Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 17:25, реферат

Описание работы

Жоғарғы оқу орындарында студенттердің әлеуметтануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт болды. Социология пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу.

Работа содержит 1 файл

социология.doc

— 161.50 Кб (Скачать)

    Негізінен бұл мәселелге қатысты жағдайлар бүгінгі қала, село, ауыл мәселелеріне сай орайластырылған. Әрине қала мәселелсін қарастырғанда бұл қоғам дамуының  және экономикалық меншік  формасының жаңа формасы. Негізгі себептері: 1.қолөнердің келуі, 2.еңбектің материалдық жіне рухани түрлерінің келуінен бастау алады. Қалалардың пайда болуы ортағасыр заманында, одан кейінгі замандарда түрлі дамулармен толыға түсті. Пайда болуының себептері мысалы: орта ғасырларда (Х-ХУ ғғ.) түрлі сауда қатынастарынан келсе, жаңа заманда (ХУ-ХУІІІ ғғ) сауда орталығымен өкімет билігініңі орталығына айналғандықтан, ХІХ-ХХ ғғ өнеркәсіппен қатынас жолдарының дамуы мен еңбек ұжымдарының жағдайында қала саны көбейді. Бүгінде мәдениет пен білім ордасына, кәсіпкерлік орталығына айналуда.

     Қала мен ауыл анықтамасын зерттеуші ғылым салаларының адамдары мынадай  тұжырымдар береді. Тарихшылар-мәдениет орталығы десе, саясаткерлер- басшылық орталығы, экономистер-экономикалық қатынастардың делдалы, географтар-үлкен мекен-жай орталығы дегенді айтады. Дегенменде қала мен қаланың айырмашылықтары: лингвистикалық (тілдік), статистикалық, тарихи, архитектуралық, құқықтық т,б, өзгешеліктерге байланысты. Қала мен ауыл мәселесіндегі әлеуметтік функция- қоғамның біртұтас әлеуметтік жүйесіндегі негізгі көрнісі болып табылады, яғни тіршілік көзінің аймағы , ортасы деуге болады.

       «Урбанизация» сөзінің мағынасы –халық санынынң өзгеруі туралы  болып келеді.  Бұл процес ХІХ ғ. ІІ- жартысында басталды.  Тарихи процестің жүруінен талай өзгерістер болып, бүгінде қала мен ауыл санының  теңсіздігі пайда болған кезең. Қазақстандағы қала саны-86, урбандалу процесінің  деңгейі-58 пайыз, Халық санына қарай шағын, орташа, үлкен, ірі, аса ірі деп бөлінеді.  Бұл жағдайға байланысты аймақтық әлеуметтану мәселелсінде агломерация және мегаполис деген ұғымдар бар. Мұндай жайттарды  бүгінгі елді-мекен жайлар бастан кешіруде. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы туралы біраз мәліметтерге тоқталсақ: жер көлемі-2724,9 мың  км.(2) облыс саны-14, аудан-168, округі-2416. шекара ұзындығы-12187 км. 2 республикалық маңызы бар қала, 37 облыстық маңызы бар қала, 45 аудандық маңызы бар қалалары бар.

        Аймақтық әлеуметтану мәселелері аз емес, қалада басқаша болғанымен ауылды мекен-жайлардың өзіне тән жағдайлар да табылып жатады. оның шешілуне халық пен мемлекет бірлескенде ғана шешімі табылары сөзсіз. Тіршілік көзінің негізі - ауылдың қызметінде. Себебі: қаланың келуі мен өмір тіршілігі ауылмен тікелей байланысты.  Ауыл -  азық-түлік өндірісінің орны мен қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.  Әлеуметтанудағы  аймақтық мәселелердің шешімі білімді, қырағы мамандар қолында екендігін жанымызда сақтаған дұрыс болар еді.

 

Саясат  әлеуметтануы

 

1.Саясат социологиясының негізгі принциптері мен бағыттары.

2.Қоғамдық ғылымдармен байланыстылығы. Көкейтесті мәселелері. 3.Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық саяси қозғалыстар мен саяси ұйымдар социологиясы

 

      Бұл пәнді енгізген орыс социологы П.Сорокин (1889-1968 жж). 1990 жылдан басиап КСРО-да, кейіннен басқа республикаларда оқытылу басталды. Саясат әлеуметтану пәні таптардың, мемлекеттердің, қоғамдық топтардың, партия мен кәсіби бірлесиіктердің  арасындағы саяси қатынастарды зерттейді.

     Саясат әлеуметтануы- саясаттың, қоғамдық өмірдің барлық саласымен қарым-қатынаста бола отырып, әлеуметтік-саяси қажеттілік пен жеке тұлғалардың әрекеті, қоғамдық  ұйым-қозғалыстардың әрекеттесу процесін , байланыстық мәселелеріне араласады.

      Оның категориялары (ұғымдары): қоғам, саясат, билік, реформа, плюрализм, жеке тұлға (лидер)  т.б. Әдістері: әлеуметтік-саяси оқиғалардың даму, өзгеру, әсерлі факторлардың мәселелерін зерттеу, сараптау. Мысалы  бихевиористтік әдіс- адамдардың мінез-құлқын талдау кезінде топтардың әлеуметтік-саяси рольдерін зерттейді. Онда статистикалық деректер пайдалану, құжаттарды талдау, анкеталық сауал алу, диалог жүргізу т.б. адамдарға деген сенім, консенсус, әлеуметтік психологияға ерекше мән беру керек екндігін ескертеді.

      Саяси өмір мәселелері қоғамда бірінші орында. Себебі оның ілгерлеуі де, тоқырауы да мүмкін. Саяси өмірдің мәні – адамдардың билік жөніндегі өарым-қатынастары, яғни басқару мен билік ықпал ететін салалардың барлығы да осында. Барлық қажеттілік екіге бөлінеді: табиғи және рухани .

      Әлеуметтануда саясат дегеніміз- адамдарды басқару қызметі, билік істеріне қатысуы, өкіметтің дұрыс басқару жөніндегі қызметі. Саясаттың әлеуметтік қызметтері-адамдарға жетекшілік ету, билік көмегі, қажеттілігі мен әлеуметтік топтардың көзқарастарын үндестіру.

     «Саяси қатысу», «саяси мінез-құлық» ұғымы бір-бірімен байланысты. Қоғамның саяси өмірінің басты құрамды элементі-саяси жійе. Ал саяси режим-саяси жүйенің қызмет ету тәсілі.

     Әлеуметтік-саяси өмірдегі идеология- қоғамның дамуын дүние туралы адамның ролі мен білім және идеясы жүйесіндегі анықтайтын ілім.  Идеология  қоғамға тиімді адамдық жалпыадамдық бірліктің рухани билігі мен  үстемдігін  көрсетеді, қоғамның даму және өызмет етуін анықтайды. Ұзақ уақыт мемлекеттік идеологияда дін жетекші орында болды,  қазір  жеке тұлғалардың қалыптасуында идеология дүниетанымды, сенім мен сананы орнықтыруды, жеке тұлғалардың қоғамдық мінез-құлқын бағыттауды туғызды.

       Жеке тұлға өзін-өзі билеуші тұлға, өз жетегімен шығар жолды таңдайды.  Адамдардың саяст мінез-құлқының типтері:

1.Саяси конформизм

2.Саяси индифференттілік

3.Саяси активизм

4.Саяси жетекшілік

Әлеуметтік инститтуттың жетекшісі-әлеуметтік механизмдердің көмегі арқылы топты басқарады.

 

 Құқық әлеуметтануы.

 

1. Құқық әлеуметтануы. Тарихы мен теориялық негіздері.

2.Жеке адам әлеуметтануының құқықтық факторлары.

3.Заңдық ұйымдар мен заң мамандарының қалыптасуы. Құқықтық реформалар.

 

      Құқық дегеніміз- мемлекет тағайындаған және рұқсат  еткен жалпыға міндетті әлеуметтік нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқық нормативті сипатқа ие, адамдардың мінез-құлқына тыйым салады және  оны  міндеттейді. Норма дегеніміз- белгіленген, міндет деп мойындалған, танылған тәртіп.  Ққық –күрделі әлеуметтік ережелердің ерекші түрі. Мемлекет тарапынан қорғалады. Құқық моральдық , діни т.б. ережелермен ерекшеленеді.

       Құқық құрылымы күрделі. Оған :заң, сот шешімдері, нормативті заң актілері, адамдардың жалпыға бірдей құқықтары, т.б.  Құқық әлеуметтануы- юристік құқық , құқық психологиясы, құқықтану ғылымдарымен байланысты. Зерттейтін мәселелері: әлеуметтік құрылымдар мен өзара әрекет етуінің жағдайларына қатысты, яғни әлеуметтік мұқтаждықтар мен әлеуметтік қызметтермен байланысты.  Құқық әлеуметтануының  маңызы- құқықтық ерекшеліктері мен қызмет ету, даму заңдылықтарын тануға юриспруденциялық түсініктерді өзгертеді. Құқық әлеуметтануы заң шығармашылығымен құқықты қолдану қызметі мәселелеріне сараптамалар жасап, бағыттау жолдарын көрсетеді.  Құқық әлеуметтануы ХХ ғ. пайда болды. Дербес пән ретінде ХХ ғ. ортасында қалыптасты. Құқық әлеуметтану термині 1963 жылы У- халықаралық әлеуметтанулық конгресте енгізілді. Құқықтың дамуы-адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол әлеуметтік нормалардың қалыптасып,  қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқарады.

       Құқық екі жолмен пайда болған. 1.Мемлекеттік, қоғамдық меншікті реттеу үшін моральдық-діни нормаларға сүйенеді (Индиядағы Ману заңы, мұсылман елдеріндегі Құран, христиандық Библия т.б.) 2.Жеке меншік бағытындағы қатынастарда мемлекеттік органдар бекіткен нормалар арқылы пайда болды.  Құқықтың қоғамдық өмірге келуі мемлекет  тарихымен байланысты. Ол жөнінде әртүрлі пікірлер бар.

    Құқықтық нормалар арқылы, оның элементтері: а).Диспозиция-субьетілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді, ә).Гипотеза-диспозиция қашан болып аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды бақылайды.б).Санкция-жағымсыз жағдайларды  көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Бұдан  құқықтық қатынастардың 4 элементі пайда болады. Олар:

1.құқықтық қатынастардың  субьектісі- жеке адам және заңды тұлғалар,

2.құқықтық қатынастардың обьектісі (заты ) - көп салалы (экономика, білім, ғылым, құқық, дін, саясат, мәдениет т.б.)

3.Субьективтік құқық – екі жақты мүдде-мақсаттардың орындалуы

4.Заңды міндеттер – азаматтар заңды орындамаса, оны мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданады.

      Құқықтық әлеуметтанудың тағы бір мәселелері-құқықтық белсенділік, құқықтық тәрбие. Құқықтық белсенділікке адамдардың араласуы 1987-1989жж. жарқын көрніс берді. Бұл күнде ол бәсеңдеп, басқадай құқықтық белсенділіктер қалыптасуда, Мысалы мамандықтар алу (техникалық заңдық т.б.)   Алғашқысы адамдардың белсенді түрде әлеуметтік жағдайларға  қатысуынан туса, екінші мәселеде сондай мәселелерге қатысты.  Бірақ девианттық ( ауытқымалы мінез-құлық)  мәселелерінің болуыда ықтимал. Оған себепте әлеуметтік жағдайлар.

      Құқықтық білімді таратудың маңызды ерекшеліктері  90-жылдардың басындағы әлеуметтанулық зерттеулердің деректері көрсеткендей дәл ақпарат болуы мұмкін емес. Әлеуметтанулық зерттеулер неғұрлым жоғары құқықтық мәдениетке заңды бұзушылар ие екенін көрсетті.  Ал  құқықтық тәрбиеде адамзаттардың заңды таңдау әдеті мен жазалау алдындағы үрей дағдысының үлкен мәні бар.  Құқықтық тәрбие беру үрдісі моральдық мәдениеттің қалыптасуы талай рет деформацияланады (бұзылады) немесе тежеліп отырады. Құқықтық тәрбиенің басты факторы- қоғасның моральдық қалпы, оның мәдени деңгейініңғ халықтң әл-ауқатын ұйымдастыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі