Мем аппарат

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:53, курсовая работа

Описание работы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздерін қалдырды.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3-4
1 Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары...............................5-9
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
2.1 Өкілетті органдар.............................................................................................10-13
2.2 Атқарушы органдар.........................................................................................14-18
2.3 Сот билігі..........................................................................................................19-21
3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары........................... 22-23
Қорытынды.................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................25

Работа содержит 1 файл

мем аппарат.docx

— 47.72 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Атқарушы органдар

 

Атқару  билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент  қамтитын атқарушы билік тармағына  жатады. Парламенттің қатысуымен Президент  басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет  мүшелері бүкіл халық сайлаған  Президент алдында дербес жауап  береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан  Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын,                 атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда  және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген [1]. 

«Қазақстан  Республикасының Үкіметі туралы»  Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының  атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады  және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкіметті  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады.

«Қазақстан  Республикасының Үкіметі туралы»  Конституциялық Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі  төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі  біткенше іс-қимыл  жасайды және жаңадан сайланған  Республика   Президенті алдында  өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін  атқара береді [1].

Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей  құзыреті берілген. Оларға қысқаша  сипаттама беріп өтелік:

  1. мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
  2. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
  3. Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
  5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
  6. Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
  7. Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
  8. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  9. Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды [6].

Үкімет  құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының  басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік  комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша  бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда  және Республика Президентінің алдында  жауапты. Премьер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының  басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзініңөкімімен Төралқа  құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін  кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралы  үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып  табылады.

Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару  салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық  мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган  болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік  комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы  өзге де мемлекеттік басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде  арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау  функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару  саласында дербес басшылықты жүзеге асырады  [1].

Үкiмет  Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың  жүйесiн басқарады және олардың  қызметiне басшылық жасайды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi. Үкiмет  Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың  жүйесiн басқарады және олардың  қызметiне басшылық жасайды.

Үкiмет  Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен  өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде  және оларды орындау үшiн iс-қимыл  жасайды.

Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

Үкiметтiң  құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды  Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

Үкiметтiң  құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Үкiметтiң  құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың  Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің  билiктiң ерекше тармағы ретiнде  министрлiктерден, агенттiктерден, комиттерден  тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден  тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың  қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi ҚР Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда  қабылданған “Қазақстан Республикасының  Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның  конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет  Қазақстан Республикасы Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның  заңдары мен өзге де нормативтiк  актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының  Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы  болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң  келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның  Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң  құрылымы мен құрамы туралы Қазақстан  Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң  ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын  анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен  босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң құрылымын  министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың  Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар  кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет  мүшелерi қызметке кiрiсер алдында  Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституц. заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге  ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке  Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр  қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар  енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

Үкiмет  құрылымына кiретiн орталық атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай  салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң  арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске  асыратын мамандандырылған мемлекеттік  органдарға бөлуге болады. Қазiргi кезде мына салалар бойынша мемлекеттік орталық атқарушы органдары жұмыс iстейдi:

Экономика салалары бойынша: Экономика және бюджеттiк жоспарлау мининистрлігі, Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Энергетика және минералдық қорлар министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегi агенттiк; Мемлекеттік сатып алу жөнiндегi агенттiк, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiк, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiк;

Әлеуметтiк-мәдениет салалары бойынша:  Мәдениет министрлігі, Ақпарат министрлігі, Бiлiм және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Туризм және спорт жөнiндегi агенттiк, Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiк;

Әкiмшiлiк-саяси қызмет бойынша: Сыртқы iстер министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Әдiлет мининистрлігі, Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiк, Қаржы полициясы агенттiгi.

Министрліктер мемлекеттік басқарманың тиісті саласына басшылықты жүзеге асырушы  Қазақстан Республикасының орталық  атқарушы органдары болып саналады. Министрліктердің құқықтық мәртебесі  заңға тәуелді актілердегі қызмет салаларын реттеуші түрлі заңдарда бекітілген. Министрліктер ҚР Президентінің  бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және тартылады. Министрлер ҚР Президентінің  бұйрығымен қызметке тағайындалады  және қызметтен босатылады. Министрлердің  орынбасарлары Приемьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкіметпен тағайындалады. Сонымен қатар министрліктерде  министрдің бұйрығымен орындау үшін, шешімдерді қабылдай алатын консультациялық, үйлестіруші және кеңесші алқа бөлімшелері  құрылады. Министрліктің құрылымында  министрлік қызметіне тапсырылған  салаларды тікелей басқаруды  жүзеге асыратын департаменттер, басқармалар, комитеттер құрылады. Министрліктер, екі  жақты бағынатын өңірлік бөлімшелерге ие: тігінен тиісті министрлікке бағынатын  және көлденеңнен жергілік әкімшілікке  бағынатын (мысалы, білім бөлімдері, қаржы бөлімдері және т.б). Министрліктер  оларға тапсырылған басқару салалардың жағдайына және одан әрі дамуы  үшін, ғылыми – техникалық ілгерілеуі үшін, осы саланың барлық өнімдеріне деген мемлекет мұқтаждығының толық  қанағаттануына жауап береді. Министрліктер  тапсырылған салаларға басшылық етеді, оларға берілген құқық шегіндегі  барлық мәселелерді шешуге өкілетті, өз қызметтерінде салааралық мәселелерді  шешу және жобаларды әзірлеу үшін басқа да министрлік және ведомстволармен  байланысты және өз ара қарым-қатынастарды жүзеге асыруға шақырады. Министрліктер  өз құзыретінің шегінде жоғары тұрған мемлекеттік үкімет органдарының және басқармаларының заңдарын және басқа  да шешімдерін, Президент қаулыларын орындау мақсатында және соның негізінде  актілерді шығарады. Министрліктердің актілері бұйрық, нұсқаулық, қаулы түрінде шығарылады.  

Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына  тоқталып өтетін болсақ.

«Қазақстан  Республикасының Үкіметі туралы»  Конституциялық Заңның 4-тарауы  Республика  Үкіметінің  қызметін ұйымдастыруға  арналған.

Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде  бір рет өткізіліп               отырады. Үкіметтің отырыстарын  Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.

Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық  етеді,                   ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне  сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын  Премьер-Министрдің орынбасарлары  төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды  мәселелерді қарағанда оның отырыстарында  Республика Президенті төрағалық етеді.

Үкімет  мүшелерінің кемінде үштен екісі  Үкімет отырысына            қатысса,отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына  алмастыру  құқығынсыз  қатысады.

Үкімет  отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі  мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу  мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен  белгіленеді.

Республика  Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын           ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің  арасындағы қызметтік  міндеттерді  бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік  органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің  атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған  өзге де өкілеттіктерді атқарады /7, 2б./.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Сот билігі

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында  сот төрелігін тек қана сот  жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды  мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген  өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот  жүйесін Республиканың Жоғарғ Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген  соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында   Қазақстан   Республикасының    Әскери   соттары   болады  [1].

Қазақстандағы сот билігі заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарын тежеу мен  шектеу.олардың қызметін құқықтық бақылау  функциясын атқарады. Сот билігінің  маңызды, тіпті басты функциясы  әділ сотты жүзеге асыру болып  табылады.

Информация о работе Мем аппарат