Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:15, курсовая работа
Қоғам өмірінің саласы - саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» - саяси жануар деп сол кезде - ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі, түрлері.................................................6
1.2. Азаматтық қоғам, оның мазмұны, белгілері..................................................9
ІІ. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны......................................................12
2.2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі..........................14
2.3. Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары.........................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде- мақсаты.[6;115]
ІІ. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өміреге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани-мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуірде әр қилы оқиғалардың болуы да заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдата немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы ұшан- теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамда бір мүдде- мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде- мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық билік т.б. ірі- ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетепен бірігіп қоғамның бағдарламасын, мүдде- мақсатын анықтап, оның бағыттарын, орындау механизмін белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар, іске асуын бақылап отырады.[7;131]
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер,
ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси
жүйеден кейінгі қоғамдағы ең
күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат.
Қоғам көлемінде атқаратын
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты- феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты- капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты- (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ)- жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді: демократиялық, либерал- демократиялық , шовинистік, ұлтшылдық, расистік, тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын саяси жұмыстары өздерінің ережелері- уставтарының мазмұнына сәйкес келеді, өздерінің қоғамының құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын біріктіріп айтсақ- олардың қоғамдық мүдде- мақсатты орындауда, саясатты іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт, фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін дамытып нығайтады.[7;124]
2.2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі
Мемлекет саяси жүйеге белгілі бір жекелеген органдары арқылы емес, өзіндік бір саяси, аумақтық, құрылымдық бөлік ретінде кіреді. Ол өз функцияларын басқа әлеуметтік институттармен, партиялармен, кәсіптік одактармен, жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып атқарады. Ол саяси жүйеде жетекші рөлді иеленген.Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны:
1)негізгі өндіріс
2)қоғам дамуының басты бағыттарын айқындайды;
3)барлық азаматтардың саяси ұйымы болып саналады;
4)мемлекеттік басқару және мәжбүрлеу органдарының жиынтығы болып есептеледі;
5)жалпыға бірдей міндетті құқық нормаларын қабылдайды;
6)мемлекеттік егеменді болады;
7)ішкі және сыртқы функциялары(қызметінің бағыттары)болады;
8)елдің ресми өкілі ретінде мемлекеттік билікті қоғам көлемінде жүзеге асырады.[8;92]
Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
Мемлекет қоғамның саяси
жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды,
бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды
біріктіріп, көмек жасап отырады.
Мемлекеттің бұл бағыттағы
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде- мақсатын дұрыс, жақсы орындауын , демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан- жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізіледі. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері:
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін- өзі басқару ұйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.
Мемлекет және саяси партиялар- бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс- әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.
Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер- қазіргі заманда халықтың мүдде- мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде- мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.
Мемлекет және еңбек ұжымдары- өндірісте, шаруашылықта мәселенің басым көпшілігі еңбек ұжымдарының құзыретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы еделеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.
Мемлекет пен жергілікті өзін- өзі басқару мекеменлерінің қызметі жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында мемлекеттік билікті жүргізуге құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан- жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс.[11;109] Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет пен азаматтар- азаматтар мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой- пікірлерін білдіріп отыруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын- пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік орындар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бұл іс- әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.
Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым- қатынасына сәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:
2.3. Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары
Қоғамды жүйелік зерттеудің мейлінше толық үлгісі американ әлеуметтанушысы Талкотт Парсонстың (1902-1977 ж.ж.) еңбектерінде қарастырылған. Ол әлеуметтанудағы жүйелік-функционалдық мемлекеттің негізін қалаушы болып саналады. Оньң анықтамасы бойынша, адамдар қауымдастығындағы индивидтердің әрекеті әлеуметтік жүйеге ауысады, сондықтан да "жүйе" және "функция" ұғымдары қоғамды зерттеудегі негізгі әдістемелік ұғымдар болып табылады. Әлеуметтік жүйелерді құратын, қоршаған ортаны өзгерте алатын белсенді қызметімен антропологиялық әрекет биологиялық және физикалық әрекеттерден ерекшеленеді. Т. Парсонс қоғамды (адамдардың шексіз көптігі) салыстырмалы тұрғыдағы тұрақты аспектілерге (құрылым және функция) ие құрылым ретінде қарастырады. Функция кұрылымды әлеуметтік процеске, белгілі-бір тұтастыққа байланыстырады. Жүйенің негізгі функциялары: бейімделу, мақсатқа жету, біріктіру, үлгіні қолдау. Бұл функциялар жүйенің экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық-идеологиялық тармақтарында жүзеге асады. Әлеуметтік жүйелілік:
а) рәмізділігімен (тіл,құндылықтар)
ә)нормативтілігімен (яғни жеке адамның әрекеті жалпы кабылданған нормаларға тәуелді)
б) волюнтаристілігімен (яғни әрекет жағдайдың субъективтік айқындалуына тәуелді) сипатталынады.[13;121]
Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясына арналған еңбектері мыналар: "Структура социального действия (Әлеуметтік әрекет құрылымы)" (1937); "Социальная система (Әлеуметтік жүйе)" (1937); "К создании общей теории действия (Әрекеттің жалпы теориясын құру)" (1951); "Теория действия и человеческое существование (Әрекет теориясы және адамзаттың ғұмыр кешуі)" (1978); "Система современных обществ (Қазіргі қоғамдар жүйесі)" (1971). Соңғы кітабы 1998 ж.орыс тілінде жарық көрді. Саяси ғылымға саяси жүйе ұғымын енгізген және оны жеткілікті түрде талдаған Канада саясаттанушысы Давид Истон болды. Оның қарастырылып отырған проблемаға арналған еңбектері: "Политическая система: введение в область политической науки (Саяси жүйе: саяси ғылым саласына кіріспе) " (1953) - Бұл еңбек, сөзсіз, концептуальдық сипатта; "Системный анализ политической жизни (Саяси өмірді жүйелі түрде сараптау)" (1965); "Введение в политический анализ (Саяси сараптамаға кіріспе)" (1979), "Анализ политической структуры (Саяси құрылымның сараптамасы)" (1990). Д. Истонның пікірі бойынша, саяси жүйе қоғамның саяси өмірінің агенттері — адамдардың саяси жүріс-тұрысын қамтитын жүйе болып табылады. Ол саяси жүйе теориясына іштей тән бірнеше сипаттарды бөліп көрсетеді: