Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 12:58, реферат

Описание работы

Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

Работа содержит 1 файл

кукык реферат.doc

— 178.50 Кб (Скачать)

1994 жылғы 7 наурызда  өткен сайлау республикада көп  партиялылықтың қалыптасуына ықпал  етті. Сайлауға сайлаушылардың 73,84 проценті қатысты. Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда – 5 үміткер бір депутаттық мандат үшін күресті.

Уақытша регламентке  сәйкес партиялар өкілдіктері негізінде Жоғарғы Кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық Бірлігі Одағы (ҚХБО – 32 адам), Қазақстан Халық Конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам), Социалистік партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ, негізінен кәсіби белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына ықпал ету мүмкіндігін алды.

1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір – 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.

Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тағдыры  өте қиындау болып шықты. Ол өз құқығына билік тармақтарын бөлу тетігі логикалық тұрғыдан аяқталуға  дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы Кеңестің, Президенттің және Үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.

Сонымен бірге  он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Қазақстанда парламентаризмнің  одан әрі дамуына алғышарттар негізін салғанын мойындаған жөн.  Он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Ә. Кекілбаев: «Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы жылдың қоғамдық-саяси өміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне кіретіні шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап көрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа мәртебе иеленген Жоғарғы Кеңес өкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп жатыр».

Он үшінші сайланған  Жоғарғы Кеңес бір жылдан сәл  азырақ жұмыс істеп, заңсыз деп танылды, өйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау соған сәйкес жүргізілген еді.

Ескі және жаңа саяси құрылыстың өзіндік тұрғыда  ымыраға келуінің, ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін  кеңестен кейінгі кеңістікте енгізуге тырысудың көрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.

1995 жылғы 30 тамызда  жүргізілген референдумның нәтижесінде  бұрынғы мемлекеттік құрылыстың  кемшіліктерін жойған Қазақстан  Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. [2.,69б]

Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар  енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық  кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.

1995 жылғы 30 тамызда референдумға  қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа  Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.

Республика Конституциясы  заң шығарушы, атқарушы және сот  тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын  қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін  жай ғана жариялап қойған жоқ –  онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің  нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.

Мемлекеттік билікті бөлудің  принциптері оның бірлігіне қайшы  келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы  Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы»  Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының  Конституциясында Парламенттің  заң шығару функциясын жүзеге  асыратын Республиканың жоғары  өкілді органы болып табылатыны  бекітілген.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық  маңызы бар қаладан және Қазақстан  Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық  маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. 

Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. 

Сенат депутаттарының өкiлеттiк  мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.

1995 жылғы 30 тамызда жалпы  халықтық референдумда қабылданған  Қазақстан Республикасының Конституциясында  «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.  

 

БІРІНШІ САЙЛАНҒАН ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 1996-1999 жылдар 

Бірінші сайланған Парламент  Сенаты мен Мәжілісінің сайлауы 1995 жылғы желтоқсанда өтті.

Сенатқа 40 депутат – 19 облыстан және Қазақстан Республикасының  астанасынан екі-екі адамнан сайланды. Сенаттың жеті депутатын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындады.

Депутаттардың көпшілігі  сайланғанға дейін басшы қызметтерде  істеген, олардың ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық қызмет тәжірибесі, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардағы, кәсіпкерлік, өндірістік және әлеуметтік салалардағы жұмыс тәжірибесі болды. Сенат депутаттарының арасында 4 әйел, 60 жастан асқан 4 адам болды. Барлық депутаттар жоғары білімі бар дипломды мамандар болды. Олардың ішінде 10-ы – заңгерлер, 10-ы – экономистер, 9-ы – инженерлер,  8-і – ауыл шаруашылығы мамандары.

Депутаттық корпустың  құрамында 4 ғылым докторы, 11 ғылым  кандидаты жұмыс істеді. Көптеген депутаттар бұрын заң шығарушы органдарға сайланған еді, олардың арасында Қазақ КСР, КСРО халық депутаттары, кәсіби заң шығару қызметінде тәжірибесі бар, он екінші және он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаттары болды.

1996 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан  Республикасы Парламенті Сенатының  бірінші отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Өмірбек БАЙГЕЛДИ Сенаттың Төрағасы болып сайланды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына, «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық заңның 69-бабына сәйкес және екі жылға сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына орай 1997 жылғы 8 қазанда  Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттарды 4 жылға сайлау өтті. Бес облыстың таратылуына байланысты сайлау Республиканың  14 облысы мен Алматы қаласы бойынша өтті. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына 15 депутат сайланды. Олардың ішінде 11-і бұрын Сенат депутаттары болса, 4-і – алғаш рет сайланды.

Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялануына байланысты 1998 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына Ақмола қаласы бойынша депутаттарды сайлау өтті. Сенат құрамына екі депутат сайланды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің  Мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. 67 депутат сайланды. Мәжіліс сайлауының нәтижелері бойынша ерлер басым-58, әйелдер-9 депутат болды. Палатаның барлық депутаттары жоғары білімді, оның ішінде 7-і ғылым докторы, 10-ы ғылым кандидаты.

Сайланған депутаттардың арасында жергілікті атқару органдарының және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері көбірек болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болды. 4 депутат уақытша жұмыс істемеген. Аграрлық салада – 11 депутат, мәдениет саласында 3 депутат жұмыс істеген. Құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып  әрқайсысында екі-екі депутат қызмет істеген. Бір депутат – заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған.

1996 жылғы 30 қаңтарда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші отырысында Мәжіліс Төрағасы болып Марат Тұрдыбекұлы ОСПАНОВ сайланды.  

 

ЕКІНШІ САЙЛАНҒАН  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 1999-2004 жылдар 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1999 жылғы қыркүйектегі және 2002 жылғы қазандағы сайлауларда Сенат құрамының жартысы қайта сайланды. Қазақстан Республикасының бес облысы таратылуына байланысты екінші сайланған Сенат депутаттары 14 облыстан және Алматы мен Астана қалаларынан сайланды. Таратылған облыстардан сайланған депутаттар өкілеттік мерзімі біткенге дейін жұмыстарын жалғастырды, сондықтан 1999 жылғы желтоқсанға дейін Сенатта 44 депутат жұмыс істеді.

2003 жылы Сенатта  39 депутат болды. Олардың үшеуі  әйел. Барлық депутаттардың жоғары білімі бар, соның ішінде 9 – заңгер, 6 – экономист, 11 – инженер, 7 – ауыл шаруашылығы маманы, 6 – педагог, саясаттанушы, журналист.

4 академик, 6 ғылым  докторы, 3 профессор, 3 ғылым кандидаты  Сенат депутаты болды. Палата  депутаттары көпшілігінің заң шығару, дипломатиялық қызмет тәжірибелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен мекемелеріндегі, өндірістік, әлеуметтік-мәдени және кәсіпкерлік салалардағы басшылық қызметтің тәжірибелері бар.

Көптеген сенаторлар бұрын Жоғарғы Кеңестің және бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланған.

Екінші сайланған  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағалары болып Оралбай  ӘБДІКӘРІМОВ (2004 жылғы 10 наурызда депутаттық өкілеттігі аяқталғанға дейін жұмыс істеді) және Нұртай ӘБІҚАЕВ (2004 жылғы 10 наурыздан бастап) сайланды. 

1999 жылдың күзінде  енгізілген конституциялық өзгерістерге  сәйкес алғаш рет Орталық Азия  өңірінде аралас схема бойынша  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді.

Осындай жаңалықтардың  нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтерде 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді. 

Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір  мандатты округтар бойынша 67 депутат  және біртұтас жалпыұлттық округ  бойынша партиялардан 10 депутат  сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды.

Сайланған 77 депутаттың  8-і - әйел, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында бір академик, жеті доктор және әртүрлі мамандықтары бар жиырма ғылым кандидаты болды.

Депутаттық  корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер  – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылығы ғалымдары мен  мамандары – 8, журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б.

Екінші сайланған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып Жармахан Айтбайұлы ТҰЯҚБАЙ сайланды.  

 

ҮШІНШІ САЙЛАНҒАН  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ: 2004-2007 жылдар 

1999 жылғы қыркүйекте алты жыл мерзімге сайланған 16 сенатордың сайлауы 2005 жылғы тамызда өтті.

Жаңадан сайланған  сенаторларды қосқанда 2005 жылғы желтоқсанда  Парламент Сенатында 39 депутат өз қызметін атқарды. Парламентшілердің  орташа жас мөлшері – 57 жас, 37 ер адам, 2 әйел. Депутаттардың барлығы жоғары білімді, олардың 19-ы екі жоғары оқу орнын бітірген. Депутаттардың қатарында техникалық білімі бар – 13 адам, гуманитарлық білімі бар – 16 адам, заңгерлер – 10 адам болды.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері