Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 17:26, курсовая работа
Ағылшын тілінен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны (ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді.
Әйелдердің жағдайларын жақсарту жөнінде қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін үкімет құрылымдардың күш – жігерлерін жұмылдыруда ҚР Президентінің жанындағы отбасы мен әйелдер істері жөніндегі Ұлттық Комиссиясы (1998) және 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі іс - әрекеттердің Ұлттық жоспары негізгі құралдар болып табылады. Бұдан басқа, әйелдердің жағдайларын жақсарту жөніндегі мәселелерін шешуге бүкіл қоғамды белсенді қатыстыру үдерісін нығайтады.
Қазақстан Республикасында әйелдердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмыста үкіметтік емес ұйымдар орасан үлкен рөл атақарады. Бүгінгі таңда елімізде 8 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) жұмыс істейді, солардың 150-ге жуығы - әйелдер ұйымы. Сондай – ақ Қазақстандағы әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының одағы да бар. Әйелдердің ҮЕҰ жұмысқа орналасу және кәсіптік бағдарлану, шағын бизнеске қолдау көрсету, құқықтық және заңдық қолдау көрсету орталықтарын құрды. ҮЕҰ әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықпен күрес жүргізу жөніндегі елдегі кризистік орталықтар желісін белсенді түрде дамытуда. 2003 жылы осындай орталықтардың саны 38-ге жетті. Осы орталықтар отбасыларға, әйелдер мен балаларға заңдық және психологиялық көмек көрсетеді.
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Еңбек туралы» Заң азаматтарға кемсітушіліктің кез келген түрінен қорғауды кепілдеуді және еркектер мен әйелдерге мамандық пен жұмыс алуда тең мүмкіндіктер қамтамасыз етуді, халықтың мақсаттық топтарының (кәмілетке жетпеген балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата – аналардың) жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етуді мемлекетке міндеттейді. Қазақстанның еңбек заңнамасында бір жарым жасқа дейінгі баланың күтіміне қосымша демалыс (жалақысы сақталмайтын) тек әйелге ғана (оның өтініші бойынша) беріледі. Қосымша демалыс уақыты аралығында жұмыс орны (лауазымдық қызметі) сақталады. Тек әйелдерге ғана осындай құқық беру осы мәселеде еркектерді кемсіту ғана емес, сонымен бірге ол әйелдердің жұмыспен қамтылу саласы мен еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілеттілігін төмендетеді, өйткені балаға қарау (күтім жасау) (соның ішінде жас балаларға да) ата – ананың екеуінің де құқығы мен міндеті болып табылады[1].
Соңғы жылдарда отбасы және әйелдер істері жөніндегі Президенттің жанындағы Ұлттық комиссияның, оның аймақтық бөлімшелерінің, отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту саласындағы халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың бірлескен жұмысы ұдайы жандана түсуде. Жұмыстың жеделдігін арттыру үшін Ұлттық комиссия электронды желі құрды және ол тиімді жұмыс істеп келеді, желі Комиссияны оның аймақтық бөлімшелерімен және үкіметтік емес ұйымдармен байланыстырып отырады.
Елімізде әйел құқықтарын қорғау мен әйел мәртебесін көтерудің институтционалды тетігі құрылды. Оның жұмысы дұрысталып және жетіліп келеді, ол барған сайын күнделікті тіршіліктің болмыстарын көбірек ескере түсуде. Бірақ гендерлік теңдік идеяларын орнықтыру әлі Қазақстан заңнамасын оған сай жетілдіруді және адамдардың дүниетанымын қалыптастыруды қажет етеді.
Қазіргі таңда гендерлік саясатты іске асыруда скандинав елдері, әсіресе Швеция алға шықты. Онда парламенттің 52 пайызы, үкіметтің 49 пайызы - әйелдер. Қорғаныс министрінің әйел болуы да - гендерліктің саясаттың жетістігі. Ол жерде жұмысқа қабылдау барысында гендерлік баланс қатал сақталады[3].
Сонымен, «Гендерлік саясат қажет пе, жоқ па?» деген сауал арагідік қазақ баспасөзінде көтеріліп қалады. Пікірлер әрқилы болғанымен, біз өркениеттен тыс қала алмаймыз. Қоғам дамуы бұл сұрақтың күн тәртібінен түспейтінін әрдайым еске салып тұрады. Жалпы, қазақ әйелінің тұрмыс халінің жақсарғаны отбасына ғана емес, өзіне де қуат берер. Әрине, әр ұлттың салт – дәстүрі, өз даму ерекшелігі бар. Десек те, заман дамыған сайын тұрмыс та түзелуі тиіс.
Гендерлік сааясатты жүргізу өркениетке бет бұрған кез келген мемлекетте бар. Ал оның мақсаты – ең алдымен, билік орындарында ерлер мен әйелдердің қызметтік алшақтығын болдырмау, әйелдердің қызметте ілгерілеу мен экономикалық салада тепе – теңдігін қамтамасыз ету, аналарды әр түрлі зорлық – зомбылықтан қорғау және тағы да басқа мәселелермен айналысу болып табылады.
2. Гендерлік теңсіздік
Қоғамдық ғылымдарда гендерлік рөлдердің дифференциациясы мен олардың пайда болуын түсіндіретін бірнеше себептер бар:
1. Функционалдық теория. Т. Парсонстың ойынша, мұндай дифференциация жағымды функцияға ие, яғни отбасының қалыпты қызмет етуіне жағымды жағдай жасайды, мұнда әке рөлі – аспаптық (отбасы мен сыртқы әлем арасындағы байланысты, отбасының материалды жағдайын ұстап тұру); ал ана рөлі – экспрессивті (отбасындағы қарым – қатынасты реттеу, қамқорлық және эмоционалды қолдау). Бұл теориядағы әйел рөлі оның бала туу мен оларға қарау мүмкіндігінен туындаған.
2. Конфликті теория. Р.Коллинз гендерлік теңсіздік басты топ (ерлер) және бағынышты топ (әйелдер) арасындағы араздықпен шартталған. Мұндай теңсіздіктің қалыптасуын ол ерлердің әйелдерден үлкенірек және күштірек болуымен, сондықтан оларға сексуалды қысым жасауымен байланыстырады. Оның ойынша, қазіргі уақытта, әйел бағыныштылығының екі факторымен анықталады: 1. материалды бағыныштылықпен; 2. әйелдің алмасу үшін пайдаланылатын жекеменшік ретінде қарау.
3. Неомарксті теория гендерлік теңсіздік түп – тамырын сексуалды таңдау еркіндігіне мүмкіндік бермейтін капитализмнің өзінің құрылымынан көреді. Осы мақсатпен еңбек нарығында әйелдерге төмен жалақылы екінші сектор бөлінеді. Қажет болғанда, әйелді отбасына қайтару ұранымен олардың санын қысқартуға болады.
4. Неопсихоаналитикалық теория. Н. Ходоров гендерлік айырмашылықтар гендерлік идеалдардың және гендерлік идентификациялаудың қалыптасуы нәтижесінде пайда болады деп тұжырымдаған.
5. Феминистік теория:
1. либералды (шектелген) феминизм қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және заңгерлік реформалар негізінде әйелдер мен еркектердің теңдігіне қол жеткізу керек.
2. маркстік (социалистік) феминизм әйелдерді қанау – капиталистік қатынастардың жемісі, әйелдер дискриминациясын жою капиталистік фазаның аяқталуымен байланысты болуы мүмкін.
3. радикалды феминизм әйелдер дискриминациясының себебін қоғамдағы патриархаттың болуы мен бүкіл қазіргі заманғы мәдениеттің андроцетризмінде көрді[2].
Гендерлік айырмашылықты және теңсіздікті түсіндірудің негізгі үш көзқарасы қалыптасқан. Бірінші көзқарасын ұстанушылар биологиялық негізге сүйеніп, еркектер мен әйелдердің мінез – құлқы айырмасын табиғи жаратылысымен түсіндіреді. Яғни гендерлік айырмашылықтарды табиғи мәнді жайттар анықтайтынын ежелгі қауымда еркектер аңшылықпен, ал әйелдер терімшілікпен айналысуын дәлел ретінде алады. Еркектердің соғысқа бейімділігі биологиялық түп тамырымен түсіндіріледі.
Бұл көзқараспен келіспейтіндер еркектердің жаугершілігі мен жаулаушылық деңгейі мәдениеттен мәдениетке қарай өзгеріп тұратынын тілге тиек етеді. «Табиғи айырмашылықтар» теориясын сынаушылардың дәлелі бойынша, бұл тұжырым хайуанаттардың мінез – құлқына сүйеніп қана шығарылған, яғни антропологиялық немесе тарихи мағлұматтарды келтірмейді. Ал оның мәдени негізін айтуға болады. Мысалы, әйелдер бала күтумен айналысқандықтан, олардың аңшылықпен айналысу немесе соғысқа қатысу мүмкіндігі төмен. Соңғы ғасырдан аса уақыттағы зерттеулер әйелдер мен еркектердің мінез – құлқындағы физиологиялық себептерін анықтай алмады. Биологиялық бейімділік арқылы мінез – құлықтың жыныстық айырмашылығын түсіндірушілер әлеуметтік өзара әрекеттесудің ықпалымен санаспайды.
Гендерлік айырмашылықтардың шығуын түсіндіретін екінші көзқарасына гендерлік әлеуметтендіру жатады. Бұл гендерлік рөлдерді әлеуметтік мәнді жағдайлардың ықпалымен үйретілетінін зерттеуді қажет етеді. Нәресте дүниеге келгенде биологиялық жынысты иеленеді, ал әлеуметтендіру әлеуметтік гендерді дамытады. Бірте – бірте өскелең ұрпақ өзінің жынысына сай келеді деген әлеуметтік мөлшерлерді және күтулерді игереді.
Гендерлік айырмашылықтар биологиялық жаратылыспен шарттаспайды, оларды жасайтын мәдениет. Бұл көзқарас бойынша гендірлік теңсіздікті тудыратын себеп, ол – еркектер мен әйелдерді қоғамдағы әр түрлі рөлдерге дайындауы болып табылады.
Функционалистер гендерлік әлеуметтендіруді ұл балалар мен қыздардың «жыныстық рөлдерді» меңгеруі ретінде қарайды. Осы рөлдерге сәйкес еркектер ержүрек болып, ал әйелдер – нәзік болып қалыптасады. Ұл балаға әдетінше айтатын сөздер мынандай: «Ұл бала жыламайды!» деп жұбатады немесе «Сен ондай батылсың!» деп мақтайды, немесе «Сен қыз емессің, қуыршақ ойнайтын!» деп ұрысады. Сондықтан ұлдар мен қыздар өз мінез – құлқын күтілетін жыныстық рөлдерге сәйкестендіруге талпынып өседі. Егер гендерлік әдеттер биологиялық жынысқа сай келмесе, онда бұл ауытқу мінез – құлқы әлеуметтендірудің барабар еместігінен пайда болған.
Ең бастысы, гендерлік бағдарлауды адамдар енжар қабылдамайтынын естен шығармау керек. Адамдар белсенді әрекет етуші күштер ретінде рөлдерді өздері үшін жасайды лайықтайды. Көпетеген зерттеулер көрсеткендей, гендерлік ерекшеліктер – белгілі дәрежеде әлеуметтік ықпал жасаулардың нәтижесі. Қоғам әр түрлі арналар арқылы гендерлік ерекшеліктерге ықпал етеді. Ата – аналар ұлдар мен қыздарға әр түрлі тәрбие береді. Бұл ойыншық, суретпен көркемделген кітаптар мен телебағдарламалар арқылы білінеді. Ертегілер және балаларға арналған кітаптар мен киноларда ерлер белсенді, қауіпті, шытырман оқиғалы кейіпкерлерді ойнаса, әйелдер енжар, күтуші, үйде отыратын болып көрсетіледі.
Гендерлік әлеуметтендірудің пәрмені зор. Гендер тағылғаннан кейін қоғам жеке адамдардан «әйелдер» және «еркектер» ретінде әрекет етуән күтеді. Бұл күтулер күнделікті өмірде іске асырылады және ұдайы өндіріледі.
Кейбір ғалымдар жынысты биологиялық себептелінген ақиқатты да, ал гендер мәдени жетілдірудің нәтижесі екенін де қабылдамайды. Бұл көзқарас бойынша жыныс пен гендерді әлеуметтік ықпалдың өнімі ретінде түсіндіреді. Өйткені адамның денесі әлеуметтік күштердің ықпалында болып, әр түрлі амалдармен қалыптастырылады және өзгереді. Сонымен гендерлік рөлді және гендерлік оқытуды - әлеуметтендіруді ұстанатындар жыныстар арасындағы айырмашылықтардың биологиялық негізі бар екенін мойындайды. Биологиялық айырмашылықтар қаңқасы ретінде қоғамның ықпалы мен мәдени мазмұнмен толықтырылады. Ал жыныс пен гендердің әлеуметтік шарт жасасатынын ұстанатын ғалымдар гендерлік айырмашылықтардың биологиялық негізін жоққа шығарады. Бұлардың пікірінше, гендерлік ерекшеліктер қоғамдағы жыныстық айырмашылықтардың саналы қабылдануынан болады және осы айырмашылықтардың қалыптасуына қолдау көрсетеді. Ежелгі қоғамдарда ержүректікті қалыптастыруға бағыттап, дене күшін қалыптастыратын дамытқан. Ежелгі Грекияда дене сұлулығын дәріптеген. Көшпенділер садақ ату, қылыш пен найзаны, тағы басқа соғысқа жарамды өнерлерді меңгерген. Ал кейбір қоғамдарға әйел – жауынгерлерді – амазонкаларды тәрбиелеген.
Қазіргі қоғамда әйелдер дискриминациясы келесі салаларда орын алады:
1. Отбасы өмірінің саласы:
1) Отбасылы әйелдердің үй жұмысын жүргізуге кететін уақыттың өсуі (әйелдер үй іші жұмыстарына күнделікті – 3 сағат, демалыс күндері – 5-6 сағат, ал еркектер – 1 сағатқа дейін уақыт жұмсайды).
2) Отбасындағы зорлық (әрбір бесінші әйел күйеулерінің тарапынан ұрып – соғуға тап болған).
2. Еңбек саласы:
1) Гендерлік стереотиптің кең таралғандығынан, бәсекелестік күресте әйелдер жиі жеңіліске ұшырайды, яғни бәріне жұмыс жетіспеген жағдайда, алдымен ер адамдар жұмыспен қамтамасыз етіледі;
2) Әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктері тым шектелген;
3) Әйелдердің жұмыспен қамтылуының жалпы құрылымы пирамида формасына ие: қызметтің әлеуметтік статусы қаншалықты өскен сайын, бұл қызметтегі әйелдер саны соншалықты төмендейді;
4) Әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысының 65 %-н құрайды.
3. Әлеуметтік – саяси өмір. БҰҰ-ның даму Бағдарламасының мәліметтеріне сәйкес, әлемдік кірістің 1/10 бөлігін табатын және әлемдік жеке меншіктің 1/100 бөлігіне ие әйелдер болып табылса да, әлемнің ешқандай мемлекетінде әйелдер ерлермен тең құқықтылығымен мақтана алмайды. Орташа алғанда, әйелдер парламенттегі орындардың 13 %-н және компаниялар мен кәсіпорындардың жоғарғы басқару мінберлерінің 14 % - н ғана құрайды.
Осылай, жыныс адамдардың биологиялық ажыратылуының белгісі ретінде әлеуметтік айырмашылықтың елеулі белгісі болып табылады, яғни әлеуметтік кеңістіктегі индивидтің орнын анықтау мен өзін - өзін анықтауының негізі ретінде қаралады.
3. Әйел мәртебесіне исламның ықпалы.
Мұсылман діні келгенге дейін Араб түбегіндегі жұрттар әйел баласын аса қадірлей қоймаған.
Қараңғылық, зұлымдық пен қатігездік билеген қоғамда әйел атаулы қорланып, базарларда бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан - ашық жасалатын. Шөл даланы мекен еткен арабтардың көбісі қыз баласы дүниеге келсе, сұмдық санайтын. Әйелі босанған сәтте нәресте қыз болса, ешкімге тіс жармастан, көрсетпестен тірідей көміп тастайтын немесе терең құдыққа лақтырып жіберетін. Дүниеге келген мезетте өлтіре алмаса, бес-алты жасқа келгeнде әкесі қызын әдемі киіндіріп, қонаққа апаратын кісіше сәндеп ертіп шығатын. Сол бетімен айдалаға апарып, алдын ала дайындалған орға жығып, шырқырағанына қарамастан, көміп тастайтын да ештеңе болмағандай кері оралатын. Өйткені, тайпалардың руаралық қырық пышақ қақтығысына көбіне әйелдер себеп болған. Олардың ар-намысын сақтай алмауынан бүтін тайпаға таңба таңылған. Сондықтан одан сақтанудың жолы қыз туса өлтіріп тастау керек деп түйген. Әрі оны іске асырған. Әрине, бұл сөз жоқ надандық. Ислам әйел затын осыдан құтқарды. Оларды өлтіру асқан қате екенін ұғындырды. Тіпті ата-бабадан бері келе жатқан мұрагерлік құқына әйелдің де үлесі бар екенін нақтылап берді. Жаратушының алдында, ер мен әйел бірдей мәртебеге ие екені дәлелденді. Бұл әдептер - Құран аяттары мен сахих хадистер арқылы бекітілді.