Отбасы әлуметтік институт

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 14:09, реферат

Описание работы

Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып. Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады. Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді. Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп,өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен

Работа содержит 1 файл

98.docx

— 24.80 Кб (Скачать)
 

   Жалпы әлеуметтануда отбасы және қатынастары терең зерттелген тақырып. Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады,достасады,т.б. жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады. Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны әлеуметтік ретінде талдап, зерттейді. Отбасы – бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстытық байланысқа және жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі. Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметіне көнінеді. Біріншіден, отбасы – ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бұл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп,өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі – ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады. Отбасының объективтік өзгеру процесі оның топ ретіндегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы – неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тәрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институтционалдық бірлік ретінде зерттеледі.

Американ  әлеуметтанушысы  Хиллдің көзқарасына  сәйкес, қандай да бір  отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы  белгілері болады.

1. Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-құлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.  

2.Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас және жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады;  

3.Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-теңдікті сақтауға тырысады.  

4.Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындауме бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.  

Отбасы  жеке-дара институт ретінде – оның тұрмыстық салты  қоғамдық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін  жағдайларда зерттелінеді.

Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу  арқылы болашақ отбасының  өзгеру үлгісін жасайды.   

    Неке туралы басқа  да ережелер бар,  олар моральдық,  салт-дәстүр, әдет-ғұрып  түрінде болады. Олардың  қатарына: ерлі-зайыптылардың  бір-бірінің көңілін  табу, жағыну ережелері,  некені және некелік  тәртіпті сұрыптап  алу, отбасындағы  билікті және міндетті  бөлісу, баларды тәрбиелеу,  отбасындағы бос  уақытты дұрыс  пайдалану, т.б.  кіреді. Отбасы қатынастарының  басқа да түрлері  бар. Мысалы, туыстармен, достармен, т.б.  қатынасу.

Ережелер  мен салт-дәстүрлер  отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде  әр түрлі сипатта  көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді  құндылықтар мен  ережелердің бөлініп  отыруы, сонымен  қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылыққа еліміздің  түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында  кездесіп қалады.  Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным  айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.

Неке  әлеуметтік институт ретінде қоғамның дамуы мен өзгеруіне, оның қажеттілігіне, мұң-мұқтажына, талап-тілегіне байланысты өзгеріп  отырады.

    Отбасын әлеуметтік  институт ретінде  зерттеудегі талдау  оның қандай мәселелеріне  көңіл аударуды  анықтап береді: қоғамның  некелік қатынастарға, тұрмыс –салтына  қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық  жағдайларда отбасы  ережелрі мен бағалы  құндылықтары қалай  ерекшеленіп отырады,  отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік  тұрғыдан қалай  реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік  пен талап-тілекке  отбасындағы тәртіп  типтерінің (түрлері)  қайсысы сәйкес, қайсысы  сәйкес еместігі, т.б. жатады.

  Отбасын әлеуметтік  институт ретінде  зерттегенде мынандай  жалпы ұғымдар  қолданылады: 1) некелік  қатынастардағы қоғамдық  қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының  әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы

ережелер  мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.

Отбасын кіші топ ретінде  зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар  тобының, оның мүшелерінің  жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен  тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық  қарым-қатынастың, топтық   ереже және топтық процестің қалай  пайда болатынын  анықтау.

Отбасы  мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында  отбасы кішігірім  топ ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты  ададамдардың арасындағы қатынастардың  серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл  олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің  бұзылуын және ерлі-зайыптылардың  айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында  адамдар арасындағы қарым-қатынастардың  қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет.

Отбасын кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау  қажет: 

1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін  мәселелер –отбасы  тобының мақсаты  мен міндеті, отбасының  құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара  іс-әрекетінің сипаттамасы,  биліктің құрылымы, т.б.  

2) Қоғамның әлеуметтік  құрылымы тұрғысынан  отбасы тобының  басқа өзінен үлкен  топтармен байланыс, қатынас түрлерінің  сипаты. Қоғамдық  қатынастардағы отбасының  атқаратын қызметі. 

3) отбасының жеке  мүшелеріне байланысты  мақсаты, міндеті,  атқаратын қызметі,  отбасындағы индивидтердің  өзара іс-әрекеті,  қызметі, топтық  тәртіп, топтық бақылау,  т.б. Индивидтің  топқа енуі, оның  отбасына енуіне  қанағаттануы, ондағы  тұрақтылық.  

Отбасын зерттеудегі бағыттардың  әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде  қарағанда әңгіме етілсе, ал, отбасының  ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім  топ  ретінде зерттеуге  итермелейді. Бірінші  бағыт, яғни отбасын  әлеуметтік институт ретінде қарау  – бұл әлеуметтанудың мәселелерінде тығыз  байланысты, ал, екінше\і  бағытта, яғни отбасы кішігірім топ  ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік –психологиялық мәселелері сөз болады. 

Жоғарыда  көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы  сипаттама берейік.  

Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа  негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала  туу немесе бала асырап алу. 

Отбасы  мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір  үйде тұрады, олар отбасының  шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын  жалғастырады. Отбасының  жалпы шаруашылығы  оның өзінен үлкен  бірліктерде  болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының  шаруашылық қызметі  адамдық тұрақты  тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.

Отбасы  мүшелерінің атқаратын  рөлі тек қана өзара  эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен  бірге, адамдардың үлкен  топтары – мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.

Сонымен, отбасы мүшелерінің  арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан – ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау  түрлері отбасының  бірлігін сырттан  қолдаушы, әрі типі, факторы болып  есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының  іштей даму күштері  болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда  болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері  сыртқы қысымдарға айтарлықтай  қарсы тұра алмайды.

Отбасы  өзіне тән жалпы  шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде  мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың  адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен  бірге отбасы белгілі  бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер  дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің  әр түрлі, белгілі  бір тарихи кезеңінде  өмір сүріп отырды.

Жоғарыда  көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан  отбасы қоғамдағы  барлық институттардың тұрақты назар  аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы  мүмкін емес. 

Отбасының функциясы, яғни атқаратын  қызметі әруақытта  оның тіршілік ету  тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға  болады.

Отбасының атқаратын қызиеті  қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз  байланысты. Сондықтан  әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.

Тұлғаның  дамуына, әрбір ерлі-зайыпты  адамдардың бақытты  өмір сүруіне,балаларды  ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті  жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір  отбасына қойған негізгі  талабы мен міндеті. Бұл талап пен  міндетті орындау  қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды  орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге  мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты  әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің  конформистік (яғни, келісушілік) тетігін  енгізеді.отбасы мүшелерінің  арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп  аталады.

Отбасы  құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға  байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың  типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған.

Ерлі  – зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда  – некелік эндогендік (яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы  қауымдық қоғамға  тән. Қазіргі уақытта  тек қана өз ұлтында  немесе діни қауымда  болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті  белгілі бір топ  немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік  әрбір топтан серіктестік  негізіндеқұралады) сияқты категорияларда болды.

Отбасындағы билік құрылымы  демократикалық немесе авторитарлық деп  екіге бөлінеді. Отбасындағы  авторитарлық  билік  әйелдің еркекке  қатаң бағынуын, осыдан барып, отбасы мүшелерінің  арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы  демократикалық билік  ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай  басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда  әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды  сендіру, нандыру, көз  жеткізу негізінде  тәрбиелейді, мәжбүрлеу  шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті  зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір  отбасы мүшесінің  осы рөлдерді қалай  орындап жатқанына, сонымен бірге  ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті  анықтауға әсер етеді.

Отбасының рөлдік(атқаратын  қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы  ереже – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара  іс-әрекет, қатынастардың  жиынтығын айтады.

   Әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.

Отбасы  идеологиясы деп, әрбір отбасында  қалыптасқан белгілі  бір қарым-қатынастар мен құндылықтар  жүйесінің жиынтығын  айтамыз.

  Неке – бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұратылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау – жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.

Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына  жол бермеу – бұл  маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының  береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен  қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға  қамқорлық жасау, отбасында еңбекті  бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің  өзара сыйластығы, т.б.

Информация о работе Отбасы әлуметтік институт