Отбасы әлуметтік институт

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:09, реферат

Описание работы

Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып. Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады. Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді. Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп,өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен

Работа содержит 1 файл

98.docx

— 24.80 Кб (Скачать)

Сыртқы  күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның  баланы қамқорлыққа  алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б.

Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың  бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске  жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан  түрлі адамдар  бірлігінде қоғамда  некенің мәнін  түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар:

жеке  бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптылардың  алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына  ұласып, ерлі-зайыптылардың  алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс  басты орын алады;

некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйетін  азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа  жету, мүлік жинау.

Неке  өлшемі (критериі): беріктік,төзімділік, субъектитік сезімге  қанағаттану; ерлі-зайыптылардың  рухани дамуы, бір-бірінің  ыстығына күйіп, суығына  тоңуы, балаларды  қатылез, елгезек, қабілетті, алғыр, белсенді етіп тәрбиелеп, қалыптастыру, т.б.

Өмір  тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты  бола бермейді. Отбасында  ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың  аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып  та кетпейді немесе бейбіт түрде толық  шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың  күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат  алған, толық шешілмейтін  дау-жанжал. Ал, тұрақты  шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала  келе отбасында агрессиялық  көңіл күй қалыптастырып  – ақыры отбасын  ыдыратуға әкеп соғады.

Дау- жанжалдар, олардың  күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың  балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану  кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас  ұрпақтар мәдениет пен  өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында  өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің  бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты  өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің  жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі  жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл  бір келісімге  келуі керек. Отбасында  шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің  талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі. 

Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының  өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен  ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды. 

Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп  өмір сүруден бірінші  бала туғанға дейінгі  уақыт. 

Екінші  кезең – ең соңғы  баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың  әлеуметтік ер жетуі (бой  жетуі), табыс табуы  мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн  көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.

    Отбасының бұдан  да басқа өмірлік  кезеңдері бар,  бірақ, осы жоғарыда  көрсетілгендер негізгі  кезеңдерін құрайтындықтан  осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.

    Индустриялық құрылымының дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр  жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер 

  1. Аманжолов Қ., Рахметов Қ. Түркі  халықтарының тарихы. 1-3 кітап. А., 1996-1999.
  2. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.
  3. Тощенко Ж.Т. Социология –М.1998
  4. Аманжолов Қ. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 кітаптар, А., 2002.

Информация о работе Отбасы әлуметтік институт