Қазақстандағы Ислам

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:03, реферат

Описание работы

Кеңес үкіметі құлаған соң қазақ халқы ұстанған бағыт-бағдарынан қайта жаңылып, экономикалық, саяси және дүниетаным дағдарысына бір мезгілде ұшырады. Қалыптасқан тұрмыс салты бұзылып, қол жеткізген бар игіліктерінен қағыла бастады. Жариялық пен бостандықтың нәтижесінде небір қылмыстар мен азғындықтарға бой алдырып, ішімдік пен есірткіге де бой ұра бастады. Мұндай жағдайда қазақ халқының дінмен айналысуға мұршасы да, ықыласы да болмайтындай көрінгені рас.

Работа содержит 1 файл

ислам.docx

— 35.83 Кб (Скачать)

     Қазақстанда дін бөлек, мемлекет бөлек, мемлекет дін ісіне араласпайды. Сонда  да Пре­зидентіміз бүкіл діндердің  бәрінің басын қосып, татулыққа  шақырып жатқан кезде осы еліміздің  өңірлерін дүрліктірген жайға Үкімет, Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан  талдау жасалып, баға берілуі тиіс деп  білемін. Діни фанатизм кез келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі ықтимал. Сондықтан да, кейбір мәселелерде  мемлекеттің араласуы қажет деп  есептеймін. Көтерілген проблемаларды  заңды түрде қамтамасыз етпей, діни ахуалды реттеу мүмкін еместігін  қаперге салсам деймін.

     Бізге рухты сауықтыратын, кемел келешекке  жетелейтін діни толеранттық қана керек. Айтпағым түсінікті болу үшін сөзді  әріден бастайын. Алдымен дін деген  ұғымды анықтап алмай болмайды. Жаратушы Құдырет және адам арасын жалғастыратын  ілімді және салт-сананы «дін» деп  атау керек. Дінге, дін мақсатына  басқадай анықтама берсек адасамыз, сірә. 

Информация о работе Қазақстандағы Ислам