Халықаралық бизнес университеті

Автор: s*********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 15:48, лекция

Описание работы

Жаңа заман еуропалық мәдениеті[1] Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді.

Работа содержит 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ.docx

— 114.76 Кб (Скачать)

Дүниежүзілік өркениеттің  даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінше қабылдауымен қатар, жалпыадамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірге тән ерекше қасиет — ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген Шығысқа тән құндылық «коллектившілдік (ұжымшылдықты)-индивидуалистік мәдениеттің ең жоғарғы дәрежеде дамыған елі АҚШ-та қабылдауға мәжбүр болды, өйткені қазіргі заманда өнеркәсіпті басқарудың авторитарлық әдісінің тиімсіздігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп берді.

Осы орайда мәдениеттің  әр саласындагы өзгерістерді бір елден бір елге жайдан-жай көшіре салуға болмайтындығын ескере кеткен жөн. Оған дәлел ретінде басқа елдерді қойғанда, қазақ халқының кеңес дөуіріндегі мәдениетінің тағдырын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттің, не өмірдің белгілі бір саласының элементін механикалық көшіре салу ешбір нәтиже бермейді. Сөзіміз дөлелді болу үшін нақты мысал келтірейік. Жапонияда өнімнің сапалылығы жолындағы күреске жұмысшыларды кеңінен тарту мақсатында арнайы «сапа үйірмелері»ұйымдастырылды. Ерекше атап өтетін жайт, бұл қозғалыс жапон халқының мәдени-психологиялық құндылықтарына негізделген болатын, өйткені жапондықтар екі моральдық-қүндылықтар-ри- зашылық парызы мен адалдық парызының рухьшда бала кезінен- ақ тәрбиеленген. Ӏс-әрекеттің осындай ұлттық-мәдени стериотиптің ықпалымен жапондық жұмысшы өз күшіне сенеді, бос уақытын да аямайды. 70-і жылдары дөл осындай «сапа үйірмелері» АҚШ-та пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан соң бұлар 230 американ компанияларында өз жұмыстарын жүргізе бастады. Бірақ, өкінішке орай, олардың 8 ғана жоғары дәрежеге жетіп, қалғандары айтарлықтай табысқа ие бола алмай қалды. Осы бір шағын мысалдың өзі-ақ жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түссе керек. Американдықтардың индивидуализмі мен кәсіпкерлік рухының тамыры сол елдің өткен тарихында, оның күрделі этникалық және географиялық құрылымында жатыр. Еңбек сүйгіш неміс халқы мен оның экономикалық жетістіктерін неміс мемлекетінің тарихын білмей тұрып, ол халықтың өзіндік ұлттық қасиеттерін ескермей еш уақытта түсінуге болмайды. Мысалы, Қытай мәдениетіне оптимистік дүниетаным, өмір мен өлімге табиғи тұрғыдан қарау тән. Адамдар жер бетінде тіршілік етеді, ондағы тірілер мен өлілер өзара тығыз байланыста. Бүл барлығы үшін ортақ дүние, ортақ тылсым. Бұл — философиялық даналық. Қытай халқының салт- дәстүрлерінде, наным-сенімдерінде кеңінен көрініс тапқан Еуропалықтарды таң қалдырған қатты ауруға шалдыққан адамға сыйға табыт тарту дәстүрі — ауырған адамға құрмет көрсету мен оған деген шынайы сезім белгісі болып табылады, өйткені өліп бара жатқан адам алые сапарға шығып бара жатқан жолаушымен пара-пар. Еуропалық мәдениеттегі батыл қадамдармен қайта жаңғыртушылар, түбегейлі өзгерістер бір жағынан прогресті тығырыққа тіреді. XX ғасырдың ұлы ойшылы А. Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді. XX ғасырдың дүбірлі оғиғалары, қантөгіс қырғиқабақ соғыстар, экологиялық апаттар және т.б. негізінде ғылым «технократизм мен технократтық ғылым» — мәдениетті идеялардың құрбандығына, рухани жөне сезімдік ақыл-ой қысымына, жалпы мәдениеттің тоқырауына өкелді деген қортындыға келді. Ұлы ойшыл жаңа жалпы адамзаттық мәдениеттің тағдыры үшін «өмірді қастерлеу» принципін ұсынды. Бұл принцип — мәдениетті дамытудың үлгісінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мүлде жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл жол ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.

Информация о работе Халықаралық бизнес университеті