Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:26, курсовая работа

Описание работы

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.

Работа содержит 1 файл

AKO.docx

— 61.00 Кб (Скачать)

       Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен  кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға  пайдалы , өнімді еңбекке тікелей  қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың  негізгі көзі болып табылады. Көптеген халық қағидаында  баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Міне , осының түбінде дене тәрбиесінің ықпалы тұр./4/

      Дене шынықтыру бағытындағы мақсаты дене саулығы және тән сұлулығы тәрбиесі міндеттерінен туындайды. Олар:

  1. Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дұрыс өсуіне көмектесу;
  2. Спорт - дене тәрбиесі білімдерін меңгерту;
  3. Қозғалыс дағдылары мен біліктерін дамыту;
  4. Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т.б.);
  5. Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу (ерлік, тұрақ-тылық, тәртіп, ұжымшылдық);
  6. Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру (дене түзулігі, жүріс-тұрыс мәдениеті);
  7. Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру;
  8. Гигиеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру.

      Дене  тәрбиесі бағытындағы тәрбиелік істер жан-жақтылығы алға қойылған міндеттерді адамгершілік, ой-сана, эстетика, еңбек тәрбие түрлерімен бірге шешуге көмектеседі./12/

      Бұл бағыттағы тәрбиелік істердің көп тараған түрі - сабақ алдында мектептегі еңбек күнін бастайтын дене машықтары.

      Тәрбиелік істер дене тәрбиесі бағытындағы дене шынықтыру сәттері, шаршағанда сергітуші бұл бірнеше жаттығулар да маңызды келеді. 
 

    1. ДЕНЕ  ТӘРБИЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ  БІЛІМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ІС –  ӘРЕКЕТІ
 
 

       Дене тәрбиесі білімінің маңыздылығымен анықталатын, жалпы орта білім берудегі және жоғары мектепте мұғалімдерді дайындауда дене тәрбиесі білімінің рөлі мен үлесін, онымен қоса орта мектепте дене тәрбиесін берудің жаңа мақсаттарын және дене тәрбиесінің мазмұндық меңгерудің объективті қиындықтарын ескере отырып, дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындауды жеке мәселе ретінде тек тәжірибелік қана емес, теориялық тұрғыдан да талданып отыр. Түрлі әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудағы негізгі ұғымдарды анықтап, оларға берілген анықтамаларды нақтылап, жаңа түсініктер мен ұғымдардың пайда болуына негіз болды.

       Қоғамдағы негізгі өзектілік  дене тәрбиесі мамандарын дайындау жүйесін және оны психлогиялық-педагогикалық білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты ретінде дене тәрбиесі үрдісін жүзеге асырудың және түрлендірудің жолдарын түсіндіретін және көрсететін білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.

       Дене  тәрбиесін жүзеге асыруды сабақтастыру, дене тәрбиесі әдістемесін қоғам мүшелеріне үйрету жүзеге асырылуы тиіс. Бұл дене тәрбиесі мазмұны бойынша білім беруді жүзеге асыруда дұрыс меңгеруге ықпал жасайтын дене тәрбиесі әдістері мен технологияларына, оларды логикалық түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін көрсетеді.

       М.Я. Виленский пікірі бойынша, оқушылардың  жеке тұлғалық дене мәдениеті –  бұл жеке тұлғаның физикалық дамуы  мен білімінің деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің әр түрлі формалары  мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын  сапалық, жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш бірліктен тұрады.:

       - құндылық бірлік - жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын, қызығушылығын білдіреді;

       - нақты қызметтік бірлік - жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті мен дағдысын анықтайтын физикалық мінсіздік болып табылады;

       - тәжірибелік - іс-әрекеттік бірлік, дене тәрбиесі-спорттық белсенділік өрісінен кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық, нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).

       Дене  тәрбиесі маманынан сабақ алатын тұлғалар үшін құндылық бағытын қалыптастыру үдерісінің тетігін сызба түрінде төмендегідей етіп көрсетуге болады. Жеке     тұлға    қабылдайтын      құндылық бағыттары сананың ерекше арналары арқылы өтіп, «маңызды» немесе «жеке тұлғалық мән» деңгейімен топтастырылады. Одан әрі қоғам мүшелері нақты өмірі мен тәжірибесі жағдайында шыңдалады, олар бекітілген және бекітілмеген, өз іс-әрекеттері мен тәртіптерінің шын мәнінде басқара алатыны және санада сақталып, қажетті жағдайда талап еткен жағдайда ғана көрінетін дағдылар болып бөлінеді.

       Құндылық  бағыттары жеке іс-тәжірибеден өтіп, жеке тұлғаның шынайы мінез-құлық құндылығына  айналған жағдайда, қалыптасу үдерісін аяқталды деп есептеуге болады/9/(Сурет 3).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2- сурет 

      ІІ  ТАРАУ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ  ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

      2.1. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРМЕН КҮРЕСУДЕГІ  ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ РӨЛІ  

      Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.

      Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан  оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар  жасалуы қажет. Демек, әр адамның  өзінің де, өзгелердің де денсаулығы үшін қоғам алдында моральдық жағынан  жауапты. Денсаулықтың жоқтығы адамның  ойлаған ойын жүзеге асыруға кедергі  жасайды, әсіресі жастардың жалындаған күш-қайраты мен қтялына кедергі  болады.

      Денсаулық – Жаратқанның адамға берген сыйы. Алайда, соны кез келген дені сау адам түсіне бермейді. Оның қадірін тек ауырғанда немесе бір кембағал жанды көргенде ғана білеміз. Аяқ-қолынан айрылған мүгедек жанның өмірден баз кешпей, он екі мүшесі сау адамның қолынан келе қоймайтын шаруаны тындырып, қоғамға қажетті үлкен іс атқарғанына қалай таң қалмайсың?! 

      Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дене тәрбиесін басты жолға қойылып , осы дене тәрбиесі арқылы кембағал жандардың жандарын жадыратып жүруі – дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлін айшықтай түседі .

      Елдің атын шығарып, туымызды көк жүзінде қалықтатуда бірден бір себепкер әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстар екені белгілі. Осындай байрақты бәсекелерде барын салып, ел мерейін көтеріп жүретін саңлақтарымыз да аз емес. Олар жайында насихат та хал-қадерінше жасалып келеді. Алайда, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы дүбірлі додаларда топ жарған спортшыларымыз жайында жазуда көбіне атүсті өтіп кетіп жатамыз. Мүгедек жандардың спорттық жарыстардан алған қандай да бір жетістіктерін жалпақ жұртқа жақсылап жеткізу олардың өмірге деген құлшыныстарын арттыра түсуге төте жол болмақ.

      Дене тәрбиесінің бұл жолдағы мақсаты - мүгедектерді шығармашылық және қоғамдық қалпына келтіру және ынталандыру. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен тығыз байланыс орнатуы олардың еркіндігі мен белсенділігін арттырып, әлеуметтік кедергілерді жояды.

      Дене тәрбиесінің қоғамдағы айрықша маңыздылығын танытатын тағы бір мәселе – қазіргі заман індетіне айналған зиянды әрекеттермен күресуі. Арақ, темекі,есіртікі сынды замана тажалдарының алдын алу жолында басты қару – дене тәрбиесінің басты құрамдас бөлігі – спорт болып табылады./11/

     Әрбір ұлттың болашағы оның білімді, іскер, талантты да мәдениетті, дені сау, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі жастарының қолында екені анық. Ал, жастарының денсаулығы нашар, зиянды әдеттерге әуес мемлекет - қашанда әлсіз, қорғансыз болмақ. Сонымен қатар мемлекет беделі тек қана қуатты экономика емес, әлем чемпионаттарында және басқа да жарыстардағы ірі спорттық табыстармен ерекшеленеді. Сондықтан да салауатты өмір салтын еліміздің болашағы жастарымыз арасында насихаттау бүгінгі күннің басты талабы екені баршамызға аян.

      Жер бетіндегі адамдардың гигиенасы мен физиологиясын дамытудағы дене тәрбиесінің мақсаты – қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткіштеріне жету. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. /10/

      Көрсетілген мақсатқа жету үшін  дене тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді, жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.

Бұл негіздегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттеріне жатады:

    • Денсаулықты нығайту;
    • Функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімінің дамуының үйлесімділігін жетілдіру;
    • Қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшықет күшін дамыту;
    • Гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу;
 
 
 

     2.2. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ  ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫДЫЛЫҒЫН  АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН  МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР  МЕН ІС ШАРАЛАР 
 

     Халқымыз  ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау  болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда.Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің  стратегиялық басым бағыттарының бірі.

     Республика Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы жолдауында «Салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат сияқты, халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болуы керек.  2020 жылға жаппай спортқа қазақстандықтардың 30% қамту, ана мен бала өлім- жітімін екі есеге азайту, жалпы өлім-жітімді 30% және туберкулезбен ауыруды 20% төмендету қажет. Бұл ретте халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін ұлғайту қажет. Бұл маңызды мақсат» деп,/2/ салауатты өмір салтын ұстанудың халық үшін маңыздылығын атап көрсеткен болатын. 

     Адам өміріндегі басты байлық та, бақыт та деннің саулығы. Дұрыс тамақтанбау мен спортпен шұғылданбау денсаулығымызға немқұрайлы қарағандығымыздың белгісі.

       Дене  тәрбиесі мен спортты дамытуды мемлекеттiк қолдау 
      1. Мемлекет дене тәрбиесі мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi.  
      2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.  
      3. Мемлекет дене тәрбиесі -спорт ұйымдары сыртқы байланыстарының дамытылуына, Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру қозғалысының өрлеуiне жәрдемдесетiн халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерiне интеграциялауға қолдау көрсетедi.  
      4. Мемлекет халықаралық стандарттарға сай келетiн спорт ғимараттарын, спорт мақсатындағы тауарлар мен жабдықтар, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдер шығару жөнiндегi кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын жұмсайтын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.

       Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы 
      1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 
      2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар, дене тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар және түрлi топтардың дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.

Информация о работе Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы