Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:41, реферат
Қазақстан Республикасының Конституциясы - басқа ұлттық құқықтың қайнар көздеріне қарағанда ең жоғары заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі Заңы. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орыны барған сайын жоғарылауда.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Конституцияның даму кезеңдері
1.1. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы
1.2. Конституцияның заңнамалық даму кезеңдері
2. Қазақстан Республикасының Ата заңы және оған енгізілген өзгерістер
2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.2. 1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда Ата заңымызға енгізілген өзгерістер
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Оның басты желісі – дүниежүзілік
қоғамдастықта жалпы
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді құқықтары мен бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның маңызы зор болды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы жаңа мемлекетте пайда болған проблемаларды білдіре алмады. Конституция экономикалық реформаны жүргізу жөніндегі т.б. жұмыстарда кідіріс туғызды. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені алға тартты. Бұл еліміздің Ата заңы ұзаққа бармады. Оны жаңартуға тура келді. Қазақстан Конституциясының жеті жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыстағы баяндамасында (2002ж, 29 тамыз) Елбасы Н.Назарбаев: «...сайып келгенде, 1993 жылғы жағдайда қабылданған Конституция қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізуге қарсы тобы мен Қазақ КСР-ін демократиялық өркениетті қоғамға айналдыру қажеттігін және одан басқа жолдың жоқтығын түсінетін тобы арасында ымыраға баруды көздегені де жасырын емес,-деді. Бұдан кейін президенттің басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, жоба тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды.
Сөйтіп, бүкілхалықтық
дауыс берудің (референдум) нәтижесінде
1995 жылғы 30 тамызда Қазақстан
2.Қазақстан Республикасының Ата заңы және оған енгізілген өзгерістер.
2.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Қазақстан халқы 1995 жылдың 30 тамызында өткен референдумда Республиканың жаңа Конституциясы қабылданды дедік. Бұл республиканың мемлекеттік құрылымында аса маңызды оқиға болды. Конституция қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңін көрсетеді, халықаралық субъект ретіндегі Қазақстан Республикасының мәртебесін белгілейді, мемлекет органдарының құқық шығарушылық және құқық қабылдаушылық қызметі үшін бағдар болып табылады.
Конституцияның преамбуласында
былайша жазылған: «Қазақстан халқы...
өзіміздің егемендік
Конституция халық пен мемлекет арасындағы шарт бола отырып, қоғамда пайда болатын негізгі қатынастарды реттейді. Ол барлық салаларды: саяси, экономикалықпен бірге, әлеуметтік және рухани салаларды да қамтиды.
Жалпы алғанда конституциялық реттеу барлығын қамтушы сипатымен ерекшеленеді. Конституцияның өзіндік заңды ерекшелігі бар: жоғары заң күші, конституциялық нормалардың тікелей қолданылуы және оған түзетулер енгізу мен қабылдаудың ерекше тәртібі болады.
Конституциялық реформа
Қазақстан Республикасының
Конституцияның жоғары заң күші бір де бір заң немесе нормативтік акт Конституция нормаларына қайшы келмеуге тиістігінен көрсетеді. Конституциялық нормаларға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілер заңдылықтарда белгіленген тәртіппен алынып тасталады. Жоғары заң күші, оған басшылық жасаушы орынды бекіте отырып, Конституцияның құқықтық нормалар жүйесіндегі орнын анықтайды.
Конституция нормаларының тікелей қолданылуы барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз қызметтерінде Конституцияны басшылыққа алуға міндетті дегенді білдіреді. Азаматтар мен оның бірлестіктері өз құқықтарын қорғаған кезде конституциялық нормаларға сілтеме жасауға хақылы. Конституция қолданыстағы нормативтік акт болып табылады, оның нормалары республиканың барлық аумағында тікелей қолданылады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңдегі қоғамның жағдайы мен мемлекеттіліктің дамуын көрсетеді, ол преамбуладан және 9 бөлімнен тұратын жаңа Конституцияның құрылымында көрініс тапты.
Преамбулада Конституцияның
құрылтайшылық сипатын
3«Жалпы ережелер» деп аталатын I бөлім Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптеріне арналған. Жалпы алғанда ол принциптер мемлекеттік құрылымның негізін құрайды. Ең алдымен Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді (1-б.). Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жарияланады. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы- халық деп аталып көрсетіледі. Осы бөлімде мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу конституциялық түрде бекітілген.
4-бапта Қазақстан
Конституция - қоғамның саяси өмірінің негіздерін белгілейді. 5-бапқа сәйкес Республикада идеологиялық және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық бірлестіктердің заң алдында бірдейлігі бекітілген. Мемлекеттің экономикалық негіздерін анықтай отырып, Конституция мемлекеттік меншік пен жеке меншікті бірдей қорғауға алады (6-б.).
7-бапта қазақ тіліне
мемлекеттік тіл мәртебесі
II бөлім «Адам және азамат» деп аталады. Баптарда адамның құқықтық мәртебесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығының негіздері жан-жақты айшықталған. Сонымен қоса, осы бөлімде Респуликада адам және азаматтың құқықтары жөнінде жалпыға бірдей халықаралық құқықтың принциптері мен нормалары да құрметтелетіні айтылады. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті және ешкім айыра алмайды деп мәлімдеді (12-б.).
III бөлім Қазақстан
Республикасының Президентіне
Президенттің жаңа мәртебесіне орай онда биліктің үш тармағының өзара ынтымақтаса қызмет ету механизмін үйлестіруші және жүргізуші ролі жоғарлатылды. Президент мемлекеттің басшысы, халық пен мемлекеттің бірлігінің нышаны, әрі кепілі болып табылады және мемлекеттік билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Конституция Президент лауазымына кандидатқа қойылатын талаптарды анықтайды.
Конституцияның 44-бабы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіліктерін бекітеді. Тұңғыш рет Президентті қызметінен кетіру рәсімі конституциялық түрде бекітіледі.
IV бөлім заң шығару
қызметін жүзеге асыратын ең
жоғары өкілді орган ретінде
Парламенттің құқықтық
Конституция Парламенттің құрылымын, құзыретін және оның депутаттарының мәртебесін реттейді.
V бөлім Қазақстан Республикасы
Үкіметі қызметінің негіздерін
белгілейді. Үкіметтің және Премьер-
Келесі VI бөлім 1995 жылғы Конституцияның басты жаңалығы болып табылады және Конституциялық соттың орнына келген Конституциялық кеңестің құқықтық жағдайын анықтайды. Конституциялық сот бұдан бұрында қолданыста болған Конституция бойынша Конституцияны қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы болып табылады. Конституциялық Кеңес Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді (72-б. 4-т.).
VII бөлім сот жүйесіне
және Қазақстан
Конституция қылмыстық істер бойынша анықтама жүргізу мен алдын ала тергеуді арнаулы органдар жүзеге асырады және бұлар сот пен прокуратурадан бөлінген деп атап көрсетеді (84-б. 1-т.).
VIII бөлім жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-
Соңғы IХ бөлім жекелеген конституциялық тұжырымдамалардың орындалуын қамтамасыз ететін қорытынды және өтпелі ережелерді құрайды.
2.2 1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда , 2011 жылғы 2 ақпанда Ата заңымызға енгізілген өзгерістер.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген Ата заңына екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ең бірінші өзгерістер мен толықтырулар енгізу 1998 жылы 7 қазанда болды.
1995 жылғы 30 тамызда
республикалық референдумда
41. 33-баптың 4-тармағында "Мемлекеттiк қызметшiнiң жасы алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиiс" сөздерi алынып тасталсын. 41-бапта: 1-тармаќта "бес" сөзi "жетi" сөзiмен алмастырылсын; 2-тармаќта "отыз бес" сөздерi "қырық" сөзiмен алмастырылып және "алпыс бес жастан аспаған" сөздерi алынып тасталсын; 4-тармақ алынып тасталсын; 5-тармақта "Егер сайлаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысқан болса, сайлау өткiзiлдi деп есептеледi." деген сөздерi алынып тасталсын. 42-бапта: 2-тармақта "Президент кезектен тыс сайлауда сайланған ретте ант беру сайлау нәтижелерi жарияланған күннен бастап бiр ай iшiнде өткiзiледi" сөздерi, "Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi." сөздерiмен алмастырылсын; 4-тармақ алынып тасталсын. 44-баптың 7-ші тармақшасы "Төрағасын" сөзiнен кейiн "және екi мүшесiн" сөздерiмен толықтырылсын. 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"48-бап 1.Қазақстан
Республикасының Президентi
2. Осы баптың 1-тармағында
көзделген негiздерде және
49-баптың 2-тармағында "Парламенттiң
өкiлеттiк мерзiмi – төрт жыл"
сөздерi алынып тасталсын. 50-бапта: 2-тармақта
"Парламент өкiлеттiгi
"5. Сенат депутаттарының
өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс
депутаттарының өкiлеттiк
2007 жылы 21 мамырда Конституцияға елеулі өзгерістер мен толқытырулар енгізілді, олардың маңыздылары:
2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.".
15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.".
41-бапта: 1-тармақтағы "жеті" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "кемінде он бес" деген сөздер "соңғы он бес" деген сөздермен ауыстырылсын.
42-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.". 44-бапта: 1) 2), 3), 4), 5), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заѕға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;