Стандарттау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 13:18, контрольная работа

Описание работы

«Мұрағаттану» курсы 050114 – Тарих (педагогика) мамандығы бакалаврларына арналған.
Қазіргі технократиялық ойдың басымдығы орын алып отырған әлемде көптеген қоғамдық сала өкілдері мемлекет пен қоғамның өткен тарих алдындағы жауапкершілігінің артуын адамзаттық құндылықтардың шарты тұрғысынан бағалауды ұсынып отыр.

Работа содержит 1 файл

Мурагат лек.docx

— 47.93 Кб (Скачать)

«Мұрағаттану» пәні

 

  «Мұрағаттану» курсы 050114 – Тарих (педагогика) мамандығы  бакалаврларына арналған.

Қазіргі технократиялық ойдың басымдығы  орын алып отырған  әлемде көптеген қоғамдық сала өкілдері мемлекет пен  қоғамның өткен тарих алдындағы  жауапкершілігінің артуын адамзаттық құндылықтардың шарты тұрғысынан бағалауды  ұсынып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған мамандықтардың біріне мұрағаттанушы мамандығын жатқызуға  болады, себебі бұл мамандық өкілдері тарихшылар сияқты өткенді, қазіргіні  және болашақты болжауға мүмкіндік  жасайды.

Қоғамдық  қатынастардың өсуіне байланысты ақпрараттық  ресурстарға деген сұраның күн  санап өсуде. Олардың қоғамдағы  және мемлекеттегі маңыздылығы мұрағатпен тікелей байланысты, себебі онда ретроспективті ақпараттық мәліметтер сақталған құжаттар кешені сақталған.

Курс  барысында мұрағат ісінің тарихы, мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі,  мұрағаттардағы менеджмент пен маркетинг  сияқты көпбағытты қамтитын мәселелер  қарастырылады.

«Мұрағаттану» жеке ғылыми және практикалық пән  ретінде осы саламен байланысты пәндердің жетістіктерін толықтыра  отырып, «Мұрағаттануға кіріспе», «Мұрағаттанудың  теориясы мен әдістемесі», «Іс жүргізуді  ұйымдастыру тарихы», «Мемлекеттік мекемелер тарихы», «Деректану», «Информатика», «Құжаттану», қосалқы тарихи пәндерге  кіретін «Тарихи хронология», «Дипломатика», «Геральдика», «Палеография», «Тарихи  метрология», «Сфрагистика» салаларымен  тығыз байланысты.

Курсты  оқу барысында студент:

- мұрағат ісі  саласындағы терминдерді және нормативтік құқықтық актілерді;

- мұрағат қызметі қалыптасуы мен  ұйымдастырылуының  негізгі тарихи  кезеңдерін;

          -  мұрағат ұйымдары мен мұрағаттардың  атқаратын негізгі функцияларын;

- ведомстволық және мемлекеттік  мұрағаттар жұмысының ережелерін;

- болашақ мұрағаттанушы кәсібіне  қатысты мамандыққа тән саланың  ерекшеліктерін білуі тиіс.

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Курстың мақсаты: студенттерге қазіргі заман  талабына жауап беретін мұрағат  ісі саласына байланысты кешенді  және ғылыми пән ретінде мұрағаттанудың теориясы негізіне байланысты білім  беру.

  Курстың негізгі міндеттері:

- Посткеңестік кезеңде  мұрағат  ісі саласында орын алған ерекшеліктерге  байланысты жалпы мағлұмат бере  отырып, олардың әрбір кезеңінің мұрағат ісі саласына тигізген әсерін анықтау;

- мұрағаттану саласына байланысты  заңдар және негізгі нормативтік-әдістемелік  құжаттармен таныстыру;

- студенттердің мұрағаттарда құжаттарды  жинақтау және құжаттардың құндылығын  сұрыптауға байланысты, оларға ғылыми-анықтамалық  аппарат құру, сақталуын қамтамасыз  ету және түрлі мақсаттарда  пайдалану, сондай-ақ мұрағаттық  құқық, менеджмен және маркетинг   туралы түсініктерін кеңейту.

Мұрағаттану кешенді пән ретінде. Мұрағаттанудың өзге де мұрағаттық пәндер арасында алатын орны мен рөлі. Курстың пәні, мазмұны  және мақсаты. Мұрағаттану обектісі. Мұрағаттануға тән заңдылықтар.

Мұрағаттанудың  өзге де ғылыми пәндермен байланысы.

Мұрағаттану саласына қатысты деректерге, негізгі  және нормативтік әдебиеттерге шолу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Мұрағаттану саласына байланысты түсініктемелік аппараттың қалыптастуы 

Мұрағаттану саласының  түсініктемелік аппараты. Түсініктемелік аппаратты жетілдіру – мұрағаттану  саласындағы білімді дамытудың  негізгі бағыттарының бірі. Мұрағаттық терминологияның дамуы. Түсініктер классификациясы. Мұрағаттық терминология  жүйесіндегі терминдер мен түсініктердің  өзара  байланысы.

«Мұрағаттану», «мұрағат ісі», «мұрағаттық құжат», «мұрағаттанудың теориясы мен әдістемесі»  түсініктері.

Мұрағаттық  терминологиялардың дереккөздері. Мұрағат  мекемелерінің қолданыстағы тілі - әдебиеттен тыс дерек ретінде. Тарихи сөздіктер. Кітаптанулық сөздіктер. Мұрағат  ісіне қатысты әдебиеттер. Мұрағаттық терминдер мен түсініктерді талдауға арналған мақалалар мен кітаптар бөлімдері. Арнайы мұрағаттанулық сөздіктер.

Мұрағаттанулық  түсініктемелер аппаратын жүйелеу. Түсініктемелік аппараттың жүйелік  бөлімдері, олардың түрлері. Мұрағаттық терминология дамуының теориялық бағыты. Терминологиялық сөздіктер - теориялық  терминологияны жетілдірудің түрі ретінде. Мұрағаттық терминологияның тәжірибелік  даму бағыты.  Стандарттау - тәжірибелік  терминологияны  жетілдірудің формасы  ретінде. Мұрағаттық терминолгияға  байланысты стандарттар  жүйесін  құрастыру.

 

Мұрағаттану теориясы

Мұрағаттану теориясы мен  әдістемесінің пайда  болуы мен дамуы. Зерттеу нысаны мен пәні. Курстың мақсаты мен  құрылымы.  Оның бөлімдерінің мазмұны  мен  сипаттамасы.

Мұрағаттанудың  теориялық мәселелері. Ғылыми шынтуайттылық  принциптері, тарихилық принцип,  жан-жақтылық принципі, орталықтандыру принципі. Өндірістік принциптер: қорды  бөлшектемеу принципі, құжат құндылығын сұрыптау принципі, қор ішінде құжаттарды жүйелеудің үш принципі. Мұрағаттанудың методологиялық сипаттамасы.

Жалпытанымдық әдістердің курс мәселелерін шешудегі орны. «Мұрағаттанудың теориясы мен  әдістемесі» курсында қолданылатын нақты ғылыми пәндерге тән әдістер.

Мұрағаттар  және тарих ғылымы. Мұрағаттық құжатты  тарихи дерек көзі ретінде қабылдауға байланысты көзқарастар эволюциясы. Тарих ғылымындағы тарихи-салыстырмалық  зерттеу әдісі және мұрағаттық құжаттар.

Мұрағаттану және деректану. Құжаттарды талдаудың  деректанулық әдісі және оны құжаттарды сұрыптауда, ұйымдастыруда және сипаттауда пайдалану мүмкіндігі.

Мұрағаттану және қосалқы тарихи пәндер (палеография, дипломатика, тарихи хронология, сфрагистика, тарихи метрология, геральдика, эпиграфика, генеалогия, нумизматика, тарихи география). Мемлекеттік мекемелердің мұрағаттық құжаттарды ұйымдастырудағы орны.

Экономикалық  ғылымдар  және мұрағат қызметіндегі жоспарлау әдісінің дамуы, есепке алу, экономикалық талдау.

Мұрағаттану және құжаттану. Құжаттарды сыныптау мәселесі, сипаттау, құндылығын сараптау.

Мұрағаттану және археография. Археография әдістерін  мұрағаттардың ғылыми-ақпараттық қызметінде пайдалану.

Мұрағаттану және математика. Математикалық-статистикалық  зерттеу әдісінің негізінде мұрағаттық статистиканың дамуы.

Ақпараттық  теория әдісі және оларды мұрағаттардың  ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесінде  автоматтандырылған  іздестіру жүйесін  құрастыруда қолдану.

Мұрағаттану және нақты ғылымдар. Нақты ғылымдардың  мұрағат құжаттарын сақтауды қамтамасыз етуде алатын орны.

Мұрағаттану принциптері және курста қолданылатын арнайы зерттеу әдістері (мұрағат  қорының біртұтастығы, мұрағаттық ақпараттың қолжетімді болуы,  дифференцацияланған  сипаттама және мұрағат құжаттарын орталықтандырылған  есепке алу)

 

 

І-МОДУЛЬ. ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МҰРАҒАТТАР

Ежелгі дәуір мемлекеттерінің мұрағаттары

Ежелгі  Вавилон, Аккад, Шумер, Ассирия, Хет  мемлекеттерінің жазба ескерткіштері. Жекеменшік  мұрағаттар, кітапхана  мұрағаттары, сарай, шіркеу мұрағаттары. Құжаттардың мазмұны және құрамы. Таяу Шығыс мемлекеттерінің жазба ескерткіштері.

              Ежелгі Египет мұрағаттары. Фараондардың сарай мұрағаттары. Ұлы уәзір мұрағаттары. ²Уәзірге нұсқау² - кеңсе ісін жүргізу жайлы құжат. Абыздар мұрағаттары (храмдар). Жеке тектік мұрағаттар. Олардың мазмұны және құрамы.

Ежелгі  Үндістан мұрағаттары. Мұрағаттардың түрлері. Жазба, кеңсе ісін жүргізудің дамуы. ²Артхашастра² - трактаты ежелгі кеңсе ісінің ескерткіші ретінде.

Ежелгі Қытай мұрағаттары. Иероглифтік ескерткіштер. Кеңсе ісін жүргізудегі жазба дәстүрлері. Құжаттарға тән деректердің қоймасы (Лань тай, Ши цзюн). Деректердің құрамы және мазмұны. Деректерді пайдалану.

             Ежелгі Грек мұрағаттары. Б.з.д. ІІ-І мың ж. жазба ескерткіштері. Афина полисінің мұрағаттары. Оның құрамы және мазмұны. Ежелгі грек кітапханалары.

Ежелгі  Рим мұрағаттары. Абыздар мұрағаттары (понтифик, абыз-балшы). Кеңсе ісін жүргізудегі жазу дәстүрлері және оның өзгеріске ұшырауы.

 

Ерте ортағасырлар дәуіріндегі мұрағаттар

Кезбе мұрағаттар. Шіркеу мұрағаттары. Византия мемлекетінің мұрағаттары.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда Еуропада тәж мұрағаттарының қалыптасуы (Франциядағы қазыналық  хартия, Англиядағы Капелла свиткаларының, Испаниядағы Арагон тәжі мұрағаттары, т.б.)

Қалалар мұрағаттары. Гильдия және цехтар мұрағаттары. Университеттер мұрағаттары. Шіркеу және монастырлар мұрағаттары. Госпиталь мұрағаттары. Жеке мұрағаттар. Кеңсе ісі және құжаттарды сақтаудың жағдайы.

         ХҮІ-ХҮІІІ  ғасырлардағы Еуропадағы мұрағаттар

Негізгі саяси мұрағаттар. Ведомстволық тарихи мұрағаттар. Мұрағатқа қол жеткізу  мәселелері. Еуропадағы мұрағаттардың  түрлері (қалалық, шіркеулік). Олардың  қолдану аясы және сипаты.

Экономикалық  мұрағаттардың пайда болуы. Оның даму барысы. Мұрағат құжаттарын сыныптау, жүйелеу, сипаттау мәселелері.

Мұрағаттану және іс жүргізу туралы алғашқы еңбектер. Якобфон Рамминген және оның еңбектері. Балтазар Бонифации және оның «Мұрағаттар жайлы кітабы». Агасфер Фритча еңбектеріндегі мұрағат қызметінің заңдық тұрғыдан реттелуі. Георг Асбботлин еңбегіндегі құжаттарды сыныптау мәселесіне тән ерекшеліктер.

 

ІІ-МОДУЛЬ. ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРІНДЕ  ЖАҢА ЗАМАН КЕЗЕҢІНДЕ МҰРАҒАТ  ІСІНІҢ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛУЫ

 

 Франциядағы  мұрағат ісі

1790, 1794 жж. қабылданған мұрағат туралы декреттер  және Ұлттық (мемлекеттік) мұрағаттың  құрылуы. Мемлекеттік мұрағат  жүйесін қалыптастырудағы орталықтандыру  принципі. Мұрағат құжаттарын жариялау  прициптері.

Термидорлық төңкерістен кейінгі мұрағаттардың жағдайы. Империя мұрағаты және департементтік мұрағаттар. Коммуналдық және госпиталдық мұрағаттар. ХІХ ғ. екінші жартысы ХХ ғ. басындағы Франция мұрағаттары. 1884 ж. қабылданған мұрағаттар туралы заң. Мұрағаттар жүйесі және құрылымы. Мұрағат құжаттарын сыныптау мәселелері. Мұрағаттарда ғылыми-анықтамалық аппараттың құрылуы.

А.Бордье, Г.Ригну, Ш.Ланглуа, А.Штейн еңбектері және олардың мұрағаттанудың дамуына тигізген әсері. Мұрағаттық білім. Париждік хартия мектебі.

   Бельгиядағы мұрағат ісі

Француз буржуазиялық революциясынан кейінгі Бельгиядағы мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің құрылуы. ХІХ ғ. ірі мұрағаттанушы Проспер Гамардың мемлекеттік мұрағат ісінің дамуына қосқан үлесі.

Король  мұрағатының құрамы және провинциалдық мемлекеттік мұрағаттар. Мұрағат құжаттарымен жұмыс жасау әдістері. Мұрағаттардың басылымдық қызметтері. Бельгиядағы мұрағатшылар, кітапханашылар және мұражайшылар кәсіби біріккен ассоциациясының құрылуы.

Голландиядағы мұрағат ісі

Мемлекеттегі тарихи білімнің дамуына тән ерекшеліктер және оның мұрағат ісіне тигізген әсері. Голландияда мұрағат ісінің орталықтандырылуы. 1814 ж. мұрағат туралы заң және мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің ұйымдастырылуы. Корольдік бас мұрағат және провинциалдық мұрағаттар. Мұрағаттардың құрылымы және құрамы. Мұрағаттану мәселелерінің ғылыми негіздері.

Англиядағы мұрағат ісі

Англияның ежелгі қоймалары (Вестминистрлер сарайындағы патшалық мұрағат; Тауэр мұнаралары; Мемлекеттік қағаздар мұрағаты). Ұлттық тарих ескерткіштерін зерттеу комиссиясының қызметі (1800, 1836). 1838 ж. Англияның мемлекеттік мұрағатының құрылуы. Мемлекеттік мұрағаттың құрамы мен құрылымы. Тарихи қолжазбалар комиссиясының қызметі. Мұражай мен кітапханалардың қолжазба бөлімдері. Шіркеулік және жеке мұрағаттар.

Италиядағы мұрағат ісі

Италья мемлекеттеріндегі мұрағат ісі. Саяси биліктің тасымалдаушы қоймалары, тарихи мұрағаттар, ведомстволық мұрағаттар. Қалалық, шіркеулік және жеке мұрағаттар.

ХІХ ғ. басындағы мемлекеттік мұрағаттардың құрылуы. Ф.Бониани және оның мұрағаттанудың дамуына тигізген әсері.

Мұрағаттану туралы заңдар (05.03.1874 ж. 27.05.1875 ж.) және мұрағат ісінің қайта ұйымдастырылуы (Италияның біріктірілуінен кейін). Мемлекеттік мұрағаттар жүйесі және оны басқару мәселесі. Мұрағат ісінің әдістері және техникалық жағдайы.

 

Испаниядағы мұрағат ісі

Мемлекет тарихына байланысты құжаттардың жиналуы және шығарылымы жөніндегі ғылыми комиссиясының қызметі. Мемлекеттік орталық мұрағаттардың құрылуы (Симанкастағы тарихи мұрағттар, Мадридтегі ұлттық тарихи мұрағат, Алькаледе-Энарестегі Орталық мұрағат, Севильедегі Индияның бас мұрағаты). Мұрағаттар және олардың құрылымдары.

Провинциалдық, қалалық, нотариалдық мұрағаттар. Арнайы мұрағаттар (Шетелдер министрлігі, әскери ведомстволар, Мемлекеттік Кеңес және т.б.).

Информация о работе Стандарттау әдістері