Ислам даму банкі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 07:23, реферат

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты: Ислам Даму банкі жайлы толық ақпараттар іздестіру және Ислам Даму банкінің қаржылық жағдайын талдау, Исламдық қаржы институттары жайлы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
“Ислам Даму банк” туралы жалпы анықтамаларды сипаттау;
Ислам Даму банкінің мақсаттарын, қызметін анықтау.
“Ислам Даму банк” қаржылық жағдайын талдау

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

I. Ислам даму банкі және оның қазақстанға енуі

1.1. Ислам даму банкінің тарихы...................................................................... 4
1.2. Ислам даму банкі туралы жалпы мәлімет................................................. 6
1.3 Қазақстанға енуі........................................................................................... 10
II. ҚР ИСЛАМ БАНКТЕРІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ мен қаржылық жағдайын талдау

2.1“Ислам Даму банк” қызметтері................................................................... 17
2.2 Ислам Даму қаржылық жағдайын талдау ................................................ 20
2.3. Ислам Даму банкінің даму перспективасы.............................................. 29

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................35

Работа содержит 1 файл

ислам даму банк.doc

— 360.00 Кб (Скачать)

Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес  беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу  жұмыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұмыстарын жүргізеді.

Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарманың Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылғы керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкі ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын, атқарушы   директорлардан   құралған   Басқарма   құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған %-ы сайланады.

Жарғы капиталына ең көп  үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару директорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сайлайды. [16,90б]

Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін  сайлайды. Сайланған Президент - атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың  төрағасы, сонымен қатар, ол банктің  әкімшілік аппаратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жанадан сайлауға түседі.

Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсылман елі, атқарушы директорлардың Басқармасынын  шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады.

Ресми банк тілі - араб тілі, ал қарым-қатынас үшін ағылшын және француз тілдері болып табылады.

Ислам банктері қалай жұмыс істейді?

· Олар ақша қаражатын  депозит арқылы қарызға алу идеясын  қабылдамайды және ешқашан клиенттерге өсім пайдасы үшін қарызға ақша бермейді.

· Банк Мұдариб ретінде  клиенттен (Раб-әл-Мәәл) депозитті қабылдап, ақша қаражаттан банктерге түскен табысты  алдын ала келісілген арасалмақ  бойынша банк пен салымшылар арасында үлестіреді.

· Олар салымшыға пайда мөлшерін бекіте алмайды. Олар тек алдыңғы уақыттардағы пайда мөлшерлеріне сүйене отырып, болжанып отырған пайда көлемін көрсете алады.

· Ислам банктері Мұдараба және Мүшарака мәмілелері арқылы қаржыландыратын  клиенттерідің бизнестегі үлестерін  және иелену тәуекелін бөліседі.

· Клиенттің несиені  төлеу мүмкіндігінің орнына олар ең алдымен жобаның сенімділігіне  назар аударады, өйткені қаржыландырылған жоба табыс әкелген кезде ғана олар табыс таба алады.

· Олар Исламның әдепік ұстанымдары  мен ережелерін сақтай отырып, рухани құндылықтарға көп көніл бөледі. Сондықтан олар Шариғат ережелеріне сәйкес келмейтін істі қаржыландыра алмайды.

 

 

 

Мұдараба 

Мұдараба, негізінде, капиталы бар мен тәжірибесі бардың бірлігіне  негізделеді: олардың бірініші тарабы капитал ұсынса, екіншісі тәжірибесі мен басқаруды ұсынады. Бұның себебі «халал» (заңды) пайда табуда; аталған пайда олардың арасында алдын ала жасалған келісім бойынша үлестіріледі, сонымен бірге шығындарды капиталдың иегері тартады. Капитал салушы Раб-әл-Мәәл, ал банк Мұдариб деп аталады.

Иджара 

Жалға беру – бұл активтерді сату емес оның пайдасын немесе пайдалану  құқығын сату не белгілі бір сыйақыға айырбастау.

Ол шарт ретінде белгіленуі мүмкін, яғни жалға беруші біреудің пайдалануына белгілі бір дүниеден немесе қызметтерден түсетін пайданы келісілген жалға беру төлемдерге айырбастап белгілі бір мерзімге ұсынады. Банктік тәжірибесінде бұл екі ірі категорияға бөлінеді:

1. Операциялық  лизинг.

Бұнда жалға беруші активін  келісілген мерзімге және жалға беру құнына біреуге жалға береді; жалға алушы аталған мерзім бойы активтің жалғыз иегері болып есептеледі. Лизинг мерзімі аяқталысымен, актив жалға берушіге қайтарылады.

2. Ижара (IjarahMuntahiyaBiTamleek / Кейіндеп меншік құқығынның  өтуімен жалға беру).

Бұл операциялық лизингке ұқсас, бірақ лизинг мерзімінің соңында активтің меншік құқығы жалға берушіден жалға алушыға ауысады.

Истисна

Бұл сатып алушы (Мустасни) сатушыдан (Сани) болашақта келісілген мерзімде дайындалатын немесе салынатын  активті белгілі бір бағаға (Истисна құны) сатып алуы туралы Шарт. Истисна құны алдын ала немесе бірнеше кезеңмен активтің жасалуы кезінде немесе жеткізілу кезінде не жеткізгеннен кейін төленуі мүмкін.

Мұрабаха 

Тауарды өзіндік құнына келісілген пайда мөлшерін қосып  сату. Пайда мөлшері тауардың өзіндік құны немесе жалпы сомманың белгілі бір пайыздық көлемі ретінде есептелуі мүмкін.

Мүшарака 

Бұл екі немесе одан да көп тараптардың инвестициялауға  капиталмен қатысуға келісетін шарты. Пайда түскен жағдайда, пайда қатысушылар  арасында келісілген пайыз бойынша есептеліп, үлестіріледі. Кез-келген шығын туындаған жағдайда, шығын қатысушылар арасында олардың капиталдық үлестеріне сәйкес бөлінеді.

Уакала 

Банктер Уакаланы ірі  салымдар үшін жиі қолданады. Капиталы бар клиент өз атынан инвестициялар жасауға Ислам банкін өз агенті ретінде тағайындайды яки өз қорын басқару жарнасын төлейді немесе төлемейді .

БайӘ’Салам (Bai Al Salam)

Бұл белгіліл бір тауар  құнының алдын ала төленіп, ал тауар белгіленген уақыт ішінде келісілген жерге жеткізілетін сауда түрі.

Қазіргі кездегі  ислами банктер

Осы күндері бүкіл  әлем бойынша 50-ден астам елде 300-гежуық ислами банк қызмет етеді. Олардың активтері  шашамен 700 млрд. -- 1 трлн. АҚШ долларына  тең, қызмет ету аумағы тек қана араб елдерінде ғана емес, сондай-ақ, АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралияда таралған. Олардың тұтынушылары мен клиенттері тек қана мұсылмандар емес, ірілі-ұсақты батыстың компаниялары бар. Әлемдегі алдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan, Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking Corporation – өздерінің құрылымында ислами банкке арналған арнайы бөлімдерін ашқан.

Қаржы дағдарысына дейінгі  Исламдық банктердің жылдық даму динамикасы қарқынды түрде артып, 10-15% құрады. 2012 жылы ислами банктерге тиесілі активтердің құны 1,6 трлн. АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.

Ислам банктерінің ең үлкен орталықтары Иранда ($235 млрд.), Сауд Арабиясында ($92 млрд.), және Малайзияда ($67 млрд.) орналасқан. MENA ақпараттық агенттігінің мәліметтерінше ислам негізіндегі қаржылардың 56% Таяу Шығыста шоғырланған.

       Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең. Ислам динары Халықаралық валюта қорының арнаулы несиелендіру құқығының бірлік өлшеміне парапар банктің есептік бірлігі болып табылады. Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған.

 

 

1.3. ҚАЗАҚСТАНҒА ЕНУІ

       Қазақстанға ислам қаржы нарығы енгізіле бастаған уақыттардан бастап, елімізде көптеген жалған көзқарастар, алып-қашпа әңгімелер пайда бола бастады. Өзіміз  білетініміздей, Ислам даму банкі пайызсыз несие беретін банк. Еліміздегі кейбір азаматтарымызға бұл банк тиімді болса, кейбіреулері егер банк пайызсыз несие беретін болса, ол қалай пайда табады деген күдікпен қарады.

       2008 жылы Абу Даби қаласында  жұмысын сәтті бастаған ашық  қызғылт сары түсті Al Hilal Bank 18 айдың  ішінде 14 филиалды іске қосып  Исламдық банкингтің халықаралық  нарықтағы қызмет аумағын кеңейтуіне алғашқы қадамын жасады.

       «Al Hilal»  Ислам Банкі» АҚ (Банк) Қазақстан  мен Біріккен Араб Әмірліктерінің (бұдан әрі – «БАӘ») үкіметтері  арасындағы келеcімге сәйкес құрылды.  Банктін басты мақсаты - Қазақстан  экономикасының дамуына өз үлесін қосатын инновациялық Исламдық банк шешімдерін ұсыну.

       «Al Hilal»  Ислам Банкі» АҚ – 100% БАӘ  үкіметінің иелігіндегі Даби  қаласында негізі қаланған жалғыз  және толықтай мемлекеттік Al Hilal Bank еншілес банкі болып табылады. [18,54б]

        «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ – Қазақстан Республикасы мен ТМД аумағында құрылған алғашқы Ислам банкі. Банк 2010 наурызында толыққанды Ислам банкі ретінде жұмыс жасау үшін банктік лицензияға ие болды. Банк Алматы қаласында. oрналасқан бас кеңсесі мен Астана және Шымкенттегі филиалдары арқылы Шариғат ережелері мен ұстанымдарына сай келетін жеке және корпоративтік клиенттерге арналған банк өнімдерін ұсынуды мақсат тұтады.

       Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 16 мамырда ИДБ-ның 1974 жылғы 12 тамызда Джидда қаласында қол қойылған Құрылтай шартын ратификациялады.

       1997 жылғы тамызда Алматы қаласында ТМД-да, Моңғолияда, ҚХР-да, Шығыс Еуропа аймағында орналасқан ИДБ мүше елдері және мұсылман қоғамдастықтары үшін аймақтық офисі ашылды.

       Қазақстан Ұлттық Банкі 1998-1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының атынан басқарушының офисі құқығында Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды.

       1999 жылы мамырда Ислам Даму Банкінің Вице-президентінің басшылығымен Бағалау миссиясының Қазақстанға сапары болды.

       1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі және құрамын Кувейт араб экономикалық даму қоры, Сауд даму қоры және ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы арасында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыстың нәтижесі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және одан әрі қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру үшін Қазақстанның мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына кіретін жобалардың тізбесін қабылдау болып табылады.

       1995 жылдан Қазақстанда ИДБ жұмыс істеп келеді.

Банк 2000 - 2003 жылдары Астана қаласында өз кеңсесін ашу, Қарағанды - Астана автожолы бөлігін, Астана - Бурабай автомобиль жолын қайта салу, Астанада ұлттық кітапхана үйін салу, пошта байланысын жетілдіру, т.б. жобаларды қаржыландырған.

      Қазақстан Ұлттық Банкі 1998-1999 жылдары ИДБ-ның Қазақстан Республикасының атынан басқарушының офисі құқығында Ислам Даму Банкімен белсенді ынтымақтастықты жүзеге асырды. 1999 жылы мамырда Ислам Даму Банкінің Вице-президентінің басшылығымен Бағалау миссиясының Қазақстанға сапары болды. 1999 жылғы 12-14 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі және құрамын Кувейт араб экономикалық даму қоры, Сауд даму қоры және ИДБ ұсынған Үйлестіру Тобы арасында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыстың нәтижесі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою және одан әрі қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру үшін Қазақстанның мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына кіретін жобалардың тізбесін қабылдау болып табылады.

 

       Қазақстанда исламдық қаржыландырудың дамуы инвесторларға инвестициялаудың баламалы құралдарын ұсынады, жалпы алғанда, ел экономикасының қаржылық тұрақтылығына қолдау көрсетудің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді. Қазір исламдық қаржыландыру секторы — әлемдегі ең жылдам дамушы сектор. Оның әлемдік активтері 1 триллион доллар деп бағаланады, бұл ретте өсу қарқыны да соңғы жылдары ерекше жоғары — жылына 15-20%.

 2012 жылдың 23 және 26 сәуірі аралығында ҚРҰБ Ислам Даму Банкі тобына кіретін Ислам тренинг және зерттеулер институтымен бірлестікте ТМД мемлекеттерінің өкілдеріне арналған «Islamic modes of finance and sukuk» халықаралық отырысын өткізді.

 

Басшылық

Директорлар кеңесі

· Ж. М. Ахмед  Атик әл-Мазруи (аса мәртебелі) –  Төрағасы

· Мохаммед Жамиль Берро мырза - Төраға орынбасары

· Мохаммед әл-Арики  мырза - Директорлар кеңесінің мүшесі

· Халед Атван  мырза– Хатшысы 

Шариғат бойынша Кеңес 

· Шейх Абдуссаттар  Абу Гуддах

· Шейх Низам  М.С. Якуб

· Шейх Иссам  Исхак 

·Махмадрузи Шоев - Үйлестпіруші және супервайзер 

 
Басқарма Төрағасы

       Прасад Абрахамның банк саласындағы жұмысы 1977 жылы Citibank басталған. 1983 жылы ол Бахрейндегі Arab Banking Corporationө-на шақырылады. Ол 2003 жылға дейін топтың Бас Аудиторының қызметінде болып, бас компанияның және Испаниядағы Banco Atlantiko, Франкфурттегі ABC Daus, Ұлыбританиядағы Халықаралық АВС банкінің аудиторлар комитетінің мүшесі ретінде жұмыс атқарды. 2004 жылы Прасад Лондондағы Халықаралық АВС банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы Абрахам мырза Абу-Дабида Al Hilal Банкін ашу бойынша негізгі ұйымдастырушы әрі орындаушы ретінде шақырылды. Кейін оның банк индустриясындағы отыз жылдан астам жұмыс тәжірибесін есепке ала отырып, Прасад Абрахам Al Hilal Банкінің Қазақстандағы еншілес банкін дамытуға жіберілді.

 
Корпоративтік және Инвестициялық банкингтің атқарушы вице-президенті Сари

       Сари 2008 жылдан бері Al Hilal Bank-тің атқарушы вице-президенті – Корпоративтік және инвестициялық банкинг тобының Басқарушысы болып келеді. Ол банке Абу Дабидың исламдық банктеріндегі жиырма жылдық еңбек тәжірибесінің нәтижесін ала келді.

       Ол өз еңбек жолын United Arab Bank (БАӘ) бастап, кейін Абу-Дабидағы Union National Bank-інде жоғары лауазымдарда болған. ауысқан, Фуджария Ұлттық банкінің Корпоративтік Abu Dhabi Commercial Bank-де шағын және орта бизнес департаментіне әр түрлі қызметтерді атқарған.

      Саридің клиенттермен жұмыстағы еңбек тәжірибесі мол және керемет коммуникативтік дағдылар мен тұлға аралық қатынас құру шебері. Сонымен бірге ол Мичиган Университеті мен Ашбридж Бизнес Мектебінің Басқарушы кадрларын дайындау бойынша бағдарламалардың бір қатарына қатысты. Сонымен қатар Сари көптеген компанияларда Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет атқарды. 1997 ж. аяғында Сари Исламдық банкинг бойынша кітаптын тарауын жазған және аталған тарау Ұлыбританияның Open University-нің қаржыгер магистрлеріне арналған бағдарламада кеңінен таралған оқулықта қолданылды. Сари АҚШ-ның Колорадо штаты Денвер қаласындағы Аspen University-нің, магистрінің дәрежесіне ие, сонымен бірге ол әр түрлі оқу курстарынан өткен, соның ішінде Euromoney, Harvard Business School және Kellogg's University.

 
      Қызметкерлер және әкімшілік  басқармасының атқарушы вице-президенті  Саиф әл Дахери  

       Саиф 2007 жылдан бері Al Hilal Bank-тің қызметкері, және оның қызметкерлер мен әкімшілік басқару саласында 8 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

       Саиф өз маңсабын Takreer-де (Абу-Даби), жұртшылықпен байланыс жөніндегі аға қызметкері ретінде бастап, Al Hilal Bank-ке келгенше Takreer-де басқарушы қызметтердің бір қатарын атқарды.

       Саиф Зайед (БАӘ) университетінен Жалпы басқару саласындағы Бизнес Магистрінің дәрежесіне ие болып, California State University-де (АҚШ), саяси ғылымдар саласында дәреже алды.

 
Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету бойынша атқарушы вице-президенті

       Мохаммад Закут Al Hilal Bank-ке 2008 жылғы наурызда Жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету департаментінің атқарушы вице-президенті ретінде, дүние жүзілік деңгейде банктік қызмет көрсету саласында 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесімен, жұмысқа келді.

       Бұның алдында ол жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсетудің өңірлік директоры қызметінде болып, Иорданияда орналасқан Arab Bank-інде Левант пен Солтүстік Африкадағы банктік операцияларына жетекшілік етті. Өз еңбек жолын ол Bank of America (Сан-Франциско, АҚШ) клиенттерге қызмет көрсету саласында бастап, кейін Standard Chartered Bank және Arab Bank-інде барлық Парсы шығанағы мен Левант бойынша банктік қызмет көрсету саласында басқарушы қызметтердің бір қатарын атқарды.

       Закут University of San Francisco-ның Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілік ету Бакалаврының дәрежесіне ие, және жеке тұлғалармен жұмыс істеудің кредиттік мәселелері және инвестициялар банкирі бойынша сертификаттар иегері болып табылады.

 

Қаржы директоры / Бас бухгалтер

       Айдын Тайыров 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1996 жылдан бастап Айдын Таиров Қазақстандағы ірі Қазақстандық және халықаралық банктерде жұмыс істеді. Айдын Таировтың қаржы және бухгалтерлік есеп, қазынашылық, ІТ саласында басқарушылық тәжірибесі мол. 2009 жылғы қазанда ол Al Hilal Bank тобына қосылды.

 

Басқарма  мүшесі  
Өңірлік Директор (Алматы қ.)

       Тимур Алим 2009 жылдың аяғында «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ, Қазақстан, Корпоративтік банкинг бойынша өңірлік директор ретінде банк қызметкері болып орналасты. Оның банк саласында 9 жылдан астам тәжірибесі бар, және ол Қазақстандағы жетекші банктерде корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер ретінде жұмыс істеді. Тимур Алим Исламдық банкинг өнімдері жөнінде терең білімді 2007-2008 жылдары Ислам заңнамасын дамуытуға қатыса жүріп меңгерді, соның нәтижесінде Қазақстан заңнамасы Ислам банкіне өз операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді. 2010 жылы Тимур «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ Басқармасының мүшесі болды.

 

Гүлшат  Асқатова  
Риск Менеджмент департаментінің директоры

       Гүлшат Асқатова Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-на оның ашылу сәтінен, 2010 жылғы наурызда келді. Риск менеджментдепартаментінің бастығы ретінде Гүлшат қаржыландыру, нарық, төлем, операциялық риск менеджментқызметі үшін жауапты.

       Гүлшаттың банк саласында 13 жылдан астам тәжірибесі бар. Банкке дейін ол Риск менеджментдепартаментінің бастығы және АТФ Лизинг Вице-президенті ретінде UniCredit Group мүшесі - «АТФБанк» АҚ-ның қызметкері болатын. Гүлшаттың Ресей, Қырғызстан және Қазақстандағы еншілес компаниялардың Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қосымша міндеттері болды. Өз жұмыс жолын Қазақстан Халық Банкінің Қазынашылығында бастап, кейін аталған банкте риск менеджер ретінде жалғастырды. Кейін Гульшат Қазақстанның басқа банктеріне ауысып, риск менеджмент саласында бірнеше бақарушы қызметті атқарды. Гүлшаттың риск менеджмент, корпоративтік және жеке тұлғаларды қаржыландыру, қазынашылық және несиелік қолдау саласындағы білімі мол.

       Ол Қазақ ұлттық басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша (Қазақстан) тәмамдаған, сонымен қатар активтер мен пассивтерді басқару, қаржы талдауы, ҚЕХС, риск менеджмент, Базель ІІ, жобаларды басқару саласында бірнеше сертификатқа ие болып, сонымен бірге «Менеджмент: жаңа технологиялар», IAB, Ресей және Қазақстан, бағдарламасы бойынша басқарушы қызметкерлер оқытуынан өтті.

 
Әділет Әлиев  
Бас дилер

       Әділет Әлиев «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-нда 2010 жылғы шілдеден бері жұмыс істейді. Әділеттің «TexaKaBank» АҚ, «АТФБанк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ сияқты Қазақстан банктерінде Дилер қызметінен бастап Қазынашылық бастығына дейін 15 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, ол әр түрлі нарықтарда қазынашылықтың барлық банктік операцияларымен айналысты. Сонымен қатар, Әділеттің брокерлік қызмет көрсету мен капиталдың сенімгер басқаруы жөніндегі «АТФ Финанс» АҚ компаниясында Басқарушы директор ретінде үш жылдық тәжірибесі бар, оның міндеттеріне активтерді басқару мен клиенттерге брокерлік қызмет көрсету кіретін.

Әділет Қазақ  ұлттық басқару академиясының бакалавр дәрежесіне ие.

 

Әсель Гильманова  
Заңгерлік қолдау мен комплаенс бақылау департаментінің Директоры

       Әсель Гильманова «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-нда 2010 жылдың мамыр айынан бері жұмыс істейді. Әселдің негізінен банк секторындағы 10 жыл жұмыс тәжірибесі бар, ол жерігілікті «Қазкоммерцбанк» АҚ, «БТА Банк» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ іспетті ірі банктерде заң кеңесшісі, аға заңгер, бөлім бастығы сияқты қызметтерді атқарып, аталған банктердегі қаржыландырумен, капитал нарықтарымен, халықаралық жобалар мен күнделікті қызметпен айналысқан. Сонымен бірге Әсел «Грата» АҚ Заңгерлік фирмасының Банктер мен қаржылар департаменті директоры орынбасарының қызметтерін артқарған.

       Әсель Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің бакалавр дәрежесіне ие.

 
Айгүль Рахимбекова  
Операциялық бөлімнің директоры

Айгүл өзінің банктік  еңбек жолын 1993 жылы бастаған. 1998 жылы ол ҚМЭБИ Бизнес магистрінің дәрежесін  алды. Кейін 1998 жылы ол HSBC Банк Қазақстан ұжымына қосылып, онда операциялық және қаржы басқару саласында бірнеше қызметтерді атқарды, және 2007 жылы ол Операциялық бөлім директоры болып тағайындалды. «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-на Айгүл 2009 жылғы қарашада келді. Оның міндеттеріне орталықтанған операциялар қызметтерін басқару, оның ішінде филиалдар операцияларын бақылау және өңдеуі кіреді.  

 

Үйлестпіруші  және супервайзер, Исламдық қаржыландырудың  ұстанымдары бойынша Кеңес

        Махмадрузи Шоев өз жұмысын Al Hilal Bank, БАӘ, Шариғат бойынша Департаментінде 2009 жылғы маусымда бастап, 2010 жылғы сәуірде «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ ауыстырылды. Махмадрузи өз жұмыс жолын 2005 жылы «Emirates Islamic Bank» (БАӘ), Шариғат бойынша құрылымдастыру және реттеу департаментінде бастады.

Халықаралық Ислам Университетінің (Исламабад) Da’awah Академиясын және Исламабадтағы (Пәкістан) Халықаралық Ислам Университетінің экономика факультетін тәмамдаған.

 

Шамиль  Бибеков  
Өңірлік директор (Астана қаласы)

       Шамильдің қаржы саласында 8 жыл тәжірибесі бар. Ол өз еңбек жолын мұнай-газ секторында, «Торғай-Петролеум» ЖШС-нде ( «Лукойл» АҚ мен «ПетроКазахстан» АҚ еншілес компаниясы), қаржы бөлімінің маманы ретінде бастаған; онда ол қазынашылық операциялары мен ақшалай қаражатты басқаруға жауапаты болды. Бұдан кейін ол 4 жыл бойы «АТФБанк» АҚ-да (UniCredit Group мүшесі) жұмыс істеді. «АТФБанк» АҚ-нда ол аға кредит аналитигінен (Корпоративтік клиенттермен жұмыс департаменті) бастап, кейін банктің Қазақстан Республикасының Оңтүстік және Батыс өңірлеріндегі корпоративтік бизнесін дамытуға қатысқан Өңірлік менеджері болды. «Al Hilal» Ислам Банкі» АҚ-на келер алдында Шамиль «АТФБанк» АҚ ірі жеке меншік корпоративтік бөлімшесін басқарып, жылдық айналымы 100 млн долл. асатын корпоративтік клиенттермен жұмыс үшін жауапты болды.

       Шамиль М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қаржы саласындағы бакалавр дәрежесіне ие, сонымен бірге ол қаржы және басқару саласында көптеген әр түрлі тренингтерден өткен.

 

Нұрлан Түргенбаев  
Өңірлік директор (Шымкент қаласы)

       Нұрлан Түргенбаев Банкке 2009 жылдың караша айында қосылды. Банкке дейін жергілікті және шетелдік қаржы ұйымдарында сырттан қаржы тарту, бизнесті сату-сатып алу, құрылымдық және корпоративтік қаржыландыру салалары бойынша қызметтер атқарған. АҚШ-тын Вашингтон қаласындағы Американ Университетінің магистр (Халықаралық экономикалық саясат) дәрежесіне ие, және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық катынастар факультетін бітірген.

Информация о работе Ислам даму банкі