Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 12:58, реферат

Описание работы

Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

Работа содержит 1 файл

кукык реферат.doc

— 178.50 Кб (Скачать)

5. Республиканың  заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.

2.3 Республика Парламентi мен оның Палаталарының Регламентi  

 

1. Парламент Регламентi, оның Палаталарының регламенттерi:

1) Сенат пен  Мәжiлiстiң бiрлескен және бөлек  отырыстарын өткiзудiң шарттары  мен тәртiбiн; 

2) Парламенттiң  және оның Палаталарының жұмыс  органдарын  құру тәртiбiн;

3) Парламенттiң  және оның Палаталарының, олардың жұмыс органдарының қызметiн ұйымдастыруды;  

4) Парламент  депутаттарының және лауазымды  адамдарының өз өкiлеттiктерiн  жүзеге асыруының шарттары мен  тәртiбiн белгiлейдi.

Мәжiлiс Регламентi, осы тармақта көзделген ол реттейтiн  мәселелерден басқа, саяси партиялардың фракцияларын ұйымдастырудың және жұмыс тәртiбiнiң ерекшелiктерiн айқындайды.

2. Парламенттiң  Регламентi, Сенат пен Мәжiлiстiң  регламенттерi тиiсiнше Парламенттiң  қаулысымен, оның Палаталарының  қаулыларымен бекiтiледi.

3. Парламент  депутаттарының оның конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыруды мақсат етiп, регламенттермен белгiленген шарттар мен рәсiмдер сақталмай өткiзiлетiн кез келген отырысы заңсыз болып табылады. Мұндай жиналыс қабылдаған актiлер жарамсыз болып табылады.

3.1Республика Парламентiнiң депутаты

1. Парламент  депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың  Орталық сайлау комиссиясы Парламент  депутаты ретiнде тiркеген сәттен  басталады. Парламенттiң бiрiншi сессиясында  оның Палаталарының бiрлескен  отырысында депутаттар Қазақстан  халқына мынадай ант бередi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсiздiгiн нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзiме жүктелген депутаттың мәртебелi мiндетiн абыроймен атқаруға ант етемiн». Антты Президент қабылдайды және ант беру Республика Үкiметi, Конституциялық Кеңесi мүшелерiнiң, Жоғарғы Соты судьяларының, экс-Президенттерiнiң қатысуымен салтанатты жағдайда өткiзiледi.

2. Парламент  депутатының басқа өкiлдi органның  депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмысты атқаруға, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы Республика Орталық сайлау комиссиясының ұсынуымен депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.

3. Парламент  депутатының өкiлеттiгi орнынан  түскен, ол қайтыс болған, соттың  заңды күшiне енген шешiмi бойынша  депутат iс-әрекетке қабiлетсiз,  қайтыс болған немесе хабарсыз  кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен осы Конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

4. Парламент  Мәжiлiсiнiң Қазақстан халқы Ассамблеясы  сайлаған депутаттарының өкiлеттiгi  оның шешiмi бойынша мерзiмiнен  бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

5. Парламент  Сенатының тағайындалған депутаттарының  өкiлеттiгi Республика Президентiнiң  шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын  тоқтатылуы мүмкiн. 

Тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың  және Республика астанасының барлық мәслихаттары атынан өкiлдiк ететiн депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бiрлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiгi осы таңдаушылардың шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

6. Парламент  депутаты:

1) ол Қазақстаннан  тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;

2) оған қатысты  соттың айыптау үкiмi заңды  күшiне енген; 

3) Қазақстан  Республикасының азаматтығын жоғалтқан  кезде өз мандатынан айырылады.

7. Парламент  Мәжiлiсiнiң депутаты:

1) депутат конституциялық  заңға сәйкес өзiн сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

2) конституциялық  заңға сәйкес депутатты сайлаған  саяси партия қызметiн тоқтатқан  кезде өз мандатынан айырылады. 

8. Парламент  депутатының өкiлеттiгi осы баптың 3 және 6-тармақтарында көзделген  негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутатының өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғатын негiздердiң басталу фактiсiн көрсетiп қаулы қабылдайды және Парламенттiң тиiстi Палатасына Парламент депутатының өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыну енгiзу туралы шешiм қабылдайды.

Орталық сайлау комиссиясының ұсынуы негiзiнде Парламент  Палатасы тиiстi Парламент депутатының  өкiлеттiгiн тоқтатады.

9. Парламент  депутатының өкiлеттiгi осы баптың 4, 5 және 7-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған кезде Орталық сайлау комиссиясы тиiстi адамның Парламент депутатының өкiлеттiгiн жоғалтқаны жөнiндегi фактiнi көрсетiп қаулы қабылдайды.

10. Парламент  және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының  өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе  Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайларда тоқтатылады.

3.2 Республика Парламентi депутатының өкiлеттiгi  

 

1. Депутат Парламент  сессиясында және өзi құрамына  кiретiн оның органдарының отырыстарында  қаралатын барлық мәселелер бойынша  шешушi дауыс құқығын пайдаланады. 

2. Парламент депутаты:

1) Парламент  пен оның Палаталарының үйлестiрушi  және жұмыс органдарын сайлауға  және оларға сайлануға; 

2) сессияның  күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың мәнi  жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер  енгiзуге;

3) Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не Парламент Палаталары тағайындауға келiсiм беретiн лауазымды тұлғалардың кандидатуралары жөнiнде өз пiкiрiн айтуға;

4) Парламент  Палаталарының бiрлескен және  бөлек отырыстарында қарау үшiн  ұсынылатын мәселелер бойынша Палаталар Бюросына ұсыныстар енгiзуге, ал оның ұсыныстары қабылданбаған жағдайда оларды Палаталардың пленарлық отырыстарының қарауына енгiзуге;

5) Парламент  пен оның Палаталары органдарының  отырыстарында қарау үшiн мәселелер  ұсынуға; 

6) Парламент Палаталарына есептi лауазымды тұлғалардың есебiн немесе хабарламасын Парламент сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгiзуге;

7) заңда белгiленген  тәртiппен депутаттық сұрау салуға;

8) жарыссөздерге  қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ  отырысқа төрағалық етушiге сауалдар беруге;

9) дауысқа салу  себептерi бойынша өзiнiң ұсыныстарын  негiздеп сөйлеуге, анықтама беруге;

10) Парламент  қабылдайтын заңдардың, қаулылардың,  басқа да актiлердiң жобаларына  түзетулер енгiзуге;

11) Парламент  депутаттарын азаматтардың қоғамдық маңызы бар үндеулерiмен таныстыруға;

12) Парламент  отырыстарының стенограммалары  мен хаттамаларындағы депутаттардың  сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен  танысуға;

13) осы Конституциялық  заңға, Парламент пен оның Палаталарының  регламенттерiне сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға хақылы. [5.,323- 350б]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өзiнiң тарихи қалыптасқан  жолы, үрдiсi бар. Парламент заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган. Өкiлдiк  орган деп аталу себебi, ол халық сайлаған өкiлдер немесе халық өкiлдерi – депутаттардан тұрады. Ал, халық өкiлдерiмен санасу қазақ халқының тарихында ежелден қалыптасқан дәстүр.

 Парламент екi палатадан – Мәжiлiстен және Сенаттан тұрады. Бұлай ету ең алдымен заңдардың сапалы қабылдануының кепiлi. Олай дейтiнiмiз, Парламентте заң терең сүзгiден өтедi, иi қанғанша талқыланады. Мәжiлiсте талқыланған заң жобасы Сенатта тағы да талқыға түседi. Сенаттан өтпесе екi палатаның келiсiм комиссиясы қайта қарайтын болады. Осындай талқылаулардан өткен заң ғана Сенат арқылы Президентке қол қоюға жiберiледi. Осы уақытқа дейiн екi палатаның арасында принциптi келiспеушiлiк, болмаса дағдарыс бола қойған жоқ. Екi палата да бiрi жоғары бiрi төмен емес теңдей құқықтарға ие. Осының арқасында елiмiзде қабылданған заңдар әлемдiк стандарттарға сәйкес келуде. Ең бастысы Парламент саяси күрестен аулақ, оның негiзгi қызметi сапалы заңдар қабылдауға бағытталған.

Болашақта Парламент  депутаттарының санын арттыру және саяси партияларға  берiлетiн  мандаттардың санын көбейту сияқты өзектi мәселелердi шешу туралы ұсыныстар айтылуда.

Қос палаталы Қазақстан  Парламентi өткен он жылдықта өзiнiң  өмiршеңдiгiн көрсете бiлдi. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Парламенттiң қызметiн  жоғары бағалап, оның 10 жылдығына арналған құттықтауында: “…Бүгiнде бiз заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын жоғары өкiлдi орган ретiнде кәсiби қос палаталы Парламент iске асып қана қойған жоқ, сонымен бiрге уақыт сынынан ойдағыдай өттi деп нық сенiммен айта аламыз”,- деп атап көрсеттi.

Бүгiнде Парламент елiмiзде жүргiзiлiп жатқан ауқымды реформаларды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуде өз мiндетiн атқарумен қатар, өзге де  маңызды мемлекеттiк мәселелердi  шешуге белсене атсалысып келедi. Оның мемлекет пен  халықтың алдындағы  сiңiрген  еңбегi мен қызметiн тарих бағалайтын болады

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім.

1.Қазақстан Республикасының Парламенті

1.1 Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы

1.2 Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты

1.3 Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі

2. Республика Парламентiнiң құзыретi және оны

жүзеге  асырудың ұйымдық нысандары  

2.1 Республика Парламентiнiң құзыретi

2.2 Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерi

2.3 Республика Парламентi мен оның Палаталарының Регламентi

3. Республика Парламентi депутаттарының мәртебесi

3.1 Республика Парламентiнiң депутаты

3.2 Республика Парламентi депутатының өкiлеттiгi

Қортынды

Әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   Елiмiздiң  қазiргi және болашақтағы дамуының  негiзгi ұйымдастырушысы және кепiлi Президент Н.Ә. Назарбаев екендiгi баршаға белгiлi. Себебi, Қазақстан Конституция бойынша президенттiк басқару нысанындағы мемлекет.  Екiншiден, елiмiздiң Президентi  болып ерекше тарихи тұлға, мемлекет басқарудың терең бiлгiрi, халықаралық деңгейде мойындалған қайраткер Н.Ә. Назарбаев қызмет атқаруда.

 Елбасы өзiнiң  осынау қиын да, күрделi мемлекет  басқару iсiнде мемлекеттiң басқа  да атрибуттары – ең алдымен  Парламентке, одан соң Үкiметке,  Жоғарғы  сотқа, Конституциялық  Кеңеске тағы басқа жоғарғы  және жергiлiктi билiк органдарына сүйенедi. Соларға басшылық жасайды, олармен ынтымақтаса және ақылдаса отырып жұмыс жүргiзедi.

   Республиканың  жоғарғы мемлекеттiк органдарының iшiнде Парламенттiң орны бөлек.  Қазiргi заманғы демократиялық үрдiстердегi  мемлекеттердiң  Парламентсiз қызмет етуi мүмкiн емес. Тiптi, кейбiр елдер Парламенттiк басқару әдiсiне ден қойған парламенттiк республика болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі.

1.С.К.Амандықов.  Қазақстан Республикасының конституциялық  құқығы.Астана 2001

2. АғдарбековТ.А.Әлайдар .Құқық негіздері.- Алматы,2008

3.1995 ж. «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР –

ның заңы

4.Жоламан.Қ.Д. Мемлекет  және құқық теориясы. «Нұр –  пресс» 2005

5. Ғ.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Алматы «Жеті жарғы» 2008

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері