Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 07:23, реферат
Курстық жұмыстың мақсаты: Ислам Даму банкі жайлы толық ақпараттар іздестіру және Ислам Даму банкінің қаржылық жағдайын талдау, Исламдық қаржы институттары жайлы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
“Ислам Даму банк” туралы жалпы анықтамаларды сипаттау;
Ислам Даму банкінің мақсаттарын, қызметін анықтау.
“Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау
Кіріспе..................................................................................................................3
I. Ислам даму банкі және оның қазақстанға енуі
1.1. Ислам даму банкінің тарихы...................................................................... 4
1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мәлімет................................................. 6
1.3 Қазақстанға енуі........................................................................................... 10
II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ мен қаржылық жағдайын талдау
2.1“Ислам Даму банк” қызметтері................................................................... 17
2.2 Ислам Даму қаржылық жағдайын талдау ................................................ 20
2.3. Ислам Даму банкінің даму перспективасы.............................................. 29
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................35
II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. “Ислам Даму банк” қызметтері
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ Қазақстандағы корпоративтік және мемлекеттік компаниялар үшін банк өнімдері мен қызметтерінің толық кешенін ұсынады.
Әр клиентке жеке тұлға ретінде қарайды. Клиенттердің қажеттіліктерін түсініп, оларға үздік Исламдық банк өнімдерін ұсына отырып, «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-ы елдің ұлттық әл-ауқатының өсуі мен өркендеуіне үлес қосуын, сонымен бірге Исламдық қаржыландырудың озық тажірибелерінің Қазақстанда және ТМД елдерінде тарауын, және банк үшін банк құнының артуын мақсат тұтады.
Ағымдағы және депозиттік шоттар келесі валюталарда ашылады: АҚШ долларында (USD), теңгеде (KZT), еурода (EUR). Сонымен бірге ағымдағы шотты БАӘ-нің дирхамында ашу мүмкіндігін береді. Төмендегідей қосымша банк қызметтері де көрсетіледі: ақша аудару, валюта айырбастау, және есептік – кассалық қызмет көрсету.
Есептік-кассалық қызмет көрсету:
· Теңге мен шетел валютасында төлемдер мен ақша аударымдары;
· Ақша айырбастау: АҚШ доллары, теңге, еуро және дирхам;
· Онлайн банктік қызмет көрсету жүйесі: біздің жеке және мемлекеттік клиенттерімізге қолайлы болу үшін клинеттерге өз шоттарына Интернет Банкинг жүйесі арқылы кіруі мүмкіндігі беріледі.
Банктік шот – бұл Клиенттің Банкте ашқан, Шариғат ережелеріне сәйкес келетін, және мақсатына байланысты ағымдағы және/немесе Мұдараба шотын білдіреді.
Мерзімдік депозит (Мұдараба шоттары):
Мұдараба шотының талаптарына сәйкес, қаражат иесі - Клиент («Раб-әл-Мәәл») Банкті («Мудариб») өзінің Мұдараба Шотына салынған қаражатты Мұдараба қоры арқылы Шариғат ұстанымдарына сәйкес Банктің қалауы бойынша инвестициялауға уәкіл етеді.
Мұдараба шотындағы қаражат Банк акционерлері мен салымшыларының қаражаты салынған біріктірілген инвестициялық пулға аударылып, Банк арқылы Шариғат ұстанымдарына сәйкес шектеусіз инвестицияланады. Депозитке қойылатын басты талаптар:
· Шариғат ережелері мен ұстанымдарына сәйкес келу;
· Банк депозиттің негізгі сомасы мен Мұдараба пайдасына кепілдік бермейді;
· Шотта, инвестициялық пулды қоса алғанда, кіріс (банк оған кепілдік бермейді) немесе шығыс пайда болуы мүмкін;
· Депозит белгілі бір мерзімне салынады. Депозиттер кем дегенде 12 айлық мерзімге салынуы мүмкін;
· Депозиттің ең төмен сомасы 5 000 АҚШ доллары немесе оның басқа валютадағы баламасы;
· Депозитті ашу үшін Клиенттің ағымдағы шоты болуы тиіс.
Қаржыландыру.
Al Hilal» Ислам Банкі»
АҚ заңды тұлғаларға
Исламдық қаржыландыру саудамен тікелей байланысты. Сол себепті сауда «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-ның қызметінің маңызды бір бөлігі және клиенттерге ұсынылатын Исламдық негіздегі банк өнімдерінің негізі болып табылады:
· Корпоративтік Мұрабаха (Goods Murabaha Facility)
· Тауарлық Мұрабаха (Commodity Murabaha Facility)
· Иджара (Ijarah Muntahiya Bi Tamlek) (соңында меншік құқығын клиентке беретін лизинг)
Экономика секторлары
Ислам даму банкі төмендегідей экономика секторларында тығыз қатынас жасайды:
· Мұнай және газ;
· Қызмет көрсету;
· Бөлшек және көтерме сауда;
· Өндіріс;
· Телекоммуникация мен көлік;
· және басқа салалар.
Банк қолма-қол
және ақшасыз валюталарды
Шетел валютасын сату немесе сатып алуы біздің Банктің Астанадағы және Шымкент қалаларындағы филиалдарының айырбастау орындарында немесе Алматыда банктік аударым арқылы іске асырылады.
Валютаны қолма-қол ақшасыз сату немесе сатып алу келесі тәртіппен жүргізіледі:
• Банк ағымдағы шотты ашады;
• Клиент ағымдағы шотқа қажетті ақша сомасын аударады;
• Банк клиентің өтінішіне сәйкес валютаны айырбастайды.
Мына операциялар:
1) жеке және заңды тұлғалардан талап
етуге дейiнгi процентсiз депозиттердi
қабылдау, жеке және заңды тұлғалардың
банк шоттарын ашу және жүргiзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық
депозиттерiн қабылдау;
3) банктiк заем операциялары: ислам банкiнiң
мерзiмдiлiк, қайтарымдылық талаптары бойынша
және сыйақы алмай ақшалай нысанда кредиттер
беруi;
4) кәсiпкерлiк қызметтi мынадай түрде қаржыландыру:
коммерциялық кредиттi бере отырып, сауда
делдалы ретiнде сауда қызметiн қаржыландыру;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысу жолымен және (немесе) әрiптестiк
талаптары бойынша өндiрiстiк және сауда
қызметiн қаржыландыру;
5) лизинг (жалдау) талаптары бойынша инвестициялық
қызмет;
6) ислам банкiнiң банк операцияларын жүргiзу
кезiндегi агенттiк қызмет ислам банкiнiң
банк операцияларына жатады.
2. ислам банкi және (немесе) инвестициялық
депозит бойынша клиенттер олардың ақшасы
есебiнен сатып алынған мүлiкке ортақ үлестiк
меншiк құқығын алады, ал ислам банкi ортақ
үлестiк меншiктiң қатысушысы және (немесе)
ортақ үлестiк меншiкке жататын мүлiктi
басқаруды жүзеге асыратын сенiмгерлiкпен
басқарушы болады. Ислам банкi сенiмгерлiкпен
басқарушы ретiнде Қазақстан Республикасының
заңнамалық актiлерiнiң талаптарына сәйкес
жылжымайтын мүлiкке құқықтардың мемлекеттiк
тiркелуiн, көлiк құралдарының және өзге
де жылжымалы мүлiктiң тiркелуiн қамтамасыз
етуге құқылы. Ислам банкi сатып алынған
мүлiкке ортақ үлестiк меншiк қатысушыларының
есебiн жүргiзедi.
Ислам банкiнiң депозиттерi
1. Талап етуге дейiнгi
процентсiз депозит шарты
2. Инвестициялық депозит туралы шарт
бойынша ислам банкi клиенттiң ақшасын
оларды номиналды түрде қайтару кепiлдiгiнсiз
белгiлi бiр мерзiмге қабылдауға, олар бойынша
табысты инвестициялық депозит туралы
шартта көзделген тәртiппен берiлген ақшаны
пайдалану нәтижесiне байланысты төлеуге
мiндеттенедi. Ислам банкiнiң инвестициялық
депозит туралы шартына ақшаны пайдалану
және қайтару тәртiбi, клиенттiң және ислам
банкiнiң құқықтары мен мiндеттерi, сенiмгерлiкпен
басқарушының - ислам банкiнiң сыйақыны
айқындау және есептеп шығару тәртiбi бойынша
осы бапта көзделген ерекшелiктерi бар
мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы
шарттың ережелерi қолданылады.
Инвестициялық депозит туралы шартты
жасасу кезiнде ағымдағы банк шоты ашылуы
мүмкiн.
3. Инвестициялық депозит туралы шарттың
талаптарында сенiмгерлiкпен басқарушының
- клиенттiң сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының
ақшасын басқарғаны үшiн сыйақысының мөлшерi,
ақшаны қайтару мерзiмi мен тәртiбi, ақшаны
пайдаланудан келген залалдар тәуекелдерi
және өзге де талаптар айқындалуға тиiс.
4. Ислам банкiнiң сыйақысы инвестициялық
депозит бойынша ақшаны пайдаланудан
түскен табыс есебiнен ғана сыйақы төленуi
мүмкiн болатын талап бойынша инвестициялық
депозитке тартылған ақшаны пайдаланудан
алынған табыс бөлiгi түрiнде айқындалады.
Ислам банкi инвестициялық депозиттiң
шығынды болуы кезiнде (инвестициялық
депозит бойынша тартылған ақшаны пайдалану
нәтижесiнде табыс болмаған кезде) сыйақы
алу құқығынан айырылады. Инвестициялық
депозит туралы шарттың талаптары инвестициялық
депозит бойынша табыстың немесе ислам
банкi сыйақысының кепiлдiк берiлген мөлшерiн
көздей алмайды.
5. Клиент өз талабы бойынша инвестициялық
депозиттi мерзiмiнен бұрын қайтарып алған
кезде, егер инвестициялық депозит туралы
шартта өзгеше көзделмесе, табыс алу құқығынан
айрылады.
6. Инвестициялық депозит туралы шарт
клиенттiң ақшаны пайдалану тәсiлдерiн,
активтер немесе ақша салу объектiлерi
түрлерiнiң тiзбесiн анықтауы бойынша талаптарды
не клиенттiң ақшасын оларды бiрiктiру құқығынсыз
өзге клиенттердiң ақшасынан бөлек пайдалану
бойынша талаптарды көздеуi мүмкiн.
7. Ислам банкi ақшаны пайдаланудың тәртiбi
мен нәтижелерiн анықтау, оның iшiнде ақшаны
пайдалану тәсiлдерiн, активтер немесе
ақша салу объектiлерi түрлерiнiң тiзбесiн,
мұндай пайдаланудан түскен табыстың
немесе залалдың мөлшерiн, ислам банкi
сыйақысының мөлшерiн анықтау мақсатында
жекелеген инвестициялық депозиттер бойынша
ақшаны пайдалану есебiн жүргiзуге мiндеттi. V095687
8. Клиенттiң талабы бойынша ислам банкi
инвестициялық депозит бойынша ақшаны
пайдалану туралы есептi табыс етуге мiндеттi.
9. Егер шартта өзгеше көзделмесе, инвестициялық
депозитке ақша салған клиент ислам банкiнiң
ақшаны орналастыруға байланысты туындаған
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi,
бiрақ ақша салынған активтер құнының
кемуiне байланысты инвестициялық депозитке
салынған ақша сомасы шегiнде залалдар
тәуекелiн көтередi.
10. Ислам банкi инвестициялық депозиттiң
ақшасы салынған активтер құнының кемуiне
байланысты залалдар өз кiнәсiнен болған
жағдайларды қоспағанда, осындай залалдар
үшiн жауап бермейдi.
Егер инвестициялық депозиттiң ақшасы
салынған активтер құнының кемуiне байланысты
залалдар ислам банкiнiң кiнәсiнен болса,
ислам банкi осындай залалдардың туындағаны
туралы клиентке хабарлауға мiндеттi.
2.2 Ислам Даму қаржылық
жағдайын талдау
Банк активтері 1 қаңтар 2011жылдың: 6 507 502 мың теңге.
Жеке меншік капиталы: 6 043 963 мың теңге
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ Қазақстан банктерінің ішіндегі активтері бойынша 31 орын, ал капитал бойынша 26 орын алады.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 150 қаулысы бойынша «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-ның 2010 жылы 17 наурызда берілген банктік операцияларды жүргізуге, оның ішінде сұрап алғанға дейін жеке тұлғалардан пайызсыз депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың есеп шоттарын ашу және жүргізу қызметтеріне рұқсат беретін №1.1.261 лицензиясының мерзімі ұзартылды».
1. Ислам банктерi сауда
делдалы ретiнде ислам
2. Кредит туралы шарт
тауар сатып алушының кредит
туралы шартты (офертаны) жасасу
туралы ұсынысының негiзiнде
3. Коммерциялық кредит туралы шартқа осы бапта көзделген ерекшелiктер және осы Заңның 52-1-бабында көрсетiлген талаптар ескерiле отырып, тауарларды кредитке (төлем мерзiмiн кейiнге жылжыту немесе ұзарту арқылы) сатып алу-сату шартының ережелерi қолданылады.
4. Коммерциялық кредит туралы шартта тауардың атауы және саны, тауарға үстеме бағаның мөлшерi көрсетiле отырып, сатып алушы ислам банкiнен сатып алатын тауардың құны туралы талаптар, сондай-ақ коммерциялық кредиттiң талаптары (төлем мерзiмiн кейiнге жылжыту немесе ұзарту) қамтылуға тиiс.
5. Егер коммерциялық кредит туралы шартта өзгеше көзделмесе, ислам банкiнiң сатып алушыға тауарды сату бағасы сатушыдан тауарды сатып алу бағасы мен тауарға үстеме баға сомаларынан құралады. Үстеме баға тiркелген сома немесе сатушыдан тауарды сатып алу бағасының процентi түрiнде белгiленуi мүмкiн.
6. Сатып алушының офертасы
негiзiнде тауарды сатып алу
кезiнде ислам банкi сатушымен
жасалатын сатып алу-сату
7. Коммерциялық кредит
туралы шарт бойынша бiр
8. Коммерциялық кредит
туралы шартта сатып алушының
тауарларға ақша немесе өзге
мүлiк кепiлiмен төлем жасау
бойынша мiндеттемелерiн
9. Егер коммерциялық
кредит туралы шарттың
10. Ислам банкi мен осы
баптың 9-тармағында көрсетiлген
тауарды өндiрушi (дайындаушы) арасында
жасалған коммерциялық кредит
туралы шартта тараптардың
11. Осы баптың 9-тармағында
көзделген коммерциялық кредит
туралы шарт жасалған жағдайда
банк пен тауар өндiрушi (шығарушы)
арасындағы қарым-қатынастарға
«Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ
Бухгалтерлік баланс 30 наурыз 2012 жыл
Активтер |
30.03.12 |
30.12.11 |
Ақша |
44,446 |
58,130 |
ҚР Ұлттық банктегі шоттары |
1,012,991 |
5,778,009 |
Банктер және басқа да қаржылық ұйымдардың қарыздары |
963,687 |
395,320 |
Клиенттерге қойылған талаптар |
8,178,262 |
4,407,910 |
Бағалы қағаздар |
1,500,723 |
0 |
Дебиторлық қарыз |
183,622 |
188,534 |
Негізгі құралдар мен материалды емес активтер |
289,268 |
296,918 |
Басқа да активтер |
125,208 |
41,350 |
Қорытынды
активтер |
12,298,207 |
11,166,171 |