Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание работы

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.

Содержание

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқықтағы-шарт.doc

— 578.00 Кб (Скачать)

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттың заңдылығы ол үшішні жақтың шартта арнайы көрсетілген — көрсетілмегеңдігіне байланысты емес.

Дегенмен, үшінші жақтың міндеттеменің  өз пайдасына орындалуын талап ету құқығы мұндай шарттың міндетті белгісі болып табылады. Тәжірибеде кездестетіндей, тасымалдау шарты бойынша жүк алушы тасымалдаушыдан тасымалдау шартының орыңдалуын талап етуге құқылы.

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шартты үшінші жақ үшін орындау туралы шарттан ажырату керек, соңғы  жағдайда үшінші жақ үшін орындалу болғанмен, оны борышкердің орындауын  ол талап ете алмайды (бұл жағдайлар сатып алу-сатуда жиі кездеседі, мысалы тауар жеткізуде сатып алушы тауарды өз мекен-жайына емес, үшінші ұйымның мекен-жайына жеткізуді жеткізушіге тапсырады).

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын  шарттың ерекшелігі сонда — үшінші жақ шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап ол несие берушіні алмастырады.

Сондықтан да АК-ның 391-бабының 3-тармағында борышкер шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын  үшінші жақтың талаптарына қарсы  қоюға құқылы деген ереже көзделген. Мысалы, жүк алушы өзіне жеткізілген жүктің сапасына қатысты тасымалдаушыға талап қойса, онда ол жүк сапасының жүкті тиеп жіберген адамдардың кінәсінен нашарланғанына сілтеме жасай алады.

Бірақ, үшінші жақ, өзіне шарт бойынша берілген құқықтан бас тартса, несие беруші өз орнын қайта алады және, егер бұл заңнамаға және шартқа қайшы келмесе, сол құқықтарды пайдаланады.

АК-ның 815-бабының 7-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам шарт бойынша өзіне тиесілі сақтандыру өтемін алудан бас тартса, сақтандыру өтемін алу құқығы сақтандырушыға көшеді.

Сонымен қатар шартта, үшінші жақтың өзіне тиесілі талап ету құқығынан бас тартуының өзге де салдарлары көзделуі мүмкін. Мысалы, сақтандыру шартында пайданы иемденуші сақтаңдыру өтемін алудан бас тартқан жағдайда ол өтемнің сақтандырушыға төленбейтіндігі көзделуі мүмкін.

1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу

 

Шарт жасасудың кезеңдері. Азаматтық заңнамада белгіленгендей шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.

ҚР АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс.

Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (азамат "Караванда" пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты.

Шарт жасасу қандай да бір тараптың міңдеті емес, офертаны олардың кез  келгені жібере алады.

ҚР АК-ның 395-бабы "оференттің байланыстылығы" ұғымын енгізді. Бұл шарт өлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.

"Оферент байланыстылығы" ұғымынан "офертаның қайтарып алынбайтындығы" ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім өткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу міңдетінің туындауына әкеп соғады.

Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозиттівтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395-баптың 3-тармағы).

АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып  табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.

Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға үсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды[61].

Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.

Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: олар 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.

Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе — ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса — ол жария оферта.

Оферта жолданған жақтың оны  қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп  танылады.

Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғандық болады.

Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.

Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер оңдай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін

білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген.

АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек[47].

Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа  еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.

Оферент акцептті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады, оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана тоқтатуға болады (АК-ның 401-404-баптары).

Шарт жасасу тәртібі. Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.

Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса — ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім корсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайыңда тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады.

Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады, оферент өз ұсынысы бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан, ұсыныс алған адам тағайындалған мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол енді акцептант емес, жаңа оферент болады. Жаңа құкықтық қатынастар туындайды, оған шарт жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады.

АК-ның 397-бабының 3-тармағыңда жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақтылы жіберілген жауапты дер кезіңде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған жағдай баяндалады. Бұл ретте оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырған.

Оферент, жауап ала алмағаңдықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін. Ол оның құқығы, себебі оферент өз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал, жауапты дер кезіңде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей, шартты орыңдау үшін өз тарапынан әрекет жасауы мүмкін (көлік дайындауы, басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.) Сондықтан оферент жауаптың кешігіп келгеңдігі туралы оған тез хабар беруге тиіс. Егер оферент мұны істемесе жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және шартты орыңдаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығыңды өтеуге міндетті.

Мысалы, И. 1 сәуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жібереді, жауап беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіңдігін жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кәнісінен едәуір кешігіп келеді (10 мамырда). Жауап келмеген соң И. 5 мамырда пианиноны Н.-ге сатады, ал М.-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергеңдігін хабарламайды. 15 мамырда М. көлік жалдап пианиноны алуға келеді. Ол көтерген шығынның бәрін М. өтеуге міңдетті[45].

Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қаңдай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның құқығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігін түсінгенше жалғаса береді.

Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жеріңде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылады (АК-ның 398-бабы).

Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқаңда маңызы зор. Мұңдай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді.

Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады.

Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады.

Азаматтық заңнаманың негізгі  принципі шарт бостаңдығы болғанмен, АК-да және басқа заң актілерінде тікелей  көзделсе ғана шартты міндетті түрде жасасу мүмкіндігі АК-да қарастырылған.

Мұндай жағдайлар кеп емес. АК-да белгіленгендердің ішінен жария шартты және алдын ала шартты атауға болады. Өзге заң актілерінде белгіленген жағдайлар ішінен мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырысты орындауын алуға болады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлықтың 13-бабы).

АК-ның 399-бабына сәйкес, міңдетті түрде шарт жасасудың екі нұсқасы бар: шарт жасасу акцептант үшін міндетті болғанда; шартжасасу оферент үшін міндетті болғанда.

Бірінші нұсқада шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап екінші тараптан оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде екінші тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның өзге жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті жайында (шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс.

Оферта жіберген тарап, бұл жағдайда, шарт жасасқанда туындаған пікір қайшылығын ондай хабар алғаннан кейін отыз күн ішінде немесе акцент мерзімі өткеннен кейін сот қарауына беруге құқылы.

Екінші нұсқада, егер шарт жасасу міндетті болып табылатын тарап жолдаған шарт жобасына отыз күндік мерзім ішінде оған деген қайшы пікірлер хаттамасы алынса, онда бұл тарап пікір қайшылығы хаттамасын алғаннан бастап отыз күн ішінде басқа тарапқа шартты оның редакциясында қабылдағаны туралы не пікір қайшылығы хаттамасын қабылдамағаны жайында хабар береді[53].

Пікір қайшылығы хаттамасы қабылданбаса не оны қараудың нәтижесі жайыңда хабар алынбаса, пікір қайшылығы хаттамасын жолдаған тарап шарт жасасу кезінде туындаған пікір қайшылығын соттың қарауына жіберуге құқылы.

Акцепттің пікір қайшылығы хаттамасын жасауы немесе пікір қайшылығын сот қарауына беруі үшін АК-ның 399-бабында белгіленген мерзімдер бірдей (отыз күн). Бұл мерзімнен шатасуға жол бермейді. Сонымен қатар бұл жоғарыда аталған барлық әрекеттерді жасау үшін,   ақылға қонымды мерзім.

Информация о работе Азаматтық құқық