Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:03, реферат
Кеңес үкіметі құлаған соң қазақ халқы ұстанған бағыт-бағдарынан қайта жаңылып, экономикалық, саяси және дүниетаным дағдарысына бір мезгілде ұшырады. Қалыптасқан тұрмыс салты бұзылып, қол жеткізген бар игіліктерінен қағыла бастады. Жариялық пен бостандықтың нәтижесінде небір қылмыстар мен азғындықтарға бой алдырып, ішімдік пен есірткіге де бой ұра бастады. Мұндай жағдайда қазақ халқының дінмен айналысуға мұршасы да, ықыласы да болмайтындай көрінгені рас.
Израиль мемлекетінің заңнамасында қандай да бір діннің көшбасшылық жағдайын айқындайтын бап жоқ. Алайда мемлекеттің Қайтару туралы заңының 4а бабына сәйкес Израильге репатриант ретінде қайта оралу құқығына басқа дінді ұстанбаған кез келген иудей ие. Ал христиан дінін қабылдаған иудейлер Израильге қайта оралудың барлық құқықтарынан айырылады. Израиль Жоғарғы соты осындай қаулы қабылдаған. Герман Федеративті Республикасының Конституциясына келсек, ГФР Негізгі заңына сәйкес мемлекеттік мектептерде діни білім беру міндетті деп мойындалады. Бұл ретте неміс халқының негізгі сенімі болып табылатын лютерандық негізге алынады.
Осы орайда біршама уақыттан бері көтеріліп жүрген дін туралы заңнама мәселесіне назар аударуымыз керек. ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы Заңы» 1992 жылы 15 қаңтарда - тәуелсіздігіміздің алғашқы айында қабылданғаны баршаға белгілі. Ал қазіргі діни ахуалдың қай дәрежеге жеткенін жоғарыдағы әңгімемізден өздеріңіз де аңғарып отырсыздар. Ең күрделі мәселе - еліміздегі дәстүрлі діндерді дамытуға мемлекет тарапынан басымдық берілмегендіктен, олардың мәртебесі жат секталармен бір деңгейде қалып отыр. Заңнамада қатаң нормалардың қарастырылмағандығы салдарынан жат діни ағымдардың ықпалы күн санап күшейіп келеді. Сондықтан қолданыстағы дін туралы заңнама өзінің мүмкіндіктерін сарыққан, жаңа жағдайға орай жетілдіруді қажет ететін заңнама болып табылады. Бұл жөнінде Дін істері агенттігі өзінің нақты ұсыныстарын құзырлы органдарға жолдайтын болады.
Заңнама жүйесін жетілдіру - зайырлылық қағидаларын жетілдіру деген сөз. Мемлекеттің зайырлылығы еліміздің ішкі тұрақтылығы мен өркендеуінің басты тірегі болып табылады. Бүгінгі таңда біздер зайырлылықты ортақ күш қосып, бірлесе қолдап, орнықтыра түсуіміз қажет. Біз елімізде руханилықтан ажырап қалу, діни көзқарастардың радикалдануы секілді ымырасыз жағдайлардың белең алмауы үшін күш біріктіруіміз керек.
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тарихында
қол жеткізген көптеген
Агенттіктің
алдында қыруар мақсат-міндеттер
тұр. Соңғы екі онжылдық ішінде еліміздің
рухани-діни келбеті елеулі өзгеріске
ұшырады. Мұны бүгінгі таңда діни
бірлестіктер санының 4479-ға жеткендігінен-ақ
байқауға болады. Қазақстандағы қазіргі
діни ахуалды таразылар болсақ, сан
алуан діни ілімдердің белсенді насихатталып
отырғанын байқаймыз. Қоғамда қазіргі
таңда азаматтар тарапынан
Бұл мәселеде біз ең алдымен әрбір діни бірлестіктің шын мәнінде қандай ұйым екендігін, еліміздің қай аймақтарында қандай қызмет атқарып отырғанын, олардың шетелдердегі миссионерлік тарихын зерттеп-зерделеуге тиіспіз. Агенттікте осы бағытта сараптамалық зерттеулер жүргізетін екі ғылыми-зерттеу орталығы бар. Олардың бірі - Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы әлемдік тәжірибені зерттейді, ал Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және сараптамалық орталық Қазақстанның ішкі діни ахуалын қарастырады.
Радикалды ұйымдармен жұмыс жүргізу әдістеріне келетін болсақ, әрине, бірінші кезекте Қазақстанда әрекет ететін діни бірлестіктер қызметінің біздің заңнамамызға қаншалықты сәйкес екендігін талдап-тексеруіміз қажет. Екінші тиімді әдіс ретінде аталмыш ұйымдардың іс-әрекеті жөніндегі бұқаралық ақпараттандыру шараларын айтуға болады. Яғни әр алуан идеяларды насихаттап жүрген діни ағымдар туралы көпшілікке ақ-қарасы ашып көрсетілген, толыққанды, шынайы ақпарат беріліп отыруға тиіс. Бұған дейін де жүзеге асырылып келген бұл жұмыс Агенттіктің құрылуына байланысты жандана түспек.
Қазіргі жастар тарапынан да, ересек тұрғындардың әлеуметтік белсенді өкілдері тарапынан да діни құндылықтарға деген қызығушылықтардың қарқынды артуы байқалады. Таяу тарихымыздан белгілі, Кеңестерден кейінгі кеңістіктегі өтпелі кезеңнің нәтижесінде әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған мың-мыңдаған жастар тобы қалыптасты. Радикалды бағыттағы дәстүрлі емес діни топтар өз мүдделері үшін сол жастарды көбірек пайдалануда. Өз идеяларын таратуда әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған жастардың ең қолайлы орта екендігін олар жақсы біледі.
Кейбір діни топтар тарапынан болатын жағымсыз ықпалға тосқауыл қою үшін жастардың діни білім алуы мен олардың рухани-танымдық қауіпсіздігіне байланысты мәселелерге ерекше көңіл аудару керек. Бізге бірінші кезекте жас буынға берілетін рухани-танымдық тәрбие және тоталитарлы, деструктивті псевдодіни ұйымдармен күресу жұмыстарына мұсылмандық, православиелік дін қызметкерлерін тарту қажет. Сонымен қатар мемлекет өз тарапынан жастарды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету, жас отбасыларға қолдау көрсету, жастардың халықаралық ынтымақтастығын күшейтуге ықпал ету тәрізді жастар саясаты мәселелерін сапалы түрде жүзеге асыруы қажет. Барлық оқу орындарында тәрбие жұмыстарын күшейту, оқу орындары мен студенттік жатақханаларға діни бірлестіктер өкілдерінің келуіне тыйым салу, жастар арасында радикалды идеяларды насихаттаушыларға құқық қорғау органдары мен білім департаменттері тарапынан қатаң бақылау жасау қажет.
Жастардың діни сауатын арттыру мақсатында Білім және ғылым министрлігіне «Дінтану негіздері» пәнін тек мектептерде ғана емес, колледждер мен жоғары оқу орындарына да енгізу жөнінде ұсыныс білдіреміз. Жалпы, білім жүйесін сыни ой мен толерантты қатынасқа бейімдеу керек деп санаймын. Жастардың білімге, мәдениетке, спорттық және қоғамдық іс-шараларға қатысу мүмкіндігін кеңейту керек. Теледидарда діни-ағартушылық бағыттағы сұхбат алаңын қалыптастыратын, салауатты өмір салтын, білім мен рухани-өнегелік құндылықтарды насихаттайтын жастар арнасын құру қажет.
Ислам
ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Сыртқы
істер министрлігінің кеңесіне басшылық
жасауды Қазақстан күрделі
Астанада өткен басқосуда көптеген өзекті мәселелер талқыланды. ИЫҰ-на толық мүшелік пен бақылаушы дәрежесін алғысы келетін мемлекеттерге қойылатын жаңа талаптар жасақталды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тарапынан көптеген бастамалар ұсынылды. Халықаралық терроризмнің ең алдымен мұсылман әлеміне қауіп төндіретінін, сондықтан ислам мемлекеттерінің терроризмге қарсы ашық түрде күш жұмылдыруы қажеттігін Елбасымыз атап көрсетті. Мұсылман әлемі мен Батыс арасында ашық сұхбат орнату мәселесі де көтерілді, өйткені ИЫҰ діни мемлекеттермен қатар зайырлы мемлекеттерді біріктіру жөнінен де жақсы тәжірибеге ие. Бұл оған ұлтаралық сұхбаттың белсенді алаңына айналуға мүмкіндік береді. Басқосуда Ислам қаржы жүйесіне қатысты мәселелер бойынша да нақты ұсыныстар берілді. ИЫҰ мемлекеттерінің G20 саммитіне қатысуы жөніндегі ұсыныс та орынды айтылды, бұл ИЫҰ мемлекеттеріне халықаралық мәселелерде өз ұстанымдарын алға тартуға мүмкіндік бермек.
Біздің алдымызда Ұйымға мүше мемлекеттердің Денсаулық сақтау министрлерінің ІІІ Ислам конференциясын өткізу және басқа да маңызды іс-шаралар тұр. Бір жылдық төрағалықпен қатар Қазақстан үш жыл бойы Ұйымның жалпы саясатына жауапты Атқарушы комитет құрамында болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан байсалды исламды дамыту, ИЫҰ қызметінің онжылдық бағдарламасын жүзеге асыру және мұсылман елдерімен ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын жолға қоюы қажет. Ұйымға мүше елдердің мемлекеттік құрылысының әртектілігіне қарамастан, діннің қоғамдағы орны мен рөліне қатысты ортақ ұстаным қажет. Қазақстан осы ретте өзінің зайырлы мемлекет ретіндегі ұстанымдарына сүйене отырып, әлемдегі мұсылман қауымының толеранттылық, дінді ұстануда шектен шықпау, догматизмнен алыс болу, заманауи білімге негізделген парасаттылық пен сауаттылықты басшылыққа алу қағидаларын ұстануын қолдайды. Бұл орайда біздің ИЫҰ-на төрағалық тұсында өзгеге үйретеріміз де, өзгеден үйренеріміз де аз емес.
Мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынасқа қатысты сөзінде “әркім өз құдайына сыйынады, ешкім ешкімге кедергі жасамайды” деген қағиданың бұзылып отырғандығына назар аударды. Өте қарапайым да әділ осы бір ұстаным, өкінішке қарай, шыңдықтан алшақ жатыр. БҰҰ құжатындағы әрбір халық өз мемлекетін құра алады деген қағида да жүзеге асырылмақ емес. Қазіргі таңда әлемде 192-ден аса мемлекет болса, ал ұлттар саны 3,5 мыңнан асады екен. Егер олардың әрқайсысы жеке-жеке отау тігетін болса, онда мемлекеттер саны 15 есеге артады екен. Олай болса, қантөгістердің артып кетеріне ешкім кепілдік бере алмақ емес.
Хиджаб
киген қыздар мұсылманға, соның ішінде
қазақ қыздарына тән ибалық пен
мәдениетті мойындай бермейді. Олардың
ибалығы мен мәдениеті
Енді
хиджаб киген қыздардың мемлекеттік
оқу орындарында еркін жүріп-
Әлем әйелдері мен қыздарының бір бөлігі сән қуып, жартылай жалаңаш киімге көшті. Оларға қарсы екінші бөлігі діни хиджаб, никаб киюге бет бұрды. Осы тұрғыдан хиджаб кию жартылай жалаңаш киім киюшілерге табиғи қарсылық ретінде пайда болып отырған сыңайлы. Оның үстіне хиджаб діни сипатты білдіреді. Шынында, хиджаб араб-парсы әлемінің тарихи, ұлттық және мәдени үлгісі екені белгілі.
Бүгінгі күнгі еліміздегі діни ахуалдың алаңдатушылығы мен аймақтардан келіп түскен азаматтардың хаттары. Негізгі қауіпті құбылыс “уаххабилік” ағымның артынан еріп кетушілердің саны көбейіп, “сәләфи” ағымының кеңінен насихатталуы көңілге үлкен қорқыныш ұялатады.
2007
жылы осындай ахуалдың
Жоғарыда аталған ағымға ерген азаматтардың қызмет етуі былай тұрсын, сәбилерін тиісті медициналық тіркеуден және дәрігерлік тексеруден өткізуден бас тартуда. Мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар арасында музыка тыңдау харам, Мемлекеттік әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, Мемлекеттік туға құрмет көрсетпеу, әскери борышты өтемеу дұрыс деген ұғым қалыптастырып, теріс бағыттағы уағыздар жүргізуде.
Сондай-ақ, 12-16 жастағы қыз балалардың сабақты тастап кетуі мен ата-анасының рұқсатынсыз неке қию фактілері де жиілеп келеді. ғымға кіріп кеткен балалардың ата-аналары балаларымыз бір түрлі, істеген тамағымды ішпейді, “сен кәпірсің” дейді, деп күйінеді. Олар “Сендер кімсіңдер?”, десек, “Мұсылманбыз”, дейді, “Ұлтың кім?”, десек, “Ұлтымыз жоқ, біз мұсылманбыз”, дейді. Дәл қазір осыған тоқтам болмаса, бес-алты жылда бұл ағымдардың бір-бірімен қақтығысу қаупі төніп тұр. Бала әкесіне, қыз шешесіне қарсы шықса, болашағымыз не болмақ?!
Жалпы,
осы мәселелер еліміздің барлық
аймақтарынан көрініс беріп отыр.
Әсіресе, бұл мәселе Батыс Қазақстан
халқын қатты алаңдатуда. Әр түрлі
атаумен аталып, “дінсіздерге қарсы
әділетті соғыс” бастауды мақсат тұтқан
бұлар қару-жарақтармен
Діни ахуалды бақылауда ұстау үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіліп жатқан шаралар өз деңгейіндегі нәтижесін бере алмауда. Өйткені, бұл саладағы қызмет заңнамалық тұрғыдан қамтылмаған, яғни дәстүрсіз діни бірлестіктердің кейбір заңсыз әрекеттеріне құқықтық тосқауыл қою мүмкіндігі шектеулі.
Ал
тек қана насихаттық жұмыстар арқылы
қоғамдық сананы реттеу мүмкін емес. Республикамыздағы
ислам діні қызметкерлерінің көбінің
дүниетанымы бір ғана дін айналасында
өте тар деңгейде және қазіргі
қоғам өміріндегі сұранысқа жауап
бере алмауы да жасырын емес. Мешіт
имамдары кездесулер кезінде ислам
дінінің аумағындағы жалпы
Жоғарыда
аталғанның негізінде Мәдениет, Білім
және ғылым министрліктері мен Ұлттық
қауіпсіздік комитеті тығыз байланыста
жүйелі түрде діни мәселелерімен
нақты айналысып отырған жоқ.
Сол себепті аталған