Мем аппарат

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 19:53, курсовая работа

Описание работы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздерін қалдырды.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................3-4
1 Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы
1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары...............................5-9
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
2.1 Өкілетті органдар.............................................................................................10-13
2.2 Атқарушы органдар.........................................................................................14-18
2.3 Сот билігі..........................................................................................................19-21
3 Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары........................... 22-23
Қорытынды.................................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................25

Работа содержит 1 файл

мем аппарат.docx

— 47.72 Кб (Скачать)

М А З  М Ұ Н Ы

 

Кіріспе........................................................................................................................3-4

1 Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы

1.1 Мемлекеттік аппараттың түсінігі  және оның нысандары...............................5-9

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік  органдардың түрлері және қызметі

2.1 Өкілетті органдар.............................................................................................10-13

2.2 Атқарушы органдар.........................................................................................14-18

2.3 Сот билігі..........................................................................................................19-21

3 Мемлекеттік аппарат қызметінің  және ұйымдастырылуының қағидалары................................…………………................................................. 22-23

Қорытынды.................................................................................................................24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді  ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын  түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. Оларда қазіргі қазақтардың түпкі ата-бабалары өмір сүрді және осы территорияны болашақ ұрпақтары үшін жан-тәнімен қорғап, үлкен өркениетті іздерін қалдырды.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының  қалыпты қозғалысы мен үнемі  жаңарып отыруы шеңберінде болып  жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар  тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу  міндетін алдыға тартады. Мемлекекттің пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фрма Аквинский (1225-1274) болып табылады.

Сонымен,  мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды  объективті қажет ет етін ұйым ретінде  жұмыс жүргізеді.

Мемлекет  – мемлекет билік органдары жүйесінің  болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік  міндеттерді орындауға тағайындалған  және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік  органның айрықша маңызды белгісі  биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік  органның құзыреті деп оны жүргізу  құралының, құқықтары мен міндеттерінің  жиынтығы ұғынылады.

Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік  аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік  билігі. Бұл мемлекеттік билікті  былай түсінуге болады: олар мемлекеттің  атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға  құкығы бар.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  аппаратына, оның қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу.

 

Бірыңғай  мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына  жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы  өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда  атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан  Республикасындағы сот билігін  тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.

Президент Қазақстан Республикасы органдары  жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық  ретте ол дербес, биліктің үш тармағына  бірдей енбейді. Президент ең алдымен  мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде  ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда  қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің  тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы  және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп  айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган  жүйесі болып мемлекеттік аппарат  табылады. Конституцияда мемлекеттік  аппарат тармақтарының әрқайсысына  кең өкілеттік берілген.

Қарастырып  отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  аппараты» деп аталады.

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік  аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық  мазмұнын ашып беру.

Мемлекеттік аппарат мемлекеттік  органдардың  жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен  міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі  құрамды элементі – бұл аппарат  болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен  ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:

  • мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
  • мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру;
  • мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.

Жалпы мемлекеттік  аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін –өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір  буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты  жеке – жеке қарастырып өтелік.

 

 

 Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы

 

 

Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару  үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының  біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың             байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық  және әкімшілік кепілдіктерімен  қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат  азаматтардың заңды мүдделер мен  құқықтарын қорғау үшін құрылады [1].

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік  органдар мен олардың аппаратында  конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған  кәсіби қызмет» делінген [2].

Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір  жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің  негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір  органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі қағидалары көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік  органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс  мемлекеттерде бүкіл аппаратты  бір орталыққа бағындыратын –  патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат  дамуының объективтік бағыттары  байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің  әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік  қызмет – конституциялық негізде  баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік  органдар мен оның аппаратындағы  мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді  атқаруды жүзеге  асыратын  кәсіптік  қызметі [1].

Әдетте  заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері  синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат – бұл  мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі [3].

Мемлекет  аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының  тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған  басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды. Мемлекеттік аппарат - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым- қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады. Мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен қызметі, құрылысы мен құзыреті құқықтық нормалармен бекітіледі және оларға жалпыға міндетті көпшілікке немесе жекелеген тұлғаларға бағытталған заңи актілер шығару құқығы беріледі. Осы актілер тәрбиелік, марапаттаушылық, сендіру, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда күштеу шараларымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджеттен қаражат алу мүмкіндігі болады әрі өз қаулы-қарарларын орындатуға қажетті материалдық құралдармен жабдықталады.

Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен  қалыптасу бағыттары, функциялары  мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары  мен әдістерімен ерекшеленетін  әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Олардың  комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында  тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік  береді.

Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін  іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден  тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік  ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша - қаржы қоры.

Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен  қалыптасу бағыттары, функциялары  мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары  мен әдістерімен ерекшеленетін  әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Олардың  комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында  тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік  береді.

Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін  іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден  тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік  ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша - қаржы қоры.

Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге асырушы күш, бұл мемлекеттік  аппараттық нақтылы құрылымның жұмыс  істеуінен көрінеді. Мемлекет механизмі  – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға  бағытталған мемлекеттік органдардың  жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің  барлық салаларының тиісті ұйымдасуы  мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің  нысандарын көп жағдайда басқарудағы  заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға  болады: 

М.И.Байтин мемлекеттік механизм қағидаларының  жүйесін құрылуына қаншалықты өзгеше тәсіл айтады. Ол бүкіл мемлекеттік  механизм және оны құратын бүкіл  мемлекеттік органдардың жалпы  қағидаларын және мемлекет механизмінің тек кейбір бөлімшелеріне, жеке органдар мен органдар тобына қатысты жеке қағидаларды ажыратуды ұсынады.

Жалпы қағидалар  өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісіне  конституцияда бекітілген қағидалар  жатса, екіншісіне заңдарда, соның ішінде, мемлекеттік қызмет туралы, конституциялық бақылау органы туралы, прокуратура  туралы және т.б. көрсетілетін қағидалар жатады.

Мемлекет  механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болмауы. Бір организмнің (мемлекеттің) бір бөлігі болып отырып, олар бір-біріне қарсы келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі  саладағы тіршілік - тынысын қамтып, қоғамда бір тұтас басқаруды  қамтамассыз етулері керек. Олардың  тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер  жасау орынсыз болмақ.

Мемлекеттік механизм құрылымы белгілі бір обьективтік  мінез-құлыққа сай сүйеніп жүзеге асады. Қазіргі таңға дейін ұйымның  және мемлекет аппаратының ісіне  заң ғылымы мемлекет басқару, демократиялық  орталықтандыру, партиялық жетекшілік ісінде барлық мемлекет аппараты салалары кең құрылымды қатысу қағидаларымен  саналды. Экономика, саясат және басқа  да мемлекеттік қоғамдық өмірдегі өзгерістер барлық мемлекеттік органдар жүйесіне олардың мазмұнына және құрылымына өзгерістер енгізді.

Информация о работе Мем аппарат