Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 21:13, курсовая работа

Описание работы

Мемлекет туралы жазуды бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандайда бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Содержание

Кіріспе

Жалпы бөлім
1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы
1.2 Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің
пайда болуының алғы шарттары
1.3 Әр халықта мемлекет пен құқықтың пайда болу ерекшеліктері
Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан аумағында мемлекеттің пайда болуы
2.2 Қазіргі заманғы құқық ұғымы мен белгілері
Зерттеу бөлімі
3.1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
3.2 Қазіргі кездегі құқықтық мемлекеттің саяси көрінісі
3.3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Сілтемелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Салтанат.docx

— 62.93 Кб (Скачать)

Адамнын әлеуметтік-құқықтық талаптарының мағынасы — оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі. 
Нормативтік сипаты — құкықтың негізгі белгілерінің бірі. Қүкық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида — тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, коғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары — тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтың, қай партияға және кай дінге жататынын әзі анықтауға және оны керсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрактандырады, бассыздықтан қорғайды. 
Формальды анықтылық — құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқыктың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқыкты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары зандарды жасайды. Заң — ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Зерттеу бөлімі

 

    1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру  – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің  аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы  байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық  қоғам өміріне өту қажеттілігі  айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан  тұрғындарының алдында ең алдымен  Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті  тұрады.  
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.  
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.  
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.  
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.  
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 Қазіргі кездегі құқықтық  мемлекеттің саяси көрінісі

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2008 жылғы  Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі қазіргі қоғамдық - саяси жағдайларды  сипаттай отырып былай деген: «Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз  одан әрі де саяси жүйеде мемлекеттік  құрылыстың Қазақстандық моделін жетілдіру  жолымен жүре беретін боламыз. Бұл  – біз мақтануға құқылы және бәріміз  ұқыптылықпен сақтауға міндетті Қазақстандық "ноу-хау"».

Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу  елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған  мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір  баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы  онын әлеуметтік-экономикалық және саяси  деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы  болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер  мен саясаттанушылар, ең алдымен  құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты  назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық  концепцияларды ескермей болмайды.

Мемлекет дүниеге келгенге дейін  азаматтық қоғам болған. Алғашқы  қауымдық құрылыста адамдар өмірі  азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты  реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына  әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде  бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің  қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық  қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп  олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде  азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам  институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.

Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық  қоғам қалыптастыруға, оның институттарын  дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды  құруды елді демократияландырудың басты  шарты деген көзқарас адамдар  арасында бүгінде берік қалыптасқан.

Сонымен, халықтың басым бөлігі –  саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген  не?

Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек  ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан  қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін  қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам  көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына  толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз  не?

Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы  кезде «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды  идеясына айналуда, себебі ол жалпы  азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық   проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың  маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір  төбе. Ал азаматтық қоғам алуан  түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен  біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне  қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру  болып табылады.

Құқықтық мемлекет саяси билікті  ұйымдастырудың формасы ретінде  қоғамдық өмірдің барлық салаларында  құқықтың үстемдігі принципімен  аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің  құқықпен байланыстылығына, заңдардың  үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен  бостандықтарының, ар-абыройларының  сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.

Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар  мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам  демократиялық құрылысқа аса  қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі  реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар  саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің  қол сұғуы тежеледі. Сондықтан  да демократиялық сипаттағы саяси  жүйесі бар құқықтық мемлекеттің  дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі  нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы  мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары  дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ  онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар  қоғамы.

Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал  мен идеалдық жобаның және осындай  жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын  мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен  анықталады.

Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі  оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің  құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың  ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін  жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық  тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси  қызметтің материалдық және идеялық  плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның  жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа  жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.

Соңғы кездері «құқықтық мемлекет»  идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар  санатына жатады.

Құқықтың мемлекет терминінің өзі  ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық  көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы  құқықтық мемлекет   жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі – мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.

Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен  тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының  мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті  мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

 

 

3.3 Мемлекеттің пайда  болуы туралы  теориялар

 

 

 Адам қоғамы мындаған жылдар  өмір сүріп келеді. Жеке адамдар  тиісті мемлекеттің азаматы болып,  сол мемлекеттің билігіне, құқықттық  тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, төртібін қоғамдық мүдде-мақсатты  орындауға жұмсайды. Көне заманнан  адамдар мемлекет пен құқық  қашан пайда болды, қалай дамып  келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді.  Енді мемлекеттің пайда болуы  туралы теориялардың мазмұнына  қысқаша тоқталып өтейік. 
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс — бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б. 
Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы — монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.). 
Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з. I V - III ғ.). Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б. 
XIX ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория — адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі — адамның басымы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді. 
Табиғи құқықтық теория - XVII — ХVII ғғ. қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцкий, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж.Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И.Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, тендік, еңбек жасау т.б.)- Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың ара қатынасында кайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, еділеттілікті, тендікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді. 
Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы.

 Коғам мен мемлекет адамдардың  табиғи психологиялық даму заңдылық  процесінің нәтижесінде пайда  болды деп түсіндіреді. 
Күштеу теориясы — XIX ғ. қалыптаскдн пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді. 
Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетістіктері бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда болуын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін — тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекет және құқық тарихи туынды-қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді. Ол дұрыс. 
Кемшілігі — мемлекет пен құқықгы тек экономикалық базис пен шектеуі, жалпы теорияның атқаратын жұмысын бір жақты түсінуі (қоғамдық маңызын шектеуі) және олардың келешегін болжаудағы жіберген қателіктер 

Информация о работе Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы