Гендер социологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 17:26, курсовая работа

Описание работы

Ағылшын тілінен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны (ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді.

Работа содержит 1 файл

материал.doc

— 113.00 Кб (Скачать)


16

 

1. «Гендер» ұғымының анықтамасы. Гендірлік теңдіктің қалыптасуы.

Ағылшын тілінен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны (ағыл.gender – тек, грамматикалық ұғым: мысалы орыс тіліндегі женский род, мужской род, средний род) білдіреді. Американдық сөздікте оның тағы бір мағынасын табуға болады, мұнда гендер термині қай топқа, тапқа санатқа жататындығын көрсететін қатынас көрінісі.  Басқаша айтқанда, гендер бір нысан мен бұрыннан белгілі басқа заттың қатынасын білдіреді.

Гендер – тек бойынша жыныстық айырмашылықты көрсететін ұғым. Гендер еркектер мен әйелдердің арасындағы психологиялық, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарды сипаттайды. Әлеуметтік – мәдени сындар әцелдер мен еркектердің рөлдеріндегі айырмашылықтар мен солардың арасындағы қатынастарды білдіреді, бұлар белгілі бір уақытта нақты жағрапиялық орын алатын қоғамда пайда болған. Жыныс түсінігі адамдардың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін анықтайды, солардың негізінде адамдар әйелдер мен еркектер деп бөлінеді. Жыныс пен гендер арасындағы айырмашылықтың табиғаты таза биологиялық емес. Қаншалықты әйелдер мен еркетердің мінез – құлқының айырмашылықтарына гендер мен жыныс әсер ететіні гендерлік зерттеулерде қаралады. Мінез – құлықтың жыныстық ерекшеліктері әлеуметтік – мәдени ортада әр түрлі көрініс табады. Бұл әр мәдениетте өзінше ерекшеліктері арқылы білінеді. Гендерлік қатынастар – даму нәтижесінің, яғни әлеуметтендірудің бейнесі[1].

Егер кең мағынада гендер туралы айтар болсақ, бұл терминге күрделі жүйе енеді, бұл мағынада аталған термин әйелдер мен ерлер мінез-құлқының әр түрлі смпаттамасының, өмір сүру стилі мен ойлауын, нормалары мен өмірлік мақсаттарын және т.б. бейнесінің тұтас жүйесін ашып көрсететін жыныстың әлеуметтік мәдени құрылымын білдіреді.

Гендер тұжырымдамасының негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға бағытталмайды, ол өз жынысының «төбесі мен қабырғасы» шеңберінде жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға бағытталған.

Алғаш рет гендер терминін 1968 жылы Роберт Столлер қолданған болатын. Ол әлеуметтануда sex – биологиялық жыныс пен gender - әлеуметтік жыныс ұғымдарын бөліп көрсетті. Кешірек Лорвер Джуди өзінің «Жыныс әлеуметтік категория ретінде» еңбегінде sex пен гендер ұғымдарын мүмкін 5 түрлі позицияда көрсетеді. Ал гендерлік социлогияның зерттеушілеріне келсек, олар: Гедокян, Сандра Бенг, Экклз, Коннел, Фарелл, Вандер, Купвер,Манн, Мастерс, Джонсон[2].

Тарихқа үңіліп, әйелдердің саяси белсенділігін саралайтын болсақ, әйелдер негізінен білім алуға, сайлауға қатысуға және сайлануға, еңбек етуге және ерлермен тең жалақы алу құқығы үшін күрес жүргізді. Бірақ тек ХХІ ғасырдың басында ғана әйелдер көптеген жетістіктерге жетті: сайлауға қатысуға және ерлермен бірдей экономикалық және әлеуметтік құқықтарға ие болды.

Әйел мәселесі көптеген шетел тарихшылары, философтары мен жазушылары еңбектерінде өз алдына бөлек әңгіме болып есептеледі. Бірақ феминизм идеясы Ш. Фурье, А. Сен-Симон, Ж. ж. Руссо, Ф. Вальтер сияқты француз философ – ағартушыларының еңбектерінде жалғасын тапты. Сондықтан әйел қозғалыстары Ұлы Француз көтерілісі барысында орын алған деуге болады. Осы Францияда әйелдің теңдік үшін күресіне арналған алғаш журнал шыға бастады, әйелдердің көтеріліс клубтары пайда болды. Дегенмен 1791 жылғы конституция әйелдердің сайлау құқығына рұқсат бермеді, Осыған байланысты, сол жылы ұлттық жиналысқа 1789 жылғы «Адам мен азамат құқықтарының Декларациясы» үлгісімен Олимпия де Гут дайындаған «Әйел мен азаматша құқықтарының Декларациясы» ұсынылды. Онда әйелдердің сяси және әлеуметтік теңдігін толық қабылдау шарты мазмұндалды. Бірақ 1793 жылы Конвенттің шешімімен Олимпия де Гут дарға асылды.  

Гендер ойтұжырымы феминизм қозғалысы арқылы дамып қалыптасты. 1792 жылы О. де Гуж «Әйелдердің және азамташаның құқы жөнінде декларация» және Т. фон Гиппель «Әйелдердің азаматтық құқын жақсарту жайында» еңбектеріндегі ойлар, әйелдердің әлеуметтік – экономикалық құқын шектеуге қарсы теория, феминистік және суфражизм қозғалыстарын дамытты. Феминизм - әйелдердің әлеуметтік – экономикалық құқын қорғау үшін күреске, ал суфражизм - әйелдердің сайлау құқын иелену үшін күреске қозғау берді. Феминизмнің бірнеше ағымы бар: 1. Либералды  2.Маркстік  3.Радикалды  4. Социал-демократиялық  5. Постмодерндік.Бұл қозғалыстар әйелдердің саяси қызметке және әлеуметтік теңдік үшін күресін дамытты. АҚШ пен Еуропада ХХ ғасырда бұл заң орындалды. Сондықтан феминизм мен суфражизм қозғалысы әлсіреді. Бірақ екінші дүниежүзілік соғысынан кейін жаңа екпін пайда болды. Американдық зерртеуші Б. Фриденнің еңбегінде әйелдің отбасылық жұмыспен шектелуі қандай заңдылықтар әкелетінін көрсетті. Бұл Батыс Еуропада ер адамдардың үстемдігін орнататын бүкіл әлеуметтік қатынастарды өзгерту қажеттігін алға тартты, яғни жаңа мәдениетті қалыптастыруға шақырды. Тіпті жыныстық қатынастардың саяси салаға қатысы барын және биліктің қалыптасуына ықпал жасайтынын көрсетті[2].

Социологияда гендер мәселесі әр түрлі тұрғыда қарастырылады, жыныстың биологиялық және әлеуметтік санат ретіндегі зерттеу мәніне әсері мәселесіне айрықша назар аударылады. Егер қандай да бір ерекшелікті айқындау мүмкін болса, онда оны гендерлік топтар арасындағы айырмашылықтардың нәтижесі деп санайды. Егер ерекшеліктер табылмаса, ерлер мен әйелдер арасында түбірлі айырмашылықтар болатындығы туралы жалпы көзқарасты өзгертпегенімен, жыныс гендердің аталған айнымалыға әсер етпейтіндігі туралы тұжырым жасауға болады.

Атап айтқанда, «жыныстың стратегиялық жүйесін» біздің кім әйел ме немесе еркек пе, қыз ба немесе ұл ма болуымызды –гендер нұсқап көрсетеді. Адамдар әйел немесе еркек жынысында туғаннан кейін, әйелдер енжар, ал еркектер белсенді рольдерге бөлінген күрделі жүйеге тап болады. Сонымен сатылық  қатынас негізінде белсендінің (еркек) мәні әрқашан енжаржан (әйел) жоғары тұрады (С.Де Бовуар). Социумде еркектің әлемі – бар әлем, әйелдің әлемі – үй деген мағынадағы, патриархаттық парадигма қалыптасқан (грек. Paradeigma – мысал, үлгі, модель).

Гендер түсінігін дүниеге әкелген әлеуметтік ақиқат шындық. Әйел мен еркектің табиғи айырмашылығы болғандықтан, оларға жынысына қарай әр түрлі әлеуметтік рөлдер мен ерекшеліктерді бөлетін болған. Гендерлік айырмашылықтар бейтарап қалмайды, сондықтан әлеуметтік жіктелуге әсер етеді. Барлық қоғамдарда әйелдер еркектерден өзінің әлеуметтік жағдайы бойынша төменірек орын алады. Барлық мәдениеттерде әйел баланы тәрбиелеуге және үй жұмысын жүргізуге жауапты, ал еркектер отбасын материалды қамтамасыз етуге тиісті екені жүктеледі.

Гендерлік теңдік дегеніміз ол – екі жақты теңдікті көздейді. Яғни, бұл ер мен әйелдің теңдігі. Ер мен әйелдің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері. Ешкім де ешкімге басымдық көрсетпейді, барлық адам тең құқылы.

Гендерлік теңдік ол әлеуметтік қызметтерді орындау кезінде жыныстық тегіне қарамастан, ер адамдар әйелдердің қорлар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуін білдіреді. Ал ақиқат шындықта ерлер мен әйелдердің іс жүзіндегі тең құқылығына қол жеткізу іске асырылуының тетіктерінің тиімділігі төмен. Бұл билік пен өмірдің барлық жағдайларында орын алатын құндылықтардың мәселесіне жатады. Егер жеке және қоғамдық өмірдің таптаурындары., дәстүрлері мен құрылымы кемсітушілікке негізделетін болса, онда оларды түбегейлі зерттеу және қайта қарау керек. Әйелдер мен еркектер бірдей мүмкіндіктерді, құқықтар мен еркіндікті еншілейтін қоғам құру үшін қажетті пікір – таластар мен зерттеулерді жүргізу талаптары бүгін күн тәртібіне қойылды.

Қазақстанда демократияландыру, саяси және экономикалық түбегейлі өзгерістер қоғамдағы әйелдердің орны мен рөлін түсіну ұғымын өзгертті. Қазіргі қоғамда өмірдің және қызметтің барлық салаларында әйелдер мен еркектерге тең құқықтар қамтамасыз ету, отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, гендерлік теңдікке қатысты ХХІ ғасыр дамуының мақсаттарын орындау мәселелері басты міндеттерге айналып отыр.

Қазақстан Республикасында ілгері дамыған елдер қатарында тарихи қалыптасқан ерлердің әйелдерден басым болу жағдайын өзгертуге бағытталған саясат жүргізіліп, біршама ілгерілеуі байқалады. Әйелдердің жағдайы жөніндегі IV Бүкілдүниежүзілік конференцияның (Пекин, 1995 жыл) іс – қимыл тұғырнамасын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық іс – қимылдар жоспары» қабылданды. Әйелдердің қоғамдық саяси - өмірдегі белсенділігі мен рөлін арттыру үшін мүмкіндіктер жасау және пәрменді тетіктер дайындауда ұзақ мерзімге бағытталып, 12 басымдылықты қамтыған бұл жоспардың маңызы зор болды.

1998 жылы Қазақстан «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрін жою туралы» БҰҰ конвенциясына кірді және оның факультативтік хаттамасын бекітті. Осы конвенция шараларының орындалуы жөнінде еліміз есеп беріп отырады. Сонымен бірге «Әйелдердің саяси құқықтары туралы» және «Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы» конвенцияларды, Халықаралық еңбек ұйымының «Әйелдер мен еркектерді бірдей бағадағы еңбекте тең марапаттау туралы» конвенциясында бекітті. 2003 жылы «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасы», ал 2005 жылы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» қабылданды. Яғни елімізде әйелдер мәселесіне құқықтық негіз жасалған.

Тәуелсіздік жылдар арасында Қазақстанда әйелдердің құқықтарын қорғау және олардың мәртебесін көтеру жөніндегі институттық тетіктердің тұтас жүйесі қалыптасты. Осы үрдіс ұдайы дами және жетілдіріле түсуде, ал олардың тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы қызметі барған сайын пәрменділігі мен тиімділігін арттыруда.

Қазақстанда іс - әрекеттердің Пекин тұғырнамасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайларын жақсартуды көздейтін мемлекеттік саясат тұжырымдамасы әзірленді және мақұлданды. 2005 жылы қабылданған тұжырымдамада – «Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясының» жалпы саясаты мен басым бағыттары белгіленді, олар тең құқықтар мен еркіндіктер қағидаларын іске асыруды, ҚР Конституциясына, Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сәйкес әйелдер мен еркектер үшін тең мүмкіндіктер жасауды мақсат тұтады. Қазақстан, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс - әрекеттердің Ұлттық жоспарын бекітті, жоспар 12 басымдықты және 105 нақты бағдарламалар мен негізгі іс-шараларды қамтиды. Осы басымдықтар іс - әрекеттің негізгі төрт бағытына топтастырылған: 1. Әйелдердің елдің қоғамдық – саяси өміріне белсенді қатысуы; 2. Әйелдерді экономикалық тұрғыда ілгерілету; 3. Әйелдердің денсаулығын жақсарту; 4. Әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықпен күрес жүргізу.

БҰҰ – ның «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» Комитеттің ұсыныстарын іске асыру мақсаттарында өмірдің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мәселелерінде кешенді саясат пен институттық тәсіл жасау бойынша Қазақстанда гендерлік саясат іске асырылып келеді. Гендерлік саясат  - қоғамдық өмірдің барлық салаларында жыныстар теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. «Ол еліміздегі гендірлік саясаттың негізгі бағыттарын – ерлер мен әйелдердің билік құрылымдарына теңгерімді қатысуына қол жеткізуді, әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі, өз бизнесін дамытуы мен мансап жолында ілгерілеуі үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді, отбасындағы құқықтар мен міндеттердің тең жүзеге асырылуы үшін жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық – зомбылықтан азат болуды айқындады»[4].

Іс - әрекеттердің Пекин тұғырнамасының талаптарына сәйкес, мемлекеттік Стратегияда шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30%-дық өкілдігіне қол жеткізу міндеті қойылды.

Мемлекеттік саяси қызметшілер арасында әйелдер саны 2000 жылғы 8,8 %-дан 2005 жылғы 11 %-ға дейін өскен. Жалпы мемлекеттік қызметте 49,7 мың әйел жұмыс істеген, бұл барлық қызметкерлердің 54 %-дан 57,3 %-ға өскенін көрсетеді.

Жалпы білім жүйесіне гендерлік білім беруді ендіру, мемлекеттік қызметкерлерді, Парламент және маслихат депутаттарын сот органдары мен барлық деңгейдегі басшыларды гендерлік оқыту – ағарту көзделіп отыр. «Еркектер мен әйелдердің тең құқықтары және тең мүмкіндіктері туралы» заң қабылданды.

Экономика саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін стратегия әйелдер арасындағы кәсіпкерлік пен өздігінен жұмыспен қамтылуларын одан әрі дамытуды, халықты, әсіресе әйелдердің өздерін белсенді көрсеткен іс - әрекеттерде шағын несиелеуді ұлғайтуды қарастырады.

Әдетте әйелдер дәстүрлі еңбек ететін экономиканың «жұмсақ» салаларын дамыту бағдарламасы әзірленеді. Техникалық мамандықтарға бойжеткен қыздар мен әйелдер көбірек оқытылатын болады, өйткені мұнай – газ, металлургия және сол сияқты ақы көп төленетін салаларда көп жаңа жұмыс орындары ашылады.

Әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыру үшін мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік және жеке мекемелерін дамыту ынталандырылады, еркектерді бала күтіміне тарту механизмдері әзірленеді. Кәмелетке толмаған үш және одан көп балалы ата – аналар үшін салынатын табыс салығы бойынша 50 %-дық жеңілдіктер енгізу және салықтан жалғызілікті ата – аналарды толық босату белгіленіп отыр.

2006 жылы отбасындағы зорлықты қылмыстық іс есебінде қарайтын тұрмыстық зорлық туралы заң қабылданды. Трафик құрбандарын, соның ішнде трафикшілерге қарсы айғақтар беретіндерді қорғау мәселелері жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізіледі.

Гендерлік теңдік стратегиясы білім жүйесіне тиісті бағдарламалар енгізу арқылы балалар мен жастарды зорлық жасамайтын мінез – құлыққа оқып – үйретуді көздейді.

Мемлекеттердің гендерлік саясат қалыптастырудағы халықаралық тәжірибесі ерекше назар аудартады. Есептің мемлекеттік құрылымдар, қоғамық ұйымдар мен саяси партиялар үшін пайдасын тигізетіні сөзсіз, ол біздің елімізде гендерлік теңдікке қол жеткізуге септігін тигізеді.

Балаларды жынысына қарамастан жалпыға бірей бастауыш мектеп білімімен қамтамасыз ету бойынша ел өз міндетін орындады. Жалпы Қазақстанда бүгінгі таңда жалпы білім алу мүмкіндігі гендерлік проблематикамен емес, ал мектептердің аймақтық және аумақтық мүмкіндігі, кедейшілік және халықтың төмен деңгейі тұрмыс жағдайлары проблемаларымен анықталады.

Информация о работе Гендер социологиясы