу және ұйымдастырылу  тәртібі.

   –  мемлекеттің аумақтық құрылымының тәртібі, орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынасының белгілі тәртібі.

   – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

   Сонымен, мемлекет нысаны үш негізгі элементтен құралады:

   - басқару нысаны

   - мемлекттік құрылым нысаны

   - саяси режим.

   Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік  билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы  және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі. Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

   Монархия  – жоғарғы мемлекеттік биліктің  бір әулетке  мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар:

   - жоғарғы билік мұрагерлік жолмен  беріледі;

   - шексіз мерзімде жүзеге асырылады;

   - сайлаушылар еркінен тыс жүзеге  асырылады.

   Монархия  екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия.  Конституциялық монархия екіге бөлінеді:  дуалистік монархия және парламенттік монархия.

   Республика  – басқару органдары белгілі  бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының  бір түрі.  Онда биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып табылады. Жалпы белгілері:

   - бір немесе алқалы түрдегі  мемлекет басшысының болуы;

   - мемлекет басшысы және  басқа да жоғарғы мемлекеттік билік органдарының белгілі мерзімге сайланатындығы;

   - мемлекет басшысының заңмен қарастырылған  жағдайлардағы заңдық жауапкершілігі;

   - жоғарғы мемлекеттік билік шешімдерінің барлық басқа мемлекеттік органдарға міндеттілігі;

   - мемлекет азаматтары мүдделерінің  басым түрде қорғалуы, тұлға мен  мемлекеттің өзара жауаптылығы. Республиканың екі негізгі түрі бар: парламенттік республика және президенттік республика.

   Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі  түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын  мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекет пен құқық теориясы мемлекеттің  аумақтық құрылымының бірнеше түрін  көрсетеді :

   - біртұтас мемлекет

   - федерация

   - конфедерация

   Мемлекет  нысанының соңғы элементі – саяси  режим. Ол  басқару және мемлекеттік құрылым нысандары сияқты мемлекеттің мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекет нысанының бір компоненті болып табылады. Мемлекеттің билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субьектілердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары мен бостандықтарының  кепілдік және қамтамасыз етілушілік деңгейі туралы түсінік алуымызға болады.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері