Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:13, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Содержание

Кіріспе

Жалпы бөлім
1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
1.2 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
1.3 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері
Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері
Зерттеу бөлімі
3.1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
3.2 Қазіргі кездегі құқықтық мемлекеттің саяси көрінісі
3.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Сілтемелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Салтанат.docx

— 62.93 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жұмысты қорытындылай келе, Заң ғылымдары  арасында мемлекет 
біріншіден, бұл қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні 
екіншіден, бұл саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, 
үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және 
төртіншіден, бұл әдістемелік сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-құқықтық қондырманың 
бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты 
Мемлекет және құқық теориясын мемлекет пен құқықтың 
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын 
Сонымен әр ғылымның өзінің зерттейтін пәні бар. 
Жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкес, мемлекет және құқық 
Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз 
Сондықган мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары 
Бұл пән басқа ғылымдарға, яғни құқық салаларына 
Пәннің өзінің пәні, реттейтін әдістері, атқаратын қызметтері 
Атқаратын қызметтеріне тоқталсақ, онтологиялық қызметі - мемлекет

Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді  қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы  және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге  қоюға мүмкіндік береді .Мемлекет пен құқық теориясы – нақты  заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты  маңызды жалпы  теоретикалық және әдістемелік  функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының  бірі. Ол өзі  ғана емес, сонымен қатар  басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен  категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында  өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми  игеруде  бағыт қызметін атқарады. Мемлекет және құқық теориясы  жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы  жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және  мемлекеттанудың бастапқы  түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды  теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады. Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы  студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және  дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді.

Ол мемлекет пен құқықтың негізгі  түсініктері мен категориялары  туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және  басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы  теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік  тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне  шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа  құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді  қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.

     Сөйтіп құқық туралы  сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі  қолданылып жүрген нормативтік  актілердің барлығы еске алынады.  Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс  ретінде өмір сүреді деген  мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет  тарапынан кепілдік берілген  белгілі бір қимыл-әрекеттерді  істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі  ретінде қолданылады. Мысалы, өмір  сүру құқығы, денсаулығын сақтау  құқығы, білім алу құқығы т.т.

     Құқықтың алғашқы  элементі – құқық нормасы.  Құқық нормасы дегеніміз –  мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік  процесіндегі тәртіп  пен мінез-құлық,  ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық  дегеніміз – жеке алып қарағандағы  әрбір адам емес, тұтас адамдар  ұжымына да тән жағдай. Жеке  адаи ғана емес, бірнеше адамнан  құрылған ұжымдар да бір-бірімен  қатынасқа келеді. Демек, құқық  нормаларымен реттелетін қатынастарға  түсе отырып, адамдар, олардың  ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен  сол нормаларды бұзбайтын болуға  тиіс.

     Құқықтық нормалардың  жиынығы ретіндегі құқық, қоғам  тіршілігінде маңызды рөл атқара  отырып, өмірдің қай саласында  болса да адамдар арасындағы  қарым-қатынастарда тәртіп болуына  бағытталады. Адамдар бір-бірімен  экономикалық қатынаста, яғни  материалдық игіліктерді өндіру  жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік  құқық актілері аоқылы белгілі  бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу  мәселесінде де экономикалық  қатынастар пайда болады. Қызметкерлер  өздерінің еңбегі үшін сияпат  ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті  нормативтік актілермен реттеледі.  Адамдар бір-бірімен неше түрлі  шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып  алу, айырбас, жоралғы, қарыз  т.б. әрекеттер құқық нормаларының  шеңберінде ғана хатталуға тиіс.

 

 

     Құқық қоғамның саяси  өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау

, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен  әдістері т.т. құқықтық нормалар  арқылы анықталады.

     Қоғамдық тәртәп (демократиялық  немесе халыққа қарсы бағытталған)  тек қана құқықтық актілер  арқылы орнатылады, оны тәртіп  органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың  мемлекеттік басқару ісіне қатынасу  үшін пайдаланатын саяси құқықтары  мен бостандықтары тек қана  нақ осы құқықтық актілер арқылы  белгіленеді.

     Құқық қоғамның әлеуметтік  өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын  құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің  заңдық шарттарын белгілейді.

     Сөйтіп, құқық дегеніміз  адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар  туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда  дамуын заңдық жағынан қамтамасыз  етуге тиісті мемлекеттік қуатты  құрал болып табылады. Құқық тек  жұртты жазалау үшін, оларға күштеу  шараларын қолдану т.с. үшін  қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген  құқықтар мен бостандықтарды  пайдаланғанда, құқық нормаларының  талаптарын орындағанда, мемлекеттік  органдар құқық нормаларының  талаптарын бұзған адамдарға  шара қолданып, тиісінше жазалап  отырғанда, құқық нақты іс жүзіне  асқан болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер

 

  1. Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., ұабитов Т., Әдеп негіздері, А., 1997.

Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады

 

2) Ирригация — жерді қолдан суландыру. Ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бітік болуы үшін жауын-шашын аз жауатын аудандарда егістік жерлерді өзен, көл және жер асты суларымен суландыру.

Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией  академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

 

3) Деспотизм - [ көне грекше: δεσποτία - шексіз билік] -

  1. Мемлекеттік құрылым жүйесі, бағынушылардың құқы жоқ, билікті шектен тыс қолданатын, шексіз монархия. Деспотизм классикалық түрі Ежелгі Шығыс мемлекеттеріне тән (Ассирия, Вавилон, Қытай империясы).[1]
  2. Ауыспалы мағынасында еркіндік, бостандықты қайырымсыз жаншу, қарамағындағыларға күш көрсетіп, езіп-жаншу.

 Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

 

 
1.Казақстан Республикасының Констиутциясы.  Алматы, 1998ж.  
2. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы. 
3 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. 
4 Лазарев Н.Н. Общая теория государства и 
5 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. 
6 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және 
7 Храпанюк В.Н. Теория государства и права. 
8 Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының 
9. Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. 
10. Е.Баянов. Қазақстан Республкасының мемлекеті мен құқығының 
11. Қ.И.Оспанов. Құқық негіздері. – Алматы. Жеті

12.↑ Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2

13.↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

14. ↑ Қоғамдық білім негіздері:Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2

15Котов А.К.  Казахстанский парламентаризм: суть и особенности президентской республики // Науч. тр. "Әділет". 1998. № 2(4).

16Котов А.К. Особенности президентской  республики по Конституции 1995 года//Мысль. 1995. № 10.

17.Малиновский В.А. Глава государства суверенного Казахстана. Алматы, 1998.

18.Малиновский В.Л. Становление и развитие президентской формы правления в Республике Казахстан //Науч. тр. "Әділет". 1997. № 1.

19.Сапаргалиев Г.,  Мухамеджанов Б.,  Жанузакова Л.,  Сакиееа Р. Правовые проблемы унитаризма в Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 2000.

20.Чиркин В.Е.  Модели современного  федерализма: сравнительный анализ // Государство и право. 1994. № 8-9.

21.Чиркин   В.Е.   Нетипичные   формы   правления   в   современном государстве // Там же. 1994. № 1.

22.Барнашев А.М. Теория разделения  властей: становление, развитие, применение. Томск, 1988.

23.Графский В.Г. Государство и  технократия. М, 1982.

24.Зиманов С.З. Конституция и  Парламент Республики Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1996.

 

 


Информация о работе Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы