Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:26, курсовая работа

Описание работы

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.

Работа содержит 1 файл

AKO.docx

— 61.00 Кб (Скачать)

       Дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi 
      Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және
:  
      1) барлық азаматтар үшiн дене тәрбиесімен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;

       2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;

       3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;

       4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;

       5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану;

       6) дене шынықтырумен жаппай айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық спортқа тең құрмет көрсету;

       7) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы;

       8) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;

       9) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау;

       10) халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;

       11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;

       12) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады./3/ 
 
 

       2.3. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ - САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯСЫ 

       Адамзат баласының дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Елімізде халық денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі.

       Табиғи  қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед  тебу, акробатика өмірге қажетті дағды  және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардың денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

       Дене  тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт  ерекше орын алады.

       Дене  тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда  талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен  дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі./8/

       Жеке  тұлғаның өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді./7/

         Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты  жарты ғасырға басып озған  жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.

       Оның  дене тәрбиесін дамытудағы ұсынған нұсқаулары:

       •  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет  табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;

       •  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше  рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;

       •  арақ ішпе, темекі тартпа;

       •  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;

       •  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме  және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;

       •  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;

       •  бойыңдағы жаман қылықтардан  арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;

       •  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен  көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;

       •  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;

       •  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;

       •  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;

       •  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге  ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік  бол".

       Бұл қағида адамның рухани жағынан тазарып, дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.Қоғамның болашағына тәрбие беруде дене тәрбиесі зор маңызға ие.

         Дене тәрбиесінің жалпы қағидасы  - адамның денсаулығын сақтау мен нығайту тәсілдерін үйрете отырып, оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады. Балалар мен жасөспірімдер денсаулықтарының нашарлануына, олардың тазалық мәдениетінің төмендеуі, қарапайым гигиеналық дағдыларды ұстана білмеу, өз денсаулығына жауапсыздықпен қарауы негізгі себеп болып табылады./5/

       Қоғам мүшелерінің денсаулығын нығайту мен сақтауға, рухани – адамгершілік деңгейін көтеруде, әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандардың, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жақсы жетістіктер мен нәтижелерге жету үшін балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық білім беру мен тәрбиелеуді нығайтып, салауатты өмір салты аспектілерін енгізу қажет. Бұл балаларға белгілі бір деңгейде денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды, дәрігерлік – гигиеналық білімнің дамуын қамтамассыз етіп, аурулардың алдын алуды,зақымданудан, организмнің улануынан, сезім мүшелерінің қызметінің нашарлануынан, әртүрлі жұқпалы және созылмалы аурулардан сақтануды, зиянды заттарға қарсы тұруды және т.б. үйретеді./14/ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

       «Дене тәрбиесі  - денсаулық кепілі», «тәні  саудың - жаны сау» деп халқымыз бекер  айтпаған. Сондықтан дене тәрбиесі мен спорт халықтың денсаулығын  нығайту рухани және шынықтыру мен  тәрбиелеу салауатты өмір салтын қалыптастыруда ең қажетті тәсілдердің  бірі деп айтсам, қателеспейтін шығармын. Біз басқа салаларды ең маңызды  мәселе деп айтамыз да, кейде осы  дене тәрбиесі , спорт мәселелері сыртқары қалып қояды. Сондықтан еңселі ел боламыз десек, дене тәрбиесі , спорт  мәселесін де назардан тыс қалдыруға  болмайды.

       Спорт және дене тәрбиесіне шын мәнінде халықтық сипат беру, ол үшін тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет.

     Дене  шынықтыру мен спортты дамытудың  негізгі проблемалары – ол материалдық–техникалық базаның нашарлығы, әсіресе спорттың қысқы түрлері бойынша, перспективалы  жаттықтырушылардың жоқтығы, халықты  дене шынықтырумен және спортпен қамту  деңгейінің төмендігі.

     Дене  тәрбиесі және спортты дамыту үшін ең алдымен қаржыландыру мәселесінің  маңызы ерекше екендігін айтуымыз керек. 2007-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасында  дене тәрбиесі және спортты дамытуға арналған Мемлеттік бағдарламасында, халық арасында дене тәрбиесі мен  спорт саласын дамыту және оны  қаржыландыру пункттер бойынша нақтылы  көрсетіліп, Ұлттық спорт түрлерін өзіндік дене жаттығулары мен  халық ойындарын дамыту мәселесіне ерекше назар аудару және оларды халықтың дене шынықтыру мен спортпен белсенді түрде шұғылдануға тартуды пайдалану  қажет керек екендегі, аса мағыналы көрсетілген. Егер ұлттық ойындарды жандандырып, күнделікті оқу процесіне, дене тәрбиесі жаттығуларының қатарына қосатын болсақ, дене жаттығуларының толыққанды жұмыс істеуіне ықпал етер еді. Этностың ерекшелігін ескеретін этнопедагогикалық дене тәрбиесі болмай, ұлттың дене тәрбиесі қалыптаспайды.

       Қазіргі заман талабына сай фитнес клубтар  мен жаттықтыру залдарының бағасын  кез келген адамның қалтасы көтере бермейді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегендей, ауырмаудың бір  жолы денешынықтыру екені рас. Алайда халқымыздың өз бетімен спортпен айналысып, денелерін шынықтыруына, денсаулығы мықты болуы үшін спортты  жанына серік етуіне мүмкіндік бере алмай отырмыз. Осы орайда мемлекетіміз халықтың әр тобына арналған қаланың  әр бөлігінде жаттығу залдарын ашып қойса, әлдеқайда пайдалы болар  еді. Бұл халықтың салауатты өмір салтын ұстануына үлкен көмек  болары сөзсіз. Мемлекетіміз осындай  салауаттылықты насихаттайтын орындардың халыққа қолжетімділігін арттырса екен. Яғни медицина мен бұқаралық  дене тәрбиесінің арасын жақындатқан  жөн.

       Қазақстан халқының денсаулығын сауықтыруда, шынықтыруда, еліміздің экономикасын пәрменді көтеруде дене тәрбиесінің  үлесі мол екені анық.

       Барша халықтың он екі мүшесі сау болса, қалған жағдайды қолдан жасауға болатынын  ұғынғандар тірлігінің мән-маңызын  салауаттылыққа негіздейтіні анық. Қуатты мемлекет болу үшін тұрғындарға салауаттылық кажет.

       Адами капиталдың сапасын арттыру мақсатында медициналық көмек көрсетуді жақсарту және салауатты өмір салтын ұстануды уәждеме қалыптастыруға бағытталған азаматтардың денсаулығын нығайтудың саясаты жүргізіледі.

       Салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат сияқты, халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болуы керек. Бұл темекі тарту, алкогольді теріс пайдалану, стресс, дене қимылы белсенділігінің төмен болуы, дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын аурулармен сырқаттану деңгейін қысқартуға мүмкіндік береді. Адамның зиянды дағдыларына қарсы күрестің тиімді тәсілдерінің бірі елдегі бұқаралық дене тәрбиесі-спорт қозғалысын дамыту болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 

  1. Н.Ә. Назарбаев  «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы
  2. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
  3. Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы
  4. Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
  5. Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
  6. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
  7. Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,

1994.

7.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.

8.Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың іскерлік қабілетін дамыту.          //Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. - Көкшетау, 2008. –Б. 79-81. (Авторлық бірлестікте: Бисейтов М.).

  1. . Болашақ мұғалімдердің дене мәдениеті мен спорт құралдары арқылы кәсіби маңызды психологиялық қасиеттерді қалыптастыру. //Қазақстан кәсіпкері. №4(59). - Алматы, 2008. –Б. 26-28
  2. . Дене тәрбиесінің әрекет қабілеттілігі және көндігуі. //Білім-Образование. №6 (24). – Алматы, 2005. –Б. 33-35.
  3. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33-34.
  4. Дене тәрбиесінің бағыттылығы. //Қазақстан мектебі. № 9-10. – Алматы, 2005. –Б. 12-13.
  5. Дене тәрбиесі ұғымының мәні. //Қазақстан мектебі. № 2. – Алматы, 2006. –Б. 14-15
  6. Салауатты өмір салтын тәрбиелеудегі оқушылардың жас  ерекшеліктерін ескеру мәселе. // Бастауыш мектеп. 2006. № 12. 48-50б.
  7. Оқушылардың әлеуметтік жат әдеттерін ескерту бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру // Білім – Образования. 2007. №5 (35), 46-47 б.

Информация о работе Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы