Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 17:26, курсовая работа
Ағылшын тілінен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны (ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді.
Ислам шариғатты бойынша өзінің ризашылығы болмаса әйел баласын күштеп күйеуге беруге болмайды. Әйелдің ұлықсатынсыз неке қиылмайды. Оған бәтуа беруге ешкімнің құқы жоқ. Бірақ, ислам әдебі әйелдің күйеуіне бағынышты болуын талап етеді. Өйткені, әйелді асырау мен қаржыландыру күйеуінің мойнына жүктелген. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табу, соғысқа бару, отбасын асырау түгелдей еркекке міндетелген. Ал, күйеуі әйеліне қамқоршы ретінде, оның мінез-құлқы, қарым-қатынасы ислам тәлімдеріне сай болуын қадағалайды.
Құранда: «Олармен (әйелдермен) жақсы қатынаста болыңдар» - деп, бұйырған («Ниса» сүресі, 19-аят). Бұл - исламның әйел затына көрсеткен зор құрметі. Ислам осылай әйел затын барлық ауыртпалықтан құтқарды. Тіпті еш қажеттілік болмаса үйден албаты шығуға болмайды, дейді. Бүгінгі батыс демократиясы бізге түсіндіріп қойғандай, бұл әйелді кемсітушілік емес. Атам қазақ: «Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі» - деп бекер айтпаған ғой. Олар да бірдеме білген де. Егер де қазіргі қоғамымыз ислам әдебін қаламайды деп түсініп, жоғардағы шариғат үкімдерінен бас тартсақ, онда біздің болашағымыз күмәнді болғаны. Не жойылып кетеміз, әйтпегенде, дінсіз қауымға айналамыз. Қазіргі заманда қыз баланы ислам этикасына сай тәрбиелеу өте күрделі дүниеге айналды[5].
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқық берді. Әйелдер еркін дем алып, өзінің қасиетті борышы аналық парыздарын еркін атқаруға мүмкіндік алды. Ислам әйелдерге құрметпен қарауға үндеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы жойды. Кімде-кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, ол жәннатқа кіреді деп есептейді. Мұндай көзқарас әлбетте, әлемде тыныштық пен берекет, бақыт болып, ұрпақтың жалғасуына, адамзаттың өсіп-өркендеуіне игі әсер етті. Құранда ерлер мен әйелдер тек тең құқықты ғана емес, бірін-бірі толықтырып, кемелдендіріп отыратын жаратылыстар. Иманды ерлер мен иманды Әйелдер бірдей мейір-шапағатқа ие болады.
Ислам діні отбасының бұзылмауына ерекше мән береді, шаңырақ шайқалмауын көздейді. Сондыќтан шариғат заңында неке мәселесі ерекше орын алады. Өйткені кішкентай сол отбасынан қоғам құрылады. Отбасы нық, әрі тату болса, қоғамда да жайлы тұрмыс орнайды. Ер мен әйел адамзаттың ұрпақ тарататын негізгі факторы. Олар бір-бірінсіз өмір сүретін болса, ұрпақ жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетіндегі тіршілік жоғалып, өшіп-сөнеді. Рухани тұрғыдан бұл екеуі бір-бірінен ажырағысыз, туысқан. «Ердің де өзіне тән тиісті міндеттері әйелдердің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы тиісті міндеттерін дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, өмір мәні де толық болады»,- делінген Құранда. Яғни, жақсы істер үшін әйел де, ер азамат та бірдей сый алады.
Мұсылмандық дәстүр бойынша әйел «әсем киімдерін тек күйеуіне, әкесіне немесе қайын атасына, ұлдары немесе өгей ұлдарына, інілері мен ағаларына ғана көрсетуіне болады».
Исламда әйел Аллаға қатысты жән жалпы қоғамда маңызды орын алады. Әйел қамқорлық пен күтіп ұстауды қажет ететін бағалы зат ретінде қаралады. Осы мақсатпен оның ар - намысын, сұлулығын қорғаудың бірнеше жолдары көрсетіледі. Ислам әйел мен еркектің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне сай олардың ара жігін көрсетті, және оларға қоғамда белгілі бір рөлдер жүктеді. Бірде Мұхаммед пайғамбар түйеде келе жатқан бірнеше әйелді көрді. Жолшыбай жануарларды өте тез жүргізіп, мұндай сапардың әйелдерге ыңғайсыздық әкелетінін ұмытып кеткен. Сонда пайғамбар: «Сен хрусталь қобдишаларды апара жатсын, олармен абай бол» депті.
Исламда ерлер мен әйелдер қарым – қатынасында тыйылу қарапайымдылық пен тыйылудың белгісі жүрісі – тұрыс пен киімде көрініс алады. Кең таралған пікірге қарамастан, нақ мұсылмандар әйел көзқарасымен санасады және оның дұрыстығын қорлау ретінде қабылдамайды.
Шариғат мұсылман әйеліне қатысты оған тектілігін сақтауды қамтамасыз ететін үлкен қамқорлық көрсетіп, оған жоғарғы орын береді. Шариғатта көрсетілген әйел киімі мен әшекейлерін шектеу арсыздықты болдырмау мақсатын ғана ұстанады. Бұл жоспарда Ислам заңдылықтары әйел еркіндігін мүлдем шектемейді, керісінше оны арсыздықтың өзеніне түсуден сақтайды. Сонымен қатар Ислам әйелді өзгелрдің сұқтанып көз салуынан қорғайды.
Сүйікті пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с): «Ақыретте күйеуі ұрған әйелдің жоқтаушысы мен боламын», «Жұмақ аналарың табынының астында», «Анаңа, анаңа, тағы да анаңа жақсылық жаса, одан кейін әкеңе», «Күйеуіне қиянат жасамайтын, оған қоса намаз оқитын әйелдер сөз жоқ жұмаққа барады» - депті. Міне, ислам әлеміндегі әйелдің орны туралы ғаламның рахым нұры осылай, депті. Бәрімізді дүниеге әкелген аналарымыздың дәрежесі екі дүниеде де биік болсын!