Когамнын саяси жуйеси

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:15, курсовая работа

Описание работы

Қоғам өмірінің саласы - саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» - саяси жануар деп сол кезде - ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі, түрлері.................................................6
1.2. Азаматтық қоғам, оның мазмұны, белгілері..................................................9
ІІ. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны......................................................12
2.2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі..........................14
2.3. Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары.........................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25

Работа содержит 1 файл

Қоғамның саяси жүйесі.doc

— 104.00 Кб (Скачать)

1. Қоғамдағы өзара  саяси әрекеттесу жүріс-тұрыс  жүйесі ретінде көрінеді.

2. Саяси жүйе бос  кеңістікте емес, керісінше физикалық,  биологиялық, әлеуметтік, психологиялық қоршауда болады. Бұл қоршау орта сияқты өзгеріп отырады.

3. Саяси жүйе ашық, себебі ол — әлеуметтік жүйенің  бір бөлігі және ауқымды әлеуметтік  жүйенің шеңберінде және оның  әсерімен қызмет етуі керек.

4. Саяси жүйенің өміршеңдігі  қоршаған ортаның теріс әсерлеріне жауап қату қабілеттілігімен және өзгерген жағдайларға бейімделе алуымен анықталынады.

5. Саяси жүйенің өзіне  тән маңызды сипаты әлеуметтік  өмірдің тұрақтылығы мен тұрлаулығын қамтамасыз ететін тепе-тендікті сақтай алу қабілеттілігі болып саналады.

6. Барлық саяси жүйелердің  ортақ қасиеті — олардың тұтастығы  мен амандығын қамтамасыз ететін  бейімделу қабілеті, осының арқасында  дағдарыстардан шығуға болады.[18;47]

КСРО-да пайдаланылған  маркстік лексикада да "саяси  жүйе" термині қолданылды. Ол елдегі қалыптасқан бірпартиялық жүйені дәріптеу үшін пайдаланылса, КОКП елдегі партиялық-мемлекеттік басқаруды жүзеге асырып отырған саяси жүйенің өзегі ретінде қарастырылды. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, КСРО-дағы саяси жүйенің өлшемдері Д.Истон үсынған шарттарға сөйкес келмеді. Ол жабық әрі бейімделуге қабілетсіз болғандықтан дағдарыстан шыға алмай, күйреуге душар болды.Бүгінгі заман ұғымында саяси жүйе төмендегідей құрылымдық элементтерді қамтиды, олар: мемлекеттік билік, оның тармақтары, саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, сондай-ақ саяси процеске қатысуға ұмтылатын уақытша немесе тұрақты ассоциациялар және адамдар санасындағы саяси процестердің идеологиялық көрінісі. Яғни, саяси жүйе, бір жағынан алғанда, саяси өмір агенттерінің жүріс-тұрыс жүйесі. Оны адамдар жасаған және оның қызмет ету процесінде адамның шығармашылық саяси әлеуеті жүзеге асады. Алайда, басқа жағынан қарасақ, саяси жүйе — адамдардың саяси жүріс-тұрысы жүзеге асатын және саяси процесс жүретін объективті тұрғыда болатын құрылымдық жүйе. [19;92]

Қоғамның мүдде-мақсаты  объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде- мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш- саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің (мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы үзілссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып дұрыс саяси  жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде- мақсатын іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы- әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы  үзіліссіз қайшылықтар субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның  нәтижесінде қоғамда демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасқан, оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б.қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, биліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.[20;63]

Қоғамның саяси жүйесіндегі  мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.

Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз- қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси  жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.[22;101]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, «Саяси жүйе» түсінігі саяси процесстердің қалай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.

Қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

1) қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;

2) осы мақсат, міндеттерге  жету үшін қажетті құралдар  мен ресурстарды топтастыру;

3) қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің  өзара әрекеттестігі үшін қажетті  шарттарды жасау;

4) мемлекеттік билікті  легитимдендіру, яғни шынайы саяси  өмірді ресми саяси және құқықтық  нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы  деңгейіне жеткізу;

5) қоғамдық-саяси әрекет  режимдерін реттеу.

Саяси жүйелерді әр түрлі  негізде топтастыруға болады. Оның пайда болуының әлеуметтік ортасына қарай тоталитарлық және либералды-демократиялық  саяси жүйелер танылады, осы сипатына байланысты аралас (конвергенциялық) түрлері де кездеседі.Өзара әрекеттестік сипатына байланысты ашық және жабық саяси жүйелер анықталған.

Қоғамның кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзара әрекеттестікте болатын көптеген элементтерден құралады. Құрамдас бөліктердің  өзара бірлігі жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланысты айтамыз. Саяси жүйенің келесі компоненттері танылған:

1) қоғамның саяси ұйымы,  оған мемлекет, саяси партиялар  және қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б. жатады.

2) саяси сана, саяси  билік саяси жүйенің психологиялық  және идеологиялық жақтарын сипаттайды.

3) қоғамның саяси өмірін  және саяси билікті іске асыру  үрдісін реттейтін әлеуметтік-саяси  және құқықтық нормалар.

4) саяси билікке қатысты  жүйе элементтерінің арасында  қалыптасатын саяси қатынастар.

5) саяси практика /тәжірибе/, ол саяси әрекет пен жинақталған  саяси тәжірибеден құралады.

Осы жерде саяси жүйенің  субъектілеріне де тоқтала кетуге болады. Оларды екі деңгейде ажыратып қарастырсақ, институционалдық деңгейде субъектілер құрамына парламент, президент, үкімет, кәсіподақтар және т.б. кіреді де, функционалдық деңгейде оның қатарына шіркеу, армия, оппозиция және т.б. жатады.

Саяси жүйенің құрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институттар кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, жастар ұйымдары, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды құрайды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Абайдельдинов Е.М. Соотношение международного и национального права Республики Казахстан (проблемы становления приоритетности)-Алматы: Қазақ университеті, 2002.
  2. Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
  3. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы: -Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2002.
  4. Алексеев С.С. Восхождение к праву. Поиски и решения. 2-е издание, перераб. И дополн. М. 2002.
  5. Алимжан К. Вопросы теории обычного права. Алматы, 2003.
  6. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
  7. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
  8. Баймаханов М.Т. и др. Взаимодействие правового сознания с моралью и нравственностью в обществе переходного периода. Алматы, Жеті Жарғы. 1995.
  9. Бобылев А.И. Общество, гражданское общество, личность, государство, право, их взаимодействие на современном этапе ||право и политика 2001, №
  10. Деннис Ллойд. Идея права. /|Перевод с англиского М.А. Юмашева, Ю.М. Юмашева, научный редактор Ю.М. Юмашев –М.: «ЮГОНА», 2002.
  11. Елюбаева Ж. Демократия и тоталитаризм /Закон и время, 2000. №1.
  12. Жигуленков М.В. К вопросу о классификации функции государства. //Право и политика, 2002, № 8.
  13. Жоламан К.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Астана: Фолиант, 2001.
  14. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
  15. Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы теории и практики. Алматы, 2002.
  16. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
  17. Казахстан -2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента народу Казахстана. 1998.
  18. Крусс В.И. Актуальные проблемы злоупотребления правами и свободами человека //Государство и право, 2002, № 7.
  19. Қазақстан Республикасы заңы «Дін тұтыну бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 15 қаңтар 1992 // Жаршы, 1992. №4.
  20. Қазақстан Республикасы заңы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 31 мамыр 1996 // Парламент Жаршысы, 1996. №5
  21. Қазақстан Республикасы заңы «Саяси партиялар туралы» 2002 // Парламент Жаршысы, 2002, №6.
  22. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.
  23. Фетисов А.С. Политическая власть: проблемы легитимности. // Социально-политический журнал. М., 1995. № 3.
  24. Чиркин В.Е. Глобальные модели политической системы современного общества: индикаторы эффективности // Государство и право. 1992. № 5.
  25. Шабров О.Ф. Политическая система: демократия и управление обществом // Государство и право. 1994. № 5.
  26. Юдин Ю.А. Политические партии и право в государстве.1998.



Информация о работе Когамнын саяси жуйеси