Ислам даму банкі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 07:23, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Ислам Даму банкі жайлы толық ақпараттар іздестіру және Ислам Даму банкінің қаржылық жағдайын талдау, Исламдық қаржы институттары жайлы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
“Ислам Даму банк” туралы жалпы анықтамаларды сипаттау;
Ислам Даму банкінің мақсаттарын, қызметін анықтау.
“Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

I. Ислам даму банкі және оның қазақстанға енуі

1.1. Ислам даму банкінің тарихы...................................................................... 4
1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мәлімет................................................. 6
1.3 Қазақстанға енуі........................................................................................... 10
II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ мен қаржылық жағдайын талдау

2.1“Ислам Даму банк” қызметтері................................................................... 17
2.2 Ислам Даму қаржылық жағдайын талдау ................................................ 20
2.3. Ислам Даму банкінің даму перспективасы.............................................. 29

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................35

Работа содержит 1 файл

ислам даму банк.doc

— 360.00 Кб (Скачать)

       Бүгінгі таңдағы әлемдік қаржы дағдарысы тұсында басқа да қаржыландыру көздерін табу жолымен Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселесі өткір күйде тұр. Бұндай қаржыландыру көзі ретінде ислам қаржы-несие институттары бола алады. Олардың нарықтағы ұсынып отырған құралдары мен қызметтері ел экономикасын несиелеудің альтернативті формасы ретінде және инвестиция тартудың қосалқы тетігі болып табылады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін ТМД және Орталық Азияда ислам банк жүйесін құру орталығы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтардың ондығына кіру қажеттілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан отандық нарыққа ислам қаржысын ендіру болашағы мен мәселелеріне деген қызығушылық танытып отыр.

       2010 жылдың тамыз айында республикада исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы бекітілді. Өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі бағдарламада ислам қаржы құралдарын мемлекеттік органдармен дамыту және енгізу шараларын үйлестіру, ислам қаржы институттарын ашу және тартуға жағдай жасау, халықаралық ислам қаржы ұйымдарымен өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру, ислам қаржысы бойынша сауаттылықты жетілдіру, сонымен қатар инвестицияларды тарту сияқты мақсаттар бар. Жол картасын жүзеге асыру елімізде ислам қаржы қызметінің индустриясының тұрақты дамуына жағдай жасауға, эмитентердің көлемін, инвесторлар мен кәсіби нарықтық қатысушыларды жасақтауға себепші болады. Көрсетілген құжат сонымен қатар 2020 жылға дейін Алматыны жетекші өңірлік қаржы орталығы болып қалыптасуына, жалпы ислам қаржысы орталығы ретінде Қазақстанның мәртебесін халықаралық деңгейде күшейтуіне қолғабыс етеді.

      «Халал Хаб» жобасы қолға алынды. Бұл жобаны іске асыру бойынша аталған құжатқа Малайзияның AmanahRaya мемлекеттік қаржылық тобы мен «Fattah finanse» АҚ, сондай-ақ «Kaznez invest» акционерлік қоғамы қол қойды. Халал Хаб – бұл халал тауарлары мен қызмет көрсетулердің логистикалық орталығы. Аталған орталықты құрудың негізгі мақсаты-Қазақстанда Халал индустрияны дамыту болып табылады. Қазақстан ислам облигацияларын шығарады. Қазақстан еврооблигациялар шығарудан бастартқан соң, өзінің инвесторлар базасын кеңейту мақсатында тұңғыш ислам облигацияларын орналастыруды өткізуін жоспарлауда. Bloomberg агентігінің хабарлауынша. Үкімет жылдың екінші жартысында исламға сәйкес пайыздық төлемдерге тиым салынған құнды қағаздарды орналастырады. Сонымен қатар мемлекеттік емес холдингтарға және ислам банктері болып табылатын компанияларға сукук орналастыруды жүзеге асыру үшін, заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Корпоративтік эмитенттер үшін бенчмарк (инвестициялардың нәтижелілігін  салыстыру үшін үлгі болып табылатын көрсеткіш немесе қаржылық актив, кірістілік) құру мақсатында тәуелсіз исламдық бағалы қағаздар шығару жоспарланып отыр. 

    Қазіргі уақытта “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ Al Hilal-мен бірлесіп ҮИИД бағдарламасы шеңберінде бірнеше жобаны қаржыландыру мәселелерін қарастыруда. 2011 жылғы шілдеде банк меншікті капиталын 70 млн. долларға дейін екі еселейді деп күтіледі.

    Бұдан басқа “ҚазАгроҚаржы” компаниясы исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша қаражат алған компания ретінде мысал бола алады, ол Ислам Даму Банкінен (ИДБ) агроөнеркәсіп кешені үшін лизингке жабдық пен техника сатып алуға 30 млн. доллар мөлшерінде заем алды. ИДБ “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” көлік жобасының шеңберінде де 400 млн. доллар бөліп отыр. Жалпы алғанда 2011 жылға қарай (трансұлттық жобаны есептемегенде) исламдық банктердің Қазақстанға 500 млн. доллардан аса қаражаты тартылды.

    Исламдық қаржы бойынша нормативтік құқықтық базаны дамыту қаржыландыру көздерін әртараптандыруға және елімізде тұрақты қаржы жүйесінің дамуына мүмкіндік береді. Алғашқы Al Hilal ислам банкінен басқа республикада қызметтері исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін басқа да ұйымдар жұмыс істеуде. Аса айрықша құрылымдар да бар. Мысалы, Малайзияның AmanahRaya мемлекеттік компаниясымен бірлесіп республикада инвестициялық қор түрінде Қажылық Қор исламдық қаржы өнімі құрылды. Онда Қажылық жасауға арналған қаражат жинақталған. Мұндай қордың құрылуы  халықтың бос қаражатын жұмылдыруға мүмкіндік беріп, оның исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес жинақталуын қамтамасыз етеді. Бұған дейін АӨҚО ҚҚА-мен бірлесіп исламдық сақтандыруды ендіру жөніндегі заң жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта бұл құжат талқылану үстінде, жылдың аяғына дейін Үкіметке енгізу жоспарланып отыр. Бұл тізбе әрі қарай да жалғаса береді: елімізде исламдық қаржыландыруды дамыту қабылданған Жол картасына сәйкес жалғасуда.

Жол картасы аясында  әлемдегі бірқатар жетекші ислам  ұйымдарымен ынтымақтастық орнатылатын  болады. Атап айтқанда, Халықаралық исламдық қаржы нарығы (International Islamic Financial Market), Исламдық қаржы институттарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйым (Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions), Халықаралық исламдық рейтинг агенттігі (International Islamic Rating Agency), Исламдық қаржы қызметтерін көрсету жөніндегі кеңес (Islamic Financial Services Board) сияқты және басқалары. Осы институттарға қолдау көрсету аясында білуге деген қызығушылығын қанағаттандырудан және ұйымдастыру міндеттерін шешуге көмектесуден басқа исламдық қаржыландырудың тұтас бағыттары дамитын болады. Осындай маңызды бағыттардың бірі – Қазақстанда исламдық микрокредиттік ұйымдарды ашу және жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау. Лизинг және ипотека секторын да дамытатын боламыз. 

    Жол картасын іске асыру елде исламдық қаржы қызметтері индустриясының тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға, эмитенттердің, инвесторлардың және нарықтың кәсіби қатысушыларының сыни жағдайлардағы тобын құруға ықпал ететін болады. Бұл құжат Алматының 2020 жылға қарай аймақтағы алдыңғы қатарлы қаржы орталықтарының бірі ретінде қалыптасуына да ықпал ететін болады және жалпы алғанда Қазақстанның халықаралық деңгейдегі исламдық қаржыландыру орталығы ретінде мәртебесінің нығаюына септігін тигізеді.

    Қазіргі кезде еліміздің заңнамасы исламдық банкинг қызметтерін мамандандырылған исламдық банктерге ғана көрсетуге мүмкіндік береді. Исламдық банк, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ ұлттық холдингі, “ҚазАгро” ұлттық басқарушы холдингі және олардың  100%-дық еншілес ұйымдары құрған исламдық арнайы қаржы компаниялары исламдық бағалы қағаздардың (сукук) эмитенттері бола алады. Әлі де шешілетін мәселелер бар. Атап айтқанда, исламдық банктер депозиторларының мүдделерін қорғау, сондай-ақ исламдық және дәстүрлі банктер үшін тең жағдайды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік міндетті кепілдік беру жүйесіне талап еткенге дейінгі пайызсыз депозиттерді қосу қажет. Исламдық банктерді, такафул-компанияларды, исламдық инвестициялық қорларды, консалтингтік компанияларды ашу мақсатында инвесторлар тарту жөнінде де тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізуіміз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

      Курстық жұмысымды қорытындылай келе, мынадай түйін жасадым: Исламдық қаржы жүйесі әділдік қағидасына құрылған. Қоғам ішінде, отбасында, қызметте әділдік болатыны сияқты, қаржы жүйесінде де әділдік берік болуы тиіс. Ислам банктерінің табысты да, шығынды да кәсіпкермен тең бөлуі – осы әділдіктің нақты көрінісі. Дамыған мемлекеттерде банктың да, табыстың да қызығын тек бай адамдар көреді. Ал исламдық қаржы жүйесін қабылдаған елде мұның бәрі бар халыққа ортақ. Әлемнің өзге де елдері секілді, Қазақстан экономикалық дағдарыстан шыққысы келсе, исламдық қаржы жүйесін қабылдауы тиіс. Ислам экономикасы жұмыссыздық мәселесін тиімді шеше отырып, тұрмыс деңгейі әртүрлі адамдардың бәріне тиімді болады.

       Байдалы шешеннiң айтатыны бар: «Бiрiншiден не жаман – арамнан жиған қоң жаман». Тәуекелдi клиентпен бiрге бөлiспей, қайтарым қаржының пайыздық мөлшерлемесiн аспандатып, артық ақшаға оңай кенелiп келген банктердiң салы суға кетті.

       Р.Уилсонның “Ислам банкі бұл қауіп-қатер емес, ең алдымен болашаққа деген үміт және оның болашағы бар” – деген пікірін мен өз курстық жұмысымда толық расталды деп ойлаймын.

       Бүгiнде Батыс ғалымдары Ислам банктерi жұмысының тиiмдiлiгiн талқылап, ойларын ортаға салуда. АҚШ-тың федералдық резерв жүйесiнiң Сауд Арабия мен Малайзияның исламдық қаржы саласын зерттеу жұмысын қолға алғаны қажеттiлiктен туған шешiм деуге негiз бар. Өсiмсiз ақша өндiрмейтiн ислам банкингтерiне деген сұраныс күн санап көбеюде. Соның дәлелi болар, әлемнiң елуге жуық елiнде ислам қаржы ұйымдары жұмыс iстейдi. Мысалы, ең iрi қаржы орталығы саналатын Ұлыбританияда бүгiнде 25 ислам қаржы ұйымдары жұмыс iстейдi. Байлықтың «Отаны» болып саналатын  Швейцарияда – 5, ал Францияда шариғат шеңберiнде қызмет ететiн 4 банк бар және т.б.

        Исламдық банкингтің біздің өмірімізге бейімделуінің қиындықтары туралы айтар болсам, мен ең алдымен институционалдық-құқықтық базаның жеткіліксіз дамуын айтар едім. Екіншіден, жаңадан енгізілген исламдық құралдарды реттеу, бақылау және салық салу тетіктерінде қиындықтар бар. Үшінші проблема – мемлекеттік және Шариғат бақылауын жүзеге асыру үшін білікті мамандардың жоқтығы. Осының бәрі ислам банктерін құруға және олар ұсынатын өнімдерге жұмсалатын шығыстарды айтарлықтай ұлғайтады.

       Мұсылман елдерінің Дүнижүзілік исламдық экономикалық форумында елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бiз көптеген мәселелердi талқыладық. Өз елiмiздң мүддесi үшiн исламдық банкингтi дамыту керек. Көптеген елдер, мысалы Малайзия, осының есебiнен өз дамуы үшiн ондаған миллиард доллар алады, бiз де исламдық банктi дамыта отырып, бұл қаржылық өнiмнiң Қазақстанда да жұмыс iстеуiне қол жеткiзе аламыз», – дедi.

       Елбасының салиқалы саясаты мен кең өрісті ұтқырлығын қолдай отырып, мен мемлекеттің болашағын дамытуға үлес қосатын қаржыгер ретінде, елімізде Ислам жүйесінің тұрақты түрде жұмыс жасап, ауқымды түрде жұмыс жасалуын қалаймын.

       Егер Ислам даму банкі елімізде тұрақты түрде орнығып, жүйелі түрде жұмыс жасайтын болса, біздің мемлекетіміздің экономикасы, әсіресе Қаржы жүйесінің болашағына деген үміт зор. Менің пікірімше, осындай жағдай орныққан күнде еліміздің қаржылық жағдайы жақсы болатынына сенімдімін. Себебі, біріншіден, бұл жүйе тазалыққа негізделген. Сондай-ақ, оның мақсаты да айқын, ол – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Бүгінде елімізде, тіпті бүкіл әлемде «несиемен өмір сүре аламыз» деген түсінік қалыптасқан. Яғни адамдар несиеге әбден бой үйретіп алған. Ал келешегі жоқ бұл үрдісті түпкілікті жоюда исламдық қаржыландырудың маңызы зор.

        Екіншіден, қаржыландырудың бұл түрі нақты экономикамызға өте үлкен пайда әкеледі. Бүгінде индустрияландыру жоспары жүзеге асуда. Осының аясында елімізге тікелей инвестиция тартылып жатыр. Ал тікелей инвестиция дегеніміз – ешқандай несие емес. Бұл жерде қаржы бізге серіктестік ретінде беріледі және осы инвестициямен Үкіметтің сыртқы карыздары ешқашан көбеймейді. Бұл экономикамыздың қосымша құнын көтеруге өте пайдалы. Ал қосымша құн артып жатса, еліміздің өмір сүру деңгейі қөтеріліп, орасан зор пайда болмақ.

     Үшіншіден, исламдық қаржыландыру деп аты айтып тұрғандай, барлық жұмыс істеу жүйесі шариғатқа негізделген. Бұл не деген сөз? Әрине, бұл Алланың қалауы бойынша жұмыс істеу дегенді білдіреді. Осылайша, халықтың санасын әбден жаулап алған өсім, үстеме, несие, пайыз деген дерттерден арылуға болады. Міне, осы тұрғыдан қарар болсақ, исламдық қаржыландырудың болашағы зор деп нық сеніммен айтуға болады. [9]

 

 

 

                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. http://www.alhilalbank.kz/ Ислам банкінің жеке сайты
  2. Ел газеті, 2011
  3. http://muftyat.kz/index.php?newsid=7071
  4. Қаз Ақпарат
  5. http://islamic-finance.ru/
  6. «Банк және банк қызметі туралы заң» 1995 жыл
  7. «Ислам және өркениет» газеті, 03 сәуір 2009 жылы
  8. www.profinance.kz интернет желісі
  9. www.egemen.kz  RSS пікірлер
  10. «Экономика» 21- қараша, 2011 жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. В.В. Иванов. Анализ надежности банков. М.: Русская деловая литература, 2007.
  2. Велислава Т. Севрук. Банковские риски.-М: «Дело Лтд»,2008.
  3. Л.П. Белых. Устойчивость коммерческих банков. Как банкам избежать банкротства. М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2009.
  4. П. Брук. Банковское дело и финансирование инвестиций.
  5. П. Роуз. Банковский менеджмент. М.: «Дело Лтд.»,2010
  6. Под ред. Ю.И. Коробов, Ю.Б. Рубин, В.И. Солдаткин. Банковский портфель-2.-М.: «СОМИНТЕК»,2008.
  7. Под ред. В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой. Банковское дело. М.: «Финансы и статистика», 2009.
  8. Под ред. О.И. Лаврушина. Банковское дело. М.: Банковский и биржевой информационный центр.2008.
  9. В.В. Шахов. Введение в страхование. –М.: Финансы и статистика. 2007.
  10. Спицын И.О., Спицын Я.О. Маркетинг в банке. –К.: 2008.
  11. Современный маркетинг. Под. Ред. В. Е. Хруцкого. –М.: Финансы и статистика, 2009.
  12. Мартынова О.И. Банки на рынке ценных бумаг. –М.: 2008.
  13. Колесников А.И. Банковское дело. 2007.
  14. Основы банковской деятельности для предпринимателя и коммерсантов.- М.: 2008.
  15. Мотовилов О.В. Банковское и коммерческое кредитование и финансирование инноваций,2007.
  16. Глубович А.Д., Ситник А.В., Хенкин Б.Л. упавление банком. –М.: 2009.
  17. Миловидов В.Д. современное банковское дело (опыт США). –М.:2008.
  18. Журнал “Рынок ценных бумаг”, 2007, №7,9,18,19,20.
  19. Банковское дело. Под.ред. О. Лаврушина. –М.: 2008.
  20. Дмитриев-Мамонов В.А., Евалин З.П. Теория и практика коммерческого банка. –М.: 2009.
  21. ПетраковН.Я. Фондовой портфель. –М.:2009.
  22. Основные направления кредитной политики в современных условиях. –Деньги и кредит, 2007.
  23. “Деловая неделя”, №№1-12,2008.
  24. В.М. Усоскин. Современный коммерческий банк: управление и операции. –М.:2009.
  25. А.М. Сарчев. Ведущие коммерческие банки в мировой экономике. –М.:Финансы и статистика,2010.

Информация о работе Ислам даму банкі