Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:13, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Содержание

Кіріспе

Жалпы бөлім
1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
1.2 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
1.3 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері
Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері
Зерттеу бөлімі
3.1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
3.2 Қазіргі кездегі құқықтық мемлекеттің саяси көрінісі
3.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Сілтемелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Салтанат.docx

— 62.93 Кб (Скачать)

 
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық  және палеоантропологиялық схемалардың  аса маңызды буындарымен төмендегіше  салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің  абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық  және палеоантропологиялық кезеңдермен  арақатынасы жөніндегі көзқарастар  түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы  қауымдық кезеңінен бастап, адамзат  қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның  әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі  қоғамдар қалыптасты. 
Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен “тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) — “саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды. 
Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі, ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды. 
Мәдени дамудың келесі кезеңдері “үштік ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір ғасырларынан тұрады. Олардың әрқайсысы кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір кезеңдерді басынан өткізіп, жекелеген мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың уақыты әр мәдениеттің даму уақытына сәйкес болды. Осы “ғасырлардың” ауысу реті әр жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ оның орнына жетілдірілген басқа жүйе әлі жасалған жоқ.

Алғашқы қоғамның даму процесінде әлеуметтік мононормалар[1] (бірігу - бірлесу) қалыптасып, сол арқылы қарым қатынастарды реттеп, басқарып отырған. Мононорманың негіздері мен түрлері : әдеп – ғұрып, мораль, салт – дәстүр, діни нормалар. Алғашқы қоғамның дамуы барлық региондарда, барлық континенттерде бірдей болды. Тек мемлекет пен құқықтың пайда болуы кезеңінен бастап айырмашылықтар, ерекшеліктер молая бастады. Мысалы: шығыс елдерінде (Араб, Үнді, Иран , Қытай) Мемлекет пен құқықтың пайда болуы бір – біріне ұқсас, Афин , Рим, Спартада мемлекет пен құқықтың дамуы басқа түрде болды. Еуропаның, Азияның басқа елдерінде – үшінші түрде дамыды. Бұл елдерде алғашқы қоғамнан феодалдық формацияға – қоғамға көшті.

 

 

1.3Әр халықта мемлекет  пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері  

 

Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің  негізгі объективті заңдылықтарының бірі әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп  басқаруы.

Әлеуметтік нормалардың (әдеп – ғұрып, мораль[1], салт – дәстүр, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте – бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сондықтан да құқық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуынан бері қарай құқық қарым қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған , бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

 Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі – мемлекеттік қоғамдық  меншікті реттеу моральдық –  діни нормаларға сүйенеді.  Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдерінде Құран заңы: екіншісі – жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқару.

 Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте  құқық – үстем таптың заңға  айналдырылған мүддесі болады. Бұл  мүддені заңға айналдырушы және  заңдардың орындалуын  ұдайы қадағалап  отырушы- үстем тап қолындағы  мемлекеттік аппарат. Құқық үстем  таптың мүддесін қорғау мен  бірге қоғамдық мақсатты да  реттеп, басқарып отырады. 

 Құқықтың таптық мәні, қоғамдағы  рөлі, мазмұны мен нысаны, сайып  келген қоғамның экономикалық  саяси, әлеуметтік сипатына және  мәдени өсу дәрежесіне байланысты.  Мысалы, К. Маркс «Гота програмасына  сын» еңбегінде : “Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуына жоғары бола алмақ емес ” деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени т.б.  мұқтаждықтарына неғұрлым сай келсе , соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ.

 Құқық – мемлекет шығарған  немесе бекіткен, мемлекеттік аппаратын  күші мен қамтамасыз етіліп  отыратын жалпыға бірдей қоғамдық  қатынастарды реттейтін нормалардың  жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 


  1. Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., ұабитов Т., Әдеп негіздері, А., 1997. 

 

 

 Мемлекеттің дамуы- мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы натижесінде алғашқы қауымдық құрылыс топқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс –әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық  ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш – қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

 

 

 

 Шығыс елдеріңде (Иран, Индия, Қытай Араб елдерінде ) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау , суармалы иригациялық[2] жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты.  Сол меншіктің иелері : чиновниктер, ру , тайпа басшылары, король, императорлар болды. Сөйтіп бұл елдерде көбінесе мемлекеттік диспотизм[3] орнады.  Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды.  Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында – абсалюттік монарх болды, одан төменгі – екінші дәрежедегі билік уәзір министірлердің қолында , одан төменгі – чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер – бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншік пен қатар жеке меншікте дамыды.

  Шығыс типті (Азия типті)  мемлекеттер кейінгі ғасырларда  шығыс Еуропа , Африка , Оңтүстік  Америка елдерінде де қалыптасты

  Сонымен, Азия типті мемлекеттердің  қалыптасу себептері :

  • Ірі ирригациялық жүйелерді жасау ;
  • Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру – біріктіру;
  • Барлық жұмысты бір орталықтан басқару ;

Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы  ру – тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың  бұқарадан алыстай түсіп , әділетсіздікті , қанаушылықты күшейтті. Азия типті  мемлекеттер өте бәсең дамып, Х1Х-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып қелді (Қытай, Иран т.б.).

 


  1. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания.
  2. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

 

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

 

 

 

 Еуропалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

 Афина мен Римде алғашқы  қоғамның ыдырауы кезіңде экономикалық  күшті топтар мен таптар мемлекетті  өз қолдарына алып , өз мүдде  – мақсаттарын орындайтын мемлекеттік  аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер  көбінесе демократиялық жүйедегі  саяси бірлестік болып қалыптасты. Спарта аристократиялық республика  болып қалыптасты. Мұнда құлдардын  саны жергілікті халықтан бірнеше  есе көп болып , жаңа мемлекеттік  басқару аппараты қалыптасты. Жергілікті  халықтың арасында қайшылыққа  жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық  тәртіп орналды.

  Германияда мемлекеттің қалыптасуы  басқаша болды.  Мұнда құл иелену  көп дамыды. Қалың бұқара байларға  тәуелді болды, феодалдық қатынастар  дами бастады. Рим империясының  біраз жерін Германия өзіне  қаратып, феодалдық мемлекеттің  дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер  Еуропаның бірнеше елдерінде,  Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта  Азия елдерінде қалыптасты.

Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы  биліктен айырмашылығы:

  1. Халықтың туысқандығына қарамай , территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.
  2. Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстедік таптың , топтың, мүдде – мақсатын орындау үшін қалыптасты.
  3. Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Негізгі бөлім

 
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің  пайда болуы

 

Қазақстан аумағында мемлекеттің  пайда болуы, даму себептері.

  • Қоғамдық басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамнның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды.
  • Қалың бұқараны, қанаушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы ңс – әрекетін әлсірету , жою үшін күшті, әлеуметтік жағдайда жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды.

Мемлекеттің негізгі белгілері.

  1. Басқару оргадары мен мекемелерінің ерекше жүйесі болу (әскер , полиция, сот т.б.). Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекеттің механизмі де күрделене түсті.
  2. Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым – қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

 

Мемлекеттің билік жүргізетін негізгі  территориясының болыу, халықты  рухына қарай емес жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол  көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы процесіне  әсер етеді. Дамыған қоғамда мемлекеттік  органдар мен қатар әр түрлі партиялар , одақтар , бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа  саяси институттардан мемлекеттің  ерекшелігі қоғамдағы жоғары үкімет билігіне (Суверендік құқыққа) иеленеді. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықтық және барлық қоғамдық бірлестіктереден , ұйымдардан айырмашылық белгілері:

  • Мемлекет қоғамдық көлемде бірден – бір билік жүргізетін ұйым.; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғам ға күші бар нормативтік акті қабылдай алады.
  • Мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында іске асуын, орындалуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылап отырады.
  • Мемлекеттің ішкі – сыртқы істердегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.

 

 

 

 

 

 

2.2Қазіргі заманғы құқық  ұғымы мен белгілері

 

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті омірде және кызмет бабында қолданылады. Кең  мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір  адамның құкыктың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. 
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құкық»— ресми түрде танылған жеке және занды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу,меншікиесіболу,кәсіпкерлікпен шұғындану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады. 
Субъектиивтік (тұлгалар) құқық — тұлғалардың мүддесін канағаттандыру мақсатымен құкықтық нормалардың құкық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтык қатынастарға катысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғанын құқығы құкыктық қатынасқа катысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтык міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол кұқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті. 
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондыктан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Меншік міндет жүктеңді, оны пайдалану сонымен катар қоғам игілігіне де кызмет етуге тиіс» . 
Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет — құқықтық мүмкіндік берілген құкық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құкық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құкықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу аркылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі. 
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқык нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы.Бұл объективтік мағынадағы құқык, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқык жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс больш саналады. Құқық ту-ралы Конституция былай дейді: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзгеде нормативтік-құкықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінін, сондай қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек.

Информация о работе Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы