Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 12:58, реферат
Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.
Депутаттардың көпшілігі сайланғанға дейін мемлекеттік секторда жұмыс істеген, оның ішінде 28 парламентші басшы лауазымдарда қызмет істеген. Көпшілігінің заң шығару қызметіндегі, сондай-ақ өндірістік, әлеуметтік және кәсіпкерлік салалардағы, ғылыми-зерттеу, ғылыми-педагогикалық қызметтегі, қоғамдық ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі бар.
2005 жылғы 1 желтоқсанда
үшінші сайланған Қазақстан
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2007 жылғы 11 қаңтардағы отырысында жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Сенат Төрағасы болып сайланды.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.
Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды.
67 депутат Республиканың
әкімшілік-аумақтық бірлігі
10 депутат тең
өкілдік жүйесі бойынша және
біртұтас жалпыұлттық сайлау
округінің аумағы бойынша
Сайланған парламентшілердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.
Палатаның депутаттық құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста.
Барлық депутаттар жоғары білімді. 37 парламентші екі жоғары оқу орнын бітірген.
28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы бар.
Парламентшілер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16.
Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері және т.б. бар.
Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өсті. Мәжілістің 29 депутаты осының алдындағы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Орал Байғонысұлы МҰХАМЕДЖАНОВ сайланды
«Үшінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Президенті Жарлығының қабылдауына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін аяқтады.
ТӨРТІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2007-2011 жылдар
Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес төртінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 2007 жылғы тамызда болып өтті.
Парламент Сенатында Президент тағайындайтын депутаттар санының 15 адамға дейін ұлғаюын көздейтін өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Мемлекет басшысы 2007 жылғы 28 тамызда қосымша 8 сенаторды тағайындады.
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 парламентшіден тұрады. Олардың 98 депутаты біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамызда өткен сайлауда «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы ғана 7 пайыздық кедергіні еңсерді, оның қатарындағы депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды иеленді. Палатадағы 9 орын 2007 жылғы 20 тамызда Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттарға берілді.
Мәжілістің
құрамына өткен сайланымдағы депутаттық
корпустың
39 депутаты, мемлекеттік басқару органдарынан
– 24 адам, жергілікті мемлекеттік басқару
органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан –
8 адам, білім, ғылым және мәдениет саласынан
– 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.
Палатада білімі бойынша әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 42 депутат, заңгерлер – 34, педагогтар – 23, олардың бірқатары басқа мамандық бойынша екінші жоғары білім алған. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары - 9.
Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет және өнер қайраткерлері мен басқа да мамандықтың иелері бар.
Мәжілісте 15 ғылым
докторы және 27 ғылым кандидаты
бар,
35 парламентші екі жоғары білім алған.
Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балкар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді.
Әйелдердің саны екі еседен астам артты, олар – 17 депутат.
Төртінші сайланған
Мәжілістің депутаттық корпусының орташа
жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымға
қарағанда бір жасқа төмен. Жас
шамасы бойынша ең көп топты 50 мен 59 жас аралығындағы
депутаттар құрайды, олардың саны – 44,
одан кейінгі орында 40 пен 50 жас аралығындағылар
–
36 депутат, 60 жастан асқан депутаттар –
23 адам және ең аз топ 30 бен 40 жас аралығындағылар
– 4 депутат.
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Аслан Есболайұлы МУСИН сайланды. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.
2008 жылғы қазанда
төртінші сайланған Қазақстан
Республикасы Парламенті
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлық шығаруына байланысты 2011 жылғы 16 қарашада тоқтатты.
БЕСІНШІ САЙЛАНҒАН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда қалыптастырылды.
Бесінші шақырылымда
конституциялық нормаларға сәйкес 2008
және 2011 жылдары сайланған, 2007 және
2011 жылдары Қазақстан
Парламент Мәжілісінің сайлауына жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі қорытынды нәтижелер бойынша сайлаушылар даусының 7%-дан астамын жинады және Парламент Мәжілісіне: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы (7,47%), Қазақстанның Коммунистік халық партиясы (7,19 %) өтті.
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-нан – 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан – 9 депутат. Мәжіліс құрамында барлығы 107 депутат бар.
Мәжілістің құрамына өткен сайланымдағы депутаттық корпустың 43 депутаты кірді.
Палатада білімі бойынша біліктілігі әртүрлі инженерлер бар, олар – 30 депутат, педагогтар – 21, заңгерлер – 13 депутат. 21 депутаттың экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы мамандары - 10.
Бұдан басқа, депутаттық корпуста дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар, әскерилер, журналистер, мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері және басқа да мамандық иелері бар.
Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы мен 27 ғылым кандидаты бар, 60 парламентші екі жоғары білім алған.
Палатада түрлі ұлттар өкілдерінің саны артты. Депутаттық корпустың құрамына 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс, өзбек және ұйғыр кірді.
26 депутат - әйел адам.
Бесінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орташа жасы – 56 жас, бұл төртінші сайланымға қарағанда төрт жасқа жоғары. Жас шамасы бойынша ең көп топты 50 жастан 59 жасқа дейінгі депутаттар құрайды, олардың саны – 47, 60 жастан асқан депутаттар – 34 адам, одан кейін 40 жастан 49 жасқа дейінгі депутаттар – 22 адам және ең аз топ 30 бен 39 жас аралығындағылар – 4 депутат.
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Нұрлан Зайроллаұлы НЫҒМАТУЛИН сайланды. [3., 80б]
1.2Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты - әрбiр облыстан, республикалық мәндегi қаладан және ҚР астанасынан екi адамнан, тиiстi облыстағы, республикалық мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкiлеттi органдар депутаттарының бiрлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады.
Сенаттың жетi депутатын Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Қазақстан Республикасының кемiнде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары бiлiмдi және кемiнде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемiнде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкiлеттiк мерзiмге Сенат депутаты бола алады.
Сенат депутаттарын сайлау — мәслихат депутаттарының бiрлескен отырыстарында өткiзiледi.
Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттiң ұсынысы бойынша Жоғарғы сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттiң Бас прокурорды және Ұлттық Қауiпсiздiк қызметінің төрағасын тағайындауына келiсiм беру; Бас прокурорды, Жоғарғы сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергiлiктi өкiлеттi органдардың өкiлдiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату; Президенттi қызметтен кетiру туралы Мәжiлiс көтерген мәселенi қарау, т.б.
1.3Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.[4.,56б]
2.Республика
Парламентiнiң құзыретi және
жүзеге асырудың ұйымдық нысандары
2.1Республика Парламентiнiң құзыретi
Парламенттiң
Сенат пен Мәжiлiстiң
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң актiлерi
1. Парламент
Республиканың бүкiл аумағында
мiндеттi күшi бар Қазақстан
Республикасының заңдары,
2. Парламент
пен оның Палаталары өз
3. Парламент
Сенат пен Мәжiлiстiң
4. Республиканың
заңдары, Парламент пен оның
Палаталарының қаулылары
Информация о работе Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері