Отбасы әлуметтік институт

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:09, реферат

Описание работы

Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып. Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады. Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді. Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп,өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен