Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:41, реферат
Қазақстан Республикасының Конституциясы - басқа ұлттық құқықтың қайнар көздеріне қарағанда ең жоғары заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі Заңы. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орыны барған сайын жоғарылауда.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Конституцияның даму кезеңдері
1.1. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы
1.2. Конституцияның заңнамалық даму кезеңдері
2. Қазақстан Республикасының Ата заңы және оған енгізілген өзгерістер
2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.2. 1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда Ата заңымызға енгізілген өзгерістер
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы:Конституцияның жалпы сипаттамасы
Тексерген:Дүйсембаева С.
Орындаған:Малкешова Ж.
Өскемен қ, 2013ж
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Конституцияның даму кезеңдері
1.1. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы
1.2. Конституцияның заңнамалық даму кезеңдері
2. Қазақстан Республикасының Ата заңы және оған енгізілген өзгерістер
2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.2. 1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда Ата заңымызға енгізілген өзгерістер
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1Қазақстан Республикасының Конституциясы - басқа ұлттық құқықтың қайнар көздеріне қарағанда ең жоғары заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі Заңы. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орыны барған сайын жоғарылауда.
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Конституция ұғымы ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде «Конституция» деген сөз «саяси құрылыс» ұғымын білдіретін. ХVІІ ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқыпен бейнеленетін құрылым мағынасына ие болды. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында «Конституция» атау сөзі «мемлекеттің жай-күйі» ұғымын танытты. Конституция атаусөзі (латынның constitution – бекіту, орнату деген сөз). Рим империясы заңдарында императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулар мен жарлықтарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала басталды.
Ең алғашқы конституциялық
типтік актілер Англияда қабылданған
болатын. Ең алғашқы жазбалы конституцияны
Бұл реферат жұмысында Ата заң (Конституция) оның мейлінше көп тараған мағынасы – ең жоғарғы, құдіретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның құдіретті күштілігі мынадан айқын көрінеді: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдамаларынан айрықша басымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың нормаларына сәйкес болуы керек.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң, (құқықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын – адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы бес кезеңнен тұрады:
1.Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы 18 ақпандағы Конституциясы.
2.Қазақ Кеңестік Социалистік Р
3.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1978 жылы 20 сәуірдегі Конституциясы.
4.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 28 қаңтардағы Конституциясы.
5.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы.
Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы – бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды.
1.Конституцияның даму кезеңдері.
1.1 Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы.
Қазақ елінің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғалы көп уақыт өтті. Сол салыстырмалы өткен аз уақыттың ішінде ел өмірінде бірқатар күрделі саяси-құқықтық, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мен оқиғалар болып өтті. Қандай да дербес мемлекет болмасын оның өмір сүру принциптерін, тұрмыс негіздерін, қоғамдық құрылысын, жеке адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін негізгі заңының болуы тарихи тәжірибеде ежелден бар. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі өркениет ауқымындағы тәуелсіз қазақ мемлекетінің негізін қалап отырған Ата заңы екендігін ерекше айтуымыз керек. Себебі, әлі күнге дейін тарихымызда қазақ мемлекетінің құрылымы, оның әдет-ғұрыптары мен заңдары туралы жазба түрінде сақталған деректер әлі де толық зерттеліп, табыла қойған жоқ. Алайда, әр дәуірде қазақ жерінде өмір сүрген тайпалық одақтары мен алғашқы қазақ хандықтары мемлекеттерінің бұған айрықша көңіл бөлгені белгілі.
Соның бір мысалы, Тәуке ханның қазақтың атақты билері- Төле, Қазыбек, Әйтекелермен бірлесіп, кеңесе отырып қабылдаған «Жеті жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат емес, оның мәні, бекітілген қағидалары өзінің мазмұны жағынан өте терең, көшпенді қазақ халқының, этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктеріне сай келетін, аса құнды құқықтық ескерткіш болып табылады. «Жеті жарғының» негізгі идеясы- ұлттық бірлікті, территориялық тұтастықты, қазақ мемлекеттігін сақтауға, қорғауға бағытталған.
Жеті жарғы- Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. XVII ғасырдағы кейбір хан, сұлтандардың өз иеліктеріндегі ұлыстарды жеке дара билеуге ұмтылушылығы қазақ хандығының ыдырау қаупінің тудыруына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қалыптастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтебенің басында «Тәуке ханның Жеті жарғысы» деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішінде дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірленген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жазылмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары XX ғасырдың басына дейін қолданылып келді. Жеті жарғы қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризімдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық кезеңдік жағынан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолына» негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кездеседі. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А.Словохотов тәрізді орыс ғылымдарының зерттеулері мен айтылған ой-пікірлеріне, шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады. Мысалы,
21) «Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;
2) «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен;
3) «Сырттан кірген
адам үйге кірерде мініп
4) «Ата-анасын туған
баласы ренжітіп, қарсы келіп
қол жұмсаса, онда ол баланы
ата-ана өлтірсе де туған ата-
6) «Құйрық-бауыр жесіп,
құда болған соң ақ баталы
жесір иесіне түгел қайтарып,
оның үстіне қалыңсыз қыз
7) «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік етумен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұтттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.
1.2. Конституциялық заңның даму кезеңдері.
Шындығына келетін болсақ, Қазақстан өмірінде еліміздің Ата заңы бес рет қабылданған болатын. Ең біріншісі – Қырғыз Кеңеңстік Социалистік Республикасының 1926 жылғы 18 ақпандағы Конституциясы. Бірақта Қазақстан заңгер қауымы оны осы күнге дейін елемей келеді. Оның да өзіндік сыры бар. Өйткені, сол кездегі біздің еліміз РКФСР-дің қарамағында болатын. Жоғарыда сөз етілгендей 1926 жылғы Конституция ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы жобасы онда қаралмады. Сондықтан, ол республика аймағында іс жүзінде қолданылмады. Сөйтіп, ол жоба түрінде жабулы қалды. Соған қарамастан бұл туралы мәліметті естен шығармаған жөн, өйткені, оның бөлімдері мен тарауларындағы тұжырымдар біздің тарихымыз, ғылымымыз үшін өте орасан зор мәні бар екендігін кең сарайымызбен сезінуіміз қажет.
Екінші конституционализм кезеңі – бұл 1937 жылғы 20 наурыздағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы. Ол төтенше Бүкілқазақ съезінің қаулысымен алғы сөзсіз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11-тараудан (қоғамдық құрылыс, мемлекеттік құрылыс; мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары; мемлекеттік басқару органдары; мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары; бюджет; сот және прокуратура; азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері; сайлау жүйелері; елтаңба, ту, астана; конституцияны өзгерту тәртібі) және 124 баптан тұрады.
Үшінші – 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясының қабылданып, бекітілуі. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Бұл Негізгі заңның өзекті мәселелері – жалпыхалықтық мемлекетті, мемлекет құрылысының принциптерінің, қоғамның саяси жүйелерінің бөліктерінің немесе буындарының мызғымастығын уағыздау, ең бастысы – қоғамдық саяси ұйым ретінде Коммунистік партияның үстемдігін заңдастыру. Барлық Қазақстан Конституцияларына, социалистік типтік ретінде, тән ерекшелік қасиеттерінің болуы. Ең алдымен олардың таптық мәндігі оқшауланып тұрады.
1991 жылдың желтоқсанында
он бес одақтас республикадан
құрылған Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағы ыдырады.
Бұрынғы одақтас
1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының