Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 10:14, курсовая работа
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
КІРІСПЕ.................................................................................................................3-4
І - тарау. Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы...........................5
1.1. Мемлекеттік аппарат түсінігі және қызметтері.............................5-10
1.2. Мемлекеттік аппарат қағидалары.................................................11-13
ІІ - тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік аппаратының жүйесі...14
2.1. Мемлекеттік аппарат құрылымы..................................................14-19
2.2. Мемлекеттік билік органдары......................................................20-22
2.3. Атқарушы органдар......................................................................23-26
2.4. Сот билігі.......................................................................................27-30
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................32-33
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.11
<h4>Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді. </h4>
Парламент Республиканың
бүкіл аумағында міндетті күші бар
Қазақстан Республикасының
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы.
Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген.</h4>
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкіметті Қазақстан
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін атқара береді.12
Қазақстан Республикасының
Конституциясының 60-бабында Үкіметтің
келесідей құзыреті берілген. Оларға
қысқаша сипаттама беріп
Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премъер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті
мемлекеттік басқару
Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына тоқталып өтетін болсақ.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға арналған.
Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.
Үкіметтің отырыстарында
Премьер-Министр төрағалық
Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.
Республика Премьер-Министрі
Үкіметтің жұмысын
Қазақстан Республикасының
Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында сот төрелігін
тек қана сот жүзеге асырады. Сот
билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот
ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық
және заңмен белгіленген өзге де нысандары
арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасында сот жүйесін
Республиканың Жоғарғы Соты мен
Республиканың жергілікті соттары
(облыстық және оларға теңестірілген
соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика
аумағында Қазақстан
Республиканың тәуелсіздік
алуына байланысты 1993 жылы қабылданған
Республикалық Конституцияда
1995 жылы 30 тамызда референдумда
қабылданған мемлекетіміздің
2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі
Қазақстан Республикасының
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті.15
Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың конституциялық заңымен белгіленеді. Республиканың Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органдардың, лауазымды тұлғалардың немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Соттар шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күш болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Заңды қолданған
кезде судья төмендегі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен республикадағы сот тәуелсіздігінің жаңа бір кезеңі басталды. Жарлықпен репсубликадағы сот тар қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы бар келесі тағы бір оқиға 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
Қарастырып өткен тақырыпты қорытындылай келсек, мемлекеттік аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі, басқаша айтқанда, мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының жүйесі.