Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:15, курсовая работа
Қоғам өмірінің саласы - саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» - саяси жануар деп сол кезде - ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі, түрлері.................................................6
1.2. Азаматтық қоғам, оның мазмұны, белгілері..................................................9
ІІ. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны......................................................12
2.2. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен ролі..........................14
2.3. Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары.........................................19
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................23
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................25
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
1.1. Қоғамның саяси
жүйесінің түсінігі, түрлері.......................
1.2. Азаматтық қоғам,
оның мазмұны, белгілері.......
ІІ. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
2.1. Қоғамның саяси
жүйесі, оның мазмұны..................
2.2. Қоғамның саяси
жүйесіндегі мемлекеттің орны
мен ролі......................
2.3. Қоғамның саяси
жүйесінің даму заңдылықтары...
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Қоғам өмірінің саласы - саяси-құқықтық сала. Ол сонау көне цивилизация дүниеге келген кезде пайда болды. Аристотель адамды «Zoon Politicon» - саяси жануар деп сол кезде - ақ атап кеткен. Сол заманнан бері осы уақытқа дейін адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынасқа түседі. Саясаттың екінші жағы - әртүрлі мүддесі бар топтың басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу болмақ.[1;43б]
Саяси жүйе әлеуметтік қатынастарды, қоғамдағы өзара әрекеттестікті, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қатынастарды бейнелейді. Демек, қоғамның саяси жүйесі бір ғана саяси институттармен анықталмайды. Оның ауқымы кеңірек. Саяси жүйеге оның бөлшектерін үйлестіру, олардың атқаратын қызметтері және қоғам мен оның арасындағы қатынастары кіреді. Оны саяси қоғам деп атайды,яғни саяси міндетті қызметті атқаратын, саяси мекемелерді, басқаратын аппараты, билік орындарын, саяси партиялар мен қозғалыстарды және тағы басқаны құратын адамдардың қоғамдық жіктері мен топтардың жиынтығы. Саяси жүйе – мемлекет пен қоғамның арасындағы әлеуметтік саяси өзара әрекеттестіктің тетігі, беріліс, дәнекерші құрылғысы.
Мемлекет - қоғамды басқаруды, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты, марксистердің пікірінше, таптық антагонистік қоғамда экономикалық жағынан үстем таптың қолында болады және ең алдымен солардың әлеуметтік қарсыластарын басу үшін пайдаланылады. Мемлекет типі оның қай тапқа қызмет ететініне, демек, түбінде белгілі бір қоғамның экономикалық базасына қарай анықталады. Қазіргі шетелдік мемлекетке парламентті, авторитарлы, әскери диктаторлық сипаттағы және кейбір басқа да саяси режимдер тән. Мемлекеттің негізгі функцияларын ішкі және сыртқы деп қабылданған. Ішкі функцияларына өмір сүріп отырған өндіріс тәсілін, экономикалық және әлеуметтік жүйені қорғау, таптық қарсыластарды жаншу, экономиканы басқару немесе шаруашылық қызметті реттеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау және тәртіпті сақтау, әлеуметтік қатынастарды реттеу, мәдениет тәрбие, идеологиялық қызмет және т.б. жатады. Сыртқы функциялары: халықаралық аренада осы берілген мемлекеттің өз мүдделерін басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста қорғау,елді қорғауды қамтамасыз ету, басқа мемлекетті дұрыс қатынастарды дамыту, түрлі әлеуметтік құрылысы бар мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің принциптері негізінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту.
Қоғам-экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
Саяси жүйе- елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы, мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі- мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны- мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз- қоғамдағы қарым- қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.[2;63б]
Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. Қоғамның жақсы- жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси жүйе әр түрлері қалыптасып жатады.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері:
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
1.1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі, түрлері
Қоғамның саяси жүйесі-
бұл белгілі бір саяси
Саяси жүйелердің пайда болатын әлеуметтік ортасының сипатына қарай мынадай саяси жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық- демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.
Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болады. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табнушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы. Бұл еллдерде де толық бостандық әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы, таптардың , топтардың әлеуметтік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.[3;91]
Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік саяси жүйелері қалыптасқан, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежүзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі- мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси құрылыс, саяси іс- әрекет, саяси сана және саяси мәдениет.[4;82]
1.2. Азаматтық қоғам, оның мазмұны, белгілері
Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай- бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гекель.
Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша- қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.
Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі және қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, әлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. К.Маркс қысқаша: «Қоғам- адамдардың өзара еңбек жасауының одағы»,- дейді.[5;93]
Қоғамдық мүдде- мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші- клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлістік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым- қатынастарды реттеп, басқару керек болады. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды.
«Адамдар өз тарихын өздері жасайды,- деген Маркс,- бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрыңғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады».
Қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
Қоғам- саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін сапалы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде- мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
Адамның объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым- қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез тарап жатады. Олардың өмірі, іс- әрекетінің шеңбері, кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.[5;103]
Азаматтық қоғам- мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік- экономикалық және мәдени- рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге- аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам- мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз- дербестікке дамыту.
Республика Конституциясы
Қазақстандағы азаматтық
Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-баптың 1- тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (ІІ бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27- бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5- бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық- азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.