Конституцияның жалпы сипаттамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:41, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Конституциясы - басқа ұлттық құқықтың қайнар көздеріне қарағанда ең жоғары заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі Заңы. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орыны барған сайын жоғарылауда.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Конституцияның даму кезеңдері
1.1. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы
1.2. Конституцияның заңнамалық даму кезеңдері
2. Қазақстан Республикасының Ата заңы және оған енгізілген өзгерістер
2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.2. 1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда Ата заңымызға енгізілген өзгерістер
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

коституцияның жалпы сипаттамасы.doc

— 110.50 Кб (Скачать)

4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;

5) Республика Президентіне  тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;";

7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;";

20-тармақша мынадай  редакцияда жазылсын:

20) Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кезекші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;".

50-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

2.Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. 3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады."

       2011 жылы 2 ақпанда Қ.Р Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар:

41-баб: 3-тармағы Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келе, Қазақстан  Республикасының Конституциясы  – басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында құқықтық мемлекеттің  қалыптастырылуы бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның  ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдарды, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтінінен көріп отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс.

Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл  қоғамымымздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде  қарауымыз дұрыс. Өзінің мәні жағынан  конституция ол қабылдаған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейнебір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құқықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.

  Қорыта айтқанда, мемлекеттік дербестік, территориялық тұтастық, рухани бірлік, соның негізінде құқықтық мемлекет құру халқымыздың ежелгі арманы болды. Енді, міне, тәуелсіз мемлекетіміздің құрылып, нығаюы, оның мемлекеттік тұтастығының Ата заңымызда алтын әріппен жазылуын халқымыздың көксеген арманының орындалуы деп есептейміз. Сондықтан ата заңның әр қағидасына терең мән беріп қастерлеуге, оның талаптарын бұлжытпай орындауға ат салысу әрбір адамзат баласының абзал борышы демекпіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

  1. Зиманов С.З. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Парламенті.- Алматы: «Жеті Жарғы»,
  2. Әбділдин С. Қазақстан Парламенті: одақтан мемлекеттікке.- Алматы, 1993.
  3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық Құқығы.- Алматы: «Жеті Жарғы», 2004.
  4. ҚР Конституциясы:1995 жылғы 30 тамыз,1998 ж 7 қазанда,2011 ж 2 ақпанда енгізілген өзгерістермен,-2006ж 56б.
  5. Амандықова С.Қ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.- Астана: ИКФ «Фолиант», 2001.
  6. Зиманов С.З. Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер. Алматы,-2005.
  7. Баглай М.В., Туманов В.А. малая энциклопедия конституционного права.- М.: изд-во Бек, 1998.-519с.
  8. Енгибарян Р.В., Тадевосян Э.В. Конституционное право: учебник.-М.: Юристъ, 2000.

1 Сапарғалиев Ғ. ҚР Конституциялық құқығы.Алматы,2004-29б.

2  Зиманов С. Қазақтың ата заңдары:құжаттар, деректер және зерттеулер.Алматы,-2005.

3 Қ.Р Конституциясы 1995ж 30 тамыз. Алматы,-2004 4-36б

4 Қ.Р Конституциясы 1998 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістермен бірге,-2006ж.1-56б.

 


Информация о работе Конституцияның жалпы сипаттамасы