Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:26, курсовая работа

Описание работы

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.

Работа содержит 1 файл

AKO.docx

— 61.00 Кб (Скачать)

       КІРІСПЕ  

   Курстық жұмысымның өзектілігі. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

       Курстық жұмысымның мақсаты. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Бүгінде елімізде адам үшін осыншама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Әсіресе, соңғы 10 жылдың бедерінде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған дене тәрбиесі мен спорт сияқты салаларды дамытуға қолда бар жағдайдың бәрі жасалып жатқанын атап өтпесе болмайды. Бұған дәлел ретінде еліміздің әр түкпірінде көптеп салынып жатқан спорт нысандарын, күнделікті өмірде халықтың салауатты өмір салтына ден қойып отырғанын айтуға болады. Бірақ кей кезде істелініп жатқан жұмыс­тардың көзге көрінбейтіні де жасырын емес. Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда  маңызды рөл атқарады.

       Курстық жұмысымның міндеттері. Осы аталған шараларды іске асыру ын қадағалау, оларды саралау.Дене тәрбиесінің қоғамдағы әсерін негіздеу және барлау.

       Курстық жұмысымның құрылымы. кіріспе, негізгі бөлім,қорытынды бөлім,сілтеме және қолданылған әдебиеттерден тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ  ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЯСЫ  
 

    1. ДЕНЕ  ТӘРБИЕСІНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
 

       Біздің  ата-бабаларымыз “Денсаулық – ең басты байлық” деп айтқан. Бұл қазіргі технологиялық даму кезеңінде де өзінің маңыздылығын жойған емес. Біз, қазақтар ежелден бері басқа халықтарға қарағанда жерге, далаға, таза ауаға жақын болып өскен халықпыз. Ғалымдар осылардың адамның денсаулығына қаншалықты күш-қуат беретінін бұрыннан дәлелдеп келеді. Осындай жерді қадір тұтатын, салауатты өмір салтын ұстанған халықтың ұрпағымыз. Қазір өкінішке орай, көпшілік технологиялық дамудан қалыспау үшін дене тәрбиесімен айналысудың орнына интеллектуалды жағынан жетілуді көбірек ойлайтын қалалық жерлерде өмір сүруде. Әрине, адамның интеллектуалды болуы да керек, бірақ дене тәрбиесін де ешқашан ұмытпаған жөн.  Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеді. Президент Жолдауларында дені сау ұлтты қалыптасыру үшін Туризм және спорт министрлігіне бірқатар міндеттер қойған болатын.

    Дені  сау адам  - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы  ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті  елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты  тірек.

    Дене  тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің  бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен саулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайданалатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын адамды айтамыз./13/

          Біздің елімізде кәсіподақтар  бірыңғай ерікті дене шынықтыру  – спорт қоғамдары құрылған. Оның  негізгі міндеттерінің бірі балалар  мен жеткіншектердің арасында  дене шынықтыру – сауықтыру  және спорт  жұмыстарын ұйымдастыру  болып табылады, өйткені дене  тәрбиесінің негізгі балалық  және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене  жаттығуларымен айналасу қажеттілігі  қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер  жинақталады, спортқа қызушылық  қалыптасады.

       Дене  жаттығулары, сылап - сипау, қозғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру, шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары  болып табылады.

       Айтылған  құралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды  сауықтыру мәнге ие. Бұл:

  • Біріншіден дене жаттығуларынын арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі, мықты және шыныққан адам сирек ауырады.
  • Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталанадырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқанттауға қарсылық артады.
  • Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себептер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналасу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды.

       Дене  тәрбиесімен шұғылдану кезінде  жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері  мен мүмкіндіктерін есепке алынуы керектігі  есте болғаны жөн.Басты талаптардың  бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың  жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттылуын, әр түрлі құралдар мен формуларды кешенді түрде пайдалану.

       Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру  жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға   алдын алушылық білімі   кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы,  сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық  және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады. 
 
 

    1. ДЕНЕ  ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ
 
 

       Дене  тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі  заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.

       Дене  тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл  бағыттарды дер кезінде меңгере  отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға  белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы  артуда.

       Дене  тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа  білім мен тәрбие беру саласының  бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды  адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке  дайындауға қызмет етеді.

       Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы  маңызды сипатқа  ие. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша,  біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын./1/

       Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің  бірі – дене тәрбиесі арқылы салауатты  өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған  байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы»  атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан  Республикасының үздіксіз білім  беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты  сақтау» бағдарламалары. Бұл құжаттардағы  негізгі мәселенің бірі –дене  тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі. Сондықтан  да болашақ мұғалімдерге қойылатын  жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап  отыр. Бұған себеп қазіргі кезде  жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан  тыс қалмауы қажет.

       Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.

       Дене  тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің  қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға  байланысты пайда болатынын анықтауға  болады:

       - дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;

       - әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;

       - үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;

       - дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген тұжырымдамалар;

       - дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін дамыту жөніндегі мемлекеттік сұраныстар. 

       Дене  тәрбиесінің адам әрекетінің сан  – қилы сипатымен, өзіне тән ой-сана мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары мен өзара ықпалдастықта дамитын  ерекшеліктері, әдістері мен өзіндік  тарихы қалыптасқан. Нәтижесінде дене тәрбиесі теориясы ғылым ретінде  қалыптасып, мәні мен мазмұнын анықтауға  мүмкіндік береді (Сурет 1). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-Cурет. Дене тәрбиесінің теориясы

       Дене  мәдениеті – адамның тұтастай  өмір сүру салты мен мінез-құлқын анықтайтын фактор.

       Бұл қағида дене тәрбиесінің сауықтыру  құндылықтарын толыққанды меңгеру - оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын  іздестіруді қажет етеді деген  тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

       Денсаулықты қалыптастырушы құндылықтарды меңгеру  тек жеке тұлғаның дене тәрбиесі қоғам ортасыныа, адам өміріне жүйелі түрде белсенді  кірістірілуі жағдайында ғана мүмкін.

       Әр  отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қай отбасында болмасын аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. /6/

       Жер бетіндегі халықтың қай қайсысы  да еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Ал дене тәрбиесінің деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс - әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді.

Информация о работе Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы